73
публицистикалық дискурс; жарнамалық дискурс; спорттық дискурс;
техникалық дискурс; террористік дискурс; феминистік дискурс; көркем
дискурс; экономикалық дискурс; электрондық дискурс; этикалық дискурс.
Мәтінтүзімнің негізгі құралы ретінде тілдік жүйе, тілдік таңбалар жүйесі
маңызды роль атқаратыны белгілі, дискурс та тілдік жүйемен өзара тығыз
байланыста келеді. Өзара байланысты төмендегі схемадан көруге болады:
Демек, дискурс – мәтінтүзімнің негізгі шарты, яғни процесс болса, мәтін –
дискурстың нәтижесі, ал тіл – мәтіннің түзілуіне негіз болатын дискурстық
әрекеттің маңызды құралы саналады. Коммуникативтік тұрғыдан алғанда
дискурс коммуниканттардың дүнитанымдық жүйесімен, ал прагматикалық
тұрғыдан коммуниканттардың сөйлеу әрекеті үстіндегі тілдік таңбаларды
қолдануымен байланысты.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, дискурс құрамына мәтін
мен түрлі экстралингвистикалық факторлар (сөйлеуші мен тыңдаушының
қоршаған орта туралы білімі, өзіндік пікірі мен құндылықтар жүйесі),
ақпаратты қабылдау мен оны түсіну сияқты маңызды элемменттер енетін
коммуникативті-когнитивті құбылыс ретінде танылады.
Достарыңызбен бөлісу: