Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ЖАҢА Қазақстанды қалыптастырудағЫ Қр тұҢҒыш президенті н.Ә. Назарбаевтың тағдыркешті шешімдері»


МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет27/47
Дата30.01.2017
өлшемі5,76 Mb.
#3043
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 

 

Қазақ  халқы  ежелден  өнерлі  де,  ақын  жанды  халық.  Қазақ  халқының 



бай  әдеби  мұрасының бірі  үйлену  салтына байланысты  туған  фольклоры. 

Үйлену  салтына  байланысты  қазақ  халқының  сыңсу,  тойбастар,  жар-жар, 

беташар жырлары бар. Біз бүгінгі мақаламызда тұрмыс-салт жырларының 

бірі  тойбастар,  жар-жар,  беташарға  қысқаша  тоқталып  өтеміз.  Әрбір 

отбасында  өтетін  той-думанды  ән-күй,  жырмен  бастау  ол  қазақтың 

ежелден  келе  жатқан  салт-дәстүрлерінің  бірі.  Қазақтың  шілдехана  тойын, 

сүндет тойын, қыз ұзату тойын, келін түсіру тойын тойбастар жырларымен 

бастаймыз. Мысалы, мына төмендегі тойбастар жырларын оқып көрейік: 

Басталар оқу басы әліппеден, 

Тізілер сөз маржаны әріппенен. 

Тойы бар екі жастың дегеннен соң, 

Жиналып, біздер келдік халықпенен. 

Ағалар тойыңызды бастай келдік, 

Жақсыға жамандарды қоспай келдік. 

Біздерге жыр арнамақ лайық деп, 

Халқым рұқсат еткен соң қоштай бердік. 

Біз келдік той дегенде жиылысып, 

Үстіге бар асылды киінісіп, 

Қадамы баршаңызға құтты болсын, 

Келіпті бақыт құсы үйіңе ұшып. 

Ешкіңіз жайлау толы қойға ұлассын, 

Жылқыңыз қырға сыймай ойды бассын. 

Кенелген қуанышқа той иесі, 

Тойыңыз құтты болып тойға ұлассын [1, 18 б.]. 

Ал  жар-жар  туралы  өзінің  ойларын  дамыта  айтқан  тұжырымында 

әдебиетіміз  бен  өнеріміздің  көрнекті  қайраткері  Ахмет  Байтұрсынов: 

«Жар-жарға» қарасақ, оның ішінде ән үшін болмаса, мән үшін керек емес 

сөздер толып жатыр. Мәселен: «Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-

жар!» - деу сияқты сөздер және сол сөздер қайта-қайта айтылады, қысқасы, 

сөзі көп. «Беташарда» ондай артық сөздер аз. Мұнда бір сөз қайта айтылса, 

орнымен келісті түрде айтылған. «Жар-жардан» гөрі «Беташар» мағыналы, 

маңызды да», - деп жазады [2, 28 б.]. 

Адам  ғұмырындағы  бастан  кешер  осынау  ғажайып  қуаныш  –  екі 

жастың  аялаған  арманы  тоғысып,  ақ  жүректері  лүпілдей  соғып,  ақ 

босағадан  ізгі  мұратпен  имене  аттаған  иманды  күні  ағытылар  ақ  тілектің 

қадамдарына  гүл  боп  жауып,  ашық  аспанына  ән  боп  жайылары  қандай 

керемет, қандай көркем, қандай жарасымды! 


262 

 

Халқымызбен бірге жасасып, өрісін тауып, өркенін жайып келе жатқан 



бай салт-дәстүрлеріміздің ішіндегі өнегелі де өміршеңі осынау келін түсіру 

той-томалағы,  ал  оның  үрдісті  жол-жоралғысының  бірі  де  бірегейі, 

бәрімізге  ыстығы  беташары  болса  керек-ті.  Беташар  да  өлең  жырдың  бір 

үлгісі.  Беташардың  өмірлік  сипаты,  тіршіліктегі  алар  орны  жайлы 

тарихшыларымыз бен әдебиетші ғалымдарымыздың айтқан ой-пікірлері де 

көңілге ұялап, көшелі пайым, кемел ұғым жасауға көмектеседі. 

«Беташар – жаңа түскен келінге байланысты айтылатын жыр. Қазақтың 

ескі заманнан келе жатқан дәстүрінің бірі – жаңа түскен келіншектің бетін 

ешкімге  көрсетпей,  желек  жауып  әкелу.  Бұған  ерекше  мән  беріп, 

келіншектің бетін шаршы топта ақындар өлеңмен ашады»,   – деп жазады 

Қажым Жұмалиев. 

Ақын  беташарының  әр  сөзі  көркем  құйылып,  көсем  желіп  тұрғандай 

әсер  қалдырады.  Түйдек-түйдек  төгіліп,  тасқындай  айтылып,  буырқана 

жырлайды.  Жүйесі  табылып,  жібектей  есілген  жыр  жолдарының 

астарларында дүйім әлеуметті ұйытар мән жатады. Қай беташар болмасын 

оның арқау ойы айқын да нақты болып келеді.  

 

Қалың елім, қазағым, 



Аусын бері назарың. 

Сөзім анық жетсін деп, 

Дауысымды созамын. 

Келін, міне, келіп тұр, 

Үнсіз сәлем беріп тұр. 

Келін болып енуге 

Өз еркімен көніп тұр. 

Ау, ақ келін, ақ келін, 

Жаңа келін, пәк керім. 

Сендей жанды көрген соң 

Көңілім де шат менің. 

Ау, жас келін, жас келін, 

Тал шыбықтай аш белің. 

Ынтықтырмай жұртыңды 

Ақ жүзіңді аш, келін. 

Қалды артында, алыста, 

Туған менен таныс та. 

Келіп тұрсың, міне, енді 

Жаңа, жарқын қоңысқа. 

Нұрлы екен жамалың, 

Тілегім сол, қарағым. 

Ақ маңдайың ашық боп, 

Сәтті болсын қадамың. 

Өзі жар боп жасаған, 

Болсын барлық дос адам. 

Шаңырағың биіктеп, 

Берік болсын босағаң. 

Жаңа жұртың жиылып, 

Тұр өзіңе сүйініп. 

Сәлеміңді бере ғой, 

Ізетпенен иіліп. 

Аларсың талай бата да, 

Жақсылық келмей жата ма. 

Иіліп бер бір сәлем, 

Алдыңда тұрған атаңа. 

Сен дегенде жаны құр, 

Жарыла жаздап әлі жүр. 

Мынау тұрған енеңе 

Сәлем етші тағы бір[3, 22б.].


263 

 

Бар  тілек  келінге  бағышталады.  Сен  енді  басқа  елдің,  басқа  отаудың 



адамысың. Алдында атаң, енең, қайынсіңлі мен қайныларың, туыс жекжат 

тұр.  Олардың  әрқайсысымен  сыпайы  тіл  табыса  біл,  сыйлай  біл.  Өрескел 

қылық  танытпа,  шаңырағыңның  береке-сәні,  сыпайы-сыйластығы  мінезің 

мен қылығыңа, әдебіңе байланысты деген ойды меңзейді. 

Өрісі кең халықтың салт-санасы салауатты, ал әдет ғұрпы, өнеге-тәлімі 

өрелі болмақ. Халқымыздың мұндай табиғи мінезі, дарқан дарыны, білімі, 

бөлек болмысы дара қасиетімен ерекшеленіп, тіршілік тініне бойлай сіңіп, 

өмір сәулесіне айналып, жақсы ай мен жарқын күндей әмбеге бірдей асыл 

нұрын  шашып  жатады.Қазақ  халқының  салт-дәстүрлері  –  сарқылмайтын 

кенмен  тең.  Ұлы  сыншы  В.Г.  Белинскийдің:  «Әдет-ғұрып  өзінің 

көнелігімен бекиді, бірақ оған әркез уақыт сәулесі түсіп отырады. Ол ата-

бабамыздан  қалған  мұра  есебінде  буыннан-буынға,  ұрпақтан-ұрпаққа 

ауысып  келеді.  Әдет-ғұрып  халықтың  бітім  тұлғасын  жасайды, 

топтастырады,  онсыз  халық  бет-пішінсіз  соғылған  мүсін  тәрізді»,  -  деген 

көңілден  жарып  шыққан  көреген  сөзі  өмірдің  шындығындай,  шын 

сырындай боп естіледі [2, 37 б.]. 

Өмір  сүру  тірлігі,  жер  жағдайы,  тұрмыс  қарекеттері  қазақ  халқының 

өміріне  өз  сипаттарын  сіңіріп,  олардың  бойындағы  шынайы  қасиеттердің 

табиғаттың  өзіндей  шыңдалып,  шымырланып  түлей  түсуіне  ықпал  етіп, 

күнделікті  қарекеттерінде  өзге  халықтарға  ұқсамайтын  салт-сана 

дәстүрлерін  туғызды.  Жыршылықтың,  ақындықтың,  сөзге  шешендіктің 

арқасында  қанаты  талмай,  халқымыздың  бар  асыл  мұралары  алдымызға 

жайылып отыр. 

 «Беташар»  қалыңдық  келіп  түскенде  айтылатын  өлең.  Жаңа  ұя,  жаңа 

қауым оған бейтаныс, - деп жазады ол. – Оны солармен таныстыру шарт. 

Келін  жастардың  ортасында  басына  желек  салып,  бетін  жасырып 

көлегейлеп түрегеп тұрады. «Беташарды» күйеу жақтың біреуі айтады, ал 

қалыңдық  өзіне  арнайы  айтқан  ақыл-өсиетті  қас  қақпай,  ұйып  тыңдауға 

тиіс». Кемеңгер жазушы оның түпкі тәліміне де ден қояды: «Әдетте өлең 

келіннің  жастық  көркін,  сұлулығын  мадақтаудан  басталады  да,  енді  ол 

өзінің күйеуін қалай сыйлап, құрмет тұтпақ керек! Осы жай, әсіресе, мол 

айтылады[2,  35  б.].  Ауылдағы  жасы  үлкен  ағаны,  жасы  кіші  ініні,  үйге 

түскен  қонақты  көргенде  келін  қандай  болуға  тиіс.  Міне,  жас  келінге 

осының бәр-бәрі тағылым түрінде айтылады. «Беташарды» айтушы ақын-

жыршы,  ауық-ауық  сөзін  бөліп,  жас  келіннің  жолы  үлкендерге  тағзым 

етуін  тілейді.  Соның  бәрін  құптағандай,  қабыл алғандай болып жас келін 

иіліп сәлем беріп, тағзым етеді». 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



1. Сейдімбеков А. Мың маржан. Алматы: - «Өнер», 1986 , 180 б. 

2. Дәуренбеков Ж. Беташар: Той. Алматы: - «Өнер», 1991, 240б. 

3. Стамбеков Д. Бір күндік сәуле. Алматы: - «Жазушы», 1989, 61б. 

 


264 

 

ӘОЖ 323.1(574)=512.122      Акогузова С.С. (Қарағанды, №81 ЖББОМ) 



Жмогулова Р.С. (Қарағанды, №81 ЖББОМ) 

 

ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ 

 

Ұлтты  ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  – 



Мәңгілік Ел идеясы.  

«Қазақтың  Мәңгілік  Ғұмыры  ұрпақтың  Мәңгілік  Болашағын  баянды 

етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ 

Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей 

тәуелсіздіктің  тұрақтылығы  мен  мәңгілігі  қазіргі  ұрпақтың  оны  түйсініп, 

түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын 

біліп,  зердесіне  сіңіру  қазіргі  ұрпаққа  жүктелер  үлкен  міндет  болып 

табылады [1, 2 б.]. 

Тарихи  құндылығымыз  болған  тәуелсіздік  идеясының  негізінде  сол 

ұлттың  тағдыры,  ұлы  тұлғалардың  ерен  еңбегі  жатыр.  Тәуелсіздіктің 

бабаларымыздың  сан  ғасырғы  арманымен  келгенін  Елбасымыз  әрдайым 

қазіргі ұрпақтың есіне салып отырады: «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы 

тым  тереңде  жатыр.  Осыдан  13  ғасыр  бұрын  Тоныкөк  абыз  «Tүркі 

жұртының  мұраты  –  Мәңгілік  Ел»  деп  өсиет  қалдырған.  Бұл  біздің 

жалпыұлттық  идеямыз  мемлекеттігіміздің  тамыры  сияқты  көне  тарихтан 

бастау алатынын көрсетеді. 

Ел  тағдырының  мәні  азаттықтыққа  қол  жеткізіп,  тәуелсіз 

мемлекеттілікті  сақтау  болса,  осы  жолда  қаншама  алаш  зиялылары 

тәуелсіздік  үшін  күрес  жолын  жалғастырды.  Кешегі  кеңестік  кезеңде  де 

ғасырларға  созылған  тарихы  бар  қазақ  елін  жоққа  шығаруға  бағытталған 

әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу 

жолында ерен еңбектер атқарылды. 

«Қазақ  халқының  тарихында  ғұндардан  бастау  алатын  «Мәңгілік  ел» 

идеясын  тасқа  қашалған  Орхон-Енисей  жазбаларынан  бастап  қайда  барса 

көрге  кезіккен  Қорқыт  ата  мен  өмір  бойы  жерұйықты  іздеп  өткен  Асан 

қайғы  бабамыздан  кездестіруге  болады.  Олардың  әрекеттерінің  негізінде 

де  осы  мәңгілік  ел  болуға  ұмтылған,  мәңгілік  елді  орнатуға  деген 

құштарлық  жатты.  Асан  қайғы  -  елдің  ертеңінің  жарқын,  еркіндігі  мен 

бақытының  баянды  болғанын  армандап,  қазақ  жерінің  түкпір-түкпірін 

аралап,  жайлы  қоныс  табудың  жолын  іздеген  данышпан.  Оның  аңсағаны 

елді  орнықтыратын  жайлы  мекен  тауып,  елдің  мәңгілігін  жаңғырту  еді. 

Оның  іздеген  жерұйығының  мәні  халқы  тәуелсіздік  құндылығын 

ұлықтайтын,  ел-жұрты  бейбіт  өмір  сүретін,  адамгершілік  пен 

бауырластықты  ту  етіп,  татулықта  ұйысып  өмір  сүретін  құтты  қонысты 

табуда болды» [2, 49 б.]. 

Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-

тәрбие  мен  ғылымға  баса  мән  беріп,  біліммен  мықтап  қарулануы  қажет. 


265 

 

Елдің  экономикалық,  рухани  жағдайының  дамып,  өркендеуі,  ұлттың 



бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  елдің  білім  деңгейімен  де  тығыз 

байланысты.  Қазіргі  кезде  бұл  бағытта  нәтижелі  жұмыстар  атқарылып  та 

жатыр.  Жастар  «Болашақ»  бағдарламасының  аясында  шетелдерде  білім 

алып,  шетел  тәжірибесінің  артықшылықтары  мен  кемшін  тұстарына  көз 

жеткізіп,  санасына  тоқып  келіп,  еліміздегі  маңызды  қызмет  салаларында 

сол тәжірибелерін қолданып еңбек атқаруда. 

Қазіргі  кездегі  жаһандану  үдерісі,  қолжетімді  ақпараттар  легі 

жастардың  бойында  ақпараттарды  електен  өткізе  білу,  теріс  пиғылды 

идеологияларға  қарсы  тұра  білетін  иммунитетті  қалыптастыруды  қажет 

етеді.  Өйткені  қазіргі  таңда  жат  пиғылды  ағымдардың  ықпалына  еріп, 

экстремистік  әрекеттердің  қатарын  толықтырушылар  осы  жастар  болып 

отырғаны  белгілі.  Жастардың  мұндай  әрекетке  баруының  басты  себебі 

ретінде  олардың  білім,  сауаттылық  деңгейінің  төмендігін  айтуға  болады. 

Экстремистік  идеялар  халықты  өзінің  ертеден  келе  жатқан  бай  рухани 

құндылықтары мен салт-дәстүрінен бас тартқыза отырып, мәдени, тарихи, 

рухани  санасын  жойып  жіберуді  көздейді.  Мұндай  идеология  кез  келген 

мемлекет  секілді  Қазақстан  қоғамының  да  ішкі  тұрақтылығына  елеулі 

қатер төндіреді. 

Бұған  қарсы  тұра  білудің  жолы  жастардың  діни  сауатын  арттыру, 

оларды  адамгершілікке,  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу,  ұлттық  салт-

дәстүрімізді бойларына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне, 

дініне  жанашыр  азамат  етіп  тәрбиелеу  болып  табылады.  Қазақ  елінің 

бірлігінің  қалыптасуы  мен  өркендеуі  дәстүрлі  ұлттық  тәрбие  мен  рухани 

құндылықтармен  сабақтасқан  түрде  жүзеге  асады.  Сол  себептен  де 

жастардың  бойына қазақи  құндылықтарды  сіңіріп,  қазіргі жаһандық даму 

жағдайында  оларды  батыс  мәдениетінің  негізінен  алыстатып,  өзіміздің 

рухани  бай  мұрамыздың  құндылықтары  тұрғысынан  тәрбиелеу    -  алда 

тұрған  басты  міндеттердің  бірі.Елбасымыз  жариялаған  «Мәңгілік  ел» 

идеясының  көздегені  де  осы  болатын,  яғни,  төл  дәстүрімізді,  әдебиетіміз 

бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 



 

1  Послание  Главы  государства  Н.А.  Назарбаева  народу  Казахстана 

«Казахстанский  путь  –  2050:  Единая  цель,  единые  интересы,  единое 

будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января  

2  Касымбеков  М.Б.,  Піралиев  С.Ж.,  Жампеисова  К.К.,  Мәңгілік  Ел:  – 

Оқулық. Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2015. – 336 б. 

 

 

 



266 

 

ӘОЖ 94(574) = 512.122 



 Әбсалық Г.Ө. (ҚарМТУ, АиУ-16 т. ст.)  

Абдухаликов Ф.Д. (ҚарМТУ, АиУ-16т. ст.)  

Ғыл. жет., аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М. 

 

ТІЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ - ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІ 

 

Биыл  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздігіне    25  жыл  толды.  Ел 

Тәуелсіздігі арқасында ұлттық құндылықтарымыз: 

Ұлы  дала  елінің  ұлттық  салт  -  дәстүрлерін,  ұлттық  ойындарын,  тілін, 

мәдениетін, өнерін жаңғыртып, насихаттап, біле бастадық. 

«Дәулет деген - ұғыңдар, 

Кеше болса - бүгін жоқ. 

Тілің болса - күнің бар, 

Тіл  болмаса  -  түгің  жоқ!»  [1,  57  б.]  -  деп  ақын  Қадыр  Мырзалиев 

жырлағандай  әрбір  ұлт  азаматы  туған  тілін,  дәстүрін,  құрметтей  білуі 

керек.  

Қазақ  тілі  -  қазақ  халқының  ана  тілі.  Ол  өзінің  сан  ғасырлық  дамуы 

барысында    рулық  тіл  дәуірін  де,  тайпалық  тіл  дәуірін  де,  халықтық  тіл 

дәуірін де басынан кешірді. Бұл кезеңдерде ол қазақ халқының күнделікті 

пікір  алысу  қажетін  өтеп  отырумен  қатар,  оның  рухани  байлығы  -  ауыз 

әдебиетін атадан балаға мұра етіп сақтап келді. 

1997  жылы  шілденің  7-сі  күні  жаңа  «Қазақстан  Республикасындағы 

тілдер  туралы»  Заңы  қабылданды.  Бұл  Заң  бойынша  қазақ  тілі  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  тілі,  қазақ  халқының  ұлттық  тілі  болып 

есептеледі.  Қазақ  тілінің  қолдану  аясын  кеңейту,  мәртебесін  арттыру,  әрі 

Қазақстан  халықтарының  ұлттық  тілін  дамыту  мақсатымен  Республикада 

«Тілдерді 

қолдану 

мен 


дамыту 

бағдарламасы» 

жасақталды. 

Республикамызда  қазақ  тілі  мәртебесін  тұрақтандыру  мақсатымен 

көптеген  игі істер атқарылуда. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  1998 

жылғы қаңтардың 20-сы күнгі жарлығына сай жыл сайын  қыркүйектің 22-

сі  күні  –  «Қазақстан  халықтарының  тілдері  күні»  ретінде  республика 

көлемінде  аталып  өткізіле  бастады.  Осы  жылдан  бастап  еліміздің  барлық 

елді  мекендерінде,  ел  ордасы  Астанада,  тіл  мерекесі  апталықтарын,  әр 

түрлі шараларды өткізу дәстүрге айналды.  

Тіл  дегеніміз  қай  халықтың  болмасын  кешегі,  бүгінгі  ғана  тағдыры 

емес, бүрсүгінгі де тағдыры. 

Тіл  байлығы  -  елдің  елдігінің  айғағы,  көркем  және  ғылыми  әдебиеті, 

өнеркәсібі,  мәдениеті,  қоғамдық  құрылысы,  салт-санасы,  жауынгерлік 

дәстүрі, тағы басқа мұрасы қай дәрежеде екенін көрсететін дәлелі, кепілі. 

Тіл байлығы, тіл тазалығы - ұлт қасиетінің салт санасының негізгі өнегесі, 

нағыз белгісі. Әр тілдің өз ырғағы бар. 



267 

 

Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-



бабамызды,  тарихымызды  ұмыту.  Ана  тілімізге  мән  бермеушілік,  оны 

құрметтемеушілік  -  шынайы  патриоттарды  тәрбиелеу  жұмысына  үлкен 

зиян.  Кейбір  ұл-қыздармыздың  ана  тілімізді  білмеуі,  не  шала  білуі  мені 

қатты қынжылтады. Қолына қалам ұстаған әр азамат ана тілінің бай қорын 

игерумен  бірге  басқа,  әсіресе,  көрші  ұлт  тілдерінің  де  асыл  қазынасынан 

сусындауы, оны кәдеге жарата білуі абзал [2, 18 б.]. 

Тілді қадірлеу - дұрыс сөйлеуден басталады. Жүйесін тауып айтылған 

сөз  жүрекке  жетіп,  жүйкені  босатады.  Адам  мәдениетінің  алғы  шарты  - 

дұрыс  сөйлей  білу.  Түсіне  білгенге  сөйлей  білу  де  өнер.  Тілін  білмеген  - 

түбін  білмейді.  Ондай  адам  күлдірем  деп  күйдіреді,  сүйіндірем  деп 

сүріндіреді,  білдірем  деп  бүлдіреді,  қуантам  деп  қуартады,  келтірем  деп 

кетіреді,  жұбатам  деп  жылатады.  Біздің  қазақ  “Аталы  сөз  -  баталы  сөзˮ 

дегенде, осы дұрыс сөйлей білуді айтқан. Халық бар жерде тіл де бар. 

«Мен  өз  халқымның  жолында  басымды  бәйгеге  тікккен  адаммын. 

Маған  ары  үшін  жанын  садаға  ететін  осындай  текті  халыққа,  мені  ұлым, 

перзентім  деп  төбесіне  көтерген  халыққа,  арғы-бергі  қазақ  баласының 

бірде-бірінің  пешенесіне  бұйырмаған    бақытты  -  толыққанды,  тәуелсіз 

мемлекет  құрудың  қасында  болу  бақытын  бұйыртқан  халыққа  қызмет 

етуден  артық  ештеңенің  керегі  жоқ.  Осы  жолда  мен  бойымдағы  бар 

қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге 

барамын», - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтты ұйытып, жұртты 

жұмылдыруының арқасында бүгінгі кемел күнге табан тіредік [3, 3 б.]. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  2014  жылғы  ұлтымыздың  ұйытқысы 

саналатын  Ұлытау  төрінде  берген  сұхбатында,  «Біздің  елдігіміз,  қазақ 

жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге 

жалғасады.  Одан  кейін  Алтын  Орда  орнығады.  Сөйтіп,  хандық  дәуірге 

ұласып,  кейін  біртіндеп,  тәуелсіздікке  келіп  тіреледі.  Осындай  үлкен 

тарихымыз  бар.  Жастарымыз  мұны  білу  керек.  Біз  кеше  ғана  пайда  бола 

қалған халық емеспіз» дей келіп, «Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. 

Ол жол - сара жол, Мәңгілік Елдің жолы!», - деген еді. Сол Мәңгілік Елдің 

-  Мәңгілік  жолында  атқарылған  ел  дамуының  мықты  тұғырына  айналған, 

алда  тарата  айтқан  білім  берудегі  баянды  бағдарлар  азат  елдің  өміріндегі 

айтулы  оқиға  екені  сөзсіз.  Бұл  жұмыс  ел  тарихында  өз  таңбасымен 

қалатыны ақиқат.   

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1. Мырзалиев Қ. Өлеңдер жинағы. - Алматы «Жазушы» - 2006 ж. - 294  

2. Жарықбаев Ә. «Ұлағатты сөздер» - Алматы «Жазушы» - 2012 - 246  

3. М.  Сүлеймен  «Білім  берудегі  баянды  бағдарламалар»  Егемен 

Қазақстан, 01.09.2016 

 

 



268 

 

ӘОЖ 323.1(574)=512.122       Дауылбаева А.М. (ҚарМТУ, ПС-16-2 т. ст.) 



Уразбеков А.А. (ҚарМТУ, ПС-16-2 т. ст.) 

Ғыл. жет. – аға оқытушы Әбілқасов Ғ.М. 

 

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІМ 

 

Отан,  туған  жер-деген  сөздер  Отанын  жан-тәнімен  сүйетін  әрбір 



отаншыл,  патриот  ұл-қызға  ыстық  әрі  қасиетті  деп  білеміз.  Ақын  Әкім 

Ысқақ отан туралы былай толғайды: 

«Отаным! 

Айбыным да, жалыным да,  

Қуат берген күнімсің,жарығым да! 

Отаным, ұлан-байтақ Қазақстан- 

Арым да, намысым да, арыным да! 

Отаным-өр қазағым бұл өмірде, 

Өзіңсің сүйенерім, тірегім де! 

Сен десе сарқылмайтын сағыныш бар 

Менің мынау тулаған жүрегім де!» [1, 69 б.]. 

«Отан  үшін-отқа  түс  күймейсің»  -  деген  Бауыржан  Момышұлының 

сөзінде  терең  мағына  жатқаны  анық.  Батыр  атамыздың  даналық  пікірін 

ойлап  қарасақ,  ата-бабаларымыздың  асқар  таудай  ақылында,  өз  өмір 

тәжірибесінен  өткен  өнегелі  істері  –  елін,  жерін  қорғау,  бірлікте,  ынты-

мақта  өмір  сүріп,  еліне  елеулі,  халқына  қалаулы  болу  сияқты  жақсы 

қасиетті  ұрпақтан-  ұрпаққа  дарыса  деген  асыл  арманы  екен. Сонау 

ғасырлар  қойнауының  қатпар-қатпар  белесінен  байқасақ,  ежелден-ақ  ру-

тайпаларымыздың  өз  жерін  еш  жауға  бастырмаған,  ұлын  құл,  қызын  күң 

еткізбеуге  батырлық  ержүректігін,  жауына  қатал,  досына  адал,  шыбын 

жанын  шүберекке  түйіп,  садақ  ұстап  қол  күшіне  сеніп,  найзаның  ұшына 

үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып 

жеткен.  Отанымызды  қорғаған  еліне  деген  сүйіспеншілігі,  ерлер  сияқты 

қолына  қару  алып,  ат  құлағында  ойнап  жүріп  жауын  жеңуі  сақ  қызы  - 

Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да 

қымбат.  Сонда  енді  не  бар?!»  деп  тұрсыңдар  ғой...  Менде  ел  бар,  менде 

жер  бар,  мен  елімді-жерімді  қорғадым,  -  деген  Тұмар  падиша  осындай 

байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен 

қорғаған.  «Тар  қолтықтан оқ  тисе,  тартып  алар  қарындас»  -  деп  қыздарға 

сеніммен  арқа  сүйеген  де,  шашын  төбесіне  түйіп  жауға  шапқан  батыр 

қыздардың  қазақта  болуы  бізді  зор  мақтанышқа  бөлейді. Сан  ғасырлық 

тарихымызда  мақтан  тұтар,  бүгінгіміз  бен  келешегіміз  үшін  ғибрат  алар 

оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз 

болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан 

ғайыр  ата-қонысының  (этникалық  территориясын)  қалыптасуын;  ұлттық 

мемлекеттігіміз –  қазақ  хандығының  құрылуы  мен  дамуын; отырған  тағы 



269 

 

емес,  билеп  отырған  халқының  бағын  ойлаған  хандар  мен  оларға  ел  мен 



мемлекет  тұрғысынан  ақыл-кеңес  берген  ұлы  билер  дәстүрлерін;  ата-

бабаларымыздың  халқымызға  тән  шаруашылық  жүргізу  жүйесін  қалып-

тастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өрке-

ниетке  қосқан  үлесін,  батырларымыздың  ел  тәуелсіздігі  мен  ата-қоныс 

тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.  

Азаттық  қазақтың  ежелгі  арманы  еді.  Түлкі  бұлаң  тарихтың  нешеме 

бұрылысында  ел  азаттығы  үшін  талай  тарланның  тақымындағы  тер  кеп-

педі.  Ат  үстінде  өткен  ғасырлар  көп  болды.  Қазақтың  соңғы  ханы  Кене-

сары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді.  

Ел басына күн туғанда даналығымен,  батырлығымен, парасаттылығы-

мен  ел  мұңын,  халық  сырын,  тарих  үнін  түсіне  білген,  халықтың  басын 

қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта 

білген  хан  Абылай  қазақ  халқының  күшін  тасытты,  мәртебесін  көтерді, 

қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. 

Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –

бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, 

тарыдай  шашып,  ірімшіктей  іріткен,  қоқаңдап  қоңқылдаған  Қоқанмен  де, 

қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың 

даналығының  арқасында,  осы  біз  өмір  сүріп  отырған  аяулы  Отан- 

Қазақстан  жері  сол  бабалардың  сақтап  қалған,  бізге  қалдырған  асыл 

мұрасы екені сөзсіз.  

Адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер 

үшін,  ел  үшін  сан  қилы  дүрбелеңдер  көп  болған.  Әдетте,  осындай  дүр-

белеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң 

ғана,  әлем  картасы  аталатын  ала  қағаз  бетіне  түзетулер  түсетін.  Ал 

жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-

ақ өзгеріп шыға келді. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі 

қонысы.  Бұл  жерде  ата-бабамыз  туды,  тұрды,  өмір  сүрді,  оның  топыра-

ғында  ата-бабамыздың  кіндігі  кесілген  кең  жазира  жері.  Бұл  жерді  мекен 

еткен  көшпелілер  мен  отырықшылардың  бір-бірімен  шендескен  әлемі 

ғасырлар  қойнауында  талай-талай  ұлыстар  мен  ұлағаттарды  дүниеге 

әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде 

саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған.  

Байтақ  ел,  күн  сәулетті  Қазақстан  бүгінде  дамудың  даңғыл  жолына 

түсті.  Өлшеусіз  табиғат  байлығымен  ғана  емес,  ең  алдымен  сан  түрлі 

ұлттардан  құралған  халқының  ауызбірлігімен  аты  шықты.  Бүгінгі 

Қазақстан  -  өзі  орналасқан  аймақтың  ғана  емес,  бүкіләлемдік  проблема-

ларды  талқылауда  және  шешуде  ықпалды  рөл  атқаратын  ел.  Қазақстан 

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері 

ықылас қоятын болды. 

Егемендік  алған  жылдар  ішінде  өзіне  тән  барлық  институттары  бар, 

әлемдік  қауымдастықтың  ықпалды  мүшесі  болып  табылатын  мемлекет 



270 

 

құрылды,  оның  қауіпсіздігі  мен  тәуелсіздігі  қамтамасыз  етілді.  Консти-



туциялық  жолмен  мемлекеттік  және  саяси  билік  құрылымдарын  жаңарту 

негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. 

Елдің  ішкі  экономикалық  жүйесі  түбірімен  өзгеріп,  дамыған  өркениетті 

елдердің  ешқайсысынан  кем  түспейтін  нарықтық  қатынастар  мен  инсти-

туттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік экономикада өз 

орны бар елге айналды.  

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Түпкі мақсатымыз еліміздің Тәуелсіздігін 

баянды  ету.  Қазақтың  ұлт  болып  өркендеуіне  жол  ашу.  Тілі  мен 

мәдениетінің  кең  құлаш  жаюына  мүмкіндік  туғызу»  -  деген  халыққа 

жолдауы бүгінгі күні бәріде орындалып, тіліміз де, мәдениетіміз де дамып, 

өркендеп келеді. 

«Шаңырағың-шырағым, 

Топырағың-тұмарым. 

Ғалам да жоқ сынарың, 

Ғажайыбым,жұмағым, 

Басы таза бұлағым, 

Басылмайтын құмарым, 

Қазақстан-қыраным!»  -  деп  [2,  61  б.]  ақын  жырлағандай  атағың, 

қасиетті мекенім Қазақстаным қырандай биікке қанат қағып самғай берсін! 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 



 

1. Ысқақ Ә. Тәуелсіздіктің нұрлы таңы.–Алматы, «Раритет», 2010, 240 б. 

2. Есдәулет Ұ.Таңдамалы шығармалар.–Алматы, «Жазушы», 2006, 275 б. 

 

 



271 

 

УДК 323.1(574)   




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет