Осы оқу жылының тағы бір ерекшелігі – 2021-2022 оқу жылының
ІІ жартыжылдығында «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің 1-сыныптан бастап
енгізілуі
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні «ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының
14-тармағында
бастауыш
сыныптағы
«Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән
мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ.
«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген
№ 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына
(4-қосымша) өзгерістер енгізілді).
«Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім
алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында
қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен
таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға
бағытталған.
1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық
мазмұны:
1) «Компьютер»: Информатика кабинетіндегі ережелер;
2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың
сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;
3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы;
программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (скретч)); программалау
ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;
4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа
арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ
73
бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген
бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).