55
əлеуеттерінің ашыла түсуіне, рухани-адамгершілік бағытта өзін-өзі жетілдіре
білуімен сипатталады.
Осы мақсатта қай пəнді интеграциялап оқыту барысында болса да, жиі
қолданылатын əдіс-тəсілдерге: сабаққа алынған дəйексөздерді бірлесе
талқылау, жағымды көңіл-күй сыйлау, тағылымдық əңгіме, оқиға, өсиет-
аңыздар айту, талқылау, өмірлік, педагогикалық жағдаяттарды шешу, рөлдік,
дидактикалық ойындар, рухани-адамгершілік
тақырыбына поэзиялық
мəтіндер, өлең жолдарын құрастыру, қойылымдарды сахналау, адамгершілік
түйіні бар көркем композициялар құру, топпен əн айту, түрлі
шығармашылық тапсырмаларды орындау жəне т.б. жатқызуға болады.
Интеграциялаудың мақсаты – барлық пəндердің мазмұнына мəңгілік
жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу.
Міндеттері: Ұлы ойшылдардың оқыту сөздерін түсіндіру арқылы
жалпыадамзаттық құндылықтардың мəнін ашу, жалпыадамзаттық
құндылықтарды əрбір пəн мазмұнына біріктіру, пəн мұғалімдерін өз пəнін
сүйіспеншілікпен оқытуға бағыттау.
Автор Ирена Стульпинененің "Физика жүрек тілімен"еңбегінде сіз
құрғақ əңгіме мен күрделі ғылыми тұжырымдарды таба алмайсыз.
Физика
заңдарын кітап авторы адаммен, əлеммен, руханилықпен байланыс арқылы
қарастырады жəне оқушыларға ғылым туралы, бізге қамқорлық жасайтын,
бізді сүйетін тірі өмір туралы əңгімелейді.
«...фактілер,
тапсырмаларды
шешуге əр түрлі талаптар
қойылған,
бірақ
жоғары
эмоциялар мен жылы сезімдер
енбейтін сабақ бос қана болады.
«Ең
басты
жаратылыстану
сабақтарының трагедиясы» –
адамға орын жоқ. Егер мұғалім
суретшіге ұқсаса, ақыл-ойды
жүрекпен,
шығармашылықпен
біріктірсе, онда тіпті физика пəні
өзін-өзі
танудың тірі ғылымына
айнала алады…»
Биологиялық өмірді зерттеу бойынша ауқымды, нақты материал жинақтаған
Виктория Бак «Биология жүрек тілімен» еңбегінде өмірді екі жақты рухани-
материалдық табиғаты бар заңды ғарыштық құбылыс ретінде қарастырып,
дамушы əлемнің ғарыш күштерінің жасампаздық іс-əрекетінің нəтижесі
болып табылатын тірі затты зерделеудегі тұтас тəсіл қолданған.