1 Генеологиялық жіктелім туралы түсінік.Тіл ғылымында дүние жүзі
тілдерін топтастырудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан: генеологиялық және типологиялық жіктелім. Тілдердің генеологиялық жіктелімі −әлем
халықтарының тілдері туыстастығына, шығу тегіне, даму жағдайларының
ортақтығына қарай топтастырылады. Туыс тілдердің фонетикалық, лексикалық
және грамматикалық құрылымында ұқсастықтар мен сәйкестіктер, ортақ
жайттар көптеп табылады. Тілдік жүйеде орын алатын осындай фоно-морфо-
семантикалық ортақ белгілер дүние жүзі тілдерін, ең алдымен, ірі-ірі семьяға,
ол семьяларды өз ішінен ірі-ірі топтарға, ол топтарды тармақтарға, ал
тармақтар жеке-жеке тілдерге бөлінеді. Осы жеке тілдер өрбіген ең алғашқы
тіл жүйесінататіл деп атайды.Тілдерді туыстық тұрғыдан топтастыру ХІХ
ғасырдың басында қалыптасқан.Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-
тарихи зерттеулер негізінде іштей бірнеше туыстас топтарға бөліп қарау –
көптен келе жатқан ғылыми дәстүр. Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді
генеологиялық жақтан топтастырудың әлі де шешімін таба алмай жүрген
мәселелері жоқ емес. Бұған себеп, біріншіден, дүние жүзі тілдерінің бәрі
бірдей толық зерттелмегендігі болса, екіншіден, тіл бірліктерінің күрделілігі
мен сан қырлылығына байланысты. Мәселен, үндіеуропа, түркі тілдері
біршама толық зерттелінген тілдерге жатса, америка үндістерінің тілдері,
жапон, корейтілдері әліде болса жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Тіпті
зерттелген, грамматикалық, дыбыстық жүйесі біршама жақсы анықталған
тілдер семьясын ғылыми тұрғыдан толық, әрі жан-жақты зерттелген деп
айтудың өзі қиын.
Түркі тілдерін генеологиялық, тарихи,
фонетикалық, лексика-
семантикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне байланысты топтастыру
мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс шешілсе де, оның әлі де зерттей түсетін,
толықтыра, жетілдіре түсетін жақтары баршылық. Бұл салада салыстырмалы-
тарихи зерттеулердің рөлі ерекше.