Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет35/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

ойтолғау
Абылай хан туралы берілген 
деректерді талдап, қорытынды 
жасаңдар:
Ш. Уәлиханов
Ә. Бөкейхан
И. Крафт
Сенің пікірің
ойталқы
Абылай қырғыз 
манаптарының ба-
лаларын неліктен 
аманатқа алды деп 
ойлайсыңдар?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


42
еңбегiнде Абылайдың атын тiптi Сiбiр казактарының 
ұран ре тiнде пайдаланатыны туралы былай деп 
жаз ды: 
«Абылай!» деп ұран тас тау тiптi Сiбiр 
ка зак-орыстарында да бар. Олардың бiреуi өзiнiң 
ұлын 1904–1905 жылдардағы орыс-жапон соғысына 
аттандырып тұрып, оған бата ретiнде: «Абылай! Абылай!» деп атой 
сал... «Абылай деп шабуыл жаса!» дегенiн көрдiм». 
Қазақстан қалаларының басты көшелерi Абылай ханның атымен 
аталады. Алматыда Қазақ мемлекеттiк халықаралық қа ты настар және 
дүниежүзi тiлдерi университетiне Абылай ханның есiмi берiлген. Көк ше-
таудың етегiнде Абылай ханның құрметiне алып ес керткiш стела орна-
тылған. Қазақтар аса көрнектi қазақ ханының есiмiн бүгiнде өздерiнiң 
перзенттерiне зор ықыласпен қояды.
?
1. «Бір орталықтан басқарылатын мемлекет» дегенді қалай түсінесің?
2. Кестені толтыр.
Абылай ханның көрші елдермен қарым-қатынасы
Ресей
Жоңғар хандығы
Цинь империясы
Қырғыз елі
Шежіре – қазақтардың генеологиялық кестесі, тарихи жылнама.
Стела – ескерткіш құлпытас. 
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693–1787) – қазақтың әйгілі ақын-жырауы, мем-
лекет қайраткері, Абылай ханның бас кеңесшісі.
Әмірсана (1722–1757) – жоңғар нойоны, Давацидің бақталасы, елдің күйзеліске 
ұшыраған кезінде Жоңғар хандығын билеуге үміттенді. Әмірсана 1755 жылы 
қытайдың Цинь империясына қарсы көтеріліс ұйымдастырды.
«...Сұлтан Абылай тап сол кезде күн өткен сайын күшейе түстi. Өзiмен за-
мандас қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) қай-қайсысынан болса да қу лығы мен 
тәжiрибесi жағынан артық, ақыл-парасаты жағынан әбден та нымал, қол астындағы 
халықтың саны жағынан қуатты әмiршi. Үш жүзге өзi нiң Орыс мемлекетiнiң 
императорымен де, Қытай боғдыханымен де қарым-қатынасы арқасында даңқы 
артқан Абылайдың бойында Орта жүз дiң билеушiсi болуға қажеттi құқықтың бәрi 
де сай едi. Өзiнiң артықшылықтарына әбден сенiмдi ол өз жақтастарының бәрiн 
де айбынымен, сали қалы мiнез-құлқымен таңғалдыра қызықтырып, өзiне тарта 
*
Дербес Қазақ мемле-
кетін сақтап қалудағы 
Абылай ханның рөлін 
анықтаңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


43
бiлетiн, өзiнiң жауларын күш көрсете қорқыта алатын, ал әрбiр қалыптасқан 
нақты жағ дайға қарай өзiн бiрде орыстардың қол астында, бiрде қытайлардың 
қол астында болғандай ұстай бiлетiн, бiрақ iс жүзiнде ешкiмдi мойындамайтын 
тәуелсiз билеушi едi. Оның бұл қасиетi әсiресе 1771 жылдан кейiн ерекше айқын 
көрiндi. Ол бұл кезде Ресейге сырттай болса да бағынышты сияқты болып көрiну 
туралы ойлауды да қойды, екiжүздiлiк жасамай-ақ, өзiн нағыз дербес те тәуелсiз 
ханмын деп атай бастады».
Левшин А.И. Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының 
сипаттамасы. – Алматы, 1996, 254-бет.
 1. Абылайдың бойында қандай қасиеттер бар едi? 2. Сендер қалай ойлайсыңдар, 
ол өзiн Ресей мен Қытайға тәуелсiз сезiне алды ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет