Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді Іс-шара барысында маңыз ды бағ- дар ламалық құжаттарға қатысты негізгі ұстанымдар қарас ты рыл ды



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата01.02.2017
өлшемі10,53 Mb.
#3182
  1   2   3   4

№93  (10242)

...Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық 

даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді Іс-шара барысында маңыз ды бағ-

дар ламалық құжаттарға қатысты негізгі ұстанымдар қарас ты рыл ды.

Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық сала мәселелері жан-жақты қарас-

тыруды талап ететінін атап өтті. Өнім көлемін ұлғайту, өнімділікті 

арттыру, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру, азық-тү 

лік 

импортын азайту, өңделген өнім экспортын көбейту және ауыл шаруа шы-

лығы кооперациясын жетілдіру, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жө нін дегі 

мемлекеттік бағдарламаның басымдығы бар бағыттары болып саналады.

«Біздің өңдеуші кәсіпорындарымыз 30-40 пайыз жүктемемен жұ-

мыс жүргізуде. Олардың жұмысының толық қуаттылығына жетуін қам-

тамасыз ету үшін шикізат керек, оның жеткізілетін мөлшерін арт тыру 

үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту қажет», - деді Қа зақстан 

Президенті.

 

 

(Ресми ақпарат көздерінен). 

Сенбі, 26  араша, 2016 жыл 

15460

65460


15461

65461


65425

Аймақ жаңалықтарынан дер кезінде құлағдар болғыңыз 

кел се, аталған газеттерге жазылыңыздар!

Жазылым тек «Толқын» газетінің редакциясында жүр-

гізіледі.

Баспас з - 2017

·

·



Құрметті оқырман! Өздеріңіздің сүйікті төл басы-

лым дарыңыз  «Толқын»  газетіне  2017  жылдың  І  жарты 

жыл дығына  жа зылу  жүріп  жатыр.  Жазылу  бағасы  жеке 

азаматтар үшін 1 жыл ға-4000 теңге, 6 айға-2000 тең ге. 

Мекеме, кәсіпорындар үшін бір жылға-6000 теңге, 6 айға-

3000 теңге. Газетке жазылу редак цияда жүргізілуде. Ин-

дек сі-68028. 

Мекен-жа йымыз: Қарасақал Ерімбет көшесі №66 үй. 

Аудан айнасына, жаңалық жаршысына баланған 

басылымға жазылуға асығыңыздар!



Құрметті оқырман!

2017 жылдың баспасөзге жазылу науқанында 

аудандық «Тол қын» газеті редакциясы арқылы төмендегі 

газеттерге  жа зы луға  болады. 



Іссапар

·

·



Кеше ауданымызға келген облыс әкі 

мі 


Қырымбек Көшербаев Арал ауданы әкім ді-

гінің мәжіліс залында көшпелі отырыс өт кіз-

ді. Мұнда ауданның әлеуметтік-эконо ми ка-

лық дамуына қатысты әр саладағы мәселелер 

басты назарда болды. Алдымен, тәуелсіздік 

жылдарындағы та рихи жетістіктерге ерекше 

тоқталған ай мақ басшысы, облыстағы әрбір 

саладағы айтарлықтай көрсеткіштер мен 

жетістіктерді ортаға салды. Сосын, об 

лыс 


әкімдігінің қаулысымен «Арал ауданы 

ның 


жол картасын» қабылдау туралы шешім 

қабылданғанын және соған сәйкес облыс 

әкімінің  орынбасары  Қ.  Ысқақов  бас   қарған, 

құрамында облыстық басқарма бас шылары 

бар жұмысшы тобы ауданның әлеу 

 

меттік-



эко номикалық  жағдайын  қам та масыз  етуді 

және  күрделі  мәселелерді  ше  шу ге  бағыт-

талған нақты ұсыныстарды әзір легенін ортаға 

салды. Сондай-ақ, ауданда балық ша 

руа-

шы лығы  са ласының  қарқынды  дамып  келе 



жатқанын айтып, осыған сай бүгінде бірне-

ше өндіріс орындары нәтижелі жұмыс жа-

сауы ның  арқасында  өңделген  балық  өнім-

дері Еуропаның әр аймағына таралып жат қа-

нын тілге тиек етті. Сонымен бірге, ау дан ды 

газдандыру  жұмыстары  алдағы  уа қыт тары 

жан-жақты қолға алынып, облыс ор та лығына 

жақын аудан орталықтарын және Арал ау-

данына қарасты Сексеуіл және Жақ сы қы-

лыш кенттерін газдандыру жұмысы қолға 

алы натынын  жеткізді. 

Мұнан соң, аудан әкімі М. Оразбаев «Арал 

ауданының экономикасын дамытудың 2017-

2019 жылдарға арналған жол картасының» 

жобасы жөнінде хабарлама жасады. Ау дан-

дағы көптеген күрделі мәселелерді қамти оты-

рып, аудан экономикасын дамытуға жағ дай 

жасайтын 11 бағыт айқындалғанын және оған 

жұмсалуға тиіс қаражаттың құны 90 млрд. 

теңгеден асатынын назарға ұсынды. Сосын, 

облыс әкі мінің орынбасары Қ. Ысқақов та 

аталмыш жобаға қатысты баяндама жасады.

Бұл жобаның алдағы уақытта ауданның 

өр кендеуіне  сөзсіз  септігін  тигізетіні  анық. 

Сондай-ақ, аталған жоба ая 

сында ауданға 

қа  жетті  қаржы  алдағы  уа қыт та  бюджеттен 

нақты қаралатынын және соған сай жасала-

тын жұмыстарға бақылау жан-жақты кү шей-

тілетінін  жеткізді.  Оны  жер гілікті  мәс    лихат 

депутаттары және «Нұр Отан» пар тиясы ау-

дандық  филиалының  мү ше лері  ба қылайтын 

болады. 

Аймақ басшысы сонымен бірге, алдағы 

жы лы  ауданда  кальцийлен  ді рілген  сода  зауы-

ты ның  құрылысы  бас тала тынын  және  аудан-

дық  орталық  ауру хана  ғи мараты  қайта  салы-

на ты нын  айтты.

Зейнеткер А. Үмбетов алдағы уақытта ма-

ңызды жоба қолға алынғалы тұрғанын және 

бұл аудан халқы үшін үлкен жаңалық бо ла-

ты нын жеткізіп, елге жұмыс жасап жатқан 

ай мақ  басшысына  және  аудан  әкімі  бастаған 

аза маттарға алғысын жеткізді. 

Жиын соңында облыс әкімі аудан эко но-

ми касын  дамыту  аясында  қолға  алынған  жол 

картасы жобасын нақты жүзеге асыруды 

жауапты жергілікті басқарма басшыларына 

тап сырып,  тиісті  қаржыны  алдағы  жылы  бө-

лу ге жұмыс жасау керектігіне тоқталды.

Осы күні 2013 жылы құрылысы басталып, 

жаңаша, келісті түрде салынған аудандық 

мешіт ашылды. Мешіт маңына жи 

налған 


жұртшылықта есеп жоқ. Барлығы да жаңадан 

тұрғызылған Алла үйінің ел игілігіне ұзақ жыл-

дар бойы жарауына тілектестік ниетте. Екі 

қа бат ты  бұл  мешіттің  жалпы  сыйымдылығы 

1000-1500 адамға арналған. Ішінде ерлер мен 

әйелдерге арналған намазжай, имамдар және 

молдалар бөлмелері, Құран оқитын және шә-

кірттер оқытатын бөлмелері бар. 

Мұнда «Арал ауданының құрметті 

азаматы», дербес зейнеткер Ш. Дәр-

мағамбетов және «СК-Фармация» ЖШС-нің 

басқарма төрағасы Н. Әлібаевтар сөз алып, 

жаңа дан  ашылып  жатқан  мешіттің  қашан  да 

жамағатты иамандылыққа баулитын орталық 

болып қала беруіне өз тілектестіктерін білдір-

ді. 


Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқар-

ма сы ның  Қызылорда  облысы  бойынша  өкілі, 

орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас 

имамы Талғат қажы Омаров Құран оқыды.

...Жалпы, қорыта айтқанда айдынды Арал-

дың келешегі кемел болмақ. 



А. БИСЕНОВ,

«Толқын» газетінің арнаулы тілшісі.

АЙДЫНДЫ  АРАЛДЫ   КЕЛЕШЕГІ  КЕМЕЛ

Париж қаласында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық 

ком  паниясының  Басқарма  Төрағасы  Ахметжан  Есімов 

басқарған делегациясы Халықаралық Көрмелер Бю ро-

сының 160 Бас Ассамблеясына қатысты.

Ұлттық компания басшысы өз сөзінде көрмеге дай-

ын дық  барысымен  таныстырып,  алдағы  кезеңдегі  ком-

пания жоспары туралы айтып өтті.  

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты 

са 


тын-

дығын 106 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым рас-

тады. 103 секция Комиссарлары тағайындалды, 89 қа-

тысу келісімшартына қол қойылды. Ұлттық күнді өт кі-

зуге арналған 93 күннің 67-сі бекітіліп қойды. Да му шы 

мемлекеттерге қолдау көрсету бойынша жұ 

мыс 

тар 


жа салып  жатыр.  Ұлы  жібек  жолындағы  мем ле кеттер, 

Египет, халықаралық ұйымдар, Кариб қауым дас тығы, 

Африка,  Тынық  мұхиты  мемлекеттеріне  тех ни  ка лық 

сес сиялар  өткізілді.  Павильондар  ди зай ны,  қа тысу  тұ-

жы рымдамасы  және  тағы  да  басқа  ұйым дастыру шылық 

мәселелер  талқыланды.  Көрме  қа ты су шылары  мен 

қонақтары мемлекеттік органдар қызметін жылдам әрі 

ыңғайлы формада ала алуы үшін бірегей қызмет көрсету 

орталығы ашылды. Бір аптадан кейін, 2016 жылдың 1 

желтоқсанында бірегей қызмет көрсету орталығы жұ-

мы сын бастайтын болады.           

Құрылыс жұмыстары бойынша, Басқарма Төра ға-

сы ның  сөзінше,  кестеге  сәйкес  атқарылып  жатыр.  90 

пайызы аяқталды. 

«Алғашқы 5 мемлекет өз павильондарын алды. Осы 

сәтті пайдалана отырып, қатысушыларды инс 

тал-

ляциялық жұмыстарды тездетіп бастауға шақырамын. 



Павильондар Сіздердің толық құзыреттеріңізде. 

Сондай-ақ, ЭКСПО қалашық құрылысы аяқталды. Біз қо-

нақ тарды  қабылдауға  дайынбыз.  Қазіргі  уақытта  360 

пәтер бекітіліп, басқа мемлекеттерден тапсырыс кү-

ту деміз», - деп атап өтті Ахметжан Есімов. 

Сонымен қатар, ұлттық компания басшысы көрме 

контентіне тоқталды, «Қазақстан» павильоны мен Үздік 

тәжірибелер аймағы туралы айтты. Атап өту керек, ха-

лы қаралық  байқау  жарияланып,  25  мемлекеттен  133 

өтінімдер келіп түсті. Халықаралық іріктеу комиссиясы 

оның 24 үздік жобасын таңдап алды. 

«Бұл павильон кәсіби қатысушылардан басқа көрме 

келушілерінің әрбірі үшін қызықты болатындығына 

күмән жоқ»,-деді ұлттық компания басшысы. 

Халықаралық Көрмелер Бюросының мүшелері 

ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады.  

«Мейлінше әдемі, қызықты павильондары бар жақ-

сы көрме ұйымдастырып, Қазақстан мен оның аза-

маттарын ілгерілету-біздің басты басым 

дықтары-


мыз дың  бірі.  Астанаға  әлемнің  түкпір-түкпі рі нен 

жи налған  қонақтар  үш  жаңалық  ашатын  бо ла ды  – 

Қазақстан, шын мәнінде тамаша мемлекет, Аста на, 

жайлау  ортасындағы  ғажайып  және  сәтті  өте тін ді гіне 

сенім білдіретін ЭКСПО-2017 көрмесі», - деді Халық-

аралық Көрмелер Бюросының Бас Хатшысы Висенте 

Лоссерталес.      

Сондай-ақ, ХКБ Ассамблеясында аталғандай, 2017 

жылдың 1 қаңтарында Экономикалық серіктестік және 

даму ұйымы мемлекеттері, Малайзия, Монако, ОАЭ, 

Сингапур, Литва, Мальта, Болгария, Румыния, Кипр мем-

лекеттері үшін визасыз режим іске қосылатын болады. 

Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Тө-

ра ғасы Ахметжан Есімов айтты.

Міне, тағы да бір маңызды құжат қабылданды. 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл ды-

ғы на  арналған  Декларацияда  Елбасымыздың  ерен 

еңбегінің нәтижесінде еліміздің қол жеткізген же-

тіс тіктері  кеңінен  көрініс  тапты.  Мәні  зор  құ жат ты 

барлық қазақстандықтар секілді тыңдап, бас па сөз-

ден оқып, бір серпіліп қалдым.

Иә, Тәуелсіздік алғаннан бергі ширек ғасыр 

Қа зақ стан  үшін  ілгерілеу  мен  орнықты  даму 

кезеңі болды. Әрине, мұның бәріне оңайлықпен 

қол жеткізген жоқ 

пыз. Дағдарысты да, қиындау 

уақыттардың ауырт 

палығын да басымыздан 

өткердік. Бірақ, елдің тыныштығы мен болашаққа 

деген сенім қазақ стан дық тарды алға жетелей түсті.

Декларацияда Қазақстанның өткен жолына 

жан-жақты шолу жасалған. Тәуелсіздіктің ал-

ғаш қы  күндерінен  бастап  еліміздің  саясаты  ұзақ 

мерзімге негізделді. Қазақстандықтардың әл-ау-

қаты, өмірдің жоғарғы сапасына жүйелі де мақ-

сат ты  ұмтылысы  басты  назарға  алынды.  Қай  сала 

бол сын,  мемлекет  қамқорлығынан  тыс  қалған  жоқ. 

Түрлі бағдарламалар халықтың жағдайын жақ-

сар тып,  мәселелерін  шешуге  үлкен  қолдау  болды. 

Жаһанды қарусыз бейбіт өмір сүруге үн 

де 

ген 


Президентіміздің салиқалы саясатының нәти 

же-


сінде, еліміздің әлемдік дипломатиядағы қадамдары 

да табыстылығымен көңілімізді тоқ қылуда. 

Қазақстан әлем елдерінің басым бөлігімен сенімді 

достық және ынтымақтастық қарым-қатынастар ор-

натып, халықаралық ұйымдардың қызметіне бел-

сен ді түрде араласып келеді.   Конфессияаралық 

және этносаралық татулық пен келісім үстемдік 

құр ған  мемлекет  дамуының  бүкіл  әлемде  танылған 

жаңа бірегей моделін құрды. Сондай-ақ, жоғары 

эко номикалық  көрсеткіштерге  де  қол  жеткізілді. 

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа 

эко номикалық  саясаты,  «100  нақты  қадам»  Ұлт  жос-

пары сынды әлемнің ең дамыған мемлекеттерінің 

қа тарына  кіруге  қадам  жасаған  жоспарлар  бойынша 

нақты жұмыстар жүзеге асырылуда.

Ендігі мақсатымыз-барша қазақстандықтарды 

ор тақ  мүдде  мен  мақсатқа  біріктірген  «Мәңгілік  Ел» 

құн дылықтарын  қастерлей  отырып,  жаңа  белестерге 

кө терілу.  Ол  биіктіктерге  бекем  бірлігімізбен,  ерен 

ең бе гімізбен  жететініміз  мәлім.



Асқар ШАРАПАТОВ,

Қарақұм ауылдық округі 

әкімшілігінің бас маманы.

Жуырда Бас қаламызда Парламент 

палаталарының бірлескен отырысы бо-

лып, депутаттар Тәуелсіздігіміздің 25 

жыл дығына арналған  Декларация қа-

был даған  еді.  Осындай  аз  уақыттың 

ішін де  жеткен  жетістіктеріміздің  бар-

лы  ғы  дерлік  Елбасымызбен  тікелей  бай-

ла  нысты  болғандықтан,  өте  ма ңыз ды  та-

рихи құжатты қабылдау дұ рыс деп есеп-

теймін. Мемлекеттік сая сат пен құ қық-

тық,  сондай-ақ,    халық ара лық  қа рым-қа-

тынастардың негізгі принцип те рін сал-

та нат ты  түрде  жариялайтын  бұл  құжат 

Ақорда төрінде   «Қазақстан-2050»  және 

«Мәңгілік Ел» стратегиялық бағыттары 

бойынша  жарқын болашаққа сенім біл-

ді ре отырып қабылданды.  Онда эко но-

ми касы  дамыған,  табысқа  жету  ке зін де 

өзіндік тәжірибесі бар  және әлеу мет-

тік салаларда жетістікке жеткен,  сая-

си тұ рақтылығы сақталған егеменді ел 

екен ді гіміз  жайында  айтылды.  Қазақ-

стан ның  орнықты  өсіп-өркендеу  жо-

лын ашқан Елбасымыз өз тарихында 

тұң ғыш рет заманауи мемлекет құрды. 

Бү гін де  әлемнің  дамыған  30  елінің  қа-

та ры на  қосылуға  қадам  басқан  хал қы-

мыз  өзге  елдерге  тек  ғаламдық  яд ро лық 

қарусыздану қозғалысының көш бас шы-

сы ретінде ғана танылмай, байыпты бас-

та ма ла рымен  үлкен  құрметке  ие  болып 

отыр. 

Иә, Қазақстанның өткені мен 



келеше гі 

жайында 


талқыланған 

Декларацияда көптеген жетістіктеріміз 

жайында сөз қоз ғалды. Соның ішінде, 

Елбасымыз Н.Назарбаевтың еліміздің 

тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін 

қабілетті Қарулы күш 

терді түбегейлі 

реформалады. Ширек ғасыр ішінде 

жеткен жетістіктеріміздің бірі әскери 

қуаттылықты арттыруы дер едім. Мән-

маңызы зор тарихи құжаттың Тұңғыш 

Президентіміздің есімімен бай 

ла-

ныстыра отырып қабылдануы зор 



қуаныш деп білеміз. Бұл-еліміз үшін 

ерекше орын алатын маңызды шешім. 

Яғни, Декларацияның қабылдануы біз-

дің та рихымыз бен болашақ ұрпағы мыз-

ға қалдыратын асыл мұрамыз.

Р. ӘЛІПОВ,

№21 Қамыстыбас 

орта мектебінің директоры.

Декларация:  үн  қосу

·

·



2

·

Ауылымыз аудан орталығынан шалғай орна-



лас қанымен,  заман  ағымына  сай  даму  үдерісінен 

қалыс қалған жоқ. Жыл сайын оң өзгерістер орын 

алып, қашан да сапалы нәтиже үшін жұмыс жасап 

келеміз. Тәуелсіздік алған ширек ғасыр ішінде елі-

міз еңсесін тіктеп, кемелдікке бет бұрды. Сол еңселі 

егемендіктің арқасында жасампаздыққа, жа 

ңа-

шыл дыққа  ұмтылдық.  Бұл  тың  серпілістен  біз  де 



шет кері қалмадық. «Ауылдың дамуы-тұтас мем ле-

кеттің дамуы» деген қағиданы басты нысана етіп, 

Ел ба сының  ел  дамуы  бағытында  берген  тапсырма-

ларының үдесінен шығып келеміз. Бұл сөзімізге 

өзіміздің шағын ауылымыздағы ауқымды істер 

мен толымды тірліктер айқын дәйек бола алады. 

Мәселен, қазіргі таңда өзім басқарып отырған ауыл-

дың әлеуметтік жағдайы жылдан-жылға дамып 

ке 

 

леді. Халықтың әл-ауқаты өткен жылдарға қа-



ра ғанда  айтарлықтай  жоғары  деңгейде.  Округ  бо-

йын ша  әр  түрлі  салада  шаруа  қожалықтары  мен 

кәсіпкерлер жұмыс істеуде. Атап айтсақ, «Жұ мыс-

пен қамту-2020» бағдарламасы аясында 1 азамат 2 

млн. 100 мың теңге несие алып, қазіргі таңда жыл қы 

малын сатып алып, қосымша «Сыбаға» бағдар ла масы 

аясында елді мекеннің мүйізді ірі қара ма лының тұ-

қымын жақсарту мақсатында, асыл тұқымды бұқа 

алып жұмыстар жасауда. Биылғы жы лы да ауыл 

аза  матшасы 3 млн. теңге несие алып, өз ша руашы  -

лығын, кәсібін кеңейтуде. Осы бағытта еңбек етіп, 

мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр-

ған тұрғындар бар. Олар мемлекет қам қорлы ғын 

сезініп, тұрмысын түзеуде. Ауылдық округте 73 

қожалық бар, халық саны 501-ге жетіп отыр. Ал, 

орта мектеп, клуб, кітапхана, байланыс бө лім шесі, 

телекоммуникация бөлімі, «Ақбасты» өндірістік коо-

перативі мен медициналық пункт мекемелері ха-

лыққа са палы қыз мет жасап келеді. 

Тірлігінің   тұтқасын   төрт   түліктен тапқан тұрғын-

дар үшін ауыл шаруашылығы да аса маңыздылыққа 

ие. Бұл орайда елді мекендегі мал шаруашылығын 

да мыту  үшін  әр  округке  ветеринариялық  станса  бө -

лім шелері  іске  қосылды.  Олар  заман  талабына  сай 

құралдармен жабдықталып, жаңа көлік те бөлінді. 

Қазіргі таңда 4 қызметкер елді мекендегі төрт тү-

лік малдарын бірдейлендіруге байланысты компью-

терлік базаға енгізіп, әр түрлі ауруларға қарсы егу 

жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, су тұ шыт-

қыш қондырғысына байланысты шешімін тап пай 

отыр ған күрмеулі мәселе де өз шешімін тапты. Қаржы 

бөлініп, бір қызметкер тұрақты жұ мысқа алын ды. 

Ха лық  сумен  қамтамасыз  етіліп  отыр.  Қазіргі  таң-

да  аудандық бюджеттен 207 мың теңге бөлініп, су 

тұшытқыш қондырғысының 

тиісті құжаттары дайындалу 

үстінде. 

Сонымен қатар, «Ақбұлақ» 

бағдарламасы аясында облыс 

әкімі Қырымбек Көшербаев 

ауылымызға келген сапарын-

да тұрғындармен кездес 

кен 

еді. Өңір басшысы ауыл дағы 



ең түйткілді мәселе ауыз су-

дың шешімін табу жол  дарын 

қа  рас тырып, облыстық қордан 5 млн. 300 мың теңге 

бөлді. Сол қаржыға су таситын көлік ел игілігіне пай-

далануға берілді.  

Ауылдың кешегісі мен бүгінгісін салыстырсақ, 

жер мен көктей. Өйткені, ауылдың бұрынғы көңілсіз 

көріністерінің қазір ізін де байқамайсыз. Мәселен, 

аудандық бюджеттен көркейту-көгалдандыру, та-

за лық  жұмыстарына  107  мың  теңге,  ауыз  суға  пай  -

да ланып отырған  шахталық құдықты  тазарту жай 

жөндеу жұмыстарына 520 мың теңге бөлініп, толық 

игерілді. Түнгі жарықтандыруға 3,0 млн. теңге қар-

жы бөлініп, жарықтандыру жұмыстарын аяқ та дық. 

Су тұшыту қондырғысының құрал-жабдықтарына 

1 млн. 300 мың теңге қаржы  бөлініп, нә ти желі жұ-

мыстар атқарылды. Қазіргі таңда «Жол картасы» 

аясында 3 млн. 369 мың теңгеге үл кен «Тағзым» ала-

ңының құрылысы басталып, 16 желтоқсан «Тә уел-

сіздігіміздің 25 жыл ды ғына» елге тарту етілмекші. 

Осынау оң өзгерістер ел тәуел сіз дігінің және Ел ба-

сымыздың жүргізіп отырған сарабдал сая са тының 

арқасы деп бі леміз. Енді елді мекенді жыл дамдығы 

жоғары ин  тернет желісіне қосу және ұялы телефон 

ор нату  мен  халықты  ауыз  сумен  қам тамасыз  ету 

мақ сатында  Қо саман  елді  ме ке нінен  ауыз  су  тарту 

не месе  шахталық  құдық  қазу  жұ мыстарын  жүргізу 

міндеті  тұр.  Иә,  бә се ке лестік  басым  уақытта  сан-

ға емес, сапаға жұ мыс жасауды басты мақсат етіп 

отыр ған жайымыз бар.  

Иә, сонымен, 2003-2005 ауыл жылдарының ал-

ғашқы кезеңінде-ақ білім беру, емдеу меке ме ле рі нің 

материалдық базасын нығайту қолға алынды. Бұл 

үрдіс ширек ғасыр бойы өз жалғасын тауып келеді. 

Ел дәулеті мен сәулетіне өз үлестерін қосуды бас-

ты мақсат тұтқан елді мекен тұрғындарының жан 

жа дыратар игі істері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арналады. Қорыта келе, басты мақсатымыз-ауылды 

уа қыт талабына сай дамыту. 

Қайрат  ӘБДІРАМАНОВ,

Құланды ауылдық округінің әкімі.

АУЫЛДА  АЛ А  БАСУ  БАР

Ақбастының бүгінде шы-

райы кіріп, ажары ашыла 

түс кен.  Заман  ағымына  сай 

жаңашылдыққа бет бұрып, 

дамудың даңғыл жолына тү-

сіп келеді. Көше көркіне де 

баса көңіл бөлініп, түнгі жа-

рық тандыру  жүйелері  іске 

қосылды. Кешқұрым тұр ғын-

дардың емін-еркін жүріп-тұ-

руына жағдай жасау мақ са-

тында «Өңірлерді дамыту» 

бағ дарламасы  аясында  3  млн. 

теңге қаржы бөлініп, орталық 

көшеге 21 бағана орнатылды. 

Самаладай болып жанған ба-

ғана шамдары аядай ауыл-

дың ажарын ашып, көр кіне 

көрік қоса түс 

кен 

дей. Ал, 



ауыл игілігіне жа салып жат-

қан аталмыш ба ғыт та ғы іл-

кім ді  істерге  тұр ғын дар  өз 

та  раптарынан  риза шы лық-

та рын  білдіруде.  Осындай 

ау қымды 

жобалар 

қолға 


алы 

 

нып, кемел келешекке 



жел 

 

кенін түзеген қасиетті 



ме  ке німіз  шалғай  жерден 

орын алса да, дамудың көш 

басын бастап келеді. Ту ған 

жеріміздегі осындай то лым-

ды істер біздерді қуан тады. 

«Көш жүре бара түзеледі» 

демекші, ауы 

лы 


мыз 

дың та-


зарып, кө 

ше 


міздің жа 

рық-


та нып,  көр ке юі не  үлес  қо-

су ды  әрбір  ауыл  тұр ғы ны  өз-

дерінің азамат 

тық боры 

шы 

санайды. 



Ауылдық округ жа 

нын-


дағы қоғамдық кеңес мү-

ше лері  де  ауылды  басқару 

ісіне үлесін қосып келеді. Бір 

сөзбен айтқанда, ел ішіндегі 

әлеу меттік  мәселелерді,  ха-

лық тың  мұң-мұқтажын  тіке-

лей билік өкілдеріне жет кі-

зуші алтын көпір іспетті.



Жайылхан СЛАМБАЕВ,

қоғамдық  кеңес 

төрағасы.

Елді мекендегі №22 орта мектептің 

негізі 1930 жылдары басталған.  1935 

жы лы  Ауаннан  бастауыш, одан соң 

сол жылы 7 жылдық мектеп не гі зін де 

ашылды. Кейіннен, орыс-қазақ ара лас 

мектебі болып, 1939 жылы  9 жыл дық 

мектепке айналды. Соғыстың қиын шы-

лы ғына  байланысты  қайтадан  7  жылдық 

болып өзгертілді. 1950 жылдан бастап 

орта мектепке айналып, алғашқы тү лек-

терін ұшыра бастады. 1959-1960 жылы 

Ауан мектебі Ақбастыға көшірілді.  Ал, 

бастауыш сыныбы Ауанда қалдырылды. 

Ақбастыдан 1977 жылы жаңа мектеп 

салынып, қолданысқа берілді. 

Бұл күндері байтақ респуб ли ка мыз-

дың түкпір-түкпірінде жемісті ең 

бек 

етіп, ғылымның, өнердің алуан са ла ла-



рында тамаша табысқа жету арқылы 

елі мен жерінің, мектебінің жақсы 

атын шығарып жүрген  түлектерімізден 

ғылым докторлары, профессорлар, 

ақын-жа зушылар, 

композиторлар,  

жур на лис тер,  6  аудандық  мәслихаттың 

депутаты мен танымал тұлғалар шықты. 

2012 жылдың 8 желтоқсаны күні 

жаңа типтегі 50 орындық және 20 

орын   дық толық шағын орталыққа ар-

нал ған  мектеп  ашылып,  білім  мен  

тәр бие 

берілуде. 

Мектепте 

ком-


пьютерлік сынып, биология, химия, 

фи зи ка  және  шеберхана  кабинеттері 

жабдық тармен  қамтамасыз  етіліп,  лин-

гафон-мультимедия  кабинеттері  іске  

қосылды. Бала тәрбиесі-ең ауыр әрі 

жа уапты еңбектің бірі. Адамның бес 

жасқа дейін бойына сіңірген тәлімі бү-

кіл ғұмырында алған тәрбиесінің 90 

пайызын құрайды. Халқымыз ежелден 

бала тәрбиесіне аса қатты мән берген. 

Сондықтан, ауылдық жерде де ба ла-

бақшаға деген сұраныс артып келеді.

Осыған орай, 2013 жылы желтоқсан 

айында «Балапан» бағдарламасы ая-

сында мектеп жанынан  толық шағын 

орталық ашылды. Қазіргі таңда 21 ба ла 

тәрбиеленіп, 7 қызметкер жұмыс ат қа-

руда. Білім берудің бәсекеге қабі лет-

тілігін арттыру мақсатындағы деңгейлік 

бағдарламасы және жаңартылған бі лім 

беру жүйесі бойынша мектеп әкім-

ші 


лігі мен пән мұғалімдері курстан 

өтуде. Өткен оқу жылының ҰБТ қо ры-

тын дысында  87  балл  орташа  ұпаймен 

алдыңғы 5 мектептің қатарына еніп, 

оқу шылар  «Серпін»  бағдарламасы    бой-

ынша және ақылы негіздегі жоғарғы 

оқу орындарына түсті. 

Білім мен тәрбие саласындағы   еңбегі 

үшін  Білім және ғылым министрлігінің 

Алғыс хатын, облыс әкімінің және об-

лыс тық  білім  басқармасының  Құрмет 

гра мо таларын  иеленген  ұстаздарымыз 

бар.

Биылғы оқу жылының алғашқы қа-



дамы да оқушыларымыз үшін жемісті 

кезеңмен басталуда. «Ана тілің-арың 

бұл» атты аудандық мүшәйрадан, жа-

ра тылыстану  пәндерінен  өткізілген  

олимпиададан жүлделі орындар алды. 

Тәуелсіздігімізді алуға ата-баба 

ла-

рымыз ұшан-теңіз еңбек сіңірді. Сол 



ба балар  ерлігін  қастерлеу  мақсатында 

«Мың бала» жылы жарияланды. Ұлық-

ты бабалардан іздейтін халықпыз 

ғой. №22 Ауан орта мектебінде ХVІІІ 

ғасырда өмір сүрген, қазақ халқының 

азат тығы  жолында  жоңғар-қал мақ-

тар   мен шайқаста теңдессіз ерлік көр-

сеткен Жылқаман батырға арнап мұ -

ражай ашылды. Жылқаман Отын шы-

ұлы-қазақ батырларының арасында 

ал ғашқылардың  бірі  боп  отты  қару-

мыл 


 

 

тықты меңгерген, әрі құралайды 



көзге атқан мергендігімен аңызға бө-

лен ген  баба  ерлігіне  арналды.  Мұнда ғы 

мақсатымыз-жастардың бойына ұл ты-

мыз дың  батырлық  рухын  егіп,  патриот-

тық сезімін қалыптастыру. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет