Шағатай тілі – бүгінде қолданыстан қалған, ортағасырлық түркі тілі.
Әбдірахман (Әбіш) өскенбаев (1869–1895) – Абайдың Ділдәдан туған ба ласы.
1889 жылы Түмен қаласындағы Александров реалдық учи ли щесін, 1892 жылы
Санкт-Петербург артиллерия училищесін бітірген.
«Біздің қазақ бұл Сарыарқаға келіп, ие болған. Бұл қазақ иесіз жатқан
жерге текке келіп ие бол ған жоқ. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің
күшімен», ... Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек,
Шақшақұлы Жәнібек замандарында қалмақпен алысып, шыбын жанын
нысанаға байлап, не маңғаз сарбаз да ры жау жолында оққа ұшып, өлгені өліп,
қалғаны қалып, сөйтіп ал ған жер еді...
Мен бұл қасіретті жылдарды ата-бабамыздың неге құрбан бол ға нын ұмытпау
үшін еске алып жүремін. Олар бізге осы жерді мұраға қалдыру үшін өз жан-
дарын аямады...»
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. Павлодар, «Эко» ҒӨФ, 2006, 8-т.,
264–272-беттер.
1. Сарыарқа жеріне иелік ету қандай тарихи маңызы бар шайқастар
нәтижесінде мүмкін болды? 2. Автордың айтқан пікірі, көзқарасымен келісесің
бе?
*
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
200
АлТыНШы БөлІМдІ ҚАйТАлАу-ПыСыҚТАу
ТАПСырМАлАры
1. Төменде келтірілген деректердің суреттегі қай тарихи тұлғаға қатысты еке нін
анықтаңдар.
1. «Шығыстану ғылымының аққан жұлдызы».
2. «Ескендір» поэмасының авторы.
3. 1841 жылы алғашқы зайырлы мектеп ашты.
4. «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясының» авторы.
5. Абылайдың ұрпағы.
6. 1868 жылғы сайлау тәртібін бұзды деген айып тағылды.
7. Шын есімі – Ибраһим.
8. 1995 жылы 150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
9. 1864 жылы қазақ балаларына арналған мектеп-интернат ашты.
10. Қашғарияға саяхат жасады.
2. ХІХ ғасырдағы мәдениетке қатысты үш тарихи тұлғаны жазып, оларға баға
беріңдер.
Тарихи тұлға
Өмір сүрген
жылдары
Еңбегі
Тарихи маңызы
3. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид еңбек-
терінің тарихи құндылығы неде?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
201
Достарыңызбен бөлісу: |