Ордабекова Хафиза Арысбайқызы


Салыстырмалы-тарихи тіл білімін қалыптастырушылар мен



Pdf көрінісі
бет48/131
Дата16.06.2022
өлшемі1,73 Mb.
#36950
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131
Байланысты:
Ордабекова Хафиза Арысбай ызы

2 Салыстырмалы-тарихи тіл білімін қалыптастырушылар мен 
олардың негізгі үлестері.Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді біртіндеп
дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеу ісіне 
салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. 1816 жылы неміс ғалымы 
Франц Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, 
парсы, герман тілдеріндегі етістіктердің жіктелу жүйесімен салыстыра 
зерттеген еңбегі арқылы аталған тілдердің туыстастығын дәлелдеді. Кейіннен 
жиналған тілдік материалдарды славян, балтық, армян тілдері фактілерімен 
толықтыра келіп, 1833–1849 жылдары «Үндіевропа тілдерінің салыстырмалы 
грамматикасы» атты еңбегін жазды. Ф.Бопп еңбектерінің маңызы – тілдер 
туыстастығын айқындаудың бірден-бір сенімді құралы грамматикалық 
формалар жүйесін салыстырып зерттеуінде. Тіл білімі тарихында Ф.Бопп 
салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі – дат ғалымы 
Расмус Раск. Оның айтуынша, тіл туыстығының белгісі – грамматикалық 
жақтан ұқсас болуында, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екінші 
тілге ауыспайды деген дұрыс қорытынды жасайды. Ол өзінің «Исланд тілінің 
шығу тарихы» атты еңбегінде Скандинавия халықтары (швед, норвег, дания) 
тілдерінің европалық тілдермен туыстастығын айқындауды көздеді.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі – неміс 
ғалымы Якоб Гримм. Ғалым өзінің төрт томдық «Неміс тілі грамматикасы» 
еңбегінде тілдік элементтердің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөледі. Ол 
тарихи салыстырудың хронологиялық жолын енгізіп қалыптастырды. Сөйтіп, 
тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қай-қайсысы да оның бірте-бірте дамуының 
табиғи нәтижесі екенін дәлелдеді. Тілдік құбылыстарды зерттейтін тіл тарихы 
деген ғылымның лингвистика құрамында болу қажеттілігіне көз жеткізеді.


78 
Я.Гримм тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығын, тілдің қоғам 
тарихын зерттеуде орасан зор рөл атқаратынын баса айтады. Тіл дамуындағы 
заңдылық дегенді сөйлеудегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтары ретінде 
түсіндірді. Тіл білімі тарихында алғаш рет тіл дыбыстарында болатын 
өзгерістердің заңдылығын дәлелдеп берді. Бұл саладағы Гримм ашқан 
заңдылық ХІХ ғасыр лингвистикасының елеулі табысы болды. Тіл ғылымында 
фонетиканың өз алдына жеке бір сала болып қалыптасуына игі әсерін тигізді. 
Осылайша тіл білімінде Гримм заңы деп аталатын теория қалыптасты. Гримм 
заңының мәні мынада: 
- көне үнді, грек, латын тілдеріндегі қатаң дауыссыздарға герман ата тіліндегі 
қатаң фрикативтілер сәйкес келеді;
- көне үнді тіліндегі ұяң дауыссыздары мен ертедегі гректің қатаң 
дауыссыздарына жалпы герман тіліндегі b, d, g фонемалары сәйкес келеді; 
- көне үнді, грек, латын тілдеріндегі жалаң ұяң дауыссыздарына жалпы герман 
тілдеріндегі p, t, k дауыссыздары сәйкес келеді.
Сонымен қатар1820 жылы жарияланған А.Х.Востоковтың «Славян тілдері 
жөніндегі пікірлер» деген еңбегінде славян тілдері фактілерін өзара салыстыра 
зерттеу арқылы олардың арасындағы ұқсастық, өзгешелікті көрсетеді. ХІХ 
ғасырдың ІІ жартысында салыстырмалы-тарихи әдісті орыс тіл білімінде 
кеңірек қолданған ғалымның бірі – Бодуэн де Куртенэ. Тіл тарихында аналогия 
бойынша даму заңдылықтары, тілдік өзгерістерді зерттеудің негізгі тәсіліне 
айналған хронология принципін ұсынды; жазуы жоқ диалектілерді зерттеді, 
соның нәтижесінде диалектологияны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің 
негізгі бөлімдерінің біріне айналдырды.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімін қалыптастыруда Ф.Бопп, Я.Гримм 
есімдерімен қатар тұратын көрнекті ғалым – Вильгельм фон Гумбольдт 
саналады.Ол санскрит, қытай, малай, Америка үндістерінің тілдерін зерттеген. 
Тілдің құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл 
ғылымындағы антропоөзектік принциптің қалыптасуы сияқты мәселелер В. 
фон Гумбольдт есімімен байланысты. 
Жалпы алғанда, тіл тарихы әр кезеңдегі тілдің жай-күйін өзара салыстыра 
зерттеу арқылы іске асырылады. Салыстыра-салғастыра зерттеу арқылы тілдік 
таңбалардың өн бойындағы тұлғалық және мағыналық өзгерістер нәтижесі 
алынады. Бұл өз кезегінде, тілдің тарихи даму сипатын айқындауда маңызды 
болмақ.


79 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет