Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет122/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

басқару ақпараты деп атауға болады. 
Өндіріс үрдісінде болып өткен фактілер мен оқиғалар, әлеуметтік- 
экономикалық және өндірістік-шаруашылық үрдістерінің шын 
мәніндегі жағдайы мен дамуы туралы ақпарат. Халық шаруашылығын 
басқару жүйесінде ол кері байланыс ақпаратының рөлін атқарады. 
Бұл ақпаратты есептеу - статистикалық ақпараты деп атайды. 
Басқарудың ақпараттық жағын білу басшыға ақпарат жүйесі 
дегеніміз не екенін және оны жасау үшін қандай мәселелерді шешу 
керектігін анықтауға көмектеседі. 
Ақпарат жүйелері дегеніміз – бұл деректерді жинау, өңдеу, 
сақтау және жеткізу мақсатында, олардың толық, дәл және дер 
кезінде болуын есепке ала отырып, басқару органдарының жеткілікті 
түрде өткізгіштік қабілетін; деректердің өтуі мен пайдалануының 
барлық буындарында оларды бір жақты түсіну; әр түрлі деректердің 
маңыздылығын дұрыс бағалауды; оларға қойылатын талаптарды 
анықтауды және басқарудың ұйымдық құрылымының барлық 
деңгейіндегі басшылар үшін оларды тиісті іріктеуді қамтамасыз 
ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы. 
Ақпараттың болуы ғана әлі қанағаттандырарлық ақпарат 
жүйесін алу болып есептемейді. Белгілі бір күйдегі ақпарат жүйесі 
кез келген басқару органында бар. Бірақ, егер басшы оның күйін 
бағалап, жүйені жетілдіру үшін шаралар қолданғысы келсе, онда 
ол ақпарат жүйесінің жұмысында қателіктер жоқ па, әуелі соны 
тексеруі керек. Ол қателіктерді ең алдымен мына төмендегі белгілер 
көрсетеді:
а) басқару міндеттерін негізделген түрде шешу үшін қажетті 
ақпараттың жеткіліксіздігі, алынатын деректердің анық еместігі 


257
немесе олардың кешігіп түсуі;
б) басқару қателіктерін қанағаттандыруға тиісті деректердің 
шамадан тыс көптігі, олармен басқару жүйелерінің жолдарын 
басқару органдарының өткізгіштік қабілетінің артық көлемдерде 
асыра толтыру, деректердің құндылығына қарай жеткілікті түрде 
таңдап алынбауы.
Біз жоғарыда атап өткендегідей деректер пайдалы ақпарат 
болуы үшін үш қабатты сүзгіштен өтіп, табиғи, семантикалық және 
прагматикалық шуылдан арылуы тиіс. Ақпарат жүйесінің басты 
міндеті басқарудың байланыстық (коммуникациялық) тармағының 
барлық бөлімдеріндегі барлық түрдегі шуыл дәрежесін кең күйге 
жеткізу болып табылады. Сондықтан, бұл жүйелер құрамында 
шуылдарды жоюды қамтамасыз ететін құралдар жасалуы тиіс. 
Бұл біріншіден, басқару міндеттері мен олардың арасындағы 
байланысты зерттеп білу. Міндеттерге сәйкес, оларды шешу үшін 
шын мәніндегі керекті мәліметтерді таңдап алу қажет. 
Осы жұмыстың нәтижесі басқару жүйесіндегі ақпарат 
тасқындарының сызбасы немесе ақпараттық үлгі дейтін, сондай-
ақ ақпарат тасқындарының бағытын, көлемін, уақытша режимін 
және басқа сипаттамаларын тәртіптеп отыратын ережелер мен 
нұсқаулардың жиынтығы болуы қажет. 
Екіншіден, басқару міндеттерін шешу кезінде ескерілетін 
барлық факторларға бірдей сандық сипаттама беретін көрсеткіштер 
жүйесін жасап шығару, өзара байланысты көрсеткіштердің 
салыстырмалылығын қамтамасыз ету, оларды алудың және 
дұрыстығын тексерудің әдістерін жасап шығару қажет. 
Көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін, 
барлық бөлімшелер үшін бірыңғай, өзара байланысты жіктемелер 
мен мен атау тізімдер жасауға тиісті.
Үшіншіден, деректерді жинау, өңдеу, сақтау және жеткізу 
технологиясын жасау, бұл үрдістерді қажетті техникалық 
құралдармен жарақтандыру, қызметкер кадрларын іріктеу және 
оларды үйрету, деректердің шығу көзінен бастап пайдаланушыларға 
дейінгі жүретін технологиялық үрдістің барлық сатысына бұл 
қызметкерлердің араларында міндеттерді тиімді түрде бөліп беру 
керек. 
Сонымен, шектеле келіп біз ақпарат жүйесін жасап шығару 
кезінде не істелуге тиіс екенін оқып білдік. 


258
Енді мұны қалай істеу керек деген сұрақ туады. Бұл сұраққа 
жауап беру – ақпарат жүйесін жетілдіруде қандай қағидаларды 
басшылыққа алу керектігін, жұмыстардың бір ізділігі қандай болуы 
тиіс, және олар қандай әдістермен орындалуы керек екендігін айту 
деген сөз. 
Ақпарат жүйесін жасаудағы бірінші қағида – жүйелік тәртіп
Бұл жердегі оның мәнісі – ақпарат жүйесінің басқару қызметтерімен 
және ұйымдастыру құрылымын жетілдірумен ғана өзара байланыста 
құрыла алатындығында. Ал мұның өзі мынадан шығады: басқару 
міндеттері мен оларды шешу әдістерінің кез келген өзгерісі белгілі 
бір мөлшерде ақпаратқа деген сұраныс өзгерісін туғызады, ал 
құрылымында өзгерістердің болуына байланысты ақпараттық 
тасқындардың бағыттары мен қарқындылығы өзгеруге тиісті.
Екінші қағидасы – даму қағидасы.
Жалпылама басқару жүйесін және оның ішінде ақпарат жүйесін 
ешқандай да күрт, әрі кенеттен, өзгеріске ұшырауға болмайтындығын 
басшыға әдейі дәлелдеп жатудың керегі жоқ. Өзгерістердің терең 
болуы мүмкін, бірақ өндіріс қарқынынан айырылып қалмауы үшін 
өзгерістер біртіндеп болуы керек. Қайтадан құру кезеңі арқылы 
өтуге тиісті. Ал даму қағидасының мәні де осында. Ал бұдан да 
дәлірек айтсақ, бұл қағида бойынша жаңа ақпарат жүйесін құру 
дегеніміз – бұрын өмір сүріп келе жатқан жүйені жоспарлы түрде 
жетілдіру болып шығады. 
Үшінші қағида – тиімділік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет