Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Ұсынылатын бейнефильм түрлері



Pdf көрінісі
бет47/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Ұсынылатын бейнефильм түрлері
Сыныптар
Тақырыптар 
1-4 сыныптар:
«Отбасылық ағаш деген не?», «Мемлекеттік рəміздер»;
1-11 сыныптар:
«Біз біргеміз»; «Демократия деген не?»;
5-11 сыныптар:
«Қазақстан халқы Ассамблеясы»;
5-7 сыныптар:
«Қазақстан – біздің ортақ үйіміз»,
8-11 сыныптар:
«Ұлттық идея»;
10-11 сыныптар:
«Отбасы не үшін қажет»
Кеш ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстардың тағы бір жұмыс түрі –
кеш. Кештерді өткізуде дайындықтың өзі оқушылардың сана-сезіміне, мінез-
құлқына əсер етіп, оларды ойлы іске жұмылдырары сөзсіз. Кешке ата-
аналарды, мұғалімдерді шақыруға болады. 
Үйірме мүшелері бірнеше тапсырмалар дайындайды. Мысалы:
кешті ұйымдастыру;


81
командаларға тапсырма;
ойын; əртүрлі жағдаяттар;
командалардың бір-біріне сұрақтары;
үй тапсырмасы; қорытынды.
Осындай кештерді жартыжылдық қорытынды ретінде жүргізуге болады.
Тестілеу. Тестілеудің мақсаты – балалардың бір-біріне деген дұрыс
көзқарасын қалыптастыру, жағымсыз əрекеттерге бой алдырмауға бағыт 
беру. Тестілеу арқылы балалардың бір-біріне деген дұрыс көзқарасын 
жетілдіруге көмектесу, бала бойында адами құндылықтардың қалыптасуы, 
айналадағы адамдарға деген қатынасын анықтау, адамгершілік ұғымдар 
айқындалады. Қазақтың жазушысы Ж.Аймауытовтың: «Баланы бұзуға, 
түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген өнеге», – деп бекер 
айтылмаған. Өзін-өзі тəрбиелеу – мінезді қалыптастыруға бастайтын жол, өз 
бойындағы асыл адамшылық қасиеттерді саналы түрде дамыту. Мінездегі 
кемшіліктерді жойып, жақсы сипаттарды жетілдірмейінше, өзін-өзі 
тəрбиелеу мүмкін емес. Сыныптан тыс жұмыстардың белгілі бір нəтижеге 
қол жеткенін білу мақсатында сауалнамалар ұйымдастыруға болады. 
Әңгімелесулер, сауалнамалар, жаттығулар арқылы баланың негізгі 
құндылықтарын зерттеу жүргізіледі. Сауалнаманың көмегі арқылы зерттеу 
тəрбиемен, адамгершілік тұрғыдан білім берумен ұштастырылады. Алынған 
тест теріс, дəл емес жауаптары болса, мұғалім сауалнамада қойылған 
сұрақтардың мəн-мағынасы бойынша əңгімелер өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет