69
Әдептілік ережелері:
1. Әдепті бол. Әдептілік – бұл өзіңді басқалар сүйсінетіндей етіп ұстай
білу;
2. Әрқашан əдепті бол: кездескенде амандас, көмек көрсетіп, қамқорлық
жасағандарға алғысыңды айт, кетіп бара жатсаң қоштасуды ұмытпа;
3. Трамвай, троллейбус, автобус ішінде, поезд вагонында, көшедегі
орындықта жасы үлкендерге, науқас жəне шаршаған адамдарға орын бер,
мұны адамдардың көзіне түсетіндей етіп жасама, сенен орын беруді
өтінулерін күтпе.
4. Еш жерге ешқашан да кешікпе. Әрқашан да белгіленген уақытта, сол
минутында кел – өзге адамдардың уақытын сақта;
5. Қыңыр мінез көрсетпе. Сенің қыңыр мінезің басқалардың көңіл-күйін
бұзып, мазасын кетіруі мүмкін.
Біздің қоғамымыз дұрыс болу қажеттілігін ескере келе, Ақиқат, Дұрыс
əрекет, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау, Тыныштық құндылықтарын білу
тұлғаның рухын, сезімін ояту, адамгершілікке үнемі бағыттауымыз қажет.
Ендеше, рухани-адамгершілік білімді тек «Өзін-өзі тану» сабағымен
шектеп қоймай, сыныптан тыс шаралармен де интеграциялау қажеттілігі
туындайды. Адамгершілік тəрбие мектеп оқушыларының қоршаған ортамен
үйлесімді өмір сүруіне, өз денсаулығын сақтауына ықпалын тигізеді.
Қазіргі таңда заманның талабына сай, материалдық қажеттіліктерді
өтеудің бірден-бір жолы ретінде білім басты орынға қойылады. Алайда, ол
білімді игерген адамның адами қасиеттері өзгелерге адамшылық танытуға
жетпейтін болса, таудай алып білімнің өзге түгіл өзіне де сыйлар жылуы
болмай қалатындығы сөзсіз ғой!
«Өзін-өзі тану» – қазіргі заман талабы бойынша құрылған білім беру
бағдарламасы, баланың ішкі жан дүниесін жəне ойын байытатын, тұлғаның
жалпы дамуына мүмкіндік жасайтын, адамгершілікке бағытталған
бағдарлама. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, білім
ордаларында жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік
тəрбие берудің ошағы – «Өзін-өзі тану» пəні.
Рухани-адамгершілік білім беру – еліміздің ертеңгі болашағы, яғни
қазіргі жас ұрпаққа жол сілтеуші міндетін атқаруы тиіс. Берілген жауапты
міндет жүктелген ұстаздар мен баланың қарым-қатынасында ешқандай
кедергі болмауы керек. Олардың өзара түсіністігі, сыйластығы, алға қойған
мақсатқа жетудің бірі болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: