Білім және ғылым министрлігі


Археологиялық ескерткіштер мен мәдениеттер. Тас ғасыры



Pdf көрінісі
бет44/192
Дата12.09.2022
өлшемі1,54 Mb.
#38863
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   192
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

Археологиялық ескерткіштер мен мәдениеттер. Тас ғасыры 
Төменгі палеолит. «Протолит», «миолит» терминдері. Мүйіз, азутіс, 
сүйектерден жасалған құралдар. Шаруашылық түрлері. «Қарапайым аңшылар 
мен терімшілер шаруашылығы», «Жоғарғы аңшылар мен терімшілер 
шаруашылығы». Тас құралдар. Эолиттер. Еуропадағы малтатас мәдениеті. 
Вертешселлеш (Будапешт) тұрағы мен Валлоне (Франция) үңгіріндегі 


49 
малтатас құралдары. Шелль мәдениеті. Жылы климат фаунасы. Қол шапқы. 
Шеті шабылып жасалған құралдар. Шелль мәдениеті таралған аймақ. Ф. 
Зайнер еңбектеріндегі шелль мен ашель дәуірінің хронологиялық шеңбері. 
Шелль мәдениетіндегілердің физикалық келбеті. Архантроптар. Гейдельберг 
адамы және т. б. Өмір сүрудің ежелгі көзі. 
А. Брейльдің қолшапқы техникасы, шелль, ашель, микок пен жаңқалау 
техникасы (клектон, леваллуа) туралы концепциясы. Ашель мәдениеті. Ірі 
бодан тәрізді қолшапқы. Шомбал балталар. Ашелль мәдениеті таралған аймақ. 
Леваллуа тәріздес құралдар. Леваллуа тілікшелерін дайындау. Обсерватория 
(Накака маңы) үңгіріндегі ашелль дәуірінің қонысы. Торральба, Амброна 
(Сория, Испания) тұрағы, Терра Амата (Ницца) қонысы.
Мустье. «Орта палеолит». Палеантроп. Неандерталь адамы. 
Неандертальдықтың бойы, бассүйегі мен миының көлемі. Эрингсдорф пен 
Шапелль тобы. Неандертальдықтың қаңқасының бөліктерін іздеуде маңызды 
олжалардың Гибралтар жартасынан, неандр жазығынан, Ла-Нолпет (Бельгия) 
үңгірінен Карпин (Югославия), Ла-Шапелль-о-Сен үңгірінде, Ле-Мустьенің 
төменгі үңгірінде, Ла-Ферраси, Ла-Кинада (Франция), Штейнхейм (Штутгарт) 
деревнясында, Эрингсдорфте (Веймар), Чарчео тауында (Рим), Петралон 
(Греция) деревнясы мен басқа да жерлерден табылуы. Мустье тұрақтары: 
Зальцгиттер (ГФР), Трекассат, Пейрард (Франция), Леринген (Төменгі 
Саксония), Кантабрий, Мансенарес, Гранада (Испания), Саккопасторе 
(Италия) және т. б. Мустье техникасы. Қырғыш пен шошақ ұштар. Жерлеу. 
Діни нанымның тууы. 
Жоғарғы палеолит. Кроманьондықтар. Жоғарғы палеолит адамының 
физикалық келбеті. Еуропадағы жоғарғы палеолит адамының маңызды 
олжалары. Гримальди, Комб-Капелль, Ла-Мадлен, Ложери Ба, Ле-Плакар, 
Солютре (Франция), Павиленд, Галлей-Хилл (Англия), Оберкассель (ФРГ), 
Брно, Прежедмост, Младеч, Дольни Вестонци, Павлов (Чехия, Словакия) және 
т. б. үңгірлер. Жару техникасын жетілдіру. Құрама саймандардың таралуы. 
Сүйектен жасалған инелер. Гарпундар. Жоғарғы палеолит А. Брейлем, 
Мортильенің кезеңдеуі. Жоғарғы палеолиттің үш сатысы (ориньяк, солютре, 
мадлен). Тас құралдар өндіріс. Жерлеу рәсімі. Тұрғын үй. Діни наным. 
Жоғарғы палеолиттік өнер. Савиньяно (Италия), Вилендорф (Австрия) және т. 
б. «Венера» статуэткалары. 
Мезолит. «Эпипалеолит», «протонеолит», «миолит» терминдері. 
Мезолиттің басталуы. «Мамонтты» фаунаның жойылуы. Жебе мен садақтың 
пайда болуы. Ұсақ аңшы – балықшылар қоғамдары. Қайық жасау. Мезолиттік 
аңшылардың үйлері. Жануарларды қолға үйрету. Микролиттер. Құралдар 
дамуының жалпы үш фазасы. Мас д`Азиль (Франция), Гросс Офнетт 
(Нордлинген) үңгірлері. Азиль мәдениеті. Солтүстік Испания мен Португалия 
жағалауларындағы Аструий мәдениеті. Советер мен тарденуаз мәдениеттері. 
Тарденуаздықтардың жерлеу рәсімдері. Солтүстік Еуропаның мезолиттік 
аңшылық мәдениеті. Солтүстік Скандинавия мәдениеттері (фосна, комса, 
аскола). Суомусярви (Финляндия). Маглемозе мәдениеті. Маглемозе 
мәдениетінің қоныстары. Зеландия аралындағы – Холмгард, Свердборг; 


50 
Англиядағы – Броксберн, Килинг – Хит, Ньюбюри; ФРГ-дағы – Кальбе,
Добертин, Дювензее; Швециядағы – Истаби, Омоссен, Сандарна және т. б. 
Маглемозе мәдениетінің құралдары. Балық аулау техникасы. Сүйек 
бұйымдары. Батыс Еуропадағы мезолиттік өнер мен наным-сенімі. 
Неолит. Жалпы сипаттамасы. Тас құралдардың жасалу техникасының 
жақсаруы. Садақ пен жебенің жетілдіруі. Көзенің (құмыраның) пайда болуы. 
«Көзесіз неолит», «көзеге дейінгі неолит», «неолиттік революция» терминдері. 
Тігіншілік пен тоқымашылықтың пайда болуы. Қатынас құралдарының 
дамуы. Отырықшылық шаруашылықтың қоғамдық жүргізілуі. Аналық-рулық 
құралыс. 
Идеологияның 
өзгеруі. 
Өндірістік 
күштердің 
дамуы. 
«Демографиялық жарылыс». Егін шаруашылығы мен мал шаруашылығының 
пайда болуы.
Еуропадағы ерте неолиттік ескерткіштер. Румыния, Венгрия және 
Югославиядағы көзесіз неолит ескерткіштері. Еңбек құралдары. Жертөлелер 
мен үйлер. Асханалық керамика. Сүйек пен саздан жасалған антропоморфты 
және зооморфты статуэткалар. Жерлеу. Сызықты-ленталық керамика 
мәдениетінің ірі қоныстары. Ұзын үйлер. Орталық Еуропаның (Вормс, 
Фломбери және басқалар) ежелгі егіншілерінің зират ескерткіштері. 
Әшекейлер. Бюкка, лендель мәдениетінің құмыралары. Тисапольгар 
мәдениеті. Тіреулі қоныстар. Бағаналы қоныстарды зерттеген ғалымдар (Ф. 
Келлер, Гросс, Геер, Шерли, Форель, Мессикомер және т. б.). альпі маңы 
аймағындағы бағаналы құрылысты неолиттік қоныстардың шаруашылығы. 
Тас пен сүйектен жасалған шот, кетпеңдер. Алғашқы қауымдық топтар. 
Кортайо мәдениетінің кейінгі ескерткіштері. Эгольцвиль мәдениеті (Орталық 
Швейцария). Керамика. Ағаш ыдыстар. Горген мәдениеті (Швейцария). Сына 
тәрізді тас балталар. Көл маңындағы қоныстар. 
Жерорта теңізі жағалауындағы штампталған (импрессио) мәдениет 
көзесі. Көзені безендіру тәсілі. Кардиум – керамика. Арена Кандид (Италия), 
Шатанеф-Ле-Мартингю (Франция) үңгір ескерткіштері. Қоныстар. Жерлеу 
ғұрыптары. Жеке және қосарлы жерлеу. СУМ. 
Мегалиттер. Менгирлер. Менгирлердің таралу аймағы. Менгирлердің 
мақсаты. Кромлех. Стонхедж, Эвбюри, Карнака. Дольмены. Гавр Инис, 
Морбиган (Франция), Нью-Грендж (Ирландия) және т. б. өрнек салынған 
молалар. 
Англиядағы Уиндмиллхиль мәдениеті. Уиндмилл-Хилл, Трнедл қала 
жұрттары. Халықтың негізгі кәсібі. Тас мүліктер. Керамика. Зираттық 
ескерткіштері. Мейден-Кастл обасы. Ирландияның мегалиттік зираттары. 
Солтүстік Еуропадағы шұңқыр тәрізді кубок мәдениеті. Мәдениеттің 
алдыңғы қатарлы керамикалық түрі. Соғыс балға-балталары. Жерлеу 
құрылыстары. Трольдебьерг, Бландебьерг, Бундзее, Линде, Сторе Вальби 
қоныстары. Тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысы. 
Батыс Жерорта теңізі маңындағы ерте неолит. Сицилиядағы 
стентинелло мәдениеті. Нығайтылған қоныстар. Аңшылық пен терімшілік. 
Пуло ди Мольфетто неолиттік үңгірі. Жарқанаттар үңгіріндегі жерлеу. 
Кремнийлі сына. Риполи, Серра д`Альто қоныстары. 


51 
Энеолит. «Энеолит», «халколит» терминдері. Энеолиттің кезеңделуі. 
баден мәдениеті. Нығайтылған қоныстар. Егіншілік. Малшылық. Сазды 
орамдар. Ішке бүгілген сазды масқалар, ожау, ыдыстар. Жерлеу рәсімі. 
Ғұрыптық заттар. Гумельді мәдениет. Телли. Қорғаныс орлары. Тік бұрышты 
үйлер. Асханалық ыдыстар. Әйел келбетті мүсіндер. Бубани-хум мәдениеті. 
Украина орманды даласы мен Румыниядағы Триполь мәдениеті. 
Әшекейленген керамика. Саздан жасалған әйел және үй жануарлары 
бейнесіндегі мүсіндер. Отырықшы егіншілер мен малшылар. 
Альпінің шығысындағы туыстас энеолит мәдениеттері (альтгеймер, 
мондзей, вучедоль). Егіншілік, малшылық. Дөң үстіндегі деревнялар. Тас 
құралдар. Жалпақ балталар, ромб тәрізді қанжарлар, біз бен мыс әшекей 
бұйымдары. Өрнектелмеген, жайпақ, дөрекі құмыралар. 
Орта Еуропадағы шар тәріздес амфоралық мәдениет. Екі не төрт ілмегі 
бар цилиндр не сүйірлеу мойынды ыдыстар. Геометриялық оюлары. Требус, 
Эльблонг қоныстары. Тас цистада жерлеу. 
Әскери балталар мәдениеті. Баулы көзешілік мәдениеті. Еуропадағы 
оған туыстас мәдениеттер. 
Батыс және Орталық Еуропадағы қоңырау тәрізді тостағандар. Жапырақ 
тәрізді мыс қанжарлар мен янтарьлы түймелер. Жерлеу ғұрпы мен қоныстары. 
Осы мәдениеттің ескерткіштері. Мал шаруашылығының ролі. Пиреней 
түбегіндегі энеолит. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   192




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет