100
қажеттілігіне және қаржы жетімділігіне қарай кезкелген
зертханада есептеу
кластерін құрастыруға болады. Параллель процестер арасында тығыз ара-
қатынас қажет етілмейтін есептер кластары үшін, дәстүрлі жұмыс
станциялары мен Fast Ethernet желісі негізіндегі шешімдер толықтай тиімді
болуда. Енді бұл шешім заманауи кәсіпорындардағы жергілікті желіден не
айырмашылығы бар деген сұрақ туады. Қолданбалы бағдарламашының
кӛзқарасы бойынша ештеңемен де. Егер бағдарламашыда осы тәрізді желіні
ӛзінің есептерін шешу үшін пайдалану мүмкіндігі туса, онда ол үшін мұндай
конфигурация параллель компьютер болатыны анық.
Бұл идеяны
ары жалғастыратын болсақ, кезкелген есептеу
құрылғыларын егер олар бір мезгілде жұмыс істесе және оларды бір есепті
шешу үшін пайдалануға болса, параллель есептеу жүйесі деп санауға болады.
Бұл мағынада, әлемдегі ең үлкен компьютер деп қарастыруға болатын
Интернет желісі керемет бірегей мүмкіндіктер береді. Интернет желісіне
қосылған компьютерлер иеленетін қосынды ресурстармен ешқандай есептеу
жүйесі шектік ӛнімділігімен де жедел жады болмаса дискілік жады
кӛлемімен де тең түсе алмайтыны айқын. Компьютерлерден тұратын
компьютерді
метакомпьютер десек, осыдан келіп аталған есептеу жүйесінде
есептеулерді ұйымдастыру процесі үшін арнайы аталу шығады – ол
метакомпьютинг.
Негізінде, метакомпьютердің коммуникациялық ортасы
ретінде тек Интернетті ғана қарастыру міндетті емес, оның ролін кез-келген
желілік технология орындай алады. Бұл жағдайда біз үшін маңыздысы
принцип, ал техникалық іске асыру үшін мүмкіндіктер қазіргі кезде жетерлік.
Әрине, Интернетке ерекше қызығушылық әруақытта болған және бола береді
де, себебі ешқандай жеке алынған есептеу жүйесі ӛзінің қуаты жағынан
ауқымды желінің потенциалды мүмкіндіктерімен теңесе алмайды.
Күрделі есептерді шешу үшін таратылған есептеу ресурстарын
пайдаланудың конструктивті идеялары соңғы онжылдықта кең іске асырыла
бастады. Бірінші метакомпьютингтің нақты жүйелерінің прототиптері ӛткен
ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап қолжетімді болды. Бірнеше
мысалдар келтірелік.
Таратылған есептеулерді қолдау үшін MPI кеңейтілуі PACX-MPI.
Бірнеше MPP жүйелерін MPI әртүрлі іске асырылуымен біртұтас
метакомпьютерге біріктіру мүмкіндіктері қарастырылған.
МРР арасындағы
деректерді жіберу TCP/IP кӛмегімен Интернет арқылы жүргізіледі. 1998
жылы ұйымдастырылған Supercomputing конференциясында PACX-MPI
құралдарымен екі елдегі, Германияның Штутгарт университетіндегі және
АҚШ Питсбург суперкомпьютерлік орталығындағы екі 512-процессорлық
CRAY T3E суперкомпьютерлерін қалай бірге пайдалануға болатындығы
кӛрсетілді.
Condor жүйесі компьютерлердің жүктемесіз бос тұрған уақыттарын
пайдаланып, мысалы, түнгі уақытта, жұмыс станцияларының
корпоративтік
желілері бойынша есептерді таратады. Condor жүйесінің бағдарламалық
қамтамасы еркін пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта барлық негізгі
101
платформалар: SGI, Solaris, Linux, HP-UX, Digital Unix, Windows NT
қолданыста. Олардың толық сипаттамаларын және қажетті дистрибутивтерін
жобаның сайтынан табуға болады
http://www.cs.wisc.edu/condor/.
SETI@home (Search for Extraterrestrial Intelligence) жобасы – жерден
тысқары
жердегі цивилизацияны, радиотелескоптан берілетін деректерді
таратылған ӛңдеу кӛмегімен іздеу. Радиосигналдарды ӛңдейтін бағдарламаны
ӛз компьютеріне жүктей отырып, бұл жобаға кезкелген қалаған адам қосыла
алады. Windows, Mac, UNIX, OS/2 үшін клиент бағдарламалары қолжетімді.
Бұл жобаның 1999 жылы май айында басталғанынан бері 2002 жылдың май
айына дейін 3,7 миллион адам жобаға қатысуға ынта білдіріп тіркеуге
тұрған. Сайтта келтірілген статистикалық мәліметтерге сәйкес жобаға
қатысқан компьютерлердің ӛнімділіктерінің қосындысы Тор500 тізіміндегі
барлық компьютерлердің ӛнімділігінен бірнеше есе асып түседі екен.
Жобаның адресі
http://setiathome.ssl.berkeley.edu/.
Distributed.net, таратылған режимде күрделі есептерді шешу үшін
ӛздерінің компьютерлерін ұсынатын Интернетті пайдаланушылардың ең
үлкен бірлестігінің бірі болып табылады. Негізгі жобалар шифрларды (RSA
Challenges) анықтау есептеріне байланысты.
Жоба басталғаннан бері оған
200000-нан аса адам тіркелген. Жобаның адресі
http://www. Distributed.net/.
GIMPS – Great Internet Mersenne Prime Search. Мерсен жай сандарын
іздеу, яғни 2
Достарыңызбен бөлісу: