Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет44/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

Үшінші кезең 5-7 жыл мерзіміне дейін созылып, ашық үлгідегі 
экономиканың шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, 
соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен, 
Қазақстанның әлемдік саудадағы айқындамасының нығаюымен 
және дүние жүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кірумен 
сипатталатын болады.
Нарықтық қатынастардың құрылуына орай бюджет тапшылығы 
және валютаның өтімділік проблемасы шешіледі. Мемлекетте 
тек басқа құрылымдардан гөрі, бұған нарықтық құрылымдарды 
қосқанда, ол жақсырақ атқаратын функциялар ғана қалады.
Бұрынғы экономикалық ақпарат жүйесі экономикадағы болып 
жатқан процестерді білікті бағалау үшін жарамсыз болып қалды, 
өйткені ол жаңа өндірістік қатынастарға жауап бере алмайды.
«Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген стратегиялық 
болашаққа қол жеткізу үшін ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске 
асыру қажет.
1. Ұлттық қауіпсіздік. Аймақтық тұтастығын толық сақтай 
отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын 
қамтамасыз ету.
2. Ішкі саясатта саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 
Қазақстанға бүгін және алдағы ондаған жылдар ішінде ұлттық 
стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси 
тұрақтылық пен ұлттық біртұтастықты сақтап, нығайта беру.
3. Шетел инвестициялары мен ішкі қорлардың деңгейі жоғары 
ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. 
Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта 
түсетін қарқынына қол жеткізу.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты 
нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және 
айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді.


83
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. 
Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, 
білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту, экологиялық ортаны 
жақсарту.
5. Энергетика ресурстары. Мұнай мен газ өндіруді және 
сараптауды қалыпты экономикалық өрлеу мен халықтың тұрмысын 
жақсартуға жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру 
жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді 
пайдалану.
6. Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс жүйесінде 
инфрақұрылымды құру. Осы шешуші секторларды ұлттық 
қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық 
өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
7. Кәсіби мемлекет. Ісіне адал әрі біздің басты мақсаттарымызға 
қол жеткізуде халықтың өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның 
мемлекеттік қызметшілерінің ықпалды және осы заманғы корпусын 
жасақтау.
Осы ұзақ мерзімді басымдықтардың әрқайсысы үшін бір 
жылдық, үш, ал кейіннен бес жылдық жоспарларда белгіленген 
нақты іс-қимылдарға күш-жігерді жұмылдыра отырып, оны дәйекті 
түрде іске асыру қажет.
Кеңес мемлекетінен кейінгі кеңістікте күрделі мәселе – бұрынғы 
біртұтас мемлекеттің құрамында болған одақтық республикалардың 
тағдыры болды. Аяқастынан күйреген Кеңес мемлекеті оларды 
(республикаларды) өте қиын жағдайға ұшыратты. Бұрын 
қалыптасқан саяси-қоғамдық, экономикалық және әлеуметтік 
қатынастар тез арада жойылып, барлық шаруашылық объектілер 
дағдарысқа ұшырап, экономикалық қарым-қатынас үзіліп қалған 
жағдайда, қалай экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету керек 
деген проблемалармен бір өзі қалды. 
Осындай жағдайда қиыншылықтан шығатын бір-ақ жол болды. 
Ол өз әлеуетіне сүйене отырып республика өзіне тән тәуелсіздік 
жолын табу керек еді. Тап осы сәтте республиканың болашағын 
анықтайтын, экономикалық егемендігін іске асыру жолдардын 
белгілейтін күрделі және тиімді саясат ауадай қажет екені аян 
болды. Сондықтан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 
Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде 
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (1992 ж.) еңбегі жарық 


84
көрді. Осы жұмыста ұсынылған терең ой-пікірлер мен ғылыми 
бағыттар Қазақстанның болашақта экономикалық-әлеуметтік даму 
үрдістерін белгіледі.
Онда нақтылы көрсетілген ғылыми ахуалдар мынадай:
1. Экономика саласында меншіктің негізгі түрлерін 
(жекеменшік пен мемлекеттік меншік) үйлестіре және өзара іс-
қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік 
нарықтық экономика құру, ал олардың әрқайсысы экономикалық 
және әлеуметтік өзара байланыстың жалпы жүйесінде өз міндетін 
атқаратын болады. 
Бұл жерде ең ауқымды, терең ғылыми түйін, ұзақ мерзімді 
стратегиялық мәні зор идея – ол әлеуметтік нарықтық экономика 
құру. Кейінгі барлық іс-әрекеттер тек осы идеяны жүзеге асыруға 
бағытталу керектігін дәлелдейді. Себебі қандай экономика болмасын 
ол ең әуелі қоғамның жеке адамның мүддесіне бағытталуы тиіс. 
Сондықтан нарықтық экономиканың түпкі мақсаты осында жатыр.
2. Экономиканың даму стратегиясы:
- Қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономика саласындағы 
стратегия мен тактика құрылымдық және технологиялық артта 
қалушылықты бір мезгілде жол ашылып нарықтық жүйеге көшуді 
одан әрі жалғастыру болып табылады.
Қазақстан үшін материалдық өндіріс саласында басым бағыттар: 

құрылыс және құрылыс индустриясын, бірінші кезекте,
тұрғын үй құрылысы үшін дамыту;

түсті және қара металлургияда түпкі шектерді белгілеп 
экономиканың шикізаттық бағытын жою;

ғылымды көп қажет ететін өндірістер мен машина жасауды 
дамыту, әртараптандыру және қажет болған жағдайда қорғаныс 
кәсіпорындарын конверсиялау;

экологиялық таза технологияларды енгізу;

осы заманғы инфрақұрылымдарды (көлік, байланыс, 
энергетика, туризм, қонақ үй жүйесін) құру болып табылады.
3. Бағдарламалар:
- Басым бағыттарды жүзеге асырудың нақты формасы 
индикативтік жоспарға негізделген және оларға қатысуға 
бағытталған жаңа ұйымдастыру құрылымдарын жасайтын арнайы 
мемлекеттік бағдарламалар болады.


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет