12
Көрсетілген бағыттар бойынша тілдік зерттеулер тіл және мәдениет, тіл
және таным, тіл және этнос, тіл және сана, тіл
және ұлттық сана аясында
жүргізіледі. Нәтижесінде тіл ғылымында лингвистикалық зертеулердің
интеграциялық сипаты қалыптасты.
Бүгінгі
күні
қоғамның
барлық
саласында
жаңа
ақпараттық
технологияларды қолдану өзекті мәселеге айналып отыр. Соған орай, қазақ тіл
білімінің жаңа саласы ретінде
қолданбалы лингвистиканың зерттеу бағыты мен
салалары қалыптасып даму үстінде. Қазақ тіл ғылымында қолданбалы
лингвистиканың теориялық және практикалық негізінің қалануына Қ.Бектаев,
А.Жұбановтар көп еңбек сіңірді. Қолданбалы тіл білімі зерттеу нысанына қарай
бірнеше ғылыми бағыттарға жіктеледі:
корпустық лингвистика, компьютерлік
лингвистика, квантативті лингвистика, мәтін лингвистикасы (мәтін
бірліктерінің таңбалық сипаты қарастырылады).
Қазіргі қазақ тіл білімінде компьютерлік лингвистиканың негізгі бағыты
мемлекеттік тілді қоғамның барлық саласында ғылым тілі ретінде қолдануға
бағытталып отыр. Осыған байланысты қазақ тілші-ғалымдары тарапынан қазақ
лексикографиясы саласы бойынша компьютерлік қор жасау,
қазақ мәтіндері
корпустарының компьютерлік базасын құрастыру ісі қолға алынды. Мәтін
мазмұнын компьютер арқылы түсінуге мүмкіндік тудыратын тілдік
бірліктердің (морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем) мағыналарын формалды түрде
анықтауға қатысты зерттеулер жүргізілуде.
Тілтанымның осындай көп бағыттағы кешенді зерттеулер жүргізуі
антропоөзектік ұстанымдармен тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: