Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет32/77
Дата18.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#37734
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

 
«Карусель»
 
Ойын шарты: оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі және 
сыртқы қосарлы шеңберге бір-біріне бетпе-бет қарап, екі шеңбер 
құрады. Ішкі шеңбер – қозғалмайтын шеңбер, шеңбер ортасына олар 
арқасын беріп тұрады. Сыртқы шеңбер – қозғалмалы, шеңбер ортасына 
бетін қаратып тұрады. Әрбір оқушы өзіне қарама-қарсы тұрған 
оқушыға бір сөйлем айтып, оңға қадам жасайды. Сөйлем қойылған 
мақсатқа байланысты болады. Мысалы, әріптесінің жағымды жақтарын 
көрсету үшін «Мен сен сияқты ақылды, ұстамды болғым келеді» деуге 
болады. Әрқайсысы жаңа әріптесі келген сайын оның қасиеттерін 
айтып отырады. Жаттығудың бұл түрі барлық оқушылардың белсенді 
жұмысқа тек өзінің таңдауымен ғана емес, әртүрлі серіктерімен бір 
мезгілде араласуына мүмкіндік береді. 
«Кезбе тілші» 
 
1-оқушы телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған 
оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі) 
2-оқушы Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
3-оқушы Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады. 
4-оқушы Тілші сұхбат алатын куәгер. 
2-нұсқа 
Әр топтан бір оқушы шығып, тілші ретінде сұрақ қойып, 
жауаптарын бірі диктафонға, бірі камераға түсіріп, топтарында өңдеп, 
диктор арқылы экранға шығарады. 
«Кейіпкерлер әлемі»
 
Ойын шарты: оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ бір-бірлеріне әңгіме 
мазмұны бойынша сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма 
кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. 
Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. 
«Кейіпкер»
Р/с 
Шығарманың атауы 
Кейіпкері 
Қасиеттері 
қалай 
суреттелген 
Кейіпкерге 
берілетін баға 
Ой-тұжырым, мақал-
мәтел, даналық сөз 

«.........» 
 
«Кейіпкерлерге мінездеме»
Әңгіме кейіпкерлері 
Мінездеме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет