52
- ғылым көкжиегіне жетелейді;
- жаңаша өмір сүруге ықпал етеді;
- жаңа ізденістермен ойын шабыттандырады;
- ағартушылық пен эволюцияны көтереді;
- жанды білім оқушыны қанаттандырады. [15].
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің оқу пəндеріне
интеграциясы – бұл пəндік білімге жан бітіру, оның адамгершілік-рухани
мəнін анықтау, біртұтас білім, мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар
негізінде барлық пəндерді синтездеу жəне əр алуандықтағы бірлік көрінісі.
Кез келген пəнді интеграциялау барысында оқушының қызығушылығын
тудыру мақсатында қызықты оқиғаларды əңгімелеп, баяндап беру жəне оның
мазмұнына тереңірек үңіле білу үшін мұғалімнен іскерлік талап етіледі. Ал
оқиғаны оқушылардың дұрыс қабылдауына бағыт беру үшін сұрақты нақты
əрі жүйелі қоя білу білігі де қажет болады. Педагогтің кітапханасы, тікелей
мағынада кітап қоймасы ретінде жəне бейнелі мағынада мұғалімнің естелігі
ретінде, өзінің мазмұны мен ойлау, сөйлеу, адамгершілік, əділ əрекет ету
ниетін тудыратын оқиғаларға толы болуы тиіс. Қызықты оқиға – бұл
моральдық немесе діни ілімді (ақыл-ой) қамтитын өлеңдерде немесе прозада
аллегориялық, қара өлең түрдегі, сюжеті адамгершілік-ғылыми
мақсатта
айтылған шағын оқыту əңгімесі.
Қызықты оқиғаның (притчаның) ерекшеліктері:
1. Әдетте, қызықты оқиғада кейіпкерлер атаусыз;
2. Уақыт, əрекет орны көбінесе түсініксіз.
3. Тікелей алу жоқ ;
4. Оның поэтикалық материалы адам өмірінен көрінеді.
5. Қойылған сұраққа жауапты əркім өзі беруі керек.
6. Хабарда оқырман меңгеруі тиіс арнайы мораль айтылады.
7. Дамудағы оқиғалар жоқ.
8. Оқиға суреттелмейді, хабарланады.
Сабақтағы тақырыпқа лайықты оқиғаны таңдай отырып, мұғалім
бірқатар əдістемелік жағдаяттарды ескеруі керек. Оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай қызықты оқиғалар таңдалады. Сонымен қатар
бастауыш сынып оқушылары үшін оқиға ұзақ болмауы жəне олардың
мазмұны оқушылардың өмірлік тəжірибесіне сай болуы керек. Ұл балалар
динамикалық, қызықты оқиғаларды жəне
фантастиканы жақсы көреді, ал
қыздар өз кезегінде романтикалық реңкі жəне бақытты да сəтті аяқталатын
өмірлік əңгімелерді ұнатады. Оқушылардың отбасылық, жеке жағдайы –
мысалы, тұрмысы нашар, толық емес отбасыларының балаларына ауыр əсер
алып, өздерін қабылдамаған немесе ұнамсыз сезінетін баланың өмірімен
салыстырғанда, Бақытты отбасы өмірін көрсететін əңгімелердің теріс
реакциясын тудырады.
«Өзін-өзі тану» пəнін оқыту əдістемесі тұрғысынан əңгіме:
- сабақтың тақырыбы болып табылатын құндылықты көрсету;
- мұғалім алдына қойған мақсатқа орай бағытта сұрақтар қойып, жауап
беру;
53
- оқушының салауатты дамуы үшін құндылықтарды қабылдауға ықпал
ету ғана емес, сонымен қатар оны шығармашылыққа ынталандыру.
Әңгіме көзіне əдебиеттер, оның əртүрлі жанрлары: фольклор (көбінесе -
ертегілер), мифология,
қызықты оқиғалар, əңгімелер, өлеңдер, тарихи
кітаптар, Ұлы адамдардың өмірі, Ұлы пайғамбарлардың оқуы жəне рухани
кітаптар жатады. Әңгімелердің тағы бір маңызды көзі – өмірлік жағдайлар.
Негізінен, қызықты оқиғаларды біз баспасөз, интернетте, адамдармен
қарым-қатынаста, қоршаған ортаны бақылауда таба аламыз.
Оқиғаны
баяндау барысында театр қуыршақтарын, суреттер мен карточкалар,
проектор, слайдтар немесе фильмнің, бейнефильмдердің бөліктері, магнитті
тақта немесе тығыз картон материал (шағын өлшемді), теледидар,
интерактивті тақта пайдалануға болады. Мұғалім оқиғаны кітап бойынша
оқымай, өте əртістік, сынып ішінен немесе қажетіне орай жерлерде дұрыс
орынды таңдай отыра, интонация мен үзіліс
жасай отыра дауыс ырғағына
мəн бере отырып баядап беруі керек. Сонымен қатар əңгімеші
тыңдаушылардың деңгейіне бейімделгені дұрыс. Оқиға оқушылардың
санасына жетіп, оларды қызықтыруы үшін мұғалім оны жетік білуі жəне
түсінуі тиіс, ол оқиға өзіне де ұнауы тиіс. Оқушылардың қиялын, ойлауына
көмектесу үшін дауыс ырғағын мүмкіндігінше дұрыс пайдаланған жөн.
Жанды жəне эмоциялық əңгіме оқушылардың ойын мазалауға итермелейді,
оларды ойландыруға жетелейді.
Қызықты оқиғамен жұмыс істеу – шығармашылық сипатта болатын
қызықты топтық жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігін тудырады. «Екі
қасқыр» оқиғасы бойынша жұмыс жасауға мысал келтіреміз.
Әңгімеден кейін мұғалім: «Қазір жетондардың көмегімен біз жұмыс
істейтін ұғымды анықтаймыз (жетондар: қара жəне ақ жолақтар)». Оқушылар
жақсылық пен жамандық туралы жорамалдайды. Мұғалім: - Кəнекей,
оқушылар, «Қайырымдылық» сөзіне түсінік беру үшін түсіндірме сөздікке
қарайық. Оқушылар анықтамалар тауып, оларды бірге талқылайды.
«Жақсылық немесе қайырымдылық – барлық оң,
жақсы істер, адамдар мен
қоғамға пайдалы нəрсе, оны сақтауға ықпал етеді, жамандықты
болдырмайды». «Зұлымдық – жаман, зиянды, қайғы, бақытсыздық,
жағымсыз, ашулану. Ол адамдар арасындағы жеке тұлға мен қарым-
қатынасты бұзуға əкеледі, жаман іс-əрекет жасауға итермелейді, араздықты
қоздырады».
«Уақыт» өсиет əңгімесін тыңдау арқылы оқушылар «Егер
басында
құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа да орын қалмайды.
Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, бастысына уақытың
жетпейді...»
(талқылау, өз пікірін білдіру, ойлау).
Мейірімділік пен жамандық, адамгершілік ұғымдары туралы білімді
кеңейту мақсатында шағын-тест өткізіледі. Мұғалім тізімнен «келесі
əрекеттердің қайсысы жақсы іс болып табылады, ал қайсысы зұлым?» екенін
таңдауды ұсынады. Өз пікіріңізді түсіндіріңіз:
1. Газондарда футбол ойнау;
2. Мектеп қабырғасына сурет салу;
54
3. Мектеп жанындағы өсімдіктерді отырғызу;
4. Достардан доп алу;
5. Қарт адамға көшуге көмектесу;
6. Автобуста орын беру.
Мұны ойын түрінде де
өткізіп, жауап алуға болады. Ойын «аяқпен
тарсылдату – қолмен шапалақтау» егер суретте бейнеленген іс жақсы болса –
шапалақпен, жаман болса – зұлымдықпен тарсылмен белгі бере алады.
Негізгі ойларды оқушылар өздері табу керек. Кейбір сөздерді жіберілген
фразада ұсынуға болады: «Адамда зұлымдық пен мейірімділіктің болуы
оның қылықтарына байланысты» сөйлемдегі жіберілген сөздерді енгізе
отырып, адамгершілік сабақтарды тұжырымдау.
Ұлы ғалымдардың өмірінен жəне ғылымның даму тарихынан
шабыттандыратын мысалдар немесе қызықты оқиғалар келтіру, əңгімелеу –
рухани-адамгершілік білім мен өзін-өзі тану интеграциясының тамаша үлгісі.
Кей пəндердегі интеграция түрінен мысалдар келтіріп кететін болсақ,
Достарыңызбен бөлісу: