тәсілдерді, стильдік нышанды (маркерлі) сөздерді талғап, сара-
лай алады. Бұл мәселенің тілдік жағы болса, ендігі тұста тілдік
емес жағына да, яғни экстралингвистикалық факторларға мән
берілуге тиіс. Экстралингвистикалық факторлардан функцио-
налдық стильдердің жіктелуінде әлеуметтік қызмет түрлері, қо-
ғамдық сана түрлері маңызды рөл атқарады.
Функционалды стильдерді қалыптастыруда, ең алдымен,
тілдің әлеуметтік қызмет түрлері негізге алынатындығы дәлел-
деніп келді. Академик В.Виноградов әдеби тілдің стильдерін
ажыратуда, жоғарыда айтқандай, тілдің басты үш түрлі әлеу-
меттік қызметі маңызды рөл атқаратындығын атап көрсетеді.
Олар:
- қатынас жасау, тілдесу (функция общения);
- хабарлау не ақпарат беру қызметі (функция сообщения);
- әсер ету қызметі (функция воздействия).
Тілді осындай түрліше қызметте жұмсау нәтижесінде әр
түрлі стильдер қалыптасады. Осы қызметтеріне сәйкес тіл
стильдерінің: тұрмыстық сөйлеу (қатынас жасау), ғылыми, рес-
ми (хабарлау) және публицистикалық, көркем әдебиет стильдері
(әсер ету) сияқты түрлері сараланып, бір-бірінен өзіндік белгі-
лері арқылы ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: