59
Сөз түбірін немесе сөз
негізін бөліп-жарып кірігіп, түбір немесе негіз
ортасына қосылатын аффикс (4, 225). Инфикс немесе интерфикс тәсілі роман-
герман тобындағы тілдер жүйесіне тән.
Ал префикс тәсілі сөз түбірі алдына жалғанып, сөздің лексикалық,
лексика-грамматикалық мағынасының өзгерісіне әкеледі. Префиксация тәсілі
орыс тілінде приставка түрінде танылады. Мұндағы префикс және приставка
терминдері өзара синонимдес терминдер қатарын құрайды. Жалпы префикс
тәсілі үндіевропа тілдері семьясына тән грамматикалық ерекшелік. Мәселен,
орыс тілінде сөз түбірі алдына жалғанатын
в, ис, на, по, с, у (вход, исход,
находить, поход, сходить, уход) деривативті мағыналы жұрнақтар болса,
с, на,
про (делать – сделать, писать – написать, читать – прочитать).
Сөздің аналитикалық формалары. Сөздердің
аналитикалық формасы
негіз сөз бен көмекші сөздің тіркесінен, сөздердің қосарлануы, сөздердің орын
тәртібі, дауыс ырғағы және интонация арқылы алынады. Көрсетілген
тәсілдердің барлығы грамматикалық мағынаның алынуына негіз болады.
Мәселен, тыңдап отыр, жинап жүр, барып жүр деген тіркесімдер бір сөздің
аналитикалық формасын құрайды, бұл аналитикалық форманттар негіз сөзге
тіркесіп, құрылымдық жақтан осы шақтық форманы, семантикалық тұрғыдан
созылыңқылық мән үстейді. Демек, көмекші
сөз атқаратын грамматикалық
қызметі жағынан сөз түрлендіруші морфема сияқты қызмет атқарады.
Аналитикалық конструкция лексикалық жағынан да, грамматикалық жағынан
да ажыратылмайды. Өйткені
буду читать деген формадағы келер шақтық
мағына жалаң
буду көмекші етістігімен емес,
читать деген атауыш сөзбен
тіркесуі арқылы беріледі.
Грамматикалық мағына жасалу тәсілі мен білдіретін мәніне қарай жалпы
грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына және қатыстық
грамматикалық мағына болып жіктеледі. Лексикалық мағынаның жалпылануы
арқылы алынатын мағына
жалпы грамматикалық мағына деп аталады. Жалпы
грамматикалық мағына грамматикалық формасыз ішкі семантиканың
абстракциялануы арқылы қалыптасып, сөздердің семантикалық ортақтығы мен
жуықтығы негізінде бір грамматикалық топтарға топтастыруға негіз болады.
Осыған орай, жалпы грамматикалық мағына сөздерді сөз табына
топтастырудың
семантикалық принципін құрайды. Мысалы: тас, құм, өзен, көл
‒ заттық мағынаны; қызыл, жасыл, жақсы, жаман ‒
сындық мағынаны, жүр,
күл, сөйле, тыңда ‒ қимылдық мағынаны, яғни жалпы грамматикалық
мағынаны иеленуіне орай зат есім, сын есім және етістіктер жүйесіндегі
сөздердің тобын құрайды.
Грамматикалық форма арқылы алынатын мағынаны
категориялық
грамматикалық мағына деп аталады. Категориялық грамматикалық мағына
60
грамматикалық формалар арқылы беріліп, сол арқылы белгілі грамматикалық
топтағы сөздердің түрлену жүйесі болып табылады, соның нәтижесінде сол
грамматикалық топтағы сөздердің грамматикалық
немесе лексика-
грамматикалық категориясын құрауға негіз болады. Мәселен, сөздердің көптік,
септік, тәуелдік жалғаулары бойынша түрленуі; сындық мағынаны иеленетін
сөздердің шырай жұрнақтарын қабылдауы, қимылдық мағынаны иеленетін
сөздердің жақ, шақ, етіс тұлғалары бойынша түрленіп, белгілі бір
грамматикалық категорияны құрауын айтуға болады. Осылайша,
категориялық грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының
түрлену жүйесін, парадигмалық сипатын айқындайтын сөздерді сөз табына
топтастырудың
морфологиялықпринципін құрайды.
Грамматикалық мағына сөйлеу үдерісінде
өзге сөздермен тіркесіп,
байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі, орын тәртібі,
интонация
арқылы
беріліп,
сөздердің
сөйлемдегі
атқаратын
қызметіменбайланысты болып келеді. Мұны тіл ғылымында
қатыстық
грамматикалық мағына деп атайды. Қатыстық грамматикалық мағына
сөздердің сөйлемде атқаратын қызметімен байланысты болғандықтан, сөздерді
сөз табына топтастырудың
синтаксистікпринципін құрайды. Сонымен, тілдік
жүйедегі сөздерді сөз табына топтастыруда семантикалық, морфологиялық
және синтаксистік принциптерді басшылыққа аламыз.
Грамматикалық
форма
‒грамматикалық
мағынаны
білдіретін
грамматикалық тұлғалар. Ешбір грамматикалық тұлғасыз да грамматикалық
мағына беріледі. Арнайы
грамматикалық көрсеткіші жоқ, белгілі
грамматикалық мағынаны білдіретін нөлдік форма бар.
Грамматикалық категория ‒екі немесе бірнеше грамматикалық
мағынаның белгілі бір грамматикалық формалар жүйесі арқылы берілуі.
Грамматикалық категорияны танудың басты шарты кемінде екі грамматикалық
мағынаның болуы; сол грамматикалық мағыналардың өзара тектес, ыңғайлас
болуы; сол грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық
формалардың болуы және бәрінің жинақтай келе белгілі парадигмалық жүйе
құрауы. Мәселен, салт-сабақтылық категориясы етістік түбірдің таза
семантикалық тәсілі арқылы көрінетін, әрі табыс септік формасы арқылы тура
обьектіні қажет етуі немесе қажет етпеуі арқылы грамматикалық категория
қызметін атқарады.
Грамматикалық категориялар негізінде
белгілі бір обьективтік болмыс,
шындық жатыр. Мәселен, етістікке қатысты шақ категориясын алайық. Іс-
әрекет белгілі бір уақыт пен кеңістікте жүзеге асырылады. Кеңістік пен
уақытқа байланыссыз бірді-бір қимылдың, іс-әрекеттің болуы мүмкін емес.
61
Себебі, бұл адам баласы өмір сүретін қоршаған ортаның шындығы болып
табылады. Белгілі бір іс-әрекеттің айтушы тарапынан уақытпен, мезгілмен
байланыстырылуы және грамматикалық формалар арқылы жүзеге асуы
негізінде шақ категориясы туындаған. Бұдан тілдегі грамматикалық
категориялардың шықдық болмыс негізінде қалыптасқандығын байқаймыз, тіл
дамуының барысында белгілі бір сөз табының грамматикалық немесе лексика-
грамматикалық түрлену жүйесін түзген.
Достарыңызбен бөлісу: