Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет142/262
Дата03.09.2022
өлшемі6,24 Mb.
#38391
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   262
Байланысты:
Финал-ӘНХ-2021-2022

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ 
5-9-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған 
мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін 
дамыту, оқушылардың дене дамуы қасиеттерін және олармен байланысты 
қабілеттерін жетілдіру.


201 
Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны ерекше. 
Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани қасиеттерін 
қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептегі білім беру контексінде дене 
шынықтыру білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттайды. 
Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере 
отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға уәждемесін (мотивация) 
арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық (спорттық-спецификалық) қимыл 
дағдыларын меңгеруіне, дене қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы 
бойынша білімді қалыптастыру; негізгі дене дамуы қасиеттерін жетілдіру, арнайы 
спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік дағдыларды дамыту, 
атап айтқанда, әртүрлі дереккөздерден алынған ақпаратты пайдалану, оны тиісті 
нысанда нақты ұсыну қабілеті; ойлау және зерттеу дағдыларын дамыту; 
адамгершілік-жігер, моральдық-ерік қасиеттерін қалыптастыру қарастырылған. 
Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бөлімдерін оқытудың 
бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. 
Сағаттарды бөлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы 
бойынша өзгеруі мүмкін. 
«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;
2) 6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;
3) 7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат;
4) 8-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағат; 
5) 9-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды. 
Бұл бағдарламада мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке 
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі 
нысандарының мазмұны қамтылған және бұл міндеттерді барлық оқу жылында 
біртіндеп шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның үшінші сағаты 
оқушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын 
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған. 
«Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың 
бөлімдері арқылы ұйымдастырылады. Бөлімдер сыныптар бойынша күтілетін 
нәтиже түрінде берілген оқу мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. 
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
1. «Қозғалыс қызметі» бөлімі: әртүрлі спорттық-ерекше қимыл 
әрекеттерін орындау кезінде дәлдікті, бақылауды және маневрлікті дамыту; 
дене жаттығуларының әр түрлерінде қозғалыс комбинацияларын, олардың 
реттілігін жасау және қолдану; спорттық-ерекше техникаларды орындау кезінде 
қозғалыс дағдылары мен реттілігін біріктіру; қозғалыс іс-әрекеттерін 
орындауды жақсарту үшін басқалардың өз біліктері мен іскерліктерін бағалау; 
бірқатар дене жаттығуларында тактиканы, стратегияны, құрылымдық 
идеяларды қолдану және бағалау; қозғалыс белсенділігімен байланысты 
қиындықтарды еңсеру және тәуекелдерге ден қою дағдыларын дамыту. 
2. «Қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту 
мен сыни ойлау» бөлімі: өзгермелі жағдайларға жауап беру үшін қозғалысқа 


202 
байланысты алған білімдерін бейімдеу; көшбасшылық дағдылар мен командада 
жұмыс істеу дағдыларын дамыту және қолдану; қолайлы оқу ортасын құру 
бойынша бірлескен және тиімді жұмыс дағдыларын көрсету; дене жаттығулары 
шеңберінде қызметті оңтайландыру және баламаларды әзірлеу үшін ережелер 
мен құрылымдық тәсілдерді бағалау; жеке шығармашылық қабілеттері мен 
басқалардың қабілеттерін сыни бағалау, балама шешімдер; жарыс қызметі 
ережелері мен төрешілік ережелерін білу; жарыс кезінде адал ойын, олардың 
айырмашылықтары. 
3. «Денсаулық және салауатты өмір салты» бөлімі: жеке денсаулық және 
салауатты өмір салты туралы білімді қалыптастыру; қызмет түрлері үшін 
лайықты жаттығулар мен қалпына келтіру техникаларын әзірлеу, өткізу; 
әртүрлі дене жүктемесінің жаттығуларын, олардың әсерін және организмнің 
энергетикалық жүйесімен байланысын зерделеу, практикада сынау; 
денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелерінде 
тәуекелдерді басқару стратегияларын әзірлеу және қолдану; басқа адамдардың 
дене жаттығуларының тәжірибесін байыту үшін білім мен дағдыларды қолдану. 
Әр бөлімшеде көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды дамыту 
бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың жетістіктерін 
бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда «Дене 
шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене 
шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.
 
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Дене 
шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жартыжылдық және оқу жылының 
соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды 
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында 
мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері 
бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленген 
әдістемелік 
ұсынымдар 
Ы.Алтынсарин 
атындағы 
ҰБА 
сайтына 
орналастырылған (nao.kz). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   262




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет