Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет4/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

Бiрiншi 
Бөлім
§1–2.
ҚазаҚ-жоңғар соғыстары
ЖОңғАр БАСҚыНШылАрыНА ҚАрСы 
ОТАН СОғыСыНың БАСТАлуы
Қазақтар жоңғарлармен ұзақ уақыт бойы кескiлескен қанды шай- 
қастар жүргiзiп келдi. Алайда соның iшiн дегi ең ауыры «Ақ та бан шұ-
бырынды, Алқакөл сұлама» атанған, қайғы мен қа сіретке толы апатты 
жылдар болды.
1. Қазақ хандығының ХVІІІ ғасырдың бас кезіндегі 
ішкі және сыртқы жағдайы. Тәуке хан билік еткен жылда-
ры Қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып 
қала берді. Қазақ хандығында саяси тұрақтылық орнады, 
ішкі алауыздық азайды. Іш кі ауызбіршіліктің арқасында 
елдің орасан зор аума ғының тұтастығы сақталды. 
Тәуке ханнан кейін оның мұрагері Қайып хан қазақ 
мемлекетінің бұрынғы ұлылығын берік ұстап тұра ал-
мады. Сұлтандардың тарапынан наразылық күшейіп, 
елде бақ таласы мен тақ таласы өрши түсті. Мұның өзі 
дәстүрлі Қазақ хандығын дағдарыс пен күйзеліске ұшыратты. Рулар, тай-
палар және жүздер арасындағы бірлік пен байланыс әлсіреді. Алтыбақан 
алауыздық қайтадан қозды. Сұлтандардың аймақтық 
сепаратизмі күшейді. Орталық хандық биліктің әлсіреуі 
Кіші жүзде – 
Әбілқайырдың, Орта жүзде – Болаттың, 
Сәмекенің, Күшіктің, Ұлы жүз де – Жолбарыстың жағда-
йын нығайта түсті. 
ХVІІІ ғасырдың бас кезінде Қазақ мемлекеті іш тей 
ыдырай бастады. Ол сыртқы алпауыт мемлекеттердің 
Бүгінгі сабағымызда Жоңғар мемлекетінің құрылуы мен басқын шылық 
жорықтарының себептерін талқылаймыз. Жоңғар шапқын шылығының 
зардаптарын, демографиялық өзгерістерді анықтаймыз. Халық ауыз әде-
биеті мен музыка туындыларының тарихи дереккөзі ретіндегі құндылығын 
бағалаймыз.
тірек сөздер:
Жоңғар
• Тәуке хан
• Канси
Сепаратизм
• Цеван-Рабтан 
• «Елім-ай»
анықта!
Қазақ қоғамын-
да сепаратизм-
нің күшеюіне не 
әсер етті?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


7
жіті назарында болды. Ресей Қазақстан мен Орта Азияға 
назарын күшейтті. Қытай мен Ресей империясы Қазақ 
хан дығы мен Жоңғария хандығы сияқты көшпелі мемле-
кеттердің әлсіреуіне мүдделі болды. Жалпы алғанда, бұл 
кезде шегаралық аймақта өте күрделі де қауіпті жағдай 
қалыптасты. 
XVIII ғасырдың басында Қазақстан аумағына қауіп 
төндіріп тұрғандар
Еділ 
қалмақтары 
Жоңғарлар 
Башқұрттар 
Орал 
казактары 
Сібір 
казактары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет