Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет127/262
Дата03.09.2022
өлшемі6,24 Mb.
#38391
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   262
Байланысты:
Финал-ӘНХ-2021-2022

56-кесте«Физика» оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
7-сынып 




8-сынып 




9-сынып 




Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарына (2021 жылғы
26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді) 
сәйкес «Физика» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағат болғанда тоқсандық 
жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
«Физика» пәні бойынша білім алушылардың сөздік қорын байыту 
бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қарастырылады. 
Халықаралық зерттеу шеңберінде 
функционалдық сауаттылықты 
қалыптастыру және білім жетістіктерінің деңгейін жоғарылату үшін білім 
алушыларға келесі тапсырмалар мен жұмыстарды орындау ұсынылады: 
диаграммалар, сызбалар, физикалық процестердің жиынтық және аналитикалық 
кестелері кестелерін жасай білу.
Сондай-ақ, мұғалім сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды 
жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын 
қалыптастыру; есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару қажет.
Негізгі орта мектепте физика сабақтарында 
білім алушылардың
жасалынған
практикалық және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген 
жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындауға, ауызша және 
жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы мен 
дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыруға үйрету ұсынылады.
Зертханалық және практикалық жұмыстың қажетті көлемін орындау үшін 
ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) 
пайдалану, оқушылардың эксперименттік деректер мен қорытындыны жасай 
алуына басты назар аударылады. 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мұғалімдерге көмек 
ретінде білім мазмұнын жаңарту аясында «Физика» (10-11-сыныптар) оқу пәнін 
оқыту 
бойынша 
әдістемелік 
ұсынымдамалар 
әзірледі. 
Әдістемелік 
ұсынымдамаларды Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтынан (www.nao.kz ) алуға 
болады. 
Педагог осы оқу жылында «Физика» пәні бойынша оқушылардың 
білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмысына ерекше назар 
аударуы қажет. 


173 
Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру 
бойынша ұсынылатын жұмыс алгоритмі: 
- өткен оқу жылындағы оқу мақсаттары, оқу бағдарламасының 
тақырыптары және күрделі тақырыптар бойынша диагностикалық бақылау 
жұмысын жүргізу; 
- өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сүйене отырып, 
білім алушы меңгере алмаған оқу мақсаттарын айқындау;
- қысқа мерзімді жоспарды жасау кезінде білім алушылардың игермеген 
оқу мақсаттарын, өткен оқу жылының тақырыптарын жаңа оқу жылындағы 
бағдарламалық материалдың мазмұнына біріктіру ұсынылады; 
- қосымша сабақтар, зерханалық жұмыстар, «Механика», «Жылу 
физикасы», «Электр және магнетизм»», «Геометриялық оптика», «Кванттық 
физика элементтері» бөлімдері бойынша консультациялар өткізу. 
8-9-сыныптарда: 
оқу бағдарламасының «Механика», «Жылу физикасы», «Электр және 
магнетизм»», «Геометриялық оптика», «Кванттық физика элементтері» 
бөлімдері бойынша білім алушылардың меңгермеген оқу міндеттерін орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   262




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет