Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің арнайы жасағы «Арыстан» базасына барды


Жаппай жұрт мойындаған нағыз ғұлама ғалымның да жолы ауыр, тайғақ та күрделі, қауіпті



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата30.01.2017
өлшемі42,08 Mb.
#3044
1   2   3   4   5   6   7

Жаппай жұрт мойындаған нағыз ғұлама ғалымның да жолы ауыр, тайғақ та күрделі, қауіпті, 

азапты болмақ. Осы жол шоқан уәлихановқа да бұйырған, алайда ол құдай берген қабілеті, да-

рыны, күш-қуаты, қайсарлығы, жігерлігінің арқасында бәрін жеңіп, тыңға түрен салды.

Аққан жұлдыз

31

етанымы,  қоғамдық  көзқарасы  шапшаң  қалыптасуына  М. 



Курочкин,  А.  Майков,  Я.  Полонский,  сыншы  С.  Страхов, 

Бекетов,  Менделеев,  Е.  Ковалевский,  Ф.  Достоевский,  П. 

Семенов Тянь-Шанский, Березин, Казамбек, Васильевтердің 

қосқан үлесі қомақты. 19 жасар, заманынан озып туған бо-

збала Шоқан, Омбыда айдауда жүрген ұлы жазушы Ф. До-

стоевскиймен кездесіп, танысып, әдебиет, философия, қоғам 

құрылысы  тақырыбындағы  сұхбаттары  үйлесіп,  жарасып, 

табысып, айрылмас досқа айналады. Ол шын таза пейілден: 

«Орыстар арасында өз Отаныңыздың ағарту жолындағы із-

денушісі болуыңыздың өзі қандай игілікті іс. Еуропаша то-

лық  білім  алған  ең  бірінші  қазақ  екеніңіз  есіңізде  болсын. 

Оның үстіне тағдыр сізге адамгершілік қасиеттер беріп, сізді 

асқан  тамаша  адам  етіп  шығарды»  –  деп  оның  «Еуропаша 

толық  білім  алған»,  адамгершілік  қасиеті  жоғары,  тамаша 

адамдығына  тәнті  болады.  Шығысты  зерттеуші  әйгілі  ға-

лым Е. Ковалевский Шоқанды «асқан данышпан жас жігіт», 

«тамаша  ғалым»  санатына  қосып,  жиырмадан  енді  асқан 

шағында ғылымда қандай биіктерді игеріп, атағынан ат үр-

кетін  ғалымдардың  мойындауға  мәжбүрлегеніне  айызың 

қанады. Егер Шоқан «қазақ халқынан оқырман қауымын та-

пқан болса, ол өз халқының шын мәніндегі асқан данышпа-

ны  болар  еді»  деп  жазады  оның  кадет  корпусында  бірге 

оқыған жолдасы, кейіннен ғылым жолындағы сенімді серігі 

Г.  Потанин.  Досы  армандағандай  Шоқан  ғылымның  тайқа-

занын  қайнатып,  қаймағын  қалқып  жүргенде  халқы  қалың 

ұйқының құшағында, қойын құрттап, айранын ұрттап, төрт 

түліктің  бабынан  бағын  іздеп  жүрді.  Шіркін,  халқы  білім 

мен  ғылымдағы  еншісінен  шаруасы  жоқтығынан  айығып, 

«өнер, білімі бар жұрттардай» дүр сілкінсе, Шоқанның бағы 

жанып, жұртының төрт құбыласы теңесер еді.  

  Сөзге  шешен,  пікірталасында  тапқыр,  әзілге  жүйрік, 

шалқар білімді Шоқан, Қазақстан мен Орта Азия халықтары 

тарихына,  географиясы,  этнографиясы,  фольклорына  және 

қоғамдық-саяси құрылысына арнап құнды еңбектер жазған. 

Қазақстан  географиясындағы  әлі  ғылыми  жағынан  толық 

дәлелденбеген  жаңалық  –  Балқаш  пен  Алакөлдің  бұрын 

біртұтас  су  жүйесі  екенін,  Ебі  желіне  қатысты  соны  ғылы-

ми деректерді байыптап кеткені аз олжа емес. Тарих, әдеби-

ет тарихы, түркі тіліне қатысты зерттеулері бүгінгі ғылымы 

дамыған заманда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. Орта ғасыр 

ғалымы  Қадырғали  Жалайридың  «Жәми-ат-тауарихының» 

негізгі  тарауларын  орыс  тіліне  аударып,  ғылыми  талдау 

жасады.  «Абылай»,  «Қазақтың  шежіресі»,  «Көне  заман-

дағы  қазақтың  қару-жарақ,  сауыт-саймандары»,  «Шона  ба-

тыр», «Даладағы мұсылмандар», «Қазақтағы шаман дінінің 

сарқыншақтары», «Қазақтың көші-қоны», «Қазақтың халық 

поэмасынан  үлгілері  туралы»,  «Орта  жүз  қазақтарының 

аңыз-ертегілері»,  «ХVІІІ  ғасырдың  батырлары  туралы», 

тағы да басқа еңбектерді жазызды.  

1864 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы Дюгамель 

Шоқанға  сол  кезде  жасалып  жатқан  Сібір  қазақтары  үшін 

сот  реформасын  жүргізуге  дайындық  жасап  жатқан  комис-

сияға көмектесуін тапсырған. Қазіргі 5-6 облыс орналасқан 

алып  аймақты  қамтыған  халықтың  «жарасын»  емдейтін 

заң  іздеген  жауапты  комиссияға  ақыл-кеңес  беріп,  табан-

дылықпен  «Сот  реформасы  туралы  жазба»  атты  еңбегін 

бітіріп  берген.  Петербургте  Шоқан  ғылыми-әдеби  журнал-

дарға  қатысады,  энциклопедияға  мақала  жазады.  Қазақтан 

шыққан жап-жас ғалымның жазғаны көп, бергені көл-көсір. 

Өле-өлгенше ол Бас штаб пен Азия департаментінің қызмет-

кері есептелген.

Шоқанның  достары  халықтың  қамын  жеген,  халықпен 

бірге  тыныстап,  бірге  қуанып,  қасіретке  бірге  батқан,  ша-

мадан  тыс  әділетсіздікпен  күреске  бел  шешіп  кірісуге  әзір, 

текті  жандар.  Шоқанның  шыққан  тегі  хан,  аға  сұлтан, 

төрт  құбыласы  сай  болғанымен,  ғылым  жолын  қуып,  із-

гілік,  әділеттілік,  қарапайымдылық,  даналықты  пір  тұтты, 

халыққа,  ғылымға  адал  қызмет  ету  жолын  таңдады.  Чер-

нышевский,  Добролюбов,  Некрасовтардың  демократтық 

бағыттағы  революциялық  ой-пікірлері  Шоқанға  әсер  етпей 

қоймады.  Елінің  ауыр  жағдайы,  отарлық  қыспағы  қитығы-

на тиген қарапайым халықтың көз жасы оны өз жеке басы-

ның күйзелісі жағдайын ойлауды ұмыттырып, қиын кезеңде 

соған қызмет етуге шешім қабылдатады. Атбасарға Ағасұл-

тандыққа сайлануға дауысқа түспекке бел буады. Неге осын-

дай өз табиғатына қайшы шешімге аяқастынан келгенін 15 

қазан 1862 жылы Ф. Достоевскийге: «Мен өз отандастарым-

ның  кәдесіне  жарап,  оларды  чиновниктерден  және  қазақ 

байларының  қыспағынан  қорғау  үшін  сұлтан  болуды  ойла-

дым», – деп түсіндіреді. Әділ, шыншыл, кемеңгер, алды-ар-

тын  терең  ойлайтын,  халқы  үшін  жанын  да,  дүние-мүлкін 

де  аямайтын  үлкен  әріппен  жазылатын  адам  ғана  осындай 

жанкештілікке басын тігеді. Бірақ оның демократтық, рево-

люцияшыл  рухынан  хабардар  билік  оның  кандидатурасын 

Ағасұлтан сайлауында өткізбей тастайды.

Патша  офицері,  қазақ  әрі  беделі  жоғары  болғандықтан, 

империялық  билік  Омбыдағы  Шоқанды  Оңтүстік  Қа-

зақстанды Қоқан хандығынан тартып алып, Ресейге біржо-

ла  қарату  операциясын  жүзеге  асыруға  келген  генерал  М. 

Черняев экспедициясына қатысуға шақырады. Ол келіп, іске 

кіріскенімен,  отарлау  пиғылынан  туып  жатқан  геноцидтік 

әрекеттерді  құптамай,  туған  халқының  алдында  арын  таза 

ұстау  мақсатымен  Шоқан  экспедицияда  қызмет  етуден  бас 

тартып,  Омбыға  оралмай,  Верныйға,  одан  Көшентоғанда 

отырған Албан руының аға сұлтаны Тезек төренің ауылына 

келіп,  сонда  орнығып  қалады.  Көп  кешікпей  Тезек  төренің 

немере  қарындасы  Айсараға  үйленеді.  Ағасұлтан  ауылын-

да  болған  шақта  да  ол  Ұлы  жүз  қазақтарын  билеудегі  Те-

зек  төренің  кемшіліктерін  көрсетіп,  басшылық  жұмысын 

қайтадан құруды талап етеді. Білімі мен білігін, ақылы мен 

адамгершілігін, адал ісі мен қатал талабын ағайыншылыққа 

жықпай, әділдік, ізгілік, адамдық ұстанымына кіршік түсір-

мей,  1865  жылдың  сәуірінде  Алтынемел  бауырындағы  Кө-

шентоғанда  мезгілсіз  жарық  дүниемен  қоштасады.  Оның 

қазасы  күллі  қазақтың  қабырғасын  қайыстырып,  тілі,  діні, 

ұлты бөлек болғанымен, ниеті, пиғылы жарасып, жүрегі бір-

ге соққан орыс достарының да көз жасын көл қылып, тума 

талант, қайталанбас дара тұлғаны қосыла жоқтасқан. К.Ка-

уфманның  бұйрығымен  Г.Колпаковский  Алтынемелдегі 

Шоқан зиратының басына мәрмәр тастан ескерткіш қояды.

Жүректерін  жарып  шыққан  лебіздерімен  өлмес  өмір 

тілеп,  қабір  тасына  қимас  көңілдің  сөзін  қашаған.  Доста-

рының  бірі  Н.  Веселовский:  «Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиха-

нов  Шығыстану  әлемінің  аспанынан  құйрықты  жұлдыздай 

жарқ етіп өте шықты. Орыс ориенталистері бірауыздан оны 

таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының 

тағдыры  туралы  аса  маңызды  ұлы  жаңалықтар  ашады  деп 

үміт күтіп еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз қазасы біздің бұл 

үмітімізді үзіп кетті»,– деп таңғажайып құбылыстың халқы 

күткен үмітті толық орындай алмай, арманда кеткеніне өкі-

неді. Біз де, бүгінгі ұрпақтары, көкірегіміз қарс айырылған 

күйді  бастан  кешкендейміз.  Ақылды,  адал,  адамгершілі-

гі зор, аз жасап, халқына барын аямай сарқып беріп кеткен 

парасатты, әулие ғалым құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте 

шыққанымен,  артында  өлмес  мұрасы  қалды,  сол  мұраның 

иесі, есімін дұғасына қосып пір тұтатын жомарт пейіл халқы 

бар.  Алмасып  отыратын  ұрпаққа  өмірі  –  өнеге,  тағдыры  – 

тағылымды.



Әзірлеген майор Арман ӘуБӘКІРОВ

Тағылым

32

(Басы журналдың алдыңғы санында) 

Абылайдың  Әбілқайыр  ханмен,  Нұралы  ханмен, 

Батыр сұлтанмен, тіпті Кіші жүздің ханын өлтірген Ба-

рақ  сұлтанмен,  Әбілмәмбет  ханмен,  Әбілпейіз  сұлтан-

мен,  Төле  бимен,  Қазыбек  бимен,  Жәнібек  тарханмен, 

Байжігіт  тарханмен,  Оразмәмет  тарханмен,  Қабанбай, 

Бөгенбай,  Малайсары,  Баян  батырлармен  т.б.  арақаты-

наста  қолындағы  шексіз  әкімшілік  құзыретін  пайдала-

нып,  оларды  күшпен  көндіргені,  немесе  сыртынан  сөз 

айтқаны туралы дерек те жоқ, әңгіме де естілмеген. Бұл, 

әрине,  Абылайдың  адам  ретіндегі  мінез-құлқы  қандай 

болғанынан хабар береді.        

Абылайдың  бүкіл  мемлекеттік  басқару  билігі  мен 

тұрмыс-тіршілік тәртібін соғыс жағдайына бейімдеп, би-

лердің құзыретін шектегені рас, төменнен жоғарыға дей-

інгі әкімшілік билік аймақ тәртібімен жуйеленіп,  батыр-

лардың қолына берілді. Ең жоғарғы кеңесші алқа болып 

саналған «жардың» - Хан кеңесінің қарауына аса күрделі 

халықаралық  мәселелерді  ғана  ұсынып,  келісімін  алып 

отырды,  шиеленісті  шебер  шешіп,  өз  ұсынысын  өткі-

зе  білді,  ел  ішіндегі  мәселелерді  жеке-дара  батыл  үй-

лестіріп отырды.    

Абылайды сыпаттауға тілге тиек болып отырған се-

беп: «Нияз батырдың ақылымен... істелген» дегенге қа-

рап,  бұл  батырдың  ниеті  жат  екен  деген  пікір  тумауға 

тиіс.  Кезінде,  Абылайдан  гөрі  басқаша  ойлайтын,  оны 

сынаған тұлғаларды Абылайдың өзіне қарсы қойып, оған 

оппозиция іздеу, жауықтыру  арқылы, ел ішіндегі беделі-

не шіркеу түсіру әрекеттері құдайы көршілеріміздің та-

рапынан талай кездескені де рас. Бірақ, мұндай аранда-

тудан нәтиже шықпағанына, Абылайдың көлденең сөзге 

ермегеніне көп жылғы зерттеу үстінде көзіміз жетіп ке-

леді. 


Бұл  айтылғандардан:  «Абылайдың  жеке  басына  дос 

санағаны  әр  қазақ,  қазақ  мүддесіне  келгенде,  ол  пен-

деліктен, мансаптан биік болған» деп қорытынды жаса-

уға болады.

Ауызекі  әңгімелерден  естігеніміздей,  Абылайды 

жоңғар жағынан бастап әкелуге тоқсан жақсы барыпты. 

Орыс құжаттарында солардың арасында бәсентиін Ма-

лайсары  мен  қуандық  Нияз  батырлардың  есімі  нақты 

аталады. Ресей әкімдері көп қазақтың тізімін атап-атап 

неге  бермеген,  десек  асылық  болар,  тек  осы  екі  батыр 

ғана  бармағаны  анық  қой.  Сондай-ақ  Абылаймен  бірге 

тұтқыннан  босаған  бабаларымыздың  есімдерін  де  біл-

гіміз келеді-ақ. Өкінішке қарай, ол дәуірдегі іс қағазда-

рын жасаушылар біздің арманымызды ақтамаған. Әр за-

манның өз жүйесі бар, бізге жеткен там-тұм деректерді 

ғана дәтке қуат еткеннен басқа шара жоқ. Оның есесіне 

көл-көсір  аңыз-әпсаналарға  арқау  болып,  ғасырлардан 

өтіп, бізге жеткен әңгімелер бары да, шүкіршілік.

«Абылай  сұлтан  қалмақ  тұтқынынан  босап  еліне 

таяп келіп қалды, қасында жоңғарлардан 30 адам бар… 

Абылайдан  келген  кісілердің  айтуы  бойынша  Абылай 

жоңғарлардан  үлкен  құрметпен  босаған.    Жоңғар  ханы  

оған алтын оқамен зерленген отау үй, оқалы шапан, жи-

намалы темір шатыр, темір сауыт т.б. беріп аттандырға-

ны» туралы деректер бар. Мұндай сый-сияпат Абылайға 

«қазақ пен жоңғардың келешекте тату, көрші тұру үшін 

көрсетілген.  Жоңғарлар  өз  тарапынан  бұдан  былай  қа-

зақтарға тиіспейді. Ал, Абылайдың жанындағы жоңғар 

елшілері  генералға  жолығуға  келе  жатыр-мыс.  Нендей 

мақсатпен жолығатынын Абылай жіберген адамдар біл-

мейтін көрінеді». 

Енді,  Әбілмәмбеттің  жоңғар  қолындағы  баласы 

[Әбілпейіз сұлтан] туралы жазба мағлұмат мынадай: «Ол  

сонда, жанында алты күтушісі бар, айына он қой сояды, 

тамағы тоқ. Жоңғарлардың қашан босататыны белгісіз. 

Жоңғарлар оған қоса, Барақ сұлтанның ұлын да аманатқа 

сұрап  отыр.  Ал,  Әбілмәмбеттің  ұлын  аманатқа  апарып 

берген Малайсары батырға сый ретінде  40 құл мен 100 

бие беріп қайтарыпты»(5.119-125; 6.288-290).

          Нияз батырдың қай жылы туып, қай жылы қай-

тыс  болғаны  туралы  нақты  дерек  болмағандықтан,  жа-

нама деректерге қарап отырып, жоба жасағаннан басқа 

амал  жоқ.  Батырдың  заманы,  өмір  сүрген  ортасы,  за-

мандастары жөніндегі деректерді салыстыра салмақтай 

қарап, оның жасы Әбілмәмбет ханмен шамалас деп бол-

жауға болар, бәлкім одан бірер жас үлкен де шығар. Ал, 

Абылай  ханға  әке  тұрғысында  екені  дау  туғызбайды, 

кемінде одан 18-25 жас үлкен болуға тиіс. Әлбетте, Қаз 

дауысты Қазыбек бабамыздан кіші, Әбілқайыр ханнан да 

біраз жас кіші десек, қисынға келер. Сонда оны 1680-85 

жылдары  туған,  1760-жылдан  кейін  қайтыс  болған  дер 

жобалаймыз.

Қытай  мұрағаттарында  сақталып,  кейінірек  қолға 

тиіп отырған мына құжатта Нияз батыр және оның за-

мандастары туралы деректер бар.

 1758 жылғы ақпан айында хатталып, тіркелген «Қазақ 

тайпаларының  саны  туралы»  (1.528-530)  деген  тізбеде: 

«Орта жүзде: тарақты, арғын, найман, керей, уақ, төлең-

гіт, қыпшақ қатарлы 7 тайпа бар», екендігі көрсетіледі де, 

олардың  саны,  кімнің  билігінде  екендігі  құжат  түрінде 

жазылған. Көне тарихи мағлұмат ретінде қазіргі ұрпаққа 

қызықты көрінер деген ниетпен сол тізімді қысқартпай 

бермекпін. Атап, айтсам, бұл деректер менің «Қазақтың 

ханы – Абылай» деген атпен, былтыр басылып шыққан 

екі  томдық  кітабымның  1-томының  528-530  беттерінде 

толық берілген. 

«Тарақты тайпасының 400-ге жуық отбасы Найман-

тай  батырдың    билігінде.  (Тарақты  Байғозы  батырдың 

әкесі Наймантай батыр. –З.Т.) 

Қанжығалы арғынның 2000 отбасы Бөгембай батыр-

дың билігінде;

Қаракесектің 2000 отбасы Қазыбек бидің билігінде; 

Алтай-арғынның  3000  отбасы  Нияз  батырдың  билі-

гінде, 


Абақтың  500  отбасы  Нияз  батырдың  билігінде, 

бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде  болмаған. 

Нияз батыр туралы жазба деректер


Тағылым

33

(Қарқаралы  сыртындағы  Көкшетау  керейлері  емес  пе 



екен? –З.Т.)

Атығай-арғынның 1000 отбасы Жәпек батырдың,

Қарауыл-арғынның 2000 отбасы Итқара батырдың,

Бәсетиін-арғынның 2000 отбасы Жанұзақ батырдың,

Тобықты-арғынның 1000 отбасы Қарпық бидің,

Қозған-арғынның 1000 отбасы Төлеуке бидің, 

Төртуыл-арғынның 2000 отбасы Бабеке бидің,

Арғын майлы-балта руының 1000 отбасы Итқара ба-

тырдың,

Баба-арғыннның    500  отбасы Бабаназар бидің  қара-



уында.

Жоғарыда  аталған  арғынның  11  руы    жылдың  төрт 

маусымында  Обаған-Тобыл,  Ханшаған-Мөде  қатарлы 

жерлерде көшіп-қонып мал бағып жүреді...

Биыл  Алтай-арғындардың  Қазыбек  би,  Нияз  батыр 

сынды адамдары Қарқаралы, Қазылық (Ежелгі ауыз әде-

биетінде  «он  екі  Қазылық  ой  Түндік»  аталған:  Қарқа-

ралы,  Қу,  Кент,  Боқты,  Мыржық,  Едірей,  Қызыларай, 

Бұғылы, Тағылы, Баянаула, Желтау, Далба, кейде «Арқа-

дағы  «бес  Қазылық»  аталған:  Қарқаралы,  Қу,  Едірей, 

Мыржық, Кент таулары аймағы. –З.Т.) жерлеріне қоны-

станған.


Төлеңгіт тайпасының 1 000 отбасы Жаназар (Жанба-

зар болуы мүмкін. –З.Т.) батырдың билігінде, бұрынғы 

тексеруде  бұл  тайпа  тізім  дәптерінде  болмаған.  Елдің 

айтуына қарағанда, бұл тайпаның халқы Тәуке ханның 

иелігінде болған. Мұнда әртүрлі адамдар бар. 

Терістаңбалы тайпасының 1000 отбасы Жарылғап ба-

тырдың билігінде;

Қаракерей-байжігіт найманның 10 000 отбасы Қабан-

бай батыр мен Дәулетбай батырдың билігінде;

Матай-найманның 10 000 отбасы Олжабай мен Ата-

лықтың билігінде;

Садыр-найманның  1  000  отбасы  Малай  батырдың 

билігінде;

Төртуыл-найманның  1  000 

отбасы  Тұңғатар  бидің  билігін-

де;


Болақшы-найманның 

500 


отбасы Таз батырдың билігінде. 

Бұрынғы  тексеруде  бұл  тайпа 

тізім дәптерінде  болмаған. 

Көкжарлы-найманның  1  000 

отбасы  Барақ  батырдың    билі-

гінде;


Бура-найманның 2 000 отба-

сы Жаубасар батырдың билігін-

де;

Бағаналы-найманның  2  000 



отбасы  Малар  батырдың  билі-

гінде; 


Ашамайлы-керейдің  10  000 

отбасы  Тұрсынбай  батырдың 

(Балта-керей  Тұрсынбай  ата-

наған батыр. –З.Т.) билігінде;

Абақ-керейдің  1  000  отбасы 

Қожаберген  батырдың    билігін-

де;

Ителі-керейдің  1 000 отбасы 



Жантөре батырдың билігінде. 

Уақ тайпасының 1 000 отба-

сы Сары Баянның билігінде;

Уақ тайпасының 1 000 отбасы Тілеу батырдың билі-

гінде. 

Уақ тайпасының Бармақ батыры 500 отбасын басқа-



рады. 

Ергенекті-уақ руының 1 000 отбасы Есенқұл батыр-

дың билігінде. 

Жаңа уақтың 500 отбасы Сары батырдың  билігінде. 

Қыпшақ тайпасының 3 000 отбасы Қошқарбай батырдың 

билігінде;

Жоғарыда  айтылғандай,  үлкендеу  ру  тайпалардың  

жалпы саны 35, олардағы отбасының саны 68 000 астам.

(7.36-42).

Зерттеуші Бақыт Еженханұлы бұл құжаттың маңыз-

ды мағлұмат екенін атай келе, «мәліметтерді қазақ дала-

сына барған мәнжу елшілері Абылай ханның өз аузынан 

естіп, жазып алғанына»(7.42). көз жеткізген. Демек, бұл 

деректердің асыл дәйегі берік екендігіне сенуге болады.

Бұл деректер де Нияз бабамыздың өз заманында, Қа-

зақ  хандығының  мемлекеттік  басқару  жүйесінде  алған 

ерекше орнын көрсетеді. Жеке тұлғаға арналған осынау 

шағын жазбаларда Тәуелсіз Қазақстанның өткен тарихы-

на  барлау  жасауға  талпыныс  жасадық.  Бұдан  шығатын 

қорытынды - әр дәуірдің ерекшелігіне қарай, халықтың 

тағдырын мойнына алған көсемдері мен шешендері, би-

лері мен батырлары болған. Егер, бүгінгі біздің бойымы-

зда өз ұлтымызға, жерімізге деген сүйіспеншілік, құрмет 

сезімі  болса,  жүрегімізде  бір  мысқал  намыс  болса,  сол 

ата-бабаларымыздан қалған. Неше ғасыр өтсе де, бойға 

қуат, ойға дәт беретін осы өнегені қастерлей білсек қана, 

өзіміздің қазақ екенімізді ұмытпаймыз. Ол үшін тарихты 

білу керек, білуге талпыну керек.   



Зарқын ТАЙшыБАЙ, 

М. Қозыбаев атындағы СҚМу профессоры

Татулық – туымыз

34

Ұлт 



пен 

ұлыстың 

татулығы 

елімізде-

гі        ынтымақтастық  пен 

тұрақтылықтың басты ке-

пілі.  Заманында  өз  ұлтын 

өзгелерден  биік  қоятын 

кеңестік  жүйе  қалыптас-

тырған  импералистік  иде-

ологияны  өз  ұлтының 

мүддесі жолында қайталау 

Қазақстанға  қажет  емес 

еді.  Бұл  жаңа  ғана  қадам 

басқан  көпұлтты,  көпкон-

фессиялы  мемлекеттің  да-

муына төнген қауіп болатын. Бұл ретте 1995 жылдың 

1  наурызында  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұл-

таралық келісімді нығайту мақсатында «Қазақстан 

халқы Ассамблеясы» құрылған еді.

Бір  мемлекеттің  көптеген  ұлттары  мен  ұлыстарын 

бір арнаға тоғыстырған ортақ шаңырақ құрылған күннен 

бастап 20 жыл ішінде этносаралық және конфессияара-

лық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жү-

зеге асыруда маңызды құралға айналып үлгерді.

Ұлттық  ұланының  «Шығыс»  өңірлік  қолбас-

шылығында  қатардағы  сарбаздардан  бастап  жоғары 

шенді  офицерлерге  дейінгі  арасында  қазақ,  қырғыз, 

орыс, татар, өзбек, неміс, украин сынды өзге де көпте-

ген ұлт өкілдері бар. Тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, 

жүрегі  бір  қазақстандықтарды  біріктірер  ортақ  үлкен 

мақсат бар. Ол - өз мемлекетінің мүддесі жолында аян-

бай еңбек ету. Осы ретте өзі тұрып жатқан мемлекетінің 

тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында бүкіл ғұмырын ар-

наған әскерилер баршылық. 

Соның  бірі  5512  әскери  бөлімінде  әскери  қызметін 

абыроймен атқарып жүрген сержант Панченко Дмитрий 

Евгеньевич. Ұлты орыс. Ол 1985 жылы 7 қыркүйек күні 

Қостанай  облысы  Рудный  қаласында  дүниеге  келген. 

1992 жылы Қ. Сәтпаев атындағы экология лицейінің та-

балдырығын  аттаған.  Әскер  қатарына  шақырылмастан 

бұрын  ата-анасына,  артындағы  іні-қарындастарына 

қолғабыс болу үшін маңдай термен адал ақы тауып, ең-

бек жолына ерте жасынан араласыпты.

–  Жаңа  ғана  егемен  ел  болған,  тәуелсіздіктің  елең- 

алаң  шағында  халықтың  басына  түскен  қиыншылық 

мемлекетіміздегі көптеген ұлттардың бірлігін одан сай-

ын нығайта түсті. Мейлі сен қазақ бол, қырғыз, я болма-

са орыс бол, бәрінің илегені бір терінің пұшпағы еді. Ол 

– ортақ Отанымызды одан сайын нығайта түсуге деген 

Отаны


 

бірдің – ұраны

 

бір


Отаны

 

бірдің – ұраны



 

бір


Татулық – туымыз

35

үлкен құлшыныс еді,– дейді кешегі күннен сыр шерт-



кен сержант Д. Панченко.

2004  жылдың  көктемінде  әскер  қатарына  шақы-

рылған  Дмитрий  Отан  алдындағы  борыныш  қыз-

метін өтегеннен кейін 5512 әскери бөлімінде қызметін 

жалғас тыруға қалған екен. Қысқа мерзімді сержант-

тық  курс тарды  тәмамдаған.  Бүгінде  бөлімше  коман-

дирі. Өз қызметін құрметтейді, Отан қорғауды ардың 

ісі, азаматтықтың асқар шыңы деп біледі. Сәтін сал-

са, лайықты білім алып, офицер болуға да талпынып 

жүр.  Қазіргі  уақытта  жан  жары  Юлия  екеуі  Руслан 

мен Кирилл атты екі ұлдарын өнегелі тәрбиелеп отыр. 

«Ұлдарыңа  тәрбие  беруде  басты  қандай  қағидаларды 

берік ұстанасың», деген сауалымызға: «Менің өмірдегі 

жұлдыздарым әке жолын қуар деп үміттенемін. Өйткені, 

бұл менің ғана қалауым емес, бүкіл әулетіміздің арма-

ны. Неге десеңіз, ер азамат әуелде елі үшін жаратыла-

ды. Демек, ұлтым, нәсілім, тілім басқа деп жатсынбай, 

өзі өсіп-өнген елдің туын ұстар нағыз айбынды азаматы 

болуы тиіс. Бала тәрбиесіне келгенде әуелде осы қағи-

даларға жүгінемін. Орыс болайық, қазақ болайық, өзбек 

болайық, біздің бір ғана ортақ Отанымыз бар, ол – Қа-

зақстан.  Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасқан  борышымыздың 

атқарылуы Қарулы Күштеріміздің қуаттылығымен тіке-

лей байланысты. Яғни, Қарулы Күштеріміздің қатарын 

толықтыратын,  еліміздің  тыныштығын  қадағалайтын 

осы біздер», – дейді сержант Д. Панченко.

Еліміздің барлық аума ғында тамырлас болмасақ та, 

тағдырлас болған талай ұлт өкілдері бар. Кеңес Одағы 

ыдырағаннан  кейін,  бір  бү тіннің  сынығындай  бөлек 

шыққан ел болдық. Экономикалық реформасы жоқ, са-

яси бағыт-бағдары да бұлыңғыр бұл мемлекеттің ертеңі-

не әуелде сеніммен қарағандар аз еді. Десе де, көпұлтты 

болғанымен санаулы ғана халқы бар Қазақ елінің бірлігі 

сол қиын-қыстау заманнан-ақ байқалған. Ата жұртына ат 

басын бұрып, Қазақстанды тастап кетпей, өмір жолын 

еңбек жолымен ұштастыра білген жандар жетерлік. 

Соның  бірі  «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығына  қа-

расты  5518  әскери  бөлімінің  кітапхана  бастығы  Зуева 

Ольга  Владимировна.  Бұл  кісі  Ресейден  Қазақстанға 

60  жылдары  көшіп  келген.  Ұлты  орыс.  1976  жылы 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6638 әске-

ри бөлімінің кітапхана басшысы болып, кейіннен, 1980 

жылы  әскери  қызметке  ауысқан.  1995-2005  жылдары 

5518 әскери бөліміне қарасты клуб бастығы лауазымын-

да  қызмет  атқарған.  Ольга  Владимировна  өзінің  еңбек 

жолында  ұлтаралық  қарым-қатынасты  нығайтуға  қа-

тысты бірқатар игі жұмыстарды ұқыпты атқара білген. 

Мәселен,  Шығыс  Қазақстан  облысы  бойынша  Ұлттар 

достастығы  үйінің  кіші  ассамблеясымен  тығыз  байла-

ныс орнатып, түрлі облыстық шараларды абыроймен өт-

кізіп келе жатқан жайы бар. Сәйкесінше, ерен еңбектері 

бүгінгі күнге дейін еш елеусіз қалған емес. Әскери-па-

триоттық тәрбие жұмыс тарын облыстық, қалалық және 

әскери бөлім бойынша белсенді, сапалы әрі абыроймен 

атқара білгені үшін Қазақстан Республикасы  Ішкі істер 

министрлігінің Құрмет грамотасымен, Ұлттық ұлан Бас 

қолбасшысы,  полк  командирінің  құқығымен  марапат-

талған. Заманында көршілес ата жұртынан ауып келген 

Ольга Владимировна қазақ жерін қастерлі мекенім, мәң-

гілік Отаным деп біледі.

– Себебі, бала жасымнан осы елде ілім алып, осы ел-

дің дәмін татып, еңбек жолын бастаған – Қазақ елінің то-

пырағы қашан да ыстық, – дейді Ольга Зуева.

«Ал, қазіргі уақытта әскери бөлімдегі ұлтаралық та-

тулықты, қарым-қатынастарды әлі де ілгерілету, нығайту 

жолында нақты қандай жұмыстар атқарылып жатыр?», 

деген сауалымызға Ольга Владимировна өз жауабын бы-

лай тізбектеп берді: «Бүгінгі таңда біз түрлі ұлт өкілдері 

бір шаңырақтың астында ешбір ұлтаралық шиеленіссіз, 

тату-тәтті ғұмыр кешіп жатырмыз. Оның бірден-бір ай-

ғағын алыстан арбаламай-ақ, өз әскери бөлімімізден кел-

тірсе болады. Бүгінде біз Шығыс Қазақстан облысының 

халықтар достастығы кіші ассамблеясының белорус, ар-

мян, шешен халықтарының мәдениет орталықтарымен 

тығыз  байланыс  орнатқанбыз.  Ресми  және  бейресми 

мерекелерде аталмыш орталықтармен бірлесе түрлі мә-

дени  шаралар  өткізіліп  тұрады.  «Тіл  –  достық  кепілі» 

атты арнайы тақырыптық кеште өзге ұлт өкілдері қазақ 

тілінде ән айтып, би билесе, қазақтар шешен биін билеп, 

белорус ұлт өкілдері татар жырларын жатқа оқыды. Сон-

дай-ақ,  Жайдарман  ойындарындағы  әскерилердің  қой-

ылымдары,әзілдері қос тілде әдемі үйлесіп өтеді. Бұл да 

ұлтаралық тілдердің өзара тығыз байланыста болуының 

жемісі болса керек», – дейді Ольга Владимировна.

«Сіз  осы  елдің  азаматы  ретінде  Қазақстанның  әрі 

қарай  дамуы  жолында,  тұрақтылығы  мен  татулығын 

сақтау  үшін  бізге  басты  қандай  құндылықтарымызды 

қорғай білуіміз керек деп ойлайсыз?», деген сауалымыз-

ға: «Шыны керек, бұл сұрақтың жауабы бірлікте. Әсіре-

се, түрлі ұлт өкілдерінің бір байрақтың астында еңбек 

етіп, болашаққа жоспар құрып, тату-тәтті ғұмыр кешіп, 

бірлігі жараса, берекелі елдің бүтіндігін сақтап отыруы 

мені  шексіз  қуантады.  Өйткені,  қазіргі  таңда  әлемдегі 

көп  мемлекеттерді  мысалға  алып  қарасаңыз,  олардың 

көбі ұлтаралық, діни, саяси қақтығыстарға толы. Осы ел-

дердің басындағыны біздің елге бермесін деп тілейміз. 

Ел тыныштығы, ұлтаралық татулықтың тамыры тереңге 

жайыла беруі біз үшін басты құндылық», – дейді Ольга 

Владимировна.

Расында, бір байрақтың астында жиылғандар жалғыз 

ғана  ұлттан  құралуы  мүмкін,  бірақ,  ортақ  мүдде  бол-

маса, берекесі қашар. Ал, бір емес, бірнеше ұлттар бір 

байрақтың астына бірігіп қоймай, бір мүдде, бір мақсат-

та еңбек етіп, елдікті сақтау жолында татулықты ту ету 

тұрақтылығымыздың кепілі екеніне анық көз жетті. Ен-

деше, елдігіміз осы жолдан айнымасын деп тіледік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет