25
Веб сервер не үшін қажет?
Жоғарыда атап өткендей, веб сервер ақпарат алмасу үшін Интернет
желісін қолданатын барлық қолданушылар үшін қажет.
Дегенмен, көп
мөлшерде оған
қатынас жасайтын адам емес, программалар мен
құрылғылар. Мысалы, антивирустық программалар серверден желіден
іздеуді және өзінің мәліметтер базасын жаңартуды сұрайды.
Веб
серверлермен белсенді жұмыс жасайтын ұялы телефондар, теледидарлар,
Интернетке қатынас жасай алатын басқа да құрылғылар. Программаларды
автоматты жаңартуға баптауға болады.
Бұл жағдайда қолданушының
қажеттілігі болмайды. Кейбір жаңартылатын мәліметтер базасын жеке
түрде қадағалап отырғаны дұрыс.
Ең танымал веб серверлер.
Атақты және кең таралған веб серверлар болып Microsoft IIS және
Apache табылады. Осылардың арасында ең танымалы Apache. Оның
программалық қамтамасы барлық бар болатындардың ішінен 60%
қолданылады. Көп жағдайда бұл мүмкіндік Apache серверінің тегін
болуына байланысты. Өндірушілер күнделікті өздерінің өніміндегі
қателіктерін
ретке
келтіреді.
Бұл
программаның
кемшілігі
мамандандырылған программистер мен қолданушыларға арналған, сол
себептен де болар қызмет көрсету және баптау біршама күрделі.
Microsoft
компаниясы, керісінше, өзінің IIS веб серверін түсінуге
қолайлы болатындай етіп, ортастатистикалық қолданушыларға дайындауға
тырысып жатыр.
Олардың баптауын мамандардың көмегінсіз жүргізуге
болады.
Apache де, IIS де көптеген операциялық жүйелермен жақсы жұмыс
жасайды. Мысалы, Mac OS, Linux, Microsoft Windows түрлі
модификациясымен және т.б. көптеген түрлерімен. Бұл екі сервер жұмыс
жасағанда ыңғайлы, жылдамдығы жақсы, оларға қосымша модульдерді
қосуға болады.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті
URL-ді теріп болған соң,
браузер пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын
алады. Сервер атын IP- адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне-
жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде браузер ізделінді Web- сервермен
байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана отырып ізделінді
ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін
жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің
экранында
бет ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көре
аласыз. Әдетте қарапайым Web беттерде тек текст қана емес графиктерден
де тұрады, яғни әртүрлі типтегі бірнеше файлдан тұрады. Браузер ол
файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTML форматындағы текст
немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде мәлімет
береді, содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген
файлдардан тұрғанына қарамастан бір
рет сұраныс уақытысынды Web
сервер тек қана бір файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан
26
графикалық элементке сілтеме тауып, браузер серверге жаңа сұраныс
жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті емес). Әрбір жаңа
файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек.
Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп ағынды режімде жұмыс
істейтіндіктен бір мезгілде бірнеше сұраныс орындалуы мүмкін. Егер
берілген адресте сұранып отырған ресурс жоқ болса онда Web сервер
мынандай мәлімет береді
: 404/File not found ( файл табылмады).
Достарыңызбен бөлісу: