Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет27/77
Дата18.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#37734
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

 
 
 
«Еркін пікір»
Пікірталастар ұйымдастыру, баяндамалар жасау, реферат, 
шағын ғылыми жұмыстарды қорғау – оқушының білім қорын, ізденісін 
көрсетумен қатар, сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін меңгеруіне 
қызмет етеді. 
 
«Еркін талқылау» 
Бұны шағын топта қалай болса, сондай-ақ барлық
сыныппен орындауға болады. Құрылымы болмағандықтан, бұндай
талқылауда көмек керек болуы мүмкін. Көмекті мұғалім көрсете 
алады, бірақ жұмыс топтарда өтсе мұғалім барлық топқа үлгермеуі
мүмкін. Нұсқа ретінде бір оқушыны көмекші болуды сұрауға болады, 
бұл техника оқушыны, ол оқушы әрекеттерінің оң тәжірибесін 
алысымен пайдалануға және осы рольдегі мінез-құлқының негізгі 
аспектілерін талқылауға болады. 
 
«Ертегі құрастыру»
 
Бастаушы ертегінің бірінші сөйлемін айтады. Қалғандар бір-
бір сөйлемнен өздері қалауынша ертегінің сюжетін құрастырады. 
Қатысушылардың қиял жүйріктігі, тіл байлығына қарай түрлі ертегі 
құрастырылып шығады. 
 
«Есімдер арқылы топқа бөлу» 
www.classtools.net 
– «жеміс-жидек машинасы» бағдарламасы, 
мұнда сізде есімдерді енгізуге, оларды сақтауға және оқушыларды 
кездейсоқ тәртіпте таңдауға мүмкіндік болады.
Есімдерді балмұздақтардың таяқшаларына жазыңыз және 
жауап беру үшін кездейсоқ тәртіппен оларды тартып шығарыңыз.
Сандарды допқа немесе оқушылардың саны немесе 
сыныптағы отыратын орнының нөмірі жазылған санауыштарда 
жазыңыз – әр сыныпта қолданыңыз. 
«Жағымды тілектер алқасы» 
Алдын ала топтағы оқушы санына сай ұзын (70 см) 
және көбірек түрлі-түсті қысқа (10 см) жіптер дайындалады. Жағымды 
әуен арқылы барлық қатысушылар бір шеңберге топтасады. Мұғалім 
қолындағы жіптерді көрсетіп: «Менің қолымда түрлі-түсті, ұзын-қысқа 
жіптер бар. Шын мәнінде, бұлар жай жіптер емес, біздің 
шығармашылығымыздың ұшқындары. Аңызға сүйенсек, егер таза 


жүректі адамдар бір жерге жиналса, бұл ұшқынды әдемі алқаға 
айналдырады екен. Қазір ұзын жіптерді әрқайсысың алып, өз 
мойындарыңа тағып, ұшын байлауларыңды сұраймын. Содан соң 
түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-біріңнің мойындарыңдағы алқаға 
жағымды тілек айтып байласаңдар. Осылайша қысқа жіптер 
алқамыздың моншақтарына айналады.» 
Барлығы байлап болған соң, осы күннен естелік 
ретінде сақтап қою ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет