Дүйсенбі бисмиллəһир – рахманир – рахим. Əл – хамду лиллəһи раббил – алəмин. Уас – салату


Аллаһуммə салли али сəйидинə Мухаммəдин уə алə əли сəйидинə Мухəммəд, кəмə



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата29.06.2022
өлшемі0,53 Mb.
#37409
1   2   3   4   5   6   7
Аллаһуммə салли али сəйидинə Мухаммəдин уə алə əли сəйидинə Мухəммəд, кəмə 
саллайта алə сайидинə Ибраһимə уə алə əли сəйидинə Ибраһим. Иннəкə хамидун 
мəжид. 
Амин! Уəл – хамду лиллəһи раббил – алəмин! 
 
 
 
 
 


 
СЕЙСЕНБІ 
 
Бисмиллəһир – рахманир – рахим. Əл – хамду лиллəһи раббил – алəмин.Уас – салату 
уəс – сəлəму алə сəйидинə Мұхаммəдин уə алə əлиһи уə сахбиһи əжмаин. 
 
Уа, күнəларды кешіруші Ғаффар Ием! Бізге Сеннен кешірім сұрап, Саған қайта – қайта 
жалбарынатын, Саған деген құрметі аса зор жəне Сенің жолыңа қарай бет бұрған көңіл 
беруіңді сұраймыз. Нəпсімізге тақуалық нəсіп етіп, бойымызды күнəдан тазарт. 
Уа, мейірімділердің ең Мейірімдісі! Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) пайғамбарымызға 
рақымыңды төк. Сол рақымыңмен бізді барлық бəле – жаладан, қауіп – қатерден құтқар. 
Барлық мұқтаждығымызды қамтамасыз ет, күнəларымыздан бізді тазарт, бізді ең жоғарғы 
дəрежеге жеткіз. Сол рақымыңның құрметіне бізді бұл өмірде де, өлгеннен кейін де 
жақсылықтардың ең шыңына шығар. 
Я, Жаббар Ием! Ұрпақтарымызды жəрдем ет, бізге де оларға жəрдем етуді нəсіп ет. Жүрегі 
жаралы, көңілі жабырқаулы жандарға, мұқтаждарға жəрдемімізді тигізе көр. Бізге бір – 
бірімізді жақсы көргізіп, адам ретінде өмір сүруді нəсіп ет. Жүрегімізді, аяғымызды тура 
жолдан тайдырма. 
Я, Раббым! Жаннатқа кіруді, Сенің жамалыңды көруді, Сенің достарыңмен 
(пайғамбарлармен, əулиелермен) көрші болуды жəне Сенің ризалығыңа қауышуды нəсіп 
ет! 
Я, Раббым! Сенің бір көркем есімің – Сəлем. Есендік тек қана Сенде! Сеннен бұл 
дүние мен ақиретте есендік жəне жамандықтардан аулақ болуды тілейміз. Мұсылман 
əлемін жəне барлық адамзатты жер мен аспан, яғни табиғат апаттарынан сақта. 
Я, Жаратқан Ием! Күшіміздің əлсіздігін, шарамыздың аздығын, адам баласы ретінде 
мəн берілмейтіндігімізді саған арызданамыз. 
Я, Раббым! Жалынамыз, жалбарынамыз! Мейіріміңді, кешіріміңді, жəрдеміңді 
сұраймыз, оған мұқтажбыз. Тілегімізді қабыл ете көр! Бізге мейіріміңді төге көр! Көңіл 
сарайымызды нұрландыр, бізге əр сəтімізді Сені ойлаумен өткізуді нəсіп ет! Сенсіз өтетін 
ғұмырдан сақта! Алдыңа қол қусырып келген опасыз құлдарыңды жалғыз қалдырма. Жан – 
жүрегімізге жарық, ерік – жігерімізге күш – қуат, ой – санамызға туралық, ниетімізге 
шынайылық, ісімізге ықылас бер. Біздің жан дүниемізді қайтадан рухтандырып, ар – 
ожданымызға өзіміздің міндетімізді сездірт. 
Уа, мейірімді Аллам! Елімізге тыныштық, бейбітшілік, ынтымақ бер. Өркендеуіне, 
дамуына көмек бер. Елбасымызға денсаулық, сабыр, иман, тауфиқ нəсіп ет! Еліміз бен 
төрткүл əлемде Құран жəне иман жолында қызмет етіп жатқан бауырларымызға жəрдем ет. 
Бізге, отбасымызға амандық, тыныштық, бақ – береке қуаныш сыйла. Жолымызды аш, 
құлашымызды жаз, қанатымызды қатайт, қатарымызды көбейт, абыройымызды арттыр, 
мейірімімізді асыр, қатемізді жасыр, алдымызға шыққан бүкіл кедергілерді, қауіп – қатерді, 
қиындықты жермен – жексен ет. Бізді тура жолдан айырма, əрі иманға, Құранға мұқтаж 
жандарға ең қысқа уақытта қол ұшын беруді бізге нəсіп ет. Қиналып жүргендерімізге көмек 
бер, ауырғандарымызға шипа бер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет