138
салықтарды ұстауға дейін есептеледі.
Әлеуметтік салықты төлеу тәртібі:
— заңды тұлғалардың арнайы есептері бойынша;
— әлеуметтік салық бойынша декларация салық органдарына
тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-жұлдызынан кеш
емес арнаулы белгіленген үлгілер бойынша тапсырылады.
Әлеуметтік салық әрбір есепті кезең үшін айдың екінші
жартысындағы еңбекақыны төлеу үшін белгіленген мерзімде, бірақ
кейінгі айдың 15-жұлдызынан кешікпей, еңбекақы төленуінен
байланыссыз түрде төленуі тиіс.
Салық салынатын табысты анықтау кезінде төленген әлеуметтік
салықтың сомасы шегерулерге есептелген сомасының шегі бойынша
апарылады. Әлеуметтік салық № 3150 пассивті шотта бейнеленеді.
Есептеудің дұрыстығы мен әлеуметтік салықты бюджетке төлеу-
дің уақытылығы үшін жауапкершілік төлеушілерге жүктеледі.
Әлеуметтік салықтың есептелуі мен төлемі уақытылығының
тәртібін бұзғаны үшін төлеушілерге Қазақстан Республикасының
салық заңымен белгіленген санкциялар мен Қазақстан Респуб-
ликасының заңдарында бекітілген әкімшілік айыппұлдар салу қол-
данылады.
Салық төлеуші салық органының тексеруіне дейін бұрын тап-
сырылған декларацияға салық жылының ішінде өздігінше түзету
енгізіп және ол туралы салық органына хабарлауға құқықты.
Декларацияда салықтың кем төленуіне себеп болған салықтың
мөлшерін төмендету үшін салық төлеушіге төмендетілген сомадан
100 пайыз мөлшерде айыппұл салынады.
Әлеуметтік салықтың есептелуі мен төленуінің уақытылығы
үшін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
салық органдары жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: