Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Кітапты кітапханадан алдым. Малды



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата30.01.2017
өлшемі1,02 Mb.
#3030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Кітапты кітапханадан алдым. Малды таудың бөктеріне жайдық.   
1.  Экспрессивті  мағынада  жұмсалатын  күрделі  не  қосарлы  етістіктердің 
жетегінде  айтылатын  тура  толықтауыштар  да  əрдайым  жалғаулы  болады:  Асқар 
есікті ашып кеп жіберді.   
Бұл  сөйлемдерді  тура  толықтауыштарды  жалғаусыз  айтуға  болмайды.  Олай 
болуы,  əріне,  толықтауыш  болған  сөздердің  белгілі  болғандығынан  емес,  өзгеше 
əлеумен  айтылған  етістіктердің  ықпалына  еріп,  екпініне  ілесе,  жалпы  сөйлемнің 

 
 
экспрессивті өзгешелігіне «үн қосқандығынан», сөйтіп, олардың да басым мағынада 
айтылғандығынан деп білу керек.  
Сол  сияқты  тура  толықтауыштар  мынадай  синтаксистік  жағдайларда  да  белгілі, 
белгісіз болуына қарамай, əрқашан жалғаулы болып айтылады.  
1.  Сөйлемде  тура  толықтауыш  болған  сөзге  не  онымен  байланысты  сабақты 
етістікке логикалық екпін түскенде, ол жалғаулы болады: Өнерді үйрен де, жирен.  
2.  Бір  сөз  сөйлемде  екі  рет  айтылып,  бірі  бастауыш,  бірі  тура  толықтауыш  
қызметінде жұмсалғанда, олардың сол синтаксистік қызметі айқын болу үшін, тура 
толықтауыш үнемі жалғаулы болады: Адам адамды сыйлайды.    
3.  Бір  етістікке  бағынған  бірнеше    бірыңғай  тура  толықтауыш  мен,  пен,  бен 
жалғаулықтары арқылы не жалғаулықсыз, интонация арқылы байланысып, екеуі бір 
тұлғаға  ортақ  болып  айтылу  керек  болғанда,  олардың  ең  соңғылары  көбінесе 
жалғаулы болады: Əдебиет пен тарихты бөлуге бола ма? 
4.  Тура  толықтауышты  қызметіндегі  зат  есімдер  қос  сөз  болса  олар  да  əр 
уақытта жалғаулы болады: Сай-сайды жағалай ілгері жүрдік.  
5.  Тура  толықтауыш  болған  зат  есімнің  мағынасы  етістіктің  лексикалық 
мағынасымен  тыгыз  байланысты  болмай,  əдетте  ол  екеуі  қатар  келмейтіндей  сөз 
болса,  басқаша  айтқанда,  бір  затқа  тəн  қимыл  өзге  затқа  ауыстырыла  айтылған 
метафора болса, олар да жалғаулы болады: Пароход теңізді тіліп барады.   
Бұл  айтқандардан  басқа  мынадай  сөздер  сөйлемде  тура  толықтауыш  қызметінде 
жұмсалғанда,  олар  əрқашан  табыс  жалғауда  айтылады.  Олар:   1.Кісі  аттары  мен 
олардың орнына жүретін есімдіктер.   
Кісі  аттарынан  кейін  жолдас,  азамат,  апай  сияқты  қосалықы  айқындауыш 
айтылса,  олар  да  кісі  атымен  тіркесіп,  тура  толықтауыш  қызметінде  жұмсалғанда, 
жалғаулы болады:  
Бірқатар  оқымыстылар,  мысалы:  Н.К.Дмитриев,  кісі  аттары  мен  жіктеу 
есімдіктерінің  тура  толықтауыш  қызметінде  тек  жалғаулы  болуын  ол  сөздердің 
белгілік  категориясына  жататындықтан  деп  қарайды.  Біздіңше,  жоғарыда  айтылған 
сөздердің  тура  толықтауыш  қызметінде  үнемі  жалғаулы  болуының  негізгі  себебі 
олардың мағыналық мазмұнының белгілі болуында емес, ол сөздердің синтаксистік 
негізгі  қызметінің  өзгешелігінде  болу  керек.  Олар  арнаулы  бастауыштар,  қимыл 
иелері:  олардың  өздерінің  сондай  қимылына,  ісіне  тəн  тура  толықтауышы  болуға 
тиісті  сөздер.  Сондықтан  олар  сөйлем  ішіңде  толықтауыш  қызметінде  айтылғанда, 
бастауыш  болып  кетпеу  үшін,  басқаша  айтқанда,  синтаксистік  қызметі  айқын  болу 
үшін  əр  уақытта  толықтауыштың  формалық  белгісін-табыс  жалғауын – сырттан 
қабылдап  тұрады.  Мысалы:  Олар  Жарысты  көрмеді  дегенді  тура    толықтауыштың 
табыс  жалғауын  түсіріп  айтсақ  (Жарас  көрмеді)  бұрынғы  толықтауыш  енді 
бастауыш мағынасында жұмсалған болады. Ол бір əдемі торы ат жетеклеп келді. Ол 
кітап көтерген бір баланы ертіп келді. Бірінші сөйлемнің табыс жалғаусыз айтылған 
ат  деген  толықтауыштың  алдына  белгісіздіктің  белгісі  бар  (бір),  бірақ  оған  табыс 
жалғауын жалғап айту шарт емес, бұл арада жалғанбағаны дұрыс-ақ. Жалғана қойса, 
сол сөзге екпін түскендігін білдіреді. Ал, сол сияқты, екінші сөйлемдегі бір баланы 
деген  тура  толықтауыш  белгісіз  болғанмен,  табыс  жалғауда  тұр.  Оның  жалғануын 
түсіндіріп  айтуға  болады,  бірақ  жалғаусыз  айту  сөйлем  мағыасына  екі  ойлылық 
тудырады.  Өйткені  ол-ат  деген  бірінші  сөйлемдегі  толықтауыштай  емес,  жетектеп 
елді деген баяндауыштық қимылға ие бола кетуге ыңғайлы, бастауыштық икемі бар 
сөз.  Ол  бастауыш  қызметіңде  ұғынылмау  үшін  жалғаулы  қалпында  тура 
толықтауыш болып тұр. Бұдан шығатын қорытынды: сөйлемде объектілік мағынасы 
өзіне-өзі  айқын  сөздер  тура  толықтауыш  қызметіңде  жалғаусыз  айтылады  да, 

 
 
толықтауыштық  қызметі  көмекші,  синтаксистік  қызметі  өзгеше  сөдер  жалғаулы 
болып келеді.  
Кісі  аты  мен  жіктеу  есімдігінің  бастауыштық  қызметі  ерекше  екендігін  аңғару 
үшін  жоғарыда  айтылғанға  қосымша  ретінде  бірінеше  мысалға  талдау  жасайық: 
Қоян  атқан  аңшы  бізге  қарай  жүгірді  деген  сөйлемде  қоян-тура  толықтауыштық 
ыңғайда  жалғаусыз  айтылған.  Ол  сөйлемде  аңшы-  бастауыш.  Соларды  орын 
аустырып,  Аңшы  атқан  қоян  бізге  қарай  жүгірді  десек,  аңшы  бұрынғы  сөйлемдегі 
қоян сияқты, атқан сөзімен толықтауыштық қатынаста жұмсалмайды, бастауыштық 
қатынаста жұмсалады. Оны толықтауыш қызметінде айту үшін оған табыс жалғауын 
жалғау керек.   
Арнаулы  толықтауыш  болатын  зат  есімдер  сөйлемде  табыс  жалғаусыз-ақ 
етістіктермен  қатар    айтылса  да,  сол  қызметін  жоймайды.  Ал  арнаулы  бастауыш 
болатын  сөздер  толықтауыш    қызметінде  жалғаусыз  айтылса,  бастауыш  болып 
ұғынылатындықтан, ол қызметте жалғаулы болып жұмсалады.  
Сын, сан есімдер, есімшілер, сілтеу есімдіктерінде тура толықтауыш кызметінде 
жалғаулы  болып  жұмсалады.  Қазақ  баласы  асауды  үйрете  біледі.  Жеті  класты 
бітіргенді алмады.     
Сапалақ есімдердің тура толыктауыш қызметіңде жалғаулы болу себебі- олардың 
да, кісі аттарымен жіктеу есімдіктері тəрізді, негізгі синтаксистік қызметінің (негізгі 
қызметі-  анықтауыш,  пысықтауыш)  ерекше  болумен  байланысты.  Олар  (арнаулы 
анықтауыш,  пысықтауыштар)  толықтауыштық  белгілі-табыс  жалғауы  жалғануы 
керек, əйтпесе олар анықтауыш не басқа мүше болып кетеді.  
Тəуелдік  жалғаудағы  сөздерде  тура  толықтауыш  қызметінде  əрдайымтабыс 
жалғауына қойылып айтылады:  
                                      Өмірім балдай балдыраған, 
                                      Құмарымды қандырған. 
                                      Көңілімді , көзімді,  
                                     Өмірімді өзімді 
                                     Шам-шырақтай жандырған. 
Тəуелдік  жалғауында  тұратын  сөздердің  тура  толықтауыш  болғанда  табыс 
жалғаусыз жұмсалуының екі түрлі себебі бар: біріншіден, тəуелдік жалғауда тұрған 
сөздер, басқа сөздерге қарағанда, айтушыға, тыңдаушыға субъектілік грамматикалық 
белгісі бар сөздер; екіншіден, тəуелдік жалғауда тұрған арнаулы бастауыштың тура 
толықтауыштық  қызметін  айқындау  үшін  жұмсалады.  Сондықтан  табыс  жалғауын 
жалғап  айтсақ,  бастауыш  болып  кетеді.  Мысалы:  Жолдасымды  көрді – жолдасым 
көрді; қарындасын алдырды- қарындасы алдырды.  
Мағынасы  абстракт  туынды  зат  есімдерде  толықтауыш  кызметінде  көбінесе 
жалғаулы  болады:  Сол  өсекті  басатын  шындықты  ашып  айтуға  жүздері  шыдаған 
жоқ.  
 Алдында  мынадай  анықтауыштары  бар  зат  есімдер  тура  толықтауыш  қызметінде 
жалғаулы  болады:  а)  Мына,  ана,  осы,  бұл,  анау,  мынау,  санау  сияқты  сілтеу 
есімдіктері  сөйлемде  толықтауыштардың  анықтауышы  болғанда,  олар  заттың 
көлемдік  сапасы  болады.  Олар  тура  толыктауыш  болған  заттардың  басқа  заттардың 
басқа  заттардан  оқшауланған  даралық  белгісін  де  білдіреді.  Ондай  анықтауышы  бар 
тура  толыктауыштардан  бұрын  бір  деген  белгісіздіктің  белгісі  тұрса  да,  олар 
жалғаусыз айтылмайды: Осы каналды қазып бітірейік.   
ə)  Мекендік  ұғымды  білдіретін  анықтауышы  бар  зат  есімдер.  Ондай 
анықтауыштар  жатыс  жалғаулы  сөзге  ғы-  гі    қосымшасы  жалғанып  не  жатыс 
жалғаулы сөзді –ған-ген, қан-кен тұлғалы өткен шақтық есімше меңгеріп жасалады. 
Сөйтіп,  алдыңғылар  мекендік  мағынадағы  дара  анықтауыш    болады  да,  тура 

 
 
толықтауыш  болып  тұрған  заттың  мекендік  белгілігін  айкындап  тұрады.  Ондай 
анықтауышы бар тура толықтауыштар да жалғаусыз айтылмайды деуге болады:   
Қорқытты анам, таңырқатты 
Қолындағы кітапты ашып, 
                                              Оқып біраз тыңдатты.  
б) ғы-гі, қы-кі жалғанған мезгілдік анықтауышы бар зат есімдер де жалғаулы тура 
толықтауыш болады:  Олар ешкі тамақты ішіп əңгімеге кірісті.  
Бұл  айтылғандар-тура  толықтауыштар  мен  оны  керек  ететін  сабақты  естістің 
ортасында басқа сөз болмай, ол ееуі атар айтылатын сөйлемдерге тəн ережелер.  
Жанама  толықтауыштар.  Табыс  септігіндегі  тура  толықтауыштардан  басқа 
барыс,  шығыс,  көмектес  жəне  жатыс  септіктеріндегі  толықтауыштар  жанама 
толықтауыш  деп  аталады.  Олай  аталуы  –оның  сөйлемдегі  баска  сөздерге  қатысы 
қалай  болатынымен  байланысты:  жанама  толықтауыштар  тура  толықтауыштардай, 
сабақты  етістіктермен  ғана  тығыз  байланысты  айтылмай,  негізінде  сабақты  жəне 
салт  етістіктермен  алшақ  байланста  тұрып,  оларды  жанама  түрде  толықтайды. 
Субъектінің  кимыл  процесін,  күйін  білдіретін  етістіктер  (кейде  есімдер)  жанама 
толықтауыштарды  меңгеріп,  оның  тиісті  жалғауда  тұруын  керек  етеді:  Шолпанның 
жүрегіне түскен жара мəңгі жазылмайтын жара болғаны ма?   
Осындай  жанама  толыктауыштардың  жеке  сөзге  не  бірнеше  сөзге  бағынуына 
қарай, олардың меңгерілуін екіге бөлуге болады: а) дара меңгеру; ə) ортақ меңгеру.   
Жанама  толықтауыштар  көбінесе  етістікке,  етістікті  сөз  тіркесіне    катысты 
болатындықтан,  ал  етістіктердің  сөйлемдегі  басты  қызметі  баяндауыш 
болатындықтан,  олар,  негізінде,  баяндауышты  толықтайды.  Сонымен  қатар,  олар 
сөйлемде  етістіктен  болған  басқа  мүшелерді  де  толықтайды.  Жанама  толықтауыш 
қызметінде  жұмсалатын  сөздер-  зат  есімдер  мен  олардың  орнына  жұмсалатын 
есімдіктер: Жанат Жантаспен ұзақ əңгімелесті.   
Зат  есім,  есімдіктерден  баска  сөз  таптары  да  зат  есім  мағынасында  жұмсалса, 
жанама  толықтауыш  қызметінде  айтыла  береді.  Жаманға  жуан  жуымас.  Білгенге 
маржан.  
Жанама  толықтауыштардың  мағыналары.  Жанама  толықтауыштар  əр  түрлі 
септік  жалғауда,  əр  түрлі  тіркестер  құрамында  айтылатындықтан,  олардың 
мағыналары да əр əлуан болады:  
Барыс  септігіндегі  жанама  толықтауыштар,  негізінде,  қимыл  процесінің    кімге; 
неге  арналəнын,  қандай  запенен  үстемеленгенін,  қандай  талап  білдіреді:  Барлық 
мекемелер мен қызмет адамдары бұл комиссиялардың талаптарын орындауға жəне 
соларға керекті матералдар мен  документтерді беріп отруға міндетті.  
Шығыс  септігіндегі  жанама  толықтауыштар  көбінесе  заттың  неден,  қандай 
материалдардан  істелгенін,  қимыл  процесінің  заттық  арнасын,  бір  заттан  екінші 
заттың  баяндауыштық  сапасының  артық-кемдігін  біқдіреді:  Тастан  жер  ошақ 
жасап, шай қайнаттым.  Сүттен ақ, судан таза; біреуден артық, біреуден кем.  
Заттың  материалдық  тегін  білдіретін  мұндай  жанама  толықтауыштар  тура 
толықтауыштармен  байланысты  айтылады.  Мысалы:  Қара  көзден  нұр    тайса,  бір 
көруге мұң болар. 
Қимыл  процесінің  заттық  арнасы  болатын  шығыс  жалғаулы  толықтауыштар 
сөйлемдегі  бастауыштармен  де  мағыналық  қатынаста  болады.  Мысалы:  Ол 
қолымнан тартты.  

 
 
Көмектес  септігіндегі  жанама  толықтауыштар,  негізінде,  мынандай  мағыналарда 
жұмсалады. 1.Бірлестік  жəне  ортақтастық:  Жоқ, ол да құлағын самолетпен бірге 
түскен көрінеді.  
2.Құралдық:       Атты қамшымен айдама, жеммен айда.  
         3.Материалдық, заттық: Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.   
Жатыс септігіңдегі жанама толықтауыштар кімде? Неде? Деген сұрақтарға жауап 
беріп, қимылда? не де? деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың  не  басқа  сапаның  
затқа  тəндігін  білдіреді.   Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.  
Барыс, шыгыс, көмектес жəне жатыс жалғауларда айтылатын сөздер сөйлемде əр 
уақытта  толықтауыш  болмайды,  олар  сойлемнің  пысықтауыш,  кейде  баяндауыш 
қызметінде де жұмсалады. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Тұрлаусыз мүше туралы түсінік.  
2. Тұрлаусыз мүшелердің түрлері 
3. Толықтауыш  туралы түсінік жəне оның түрлері. 
4. Тура жəне жанама толықтауыштардың жасалу жолдары 
                          Пайдаланатын əдебиеттер 
1.Аманжолов С. Қазақ əдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы  Алматы. 1992. 
2. Əміров Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1996   
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. 1997 
4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Алматы.  1992.  
 
                                       АНЫҚТАУЫШ. АЙҚЫНДАУЫШ        
                                                    Жоспары 
1. Анықтауыш туралы түсінік 
2. Анықтауыштың түрлері 
3. Айқындауыш туралы түсінік 
4. Айқындауыш мүшенің жасалу жолдары 
Тірек  сөздер;  Анықтауыш,  анықтауыштың  сипаттамасы,  дара  анықтауыш, 
күрделі  анықтауыш,  үйірлі  анықтауыш,  сын  есімдерден  болған  анықтауыш,  сан 
есімдерден  болған  анықтауыштар,  есімшелерден  болған  анықтауыштар,  сапалық, 
меншікті анықтауыш т.б. 
Анықтауыш  сөйлемдегі  зат  есімнен  не  зат  есім  орнына  жұмсалған  басқа 
есімдерден болған есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады.  
Сөйлемде    бастауыш,  толықтауыш,  т.б.  қызметінде  жұмсалатын  əр  заттың  өзіне 
тəн,  кейде  көп  затқа  ортақ  сапалары  болады.  Бір  затты  басқа  заттардан  сондай 
сапаларына  қарай  айырып  танимыз.  Сөйлемде  заттардың  əртүрлі  сынын,  сапасын 
білдіретін  сөздер  көбінесе  анықтауыш  қызметінде  жұмсалады;  олар  заттың  түсі,  түр-
тұрпаты,  көлемі,  салмағы,саны  сияқты  сапаларын  білдіреді  де,  анықтайтын  сөзмен 
тығыз  байланыста  айтылады.  Мысал:  таяқ  деген  –жалпылауыш    зат  есім.  Оның  ұзын, 

 
 
қысқа,  жуан,  жіңішке,  ақ,  қара,  имек,  кисық  көптеген  сыны  болуы  мүмкін.  Солардың 
бірі  не  бірнешеуі  бір  сөйлемде  осы  заттың  анықтауышы  болып,  сөйлемде  айтайын 
деген  ойымызды  айқындай  түседі.  Қисық  ағаш,  қысқа  жіп  дегендер-сын  есім  мен  зат 
есімдерден  құралған  анықтауыштық  тіркестер.  Қазақ  тілінде  анықтауыштардың 
көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады, 
олар  фразалық  бір  екпінге  бағынып,  екпін  жағынан  бір  түйдек  болып  тұрады.  
Анықтауыштар  сөйлемде  заттың  əр  түрлі  белгісі  болып,  бағыныңқы  мүше  ретінде 
жұмсалғанмен,  олар  анықтайтын  затына,  сонымен  қатар  түгел  сөйлемге  көрік  беріп, 
əсерлі етіп тұрады. Сондықтан олар əдебиетте көрікті ойдың көркем бояуы қызметінде 
де жұмсалады. Бұйра толқын, асау Терек алтын күн, жазық дала.   
Бұл  сияқты  эпитеттердің  поэтикалық  тілде  көркемдік  мəні  зор.  Жалпы  ереже 
бойынша  анықтауыштар  зат  есімдерден  болған  мүшені  анықтайды.  Кейде  ол  зат  есім 
орнына  жұмсалған  есімді,  сан  есімді  де  анықтауы  мүмкін.  Асқар  мен    Ержан  далаға 
шықса… көзілдірікті, қылышты біреу арбадан түсіп жатыр екен.    
Анықтауыштар  бір  сөзден  де,  бірнеше  сөзден  де  құрала  береді.  Сондай 
құрылысына қарап, оларды дара анықтауыш, күрделі анықтауыш, үйірліанықтуш  деп 
үшке бөлеміз.  
 Түрлі  сөз  таптарынан  жасалатын  анықтауыштардың  мағыналары  да  əр  түрлі 
болады.  Оларды  магынасына  қарай  негізгі  екі  топқа  бөлуге  болады:  сапалық 
анықтауыш; 2) меншікті анықтауыш.   
Сапалық  анықтауыштарға  сын  есім,  сан  есім,  есімдік,  есімше,  атау  тұлғалы  зат 
есімдерден  болған  анықтауыштар  жатады;  меншік  анықтауышқа  ілік  жалғауында 
айтылған анықтауыштар жатады.  
Сапалық  анықтауыштар  анықтайтын  сөздермен  қабыса  байланысады,  меншікті 
анықтауыштар мантаса байланысады.   
Сын  есімдерден  болған  анықтауыштар.  Атрибуттық  қатынаста  жұмсалатын 
сөздердің  негізгі  түрі-сын  есімдерден  болған  анықтауыштар.  Сын  есім  өздеріне  тəн 
қастеттермен байланысты заттың сапалық белгілерін я тікелей, я ол заттың басқа затқа 
қатысы  арқылы  білдіріеді.  Сын  есімнің  семантикалық  негізгі  оның  сапаны 
білдіретіндігінен  я  затқа  тəн  сапа  болатындығынан  көбінесе  анықтауыш  қызметінде 
жұмсалады.  
Сөйтіп,  сын  есімдерден  болған  анықтауыштар  сөйлемде  заттардың  əр  алуан 
сапасын, қасиетін көрсетеді:  Батысқа қарай… жүйрік поезд жол тартқан.  
Басқа  сөз  таптарынана  жұрнақтар  жалғанып  жасалған  туынды  сын  есімдер  де, 
анықтауыш  қызметінде  жұмсалғанда,  анықтайтын  сөздермен  əрі  мағыналық,  əрі 
синтаксистік  байланыста  болады.  Олар  да  анықтайтын  сөздерінің  алдында  тұрып, 
негізгі сын есімдердей қабыса байланысады:   
Бірақ туынды сын есімдерден болған анықтауыштардың синтаксистік байланысы 
зат  есімнің  түбір  к6йінде  анықтауыш  болуынан  əлдеқайда  босаң  болады.  Оның 
мынадан  байқаймыз:  алтын  сағат,  тас  жол  сықылды  анықтауыштық  топтың  ортасына 
басқа  сөз  кірістіріп,  оларды  əрлі-берлі  ауыстыруға  болмайды.  Ал  туынды  сын 
есімдерден  болған  анықтауыштар  мен  анықталатын  сөздің  арасында  басқа  сөздер, 
көбінесе басқа анықтауыштар, бола береді. Мысалы: кең алқапты жазық дала; бұлтсыз 
ашық аспан.   
Сан есімдер мен сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштар. Заттың сандық, 
өлшеулік сапасын білдіретін сан есімдер де анықтауыш қызметінде негізгі жəне тунды  
түбір  тұлғасында  жұмсалады.  Грамматикалық  өзгерістер  ондай  анықтауышы  бар  сөз 
тіркесінің анықтайтын сөзінде болады.  

 
 
Сан  есімдер  аныктауыштық  қызметте,  бір  жағынан,  заттың  есептік,  реттік, 
мөлшерлік,т.б.  санын  білдіруі,  екінші  жағынан  мезгілдік,  салмақтық,  көлемдік 
ұғымыын өлшеуші болуы оның кандай затқа қатысты екендігіне байланысты: үш бала, 
он бес қой, алтыншы бригада.  
Анықталатын  зат  белгілі  болып,  оны  басқа  заттан  айыра  тану  керек  болғанда, 
оның  алыстығын  не  жақындыгын  білдіру  керек  болғанда  сілтеу  есімдіктерін 
анықтауыш қызметінде жұмсаймыз:  
Қасқырдың бұл қылығын мазақтап күле-күле екі ішкі Жартыбайға қайтып келді. 
Сіңлім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар.   
Есімшелерден  болған  анықтауыштар.  Есімшелер,  сын  есімдер  сияқты, 
аныктауыш  кызметінде  де  жұмсалады.  Ол  заттың  қимылдық  сапасы  ретінде 
анықтауыш  болады:  Қаусаған  елге  ал  беріп,  жұмақ  еткен  заманым.  Демеңдер  өнбес, 
ісеке жұбаналық, ақыл тапсаң, мал тапсан, қуанарлық.    
Есімшеден болған анықтауыштар аныкталатын заттың оз қимылы, іс болуы да не 
басқа  заттың  қимылы,  іс-əрекеті  болуы  да  мүмкін.  Басқаша  айтқанда,  қимыл 
анықтауыштардың  анықтайтын  сөз  онымен  субъектілік  қатынаста  болады.   
Есімшілердің барлық түрінің анықтауышы болу қызметі бірдей емсе. Олардың ішінде 
анықтауыш болып жиі кездесетіндері- өткен шақтық есімшілер.  
Зат  есімдер  болган  анықтауыштар.  Зат  есімдер  түрлі  заттық  анықтауыштары 
болуы мүмкін. Заттық анықтауыштар анықтайтын сөздермен байланыста айтылады6  
1.  Екі  зат  есім  атау  күйінде  қатар  айтылып,  алдыңғысы  соңғысына  анықтауыш 
болады. Мысалы: қол сағат, темір күрек, мал қора.  
2. Екі зат есімнің алдыңғысы ілік жалғауда, соңғысы тəуелдік жалғаудың бірінде 
тұрып, анықтауыштық қатынаста жұмсалады.  
Изафеттік  құрылыстың  ІІІ  түрінде  айтылатын  сөз  тіркестері  өзара  матаса 
байланысады.  Ілік  жалғауы  сөз  анықтауыш,  тəуелдеулі  сөз  анықтауышы  болады. 
Мысалы: Менің қарындасым университетте оқиды.   
Ілік  жалғаулы  аныктауыштар,  жоғарғы  мысалдардағыдай,  көбінесе  анықтайтын 
сөзінен  бұрын  тұрады.  Кейбір  өлеңді  жəне  диалогты  сөйлемде  олардың  орны  ауысып 
келуі де мүмкін. Кең даласы казақтың 
                   Құлпырады гүл жайнап. 
Матаса  байланысқан  аныктауыш  пен  анықталатын  сөздің  ортасына  басқа  сөздер 
түсіп, бірінен-бірі қашық та тұра береді.  Кейде ілік жалғаулы бір анықтауыш бірыңғай 
бірнеше  мүшелерді  анықтай  алады:  Кейде,  керсінше,  ілік  жалғаулы  бірнеше 
анықтауыштың  анықтайтын  сөзі  біреу-ақ  болады.  Кейде  ілік  жалғаулы  анықтауышты 
анықтайтын сөз ілік жалғауда айтылып, ол сөйлемнің басқа мүшесін анықтауы мүмкін. 
Зат есімдерден басқа, есімдіктер, субстантивтенген сын есім, сан есім, есімшілер де ілік 
жалғауында  айтылып  анықтауыш  бола  алады.  Матаса  байланысқан    сөз  тіркесінің 
құрамы  əр  түрлі  болуына  қарай,  анықтауышпен  анықталатын  мүшелер  əр  алуан 
мағыналық    қатынаста  жұмсалады.  Ілік  жалғауында  жұмсалуға  тиісті  анықтауыштар 
анықтайтын  сөзінің  тəуелдік  жалғауынан  белгілі  болатындықтан  сөйлемде  айтылмаса 
да болады. Отанымыз- анамыз.   
Бұл  мысалдағы  Отанымыз,  анамыз  деген  тұрлаулы  мүшелердің  айтылмаған 
анықтауышы-біздің.  Ол – анықталатын  сөздердегі  –мыз  деген  тəуелдік  жалғауынан 
белгілі болып тұр.  
Анықтауыштың  сөйлем  ішінде  ерекше  айтылмауы  сөйлемнің  беретің 
мағынасының  аз  сөзді  ықшамды-  болумен  байланысты.  Сөйлемнің  ықшамды  болып 
құралуы –стильдік талапқа сай болатындығынан. Кейде ілік жалғаулы анықтауышқа ой 
екпінін  түсіп,  оны  басым  əуенмен  айту  керек  болғанда,  не  ілік  жалғаулы 

 
 
анықтауыштың қай сөз екені контекстен белгілі болмайтын жағдай да кездеседі. Ол да 
сөйлемнің стиль мəселесіне жатады.   
Жалпы ереже бойынша, бір сөз ілік жалғауда айтылса, сонымен байланысты басқа 
сөз  қалай  да  тəуелдік  жалғауда  болады,  керсінше,  сөйлемде  тəуелдік  жалғаулы  сөз 
болса, сол сөйлемде қалай да ілік септікті сөз болуы керек; қысқасы, олар бірінсіз-бірі 
жұмсалмайды. Тек күні кеше, түні бойы, өткен жылы.  
Ілік  септікті  анықтауыштар  анықтайтын  сөздермен  қатар  тұрғанда  кейде 
жалғаусыз  жұмсалады.  Ол  екеуінің  ортасында  басқа  сөздер  болғанда  жəне  мына 
төмендегі  сөздер  ілік  септікті  анықтауыш  қызметінде  жұмсалғанда,  олар  əр  уақытта  
жалғаулы болады:  
1. 
Есімдіктер  (өз  дегеннен  басқа):  менің  талабым,  біздің  серміміз,  сенің 
қарындасың.  
2. 
Сын  есімдер:  жаксының  шарапаты,  жаманның  есапаты,  қызылдың 
қызылы, ақылдың сөзі.  
3. Сын есімдер: екінің бірі, онның жартысы, екеудің алдыңғысы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет