(-дей, -тай, -тей), -дайын (-дейін, -тайын, -тейін), -ша, -ше
жұрнақтарының, секілді, сияқты, тәрізді, іспетті, тең, ұқсас
сөздерінің көмегімен, параллелизм, т.б. көмегімен жасалады.
Синтаксистік құрылымына қарай жалаң, күрделі, толымды,
толымсыз, бірыңғай, болымсыз деп жіктеледі. Сол сияқты есім
тұрақты теңеулер, етістік тұрақты теңеулер деп қарастыру бар.
Ең бастысы, теңеулерді ұқсас тілдік құбылыстармен қарым-
қатынаста зерттеудің теориялық та, әдістемелік те мәні бар.
Басқа троптармен байланыстыра келе, эпитеттік теңеулер,
метафоралық, метонимиялық, синекдохалық, градациялық, ги-
перболалық, литоталық теңеулердің кездесетіндігін тіл фак-
тілері көрсетеді. Мысалы, Кескіні аршыған жұмыртқадай
аппақ, қылдырықтай қиылған қасы бар, садақтың оғындай
ұзын кірпігі бар (С.Мұқанов) – эпитеттік теңеулер екендігі аң-
ғарылады.
Көркем әдебиет стилінде бұл тәсіл әр түрлі мақсатпен жиі
қолданылады: Қызыл Жебеге қонған Рысқұлдың сирек жыл-
житын қаһарлы қарасұр өңінен нұр төгіліп, көздері шоқ ша-
шып, әруақ қуып арқасы қозған бақсыдай, айбыны асқақтап
шыға келді. Астындағы жүйрік те буырқанған бұла күшті сез-
гендей, ауыздықты қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзе шірене
тартылған садақтың адырнасынан ұшатын жебедей лыпып
тұр еді (Ш.Мұртаза). Мұнда автор теңеуді кейіпкердің бет-піші-
нін, сыртқы көрінісін, портретін жасау үшін пайдаланған. Ал
мына үзіндіде: Енді әкесінің Қызыл Жебеге мініп отырғандағы
келбетін көріп Тұрардың төбесі көкке жеткендей, аспандағы
жұлдызды қолмен ұстап тұрғандай болды. Қызыл тұлпар-
дың үстіне құрыш қыран қонғандай әдемі сурет жас баланың
жанын әлдилейді... дегенде жазушы адамның ішкі сезімдерін,
психологиялық жай-күйін суреттеуде де теңеуді тиімді қолдан-
ған.
Метафора – ауыспалы мағынада жұмсалатын, эстетика-
лық қуаты жоғары стильдік тәсілдің бір түрі. Метафораның
басты стильдік ерекшелігі – бейнелілігі, экспрессивтілігі. Белгілі
зат, құбылыстың басқа топтағы зат, құбылыстың, объектінің
белгісі мен қасиетіне қарай ауыстырылуы – метафоралық тәсіл,
көбінесе көркем стильде, публицистикалық стильде, шешендік,
өсиет сөздерде т.б. жиі қолданылады. Метафораның қолданылу
ерекшеліктері жайлы арнайы зерттеулер бар (Б.Хасанов,
А.Сыбанбаева, т.б.).
Көптеген ғылымдардың нысаны бола отырып, метафора-
ның стилистикалық мүмкіндігі өте кең, қызметі әр алуан. Бұл
жөнінде орыс тілі стилистикасын зерттеуші М.Н.Кожинаның
пікірі төмендегідей: «метафора ғылым тілінде ғылыми түсінік
үшін, публицистикалық стильде эмоциялық-образдылықтың не-
гізінде түсінікті үйлестіруші ретінде, көркем шығармада бей-
нелі (образды) сөз ретінде стильдік қызмет атқарады»
1
– болып
келеді. Функционалды стильдердің ішінде көркем әдебиет стилі
көпстильділігімен, бейнелі ойлау жүйесімен ерекшеленеді, сон-
дықтан метафора жиі ұшырасады.
Стильдік қолданысына қарай метафора жалпы халықтық
сипаттағы метафоралар, жазушының өзіндік қолтаңбасын ғана
1
Кожина М.Н. Cтилистика русского языка. М., 1983, с. 117
көрсететін, жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі контекстің
аясында ғана жұмсалатын метафоралар, яғни контекстік мета-
фора, кейде индивидуалды-авторлық метафоралар деп те атай-
ды. Дәстүрлі не тілдік метафораларда тұтас бір халықтың ортақ
бейнелі ойы, дүниетанымы білдіріледі. Сондықтан олардың
білдіретін мағынасы көпшілікке түсінікті болады. Ал кон-
текстік-авторлық метафоралар жеке адамның дүниені бейнелі
қабылдауынан, өзіндік танымынан туындайды. Мысалы: Ғашық
Достарыңызбен бөлісу: |