80
қатысуы арқылы азаматтық жауапкершілігін, құқықтық дербестігін,
руханиятын қалыптастыру.
Рухани-адамгершілік тəрбиені жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін
сыныптан тыс тəрбие сабақтарының үлгі тақырыптары:
1. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
2. Ұқыптылық деген не?
3. Отбасындағы қарым-қатынас.
4. Қарапайымдылық – асыл қасиет.
«Мəңгілік Ел» идеясын білім беру мен тəрбиелеуде іске асыру тетіктері
Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тəрбие
жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылды. Білім
беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тəрбиенің
бірлігі болып табылады. «Мəңгілік Ел» идеясын білім беру мен тəрбиелеуде
іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм
жəне азаттық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты
қалыптастыру, өмір бойы білім алу жəне т.б. жатады. Қазақстан халқын
біріктіретін «Мəңгілік ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан –
менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі
аса маңызды болып табылады [23].
«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының білім беру мазмұны арқылы
жүзеге асырылуы
Жалпыұлттық идеяның құндылықтарын білім беру мазмұны арқылы
жүзеге асыруда оқу пəні, сыныптан тыс жұмыстар бойынша бөлімдер мен
тараулардың мазмұны, оқу мақсаттары мен оқу жаттығулары назарға
алынады [24].
Төмендегі кестеде 1-11 сынып аралығында оқушылармен бірге
талқылауға болатын бейнефильмдер түрлерін ұсынамыз (3.3 - кесте):
3.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: