222
Мысал келтіреміз: кәсіпорын 2005 жылы ақпан айының 29
жұлдызындағы № 439 төлем тапсырмасы мен келісім шартына
сәйкес, 1700000 теңге сомада тауар-материалдық қорларды жеткізіп
беру үшін бұрын алынған қысқа мерзімді авансты жапты (төледі).
Бұл жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3510 — 1040 = 1700000 4 типті операция
П (-) А (-)
г) Жеткізіп берушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (тө-
леу). Бұл операциялар № 3310 «Жеткізушілерге қысқа мерзімді
берешек» пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Жеткізіп
берушілерге кредиторлық қарыздарды жабу (төлеу) болғандықтан,
шаруашылық операция № 3310 шоттың дебетіне № 1010, 1040, 1210—
1240, 1610, 3010-3020 шоттардың кредитінен жасалады. Бухгалтерлік
жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
1210—1240 Келісімдер, шот-фактуралар,
3310 1610 жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары,
1010, 1040 квитанциялар
3010—3020
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында активті
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 1040, 1210,
1610) орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві кемитін
4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. Бір жағынан
кәсіпорынның материалдық ресурстары мен ақша қаражаттары,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның жеткізіп берушіге
кредиторлық қарыздары кемиді.
Пассивті шот (№ 3010) орналасқан кезде баланстың пассивінде тек
қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция орын
алады. Бір жағынан кәсіпорынның жеткізіп берушіге кредиторлық
қарыздардың көлемі кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол
сомаға оның несиелер бойынша кредиторлық қарыздары көбейеді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: