Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Мәтін лингвистикасы және дискурс мәселесі



Pdf көрінісі
бет44/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

5 Мәтін лингвистикасы және дискурс мәселесі. Жалпы тіл білімінде 
мәтін мәселесі үстіміздегі ғасырдың 70-80 жылдарына дейін сөйлем деңгейінде 
қарастырылып келді.Жүргізілген соңғы лингвистикалық зерттеулер бойынша, 
лексикалық 
және 
грамматикалық 
категориялардың 
семантикалық 
ерекшеліктерін сөйлем негізінде толық ашу мүмкін еместігі дәлелденіп, соның 
негізінде мәтін лингвистикасы қалыптасты.
Тілтанымда мәтінге берілген анықтамалар көптеп кездеседі. Берілген 
анықтамалардың бір-екеуіне тоқталып өтсек: «Мәтін  – жазба құжат түрінде 
толық аяқталған ойды білдіретін, әдеби тұрғыда өңделген, тақырып 
лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстардың 
әртүрлі типтерімен біріккен, күрделі фразалық бірліктерден тұратын, белгілі 
бір мақсаты бар сөйлеу шығармашылығының туындысы» (7,18) . «Мәтін– 
жүйелі, тұтас, тиянақты қалыптасқан және мағыналық жақтан өзара 


70 
байланысқан сөйлемдердің бірізділігі, коммуникацияға қатысуға тән 
сөйлемелік бірізділігі, жазу үлгісіндегі ауызша сөйлеу шығармашылығы» (8, 
54). Сонымен, мәтін - автордың интенциясына сәйкес белгілі бір 
коммуникативті мақсатты жүзеге асыратын, иерархиялы-семантикалық 
құрылымға негізделген күрделі мазмұнды тұтастық. 
Мәтін лингвистикасына қатысты жалпы тіл білімінде И.Гальперин, С. 
Гиндин, З.Тураева, Л.Бабенко, А.Залевская, Г.Солганик, Ю.Левицкий, Л. 
Поповская сынды ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Зерттеу еңбектерінде 
мәтіндегі автордың интенциясы мен прагматикасы, мәтін түзімдегі 
лексикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгей бірліктерінің қызметі, 
мәтін құрылымы, тілдік бірліктердің жұмсалымдық қызметі, мәтін 
типологиясы мәселелері қарастырылады.
Қазақ тіл білімінде мәтінтану мәселесіне қатысты зерттеулер өз негізін А. 
Байтұрсынов, Қ.Жұбанов еңбектерінен алады. Бұл туралы Б.Шалабай мынадай 
пікір айтады: «А.Байтұрсынұлы мәтінді «шығарма сөз» деп атап, сөйлеудің 
бірлігіне жатқызады. А.Байтұрсынұлы шығарманың тақырыптан, ал мәтін 
мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытындыдан 
тұратынын көрсетеді. Сондай-ақ, мәтіннің қатысымдық қызмет тудыруға негіз 
болатынын, айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі 
болып айтты» (9, 24).
Қазақ тіл білімінде мәтін лингвистикасы теориясына қатысты академик 
Р.Сыздық, Б.Шалабай, Г.Смағұлова, З.Ерназарова, Г.Әзімжанова, Д.Әлкебаевалардың, 
газет мәтінін қарастырған Б.Момынова, Қ.Есеновалардың; көркем мәтінді жеке 
зерттеу нысаны ретінде С.Құнанбаева, Ж.Қайшығұловалардың жүргізген 
ғылыми зерттеулерін айта аламыз. Қазақ тілтанымында мәтін лингвистикасы 
ғылым саласы ретінде академик Р.Сыздықованың еңбектерінен бастау алады. 
Атап айтқанда, «Абай шығармаларының тілі», «ХҮ-ХІХ ғасырдағы қазақ 
әдеби тілінің тарихы», «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар 
жинағы», «Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің тілі», «Абайдың сөз өрнегі», 
«Жазушы және сөз мәдениеті», «Сөз құдіреті» атты іргелі зерттеулерінде мәтін 
тілінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктерін сөз етеді.
Сөйлеу формасына қарай мәтіннің ауызша және жазбаша түрі 
көрсетіледі. Жазбаша мәтін алдын-ала ұйымдастырылған, көру әрекеті 
арқылы қабылданатын, қабылдаушы жақтың қатысуынсыз жүзеге асады. 
Ауызша мәтін тыңдау әрекеті арқылы қабылдауға негізделетіндіктен, 
түсінбегенін қайта сұрау мүмкіндігі, сөйлеушінің сөйлеу үдерісіндегі 
қолданылатын ым-ишарат белгілерінің тыңдаушыға әсері, тыңдаушының 
әңгімеге араласуы сияқты тілдік белгілерін атап өтуге болады. 


71 
А.Бабенко, Ю.Казарин «Лингвистический анализ художественного текста» 
атты еңбегінде мәтін талдаудың лингвоцентристік және антропоцентристік 
түрлерін көрсетеді. Лингвоцентристік тәсіл ̶ мәтінді талдаудың дәстүрлі тәсілі 
саналады. Лингвоцентристік тәсілдің нысаны - тіл және мәтін. 
Лингвоцентристік тәсіл көркем мәтіннің фонетикалық, лексикалық, 
грамматикалық, стилистикалық бірліктерін қарастыруға негізделеді.
Антропоцентристік тәсіл –мәтіннің интерпретациясына байланысты автор 
позициясы мен оқырман позициясы қамтылады. Бұл тәсіл арқылы мәтінтану 
төмендегідей бағыттарға бөлінеді: 
- прагматикалық (А.Баранин); 
- жанрлы-стильдік (М.Бахтин, М.Кожин); 
- танымдық тәсіл (В.Дейк, Т.Виноградов); 
- деривациялық (Е.Кубрякова, Л.Мурзин); 
- коммуникативтік (Г.Золотова, Н.Болотнова); 
- психолингвистикалық (Л.Выготский, А.Леонтьев). 
Танымдық тәсіл –соңғы он жылдыкта ғылыми парадигманың ізімен алдыңғы 
орынға шықты. Мұнда тіл әлемнің тілдік бейнесі ретінде қаралады. Нысаны: 
автор –мәтін –мәтіннен тыс болмыс (10, 114). Психолингвистикалық аспект 
тұрғысынан алғанда, мәтін – адамның сөйлеу әрекетінің нәтижесі. 
Психолингвистердің мәтін лингвистикасына қатысты назар аударатын 
мәселесі – мәтінді қабылдаумен түсіну әрекеті. Мәтін психологиялық жағынан 
өзіндік табиғатына сай адамның ойына бағытталады және осы қасиеті негізінде 
оқырман өз таным-түйсігіне қарай қабылдайды. Г.Смағұлова: «Егер мәтін 
адамның сөйлеу әрекетінің жемісі болса, онда мәтін лингвистикалық 
мағынамен қатар ұғымдық категориялармен бірге (грамматика, логика), 
онтологиялық (философиялық) категориялар менде байланысты болады», – 
дейді (11,45). Прагматикалық аспектіден мәтін авторының обьективті 
болмыспен мазмұнға қатынасы сипатталса, онтологиялық тұрғыда ̶ мәтіннің 
болмысы, алатын орны қарастырылады. Г.Әбікенова мәтін типтерін 
төмендегідей жіктеп көрсетеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет