Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет58/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Сұрақтар:
1. Сабақтағы берілетін білім нəтижесін қандай құжат түрлеріне
сүйеніп анықтаймыз? Нақты мысалдармен дəлелдеңіз.
2. Білім беру қызметін жоспарлау жəне ұйымдастыру қандай құжат
түрлері арқылы жүзеге асырылады? Олардың ерекшеліктеріне 
тоқталыңыз.
3. Интеграциялаудың мəні неде деп ойлайсыз?
4. Өз қалауыңыз бойынша кез келген пəннің қысқа мерзімді сабақ
жоспарын алып,ішкі интеграцияны қалай жасар едіңіз?
5. Сабақтан күтілетін нəтиже дегенді тарқатып айтыңыз.
Тапсырмалар:
1. МЖМББС бойынша «Өзін-өзі тану» пəніндегі білім мазмұнына
талдау жасаңыз.
2. «Өзін-өзі тану» пəні бойынша бастауыш жүйесіне арналған ұзақ
мерзімді сабақ жоспарларын құрастырыңыздар. 
3. Өз таңдауыңыз бойынша 2 пəнге интеграциялау мақсатына орай
сұрақтар ойластырыңыз.
4. Сырттай интеграция жасалған сабақтың жоспар-конспектісін
талдаңыз.
4.2. Білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пəні бойынша 
мониторинг жүргізудің жолдары
Мониторинг – «Өзін
-өзі тану» пəнін енгізу бойынша тұтас жүйенің 
ажырамас компоненті. Мониторинг оқу процесін бақылау жүйесін білдіреді, 
олардың негізінде бірқатар зерттеулерді жүзеге асыруға болады. Атап айтар 


100
болсақ, «Өзін-өзі тану» пəнін оқыту нəтижелерінің бағдарламалық 
мақсаттарына қол жеткізуді бағалау; педагогикалық шеберлікті үнемі 
жетілдіру үшін талдау жасау; оқушылардың жеке қасиеттерінің өзгерістерін 
болжау жəне т.б.
Адамгершілік-рухани тəрбие үрдісінің мониторингі – бұл бала 
тұлғасының қалыптасу жəне өмірлік маңызы бар негізгі, базалық 
құзыреттіліктерді меңгеру үрдісін үнемі бақылап отыру.
Мониторинг мақсаттары.
1. Тұлғаның тəрбиелік деңгейін, адамзаттың адамгершілік нормаларына
сəйкестігін зерделеу.
2. Тəрбие жүйесі іс-əрекетінің оның ақырғы нəтижелеріне сəйкестігін
айқындау.
4. Мониторинг мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыруды бағалаумен
байланысты. Мониторинг міндеті – күтілетін нəтиже мен қол жеткен 
нəтиженің арасын азайту.
5. Тəрбие беру сапасының, шұғыл талдаудың, тəрбие іс-əрекетін
болжаудың қарқыны бақыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет