Руководство к предмету «Основы сестринского дела»


негіздері А1 модулі. ЕСҰ негізгі түрлері. Медициналық ұйым бөлімшелерінің құрылы-



Pdf көрінісі
бет25/43
Дата06.09.2022
өлшемі275,32 Kb.
#38528
түріРуководство
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
ОСНОВЫ СЕСТРИНСКОГО ДЕЛА

негіздері
А1 модулі. ЕСҰ негізгі түрлері. Медициналық ұйым бөлімшелерінің құрылы-
мы мен қызметтері
Жеке ЕСҰ жұмысының бағыттары. Əртүрлі ЕСҰ мейірбикелер қызметтерінің 
негізгі бағыттары.
А2 модулі. Қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен негізгі қызметтері. Нау-
қасты қабылдау жəне тіркеу. Антропометриялық өлшем
Қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен қызметтері. Қабылдау бөлімшесінің 
жұмысын ұйымдастыру. Стационарға, бөлімшеге түскен науқастың алғашқы 
кезеңіндегі мəселелерін анықтау. Науқастың терісін жəне шашын қарап тексеру. 
Науқасты тіркеу жəне қажетті медициналық құжаттамаларын ресімдеу. Қабылдау 
бөлімшесі мейірбикесінің этикасы мен деонтологиясы. Антропометриялық өлшем: 
бойын, кеуде шеңберін, дене салмағын анықтау.
А3-4 модулі. Науқасқа санитариялық тазалау жүргізу. Толық, жартылай. Пе-
дикулез айқындалған кезде санитариялық тазалау жүргізу
Гигиеналық шомылғы, себезгіні қабылдау мақсаты, көрсетімдері мен қарсы 
көрсетімдері. Емшаралар жасаудың міндетті шарттары. Емшараларды орындау 
тəртібі. Науқасты емшараға дайындау, шомылғы мен себезгіні дайындау. Науқастың 
шашын дезинсектицидті ерітіндімен жуып тазалаудың мақсаты, көрсетімдері мен 
қарсы көрсетімдері. Қолданылған аспаптарды зарарсыздандыру. Медициналық 
құжаттамаларды толтыру.
А5 модулі. Емдеу мекемелеріне тасымалдау
Сатымен көтерілу жəне түсуде науқасты қоларбада, кресло (орынтақ)-қоларбада, 
зембілдерде тасымалдау. Медициналық құжаттамаларды жүргізу.
Б құзыреттілік саласы -
Инфекциялық қауіпсіздік. Инфекциялық бақылау
Б1 модулі. Аурухана ішілік инфекция мəселелері жəне инфекциялық бақылау.
«Аурухана ішілік инфекция» туралы түсінік, қоздырғыштары, берілу жолдары мен 
механизмдері, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу. «Инфекциялық бақылау», 
«инфекция үрдісі» түсініктері. Инфекциялық бақылау топтарының құрамы, мақсаты, 
міндеттері. Инфекциялық бақылау бойынша жүргізілетін негізгі нормативтік 
құжаттар.


16
Аурухана ішілік инфекцияның алдын алуда жүргізілетін қауіпсіздік жəне 
бақылау шаралары. Асептика жəне антисептика түсініктері. Мейірбикенің жеке 
қорғаныш барьерлері. Медициналық қызметкерлердің жеке басының тазалығы. 
Қолды гигиеналық жəне əлеуметтік мақсатта тазарту. Қолғаптарды кию жəне шешу. 
Қолдың гигиеналық антисептикасы. Санитариялық-эпидемиологиялық режім ту-
ралы жалпы түсінік. Дезинфекция жəне стерилизация туралы түсінік, олардың 
түрлері, тəсілдері, заттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет