Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Музыка жəне бейнелеу пəндерінің «Өзін-өзі тану» білім беру



Pdf көрінісі
бет26/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Музыка жəне бейнелеу пəндерінің «Өзін-өзі тану» білім беру 
бағдарламасымен интеграциясы
6-сынып. Тақырып: «Әлем ғажайыптар ретінде»
«Ән салайық» шығармашылық тапсырма (əр жанрдағы 7 əуен естіледі)
1. Музыканы естігенде сіз нені елестетесіз?
2. Қиялда қандай түстер пайда болады?
3. Бұл музыка қандай стильге немесе жанрға жатады?
4. Сіз қандай сезімдер мен эмоциялар сезінесіз?
«Бояулар патшалығы» ертегісі
Сіз осы патшалықта өмір сүргіңіз келе ме?
Неліктен?
Ал сіз бояусыз болғанын қалайсыз ба? Неліктен?
Осы ертегі мемлекетіне жарқын бояуларды бірге қайтарайық.
«Әлем ғажайыптар ретінде» коллаж құрастырайық. Берілген 
сұрақтардың мазмұны оқушыны ойландыратындай, шығармашылыққа 
жетелейтіндей болса, пəннің мазмұны да жүрекке бағытталатыны сөзсіз.
Дəйексөзді орынды таңдап қолдану – өзін-өзі тану жəне кез келген 
мектеп пəні интеграциясының бір əдісі. Олар оқушыларға жақсы көңіл-күй
сыйлайды, ойландырады, ой қорытындысын жасай білуге итермелейді
оқытылатын пəнге танымдық қызығушылығын тудырады.
1. «Математика үйлесімділікке, тəртіп пен сапаға мəн береді»
Н. Г.Чеботарев
2. «Адам рухы құпия іздеумен өмір сүреді» В. Я. Брюсов
3. «Өткеннен күлді емес, отты ал» Ж.Жорес
4. «Мақсатқа жету үшін, ең алдымен, ойлану керек» О. Бальзак
5. «Математика тəртіпті, симметрияны жəне айқындылықты анықтайды,
ал бұл – тамаша» Аристотель
6. «Сандардың арасында күн мен түнді олардың таңғажайып
заңдылығымен ойластыру керек деген келісім мен кемелдік бар» С. Стевин
7. «Ең үлкен махаббат – халық махаббаты» Қадыр Мырза Әлі
8. «Ақиқат – бұл тек қана сөздегі емес, ойдағы шындық» М.Ганди жəне
т.б.
Сабақта қолданылған дəйексөздің мəн-мағынасын түсіне отырып, оны өз 
өміріне қолдана білуге итермелеу мұғалімге тікелей байланысты шешілетін 
мəселе. Ал дəйексөз сабақта қарастырылатын құндылыққа байланысты 
таңдалып, мағынасын ашу бағытында сұрақтардың дұрыс қойылуы, оны есте 
сақтау жүйесін білу пəннің əдістемелік жағын меңгеру екенін болашақ маман 
иесі жете түсінгені жөн.
Болашақ маман иелері жалпы адам өмірінің негізгі үш кезеңі: балалық 
шақ, ересек шақ, қарттық шақ деп бөлінетіні туралы біледі. Дегенмен басқа 
да ғылыми ұғымдарды байланыстыра отырып, берілген мəлімет қашан да 
білім алушының қызығушылығын тудыра түсетіні белгілі. Мысалы, Қытай 


48
ғалымдары адам өмірін 7 кезеңге бөлген, «Қалаулы» жас деп 60-тан 70-ке 
дейінгі аралықты айтқан. Бұл – адамның рухани дүниесінің жəне 
даналығының дамитын кезеңі. Ал ертедегі Греция философы Пифагор адам 
өмірінің кезеңдерін жыл мезгілдерімен салыстырған:
Көктем – 20 жасқа дейінгі өмірдің бастамасы жəне дамуы;
Жаз – 20 мен 40 жас аралығындағы жастық шақ;
Күз – 40 пен 60 жас аралығындағы есею;
Қыс – 60 пен 80 жас аралығындағы қартаю. 
Көктем – өмірдің бастамасы, өсіп-өнуі. Бала айналадағы жаңалықтарды 
жəне білімді қызыға қабылдап, сонымен бірге бəріне əлі ойын сияқты қарай 
отырып дамиды. Бала біртіндеп ашылған гүлдей жетіледі. 
Жаз – есею шағы. Адам жайнап, жайқалып, оны əрбір жаңалық, əрбір 
сырлы құбылыс өзіне магниттей тартады. Бірақ адам əлі өзінің балалық 
көңілін жоғалтпайды.
Күз – адам есейді, байсалды болды, бұрынғы жастық алып-ұшпа, ұр да 
жық көңілі енді өзіне сенімділік пен салмақтылыққа ауысты.
Қыс – ойланып-толғану мен өмірді қорытындылау кезеңі. Адам өз 
өмірінің үлкен бөлігін жүріп өтіп қойды, енді оның нəтижелерін ой елегінен 
өткізіп, қорытындылайды. Ал мұндай сəттер жыл мезгілдеріне тоқталған 
сəтте ескеріліп отырылса, жас жеткіншек ойына ой қосары анық, яғни 
өмірдің əр кезеңін мəнді де сəнді сүруге бағыт береді.
Мысалы: «Қазақ тілі» жəне «Өзін-өзі тану» пəнін интеграциялайтын 
болсақ, ең алдымен, «Тіл – қарым-қатынас құралы»- дейміз, ал тіл төрт 
қатеге ұшырайды: өтірік айту, басқаларды айыптау, жаман сөз айту, ұрысуға 
бейімділік. Бұдан халық даналығына жүгінсек, «Егер біз үйлесімді қарым-
қатынас жасауға тырысатын болсақ, мұның барлығын болдырмау керек. Сен 
– аузыңнан шықпайынша, өз сөзіңнің иесісің; ал сөзді айтқаннан соң, олар
сенің қожайындарың». Тіл білімінде берілетін сөздің лексикалық мағынасы
мен грамматикалық мағынасын грамматикалық ұғым деп білсек, əр сөздің
иесі мен киесін ұғыну өмірдің мəні екенін түсінгеніміз дұрыс. Сонымен қатар
тіл біліміндегі берілетін ғылыми грамматикалық ұғымдарды өмірмен шебер
байланыстыра білу үшін ұстаздан асқан біліктілікті қажет ететін жағдай.
Мысалы: көптік жалғауы жалғанған кезде, сөздің көпше түрге айналуымен
қатар, сол заттың көпке ортақ екенін де білдіреді,- деп тұжырым жасауға
баланы итермелеу қажет. Дұрыс бағыт беру үшін сұрақтарды айқын əрі
нақты қою, берілетін ұғымнан кез келген жақсылықты тек жақыныңа ғана
емес, барша адамзатқа жасауға ұмтылыс жасау қажеттігін аңғартуға болады.
Ал тəуелдік жалғауы бір заттың екінші бір затқа тəуелді, меншікті екенін
білдіреді. Сол сияқты «тəуелділік» ұғымынан адамның күні адаммен екенін
ұғынса, бала өмірінің қай кезеңінде де адамдарға қол ұшын созу қажеттігін
түсінеді.
Қазақ əдебиетіндегі ауыз əдебиетінің үлгілері мен ақын-жазушылардың 
шығармалары рухани-адамгершілік бағытқа икемді болып тұрары анық. 
Абайдың 45 қарасөзі арқылы қаншама тағылым-тəрбие беруге болатыны сөз 
парқын түсінетін адамға айдан анық. Шығармаларды оқыта отырып, кез 


49
келген кейіпкердің іс-əрекетін талдату арқылы «өмірлік сабақ» беруді жолға 
қою мүмкіндігі туады.
Әрбір кезеңде адам түрлі жаңа нəрселерге ие болады, өз құндылықтарын 
қайта қарайды, қоғамдағы өзінің əлеуметтік орнын өзгертеді. 
Қорытындылай келе, «ақылға арналған білім беру» жəне «жүрек үшін 
білім беру» интеграциясы кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс екенін 
ерекше атап өткен жөн, өйткені «интеграция» ұғымы біріктіруші бөліктер 
белгілерінің арифметикалық сомасын ғана емес, жаңа, жоғары сапаға ие 
болатын біртұтас ақыл мен жүректің бірігуін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет