Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова



Pdf көрінісі
бет63/71
Дата07.09.2022
өлшемі1,85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71
Байланысты:
өзін-өзә тану леккк

Сұрақтар:
1. Мониторинг дегеніміз не? Мониторингтің мақсат-міндеттерін атаңыз.
2. Оқушының портфолиосының маңыздылығы неде?
3. Портфолионы енгізу мақсатын анықтаңыз.
4. Мониторинг жүргізудің көрсеткіш өлшемдері қандай?
5. Өзін-өзі бағалау жолдарын атаңыз?
Тапсырмалар: 
1. Еріктілер тобын құрудың ережесін жасақтаңыз. Топта қандай
түрлеріне қарай білім алушыларды топтастырар едіңіз, соны тəжірибе 
арқылы дəлелдеңіз.
2. Курстық, дипломдық жұмыс түрлеріне рухани-адамгершілік
білім беру бағдарламасын интеграциялау бағытында əрқайсымыз 5-10-ға 
дейін тақырыптар құрастырып, оны алдымен топшада, кейін топ 
алдында дəлелдей отыра ұсыныңыз.
3. Топ бойынша «Өміріңізге қажет ережелер» тізбесін төмендегі
үлгі бойынша жалғастырыңыз:
Жаныңызға жақын өлеңді жаттап алыңыз.
Тез ойланып, жай сөйлеңіз жəне т.б.


106
ҚОРЫТЫНДЫ
Білім беру жүйесінде ұйымдастырылатын оқу-тəрбие үрдісіне қатысты 
барлық жұмыс жүйесін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру 
бағдарламасымен интеграциялап өткізу, төмендегідей нəтиже береді: 

өзін-өзі тану пəнімен интеграциялап оқытуда негізгі пəн бойынша
ұғымдардың мəнін терең түсініп, теориялық білімдерін өмірде қолдана 
білуіне рухани құндылықтардың əсерін меңгеріп, сезінуі;

жан сұлулығы мен тəн сұлулығын тани білуі;

өзін, өзгені, қоғамды, əлемді, адамзатты тануына мүмкіндіктер жасап
болашақ мүмкіндігіне мақсат қоя біліп, іске асыруын бақылау;

əрбір оқушы қайталанбайтын жеке тұлға екендігіне көз жеткізіп, өзін-
өзі сыйлауына, реттеуіне, рухани құндылықтардың адам денсаулығына оң 
ықпалын тигізетіндігін, салауатты өмір сүруіне баулу;

адам бойындағы негативті қасиеттер мен теріс ойлар денсаулықтың
төмендеуіне əкеліп соғатындығы туралы ғылыми дəлелдермен меңгеру;

қазақ салт-дəстүрлерін, əлем мəдениетінің жетістіктерін сабақтың
тақырыбына сай пайдалану арқылы өз ұлтына деген сүйіспеншілік, басқа ұлт 
мəдениетінің жақсы жақтарын негізге алып, өз бойларына дарыту;

өз ой пікірін жинақтап, сауатты, мəдениетті түрде жеткізе білуде
сөйлеу шеберлігіне мəн беру;

жеке тұлға ретінде алға қойған мақсатына жетуде рухани
құндылықтардың ішінде еңбекқорлықтың ролін сезіну;

өз бойларындағы жағымсыз эмоциялардың өзінің денсаулығына,
қоршаған адамдарының көңіл-күйіне теріс əсерін түсініп, өзін-өзі реттеп, 
тежей білуге бағыттау;

теріс əрекеттерден аулақ болуда ортада өзін ұстау, өз пікірінде тұру,
басқаның сөзіне, іс əрекетіне еліктемей өзіндік қасиеті мен құнын жоғалтпау;

мамандық таңдауында өзіндік білімі мен талғамын, таңдауын,
қызығушылығын ата-анамен, ұстазбен ынтымақтастықта шеше білу жəне т.б.


107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет