72
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері де көздеген
мақсаттарына қарай: үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтар, сондай-ақ өз
бейіндері бойынша сабақтан тыс уақытта танымдық, байқау,
ойын-сауық
бағдарламалары, экскурсиялар болып бөлінеді. Жүргізілетін үйірме, клуб
жəне т.б. балалар бірлестігінің жұмысының сапалы болуы, алдымен
ұйымдастырушының шеберлік қабілетіне байланысты. Қазіргі таңда осы сала
негізінде мамандар даярланады. Үйірмелердегі сабақтар баяндама,
тəжірибелер, зертханалық, тəжірибелік жұмыстар жасау түрінде де
ұйымдастыруға болады. Сабақтағы пəн тақырыптары үйірмелерде
қайталанбау қажет. Осыған байланысты балаларға
мектептегі сабақтан тыс
уақытта балаларды өнерге баулу, танымдық қызығушылығын ояту, бос
уақытын тиімді өткізу өзекті мəселенің біріне айналуда. Баланың бос уақыты
əртүрлі қызығушылық түрін – ағарту, шығармашылық, зияткерлік, спорттық
əрекетті қанағаттандыратындай жан-жақты болу қажет. Мақсаты – адам
өзінің алдына қойған мақсаты мен қызығушылығын жүзеге асыру.
3.6 - сурет. Сыныптан тыс жұмыстар түрлері
Сыныптан тыс жұмыстардың əдістемелік негіздері мен мақсаттары
анықталғаннан кейін, оқушылар ұжымымен жүргізілетін жұмыстың түрлері
іріктеледі (3.6 - сурет). Оны сынып ұсынысы,
материалдың көлемі,
оқушылардың қатысымдылығы сияқты негіздермен анықтайды. Сабақтан
тыс бос уақыттағы жұмыстың қорытындысы директордың немесе
директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен өтетін
жиналыстарда апта сайын қарастырылады. Жүйелі, үнемі өткізілетін
жағдайда сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігі едəуір артады. Мектептерде
оқылатын
ғана емес, сыныптан тыс сабақтардың да кестесі болғаны дұрыс.
Сабақ кестесінде күндері жəне сағат сандары көрсетіледі. Сыныптан тыс
жұмыс мазмұнының, формалары мен əдістерінің оқушылардың даму
деңгейіне сəйкес келуі – педагогикалық талаптардың бірі. Оқушылар үйірме
сабақтарына, клубтарға ықыласпен барулары үшін онда жаңашылдық
болғаны жөн. Оқушы тұлғасын, оқушылардың игерген білім, біліктіліктерін,
қабілеттерін өмірде қолдану дайындығын дамыту,
практикалық міндеттерді
шешу үшін пəндер бойынша үйірме жұмыстары ұйымдастырылады.
Оқушылар үйірмелер мен секцияларға белсене қатыса отырып,
жетекшінің жеке жұмысының арқасында өз құрдастарының ортасына
бейімделіп, қарым-қатынасқа түсіп, материалды терең түсіну мүмкіндігіне ие
жеке
• мəнжазба
• тəжірибе
• бақылау
топтық
• үйірме
• шығармашылық
• ойын
көпшілік
• саяхат
• сайыстар
• олимпиада
73
болады. Сабақтар кезінде мұғалім балалардың рухани дамуында үлкен рөл
атқаратын ұйымдастырушылық, шығармашылық,
музыкалық қабілеттерін
ашуға тырысады.
Енді сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлеріне тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: