10-тапсырма. Экспрессивтілікті білдірудің синтак-
систік тәсілдерін атап көрсетіп, тілдік деректер келтіре оты-
рып стильдік мәнін ашып түсіндіріңіз.
11-тапсырма. Берілген сөйлемдерден синтаксистік си-
нонимдерді тауып, олардың қолданыстағы стильдік мәнін
ашып түсіндіріңіз, мысалдармен толықтырыңыз.
Әбіш бірдеме айтқысы келсе, тек ұйқылы-ояу адамның
қалпындай ақырын сыбырлап айтып та қояды; Абай тағы да
сыбырлай сөйлеп шер толқытып кеткенде, ойда жоқта өз-өзінен
ырғақты бір жолдар құралды (М.Әуезов). Құз-қияны өрмелеп,
Ай туады дөңгелек; Бір күні тік басуға жарадым мен, Сол сол-
ақ қияға өрлеп барамын мен (С.Мәуленов).
12-тапсырма. Экспрессивті мәндегі сұраулы сөйлем-
дер стильдің қандай түрінде көбірек жұмсалады, тілдік де-
ректер келтіріп дәлелдеңіз.
13-тапсырма. Мына өлең жолдарынан инверсияның
жұмсалу себептерін түсіндіріңіз.
1.Ұшқандай боп талпынып тұла бойым,
Соған жетпек – тек қана жалғыз ойым.
Қызықтырмас көңілімді күлкі, ойын
Жеткізбейді ойдағым ойласам да.
2.Жол білмеген, жол көрмеген өңшең жас,
Қасыңда жоқ жұбататын бауырлас.
Қамыққанда туған жерді еске алып,
Тырс-тырс тамып кететін-ді ыстық жас (Б.Күлеев).
Достарыңызбен бөлісу: