Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет53/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Сауалнама тізбегі
Сауалнаманың мұндай тəсілін толық жəне 
логикалық байланыста жауап алу үшін қолдану 
ұсынылады. Бұл ретте бір оқушы жауапты 
бастайды, мұғалім кез келген жерде оны үзеді 
жəне басқа оқушыға ойды жалғастыруды 
ұсынады.
Бастауыш сыныптарда үй тапсырмасын 
тексеру қызықты əдістері:
«Жауабын бейнелейміз немесе 
саламыз» ойыны
Мұғалім өткен тақырып бойынша сұрақтар 
қояды, жауаптарын балалар тез, əрі оңай жолмен 
қағаз бетіне бейнелейді. Балалар жауаптарды 
дыбыстамай, қағазда бейнелеу керек екендігі 
ескертілуі тиіс.
«Жеті түс» ойыны
Педагог команда саны бойынша жеті түрлі-
түсті жапырақтары бар қағаз гүлдерін алдын ала 
дайындау қажет. Өткен тақырып бойынша дұрыс 
жауап үшін команда бір жапырақшаны алады. 
Командалардың бірі толығымен гүл жинағанға 
дейін ойнайды.
Жағымды немесе оң көңіл-күй (сабақтың 
басында жəне соңында ішкі жағымды көңіл-
күй).
«Жағымды көңіл-күй» əдістемелік тəсілі 
эмоциялық 
жағдайды, 
оқушының 
интеллектуалдық 
немесе 
физикалық 
жүктемелерден кейінгі шектен тыс белсенділікті 
(гиперактивтілікті) жеңуге бағытталған (мысалы, 
егер оқушылар «Өзін-өзі тану» сабағына 
математикадан немесе дене шынықтырудан кейін 
келсе, оларды тыныштандырып, позитивті 
жағдайға келтіру қажет). Осы əдістемені қолдану 
кезінде 
зейінін 
шоғырландыру 
қажіттігі 
туындайды. 
Оқушы 
жаттығу 
барысында 
шындықты дұрыс қабылдауға 2-ден 5 минутқа 
дейін уақыт бөлінеді. Осы уақыт ішінде жақсы 
ойларға көңіл бөлуге, ақылын тыныштандыруға, 
оны айқындай түсуге болады. Оң көңіл-күй 
«Өзін-өзі 
тану» 
сабақтарында позитивті 
ойлаудың рөлі ерекше 
болып келеді. 


94
тəсілдері кейде белгілі бір тақырыпты ұсыну 
үшін де қолданылады, мысалы, «маған жақсы 
жəне жайлы орын». Бұл бейнелі ойлауды, 
қиялды, сондай-ақ баланың шығармашылығын 
дамытады. Осы қабылдауды өткізу үшін мəтін 
жазылған музыкалық релаксациялық техниканың 
көрнекі қатарын қолдануға болады. Мұғалімге 
осы релаксациялық жаттығуларды таңдау кезінде 
өзіндік 
шығармашылық 
білігін 
көрсету 
ұсынылады. Сабақтың басында жағымды көңіл-
күй сыйлау маңызды, өйткені ол оқушыларға 
сабақ барысында өзін жақсы ұстау жəне ақыл-
ойын дамытып, сабақ барысында шынайы 
жүрегінен жауап беруге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет