51
синхрондайтынын бағдарламашы ӛзі анықтайды. Негізінде параллель
процестердің адрестік кеңістігі әртүрлі. Осы идеологияға сәйкес деп MPI мен
PVМ-ді айтуға болады. Басқа технологияларда, мысалы Shmem, қосымшаның
барлық процестеріне бірдей қолжетімді жалпы (shared) айнымалыларды да,
локальді (private) айнымалыларды да қолдануға мүмкіндік береді.
Linda жүйесінде параллель бағдарлама құру үшін кезкелген тізбекті
тілге тӛрт қосымша функция in, out, read, eval қосса жеткілікті. Ӛкінішке
орай, бұл идеяның қарапайымдылығы оны іске асыруда үлкен мәселелерге
тірейтіндіктен, бұл технология тәжірибелік құралдан гӛрі академиялық
қызығушылық обьектісіне алмастырылады.
Тәжірибе жүзінде қолданбалы бағдарламашылар кӛбіне айқын
параллельді конструкцияларды мүлдем қолданбайды, қажет кезінде
бағыныңқы
бағдарламалар
мен
параллель
пәндік
кітапханалар
функцияларын пайдаланады. Бар параллельділік және бар оптимизация
шақыруларда жасырылған, ал пайдаланушыға стандартты блоктарды тиімді
пайдалана отырып ӛз бағдарламасының тек сыртқы бӛлігін ғана жазу қалады.
Осыған ұқсас кітапханаларға Lapack, ScaLapack, Cray Scientific Library, HP
Mathematical Library, PETSc және кӛптеген т.б. жатады.
Сонымен, ендігі айтылатын ең соңғы бағыт – бұл
арнайы пакеттер
мен бағдарламалық кешендерді пайдалану. Бұл жағдайда, пайдаланушыға
бағдарлама құрудың мүлдем қажеті жоқ. Негізгі мәселе – барлық керекті
енгізілетін деректерді дұрыс кӛрсете алу және пакеттер функционалдығын
дұрыс пайдалана білу. Осылай, кӛптеген химиктер квантты-химиялық
есептеулерді параллель компьютерлерде жүргізу үшін GAMESS пакетін
пайдаланады, алайда олар параллель ӛңдеудің қалай іске асырылаты туралы
ойланбайды да.
Сонымен, алдыңғы параграфтардағы айтылғандарды қорытындылай
келе, параллель компьтерлердің аппаратурасы және бағдарламалық
қамтамасындағы соңғы бірнеше он жылдықтағы үлкен ӛзгерістерге ӛз
бағасын беруіміз қажет. Осы ӛзгерістердің нәтижесінде, қазіргі күнгі
пайдаланушылар, ӛте күрделі есептерді шығаруға мүмкіндік беретін қуатты
есептеу жүйелеріне ие болды. Алайда, тәжірибе кӛрсеткендей, жалпы
параллель есептеу жүйелеріне қатысты мәселелер толық жойылған жоқ, олар
басқа деңгейге кӛшті десе болады. Егер алғашқы кезде, бірнеше қарапайым
компьютерді тиімді пайдалану сұрағы қойылса, ал қазір жүздеген, мыңдаған
және он мыңдаған процессорлардан тұратын жүйелердің тиімділігі туралы
мәселе қойылуда. Мұнда әрбір процессордың ӛзі де күрделі параллель жүйе
екенін ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: