Экономические проблемы образования и общества


АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ МАРКЕТИНГА И ФИНАНСОВ



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата01.02.2017
өлшемі3,61 Mb.
#3201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ МАРКЕТИНГА И ФИНАНСОВ 
 
 
Вестник КАСУ
 
26 
құралдардың түсімдері, келіп түсуі, ал кре-
дит бойынша шығыстарды, есептен шығуы 
көрсетіледі. Осы шоттарда негізгі құралдар 
бастапқы  (ағымдағы)  құны  бойынша  баға-
ланады.  Негізгі  құралдар  объектілерінің 
құрылыс  сатып  алу  және  жасау  жолымен 
түсу  күрделі  жұмсау  болып  табылады. 
Күрделі  қаржылардың  өзіндік  құнын 
бағалау және анықтауда 2930 «аяқталмаған 
құрылыс» шоты қолданылады. 
Негізгі  құралдар  субъект  бала-
нысынан  келесі  жағдайлар  нәтижесінде 
есептен  шығарылады:  жою,  сату,  айыр-
бастау, ақысыз - қайтарусыз беру, т.б. 
Жоюға  жіберілген  негізгі  құрал-
дардың  жарамсыздығын  анықтау  үшін  кә-
сіпорын  басшысы  бұйрығымен  комиссия 
құрылады. 
Негізгі  құралдарды  толық  және  жар-
тылай  жоюға  жіберуге  болады.  Жою  акті-
сінде жоюдан шыққан нәтиже, яғни шығыс 
пен  кіріс  арнайы  бағанаға  жазылады. 
Негізгі  құралдардың  есептен  шығуының 
нәтижесі  кірістерге  немесе  шығыстарға 
жатқызылады,  сонымен  қатар  пайда  мен 
шығын есебінде көрсетіледі. 
 
2 кесте. Негізгі құралдардың есептен шығуы 
№  Операциялар мазмұны 
Дебит 
Кредит 

Негізгі  құралдарды  сату  бойынша  шығындар 
болғанда 
7410 
2410 

Негізгі  құралдарды  сату  бойынша  табыстар 
болғанда 
1210,1010, 
1040 
6210 

Сатып  алушыларға  шот  көрсетілген  кезде,  ал 
сатып алушылар төлеген кезде 
1010,1020, 
1040,1050, 
1210, 
1280 
 
Негізгі  құралдар  ұзақ  уақыттық 
кезеңі  ішінде  шаруашылық  қызмет  проце-
сінде  бола  отырып,  бірте-бірте  тозады. 
Тозу  -  бұл  физикалық  және  моральдық 
мінездемелерінен айырылу. 
-  Физикалық  тозу  негізгі  құралдарды 
пайдалану және сыртқы факторлардың әсер 
ету нәтижесі болып саналады. 
- Моральдық тозу соның нәтижесінде 
активтер  ғылым  мен  техниканың  қазіргі 
даму  талаптарына  сәйкес  келмеу  нәтиже-
сіндегі процесті білдіреді. 
Негізгі  құралдарды  моральды  тозды-
ратын факторлар келесідей:  
1)  Өндірістегі  жабдықтар  мен  жаб-
дықтардың  жаңаруы  (ескі  машиналарды 
жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру); 
2)  Технологиялық  процестің  жетілуі 
(жаңа  технология  кезінде  қолданыстағы 
машиналар  мен  жабдықтарды  пайдалану 
мүмкін емес); 
3)  Шығарылған  өнім  номенклату-
расының жаңаруы  мен  өзгеруі  (бұл  орайда 
ескі  машиналар  мен  жабдықтар  жаңа  өнім 
шығаруға жарамсыз);  
4)  Тауар  өндіруге  арналған  маши-
налар  мен  жабдықтардың  санын  азайтуға 
субъектінен  талап  ететін,  кейбір  тауарлар 
сұраныстың азаюы; 
5) Жұмыс күшінің, білікті қызметкер-
лердің 
еңбекпен 
қамтылуындағы, 
өндірістің  географиялық  орналасуындағы 
өзгерістер.  Олар  өндіріс  көлемін,  пайдала-
нылатын  машиналар  мен  жабдықтардың 
санын азайтуға талап етуі мүмкін. 
Бұлар  өнеркәсіптің  өндіруші  сала-
ларындағы  өндіріс  көлемінің  қысқаруына 
әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың 
нәтижесінде  физикалық  тозу  басталғанға 
дейін  негізгі  құрал  объектілерін  жаңасына, 
неғұрлым үнемдісінен ауыстырады. 
Моральды  тозуды  болдырмас  үшін 
негізгі  құрал  объектілерін  қайта  құрады 
және  жаңғыртады.  Мұражай  және  қыл-
қалам 
құндылықтарынан 
кітаптардан, 
фундаментальді  кітапханалардан,  филь-
мдер  қорынан,  сәулет  пен  өнердің  ескер-
ткіші болып табылатын үйлер мен ғимарат-
тардан  басқа  негізгі  құралдардың  барлығы 
моральды тозуға бейім. 
Амортизация  –  бұл  қызмет  мерзімі 
ішінде  активтің  амортизацияланатын  құ-
нын  жүйелі  бөлу  түрінде  тозудың  құнмен 
көрсетілуі,  басқалай  айтсақ,  есептелген 
амортизация  сомасы  белгілі  бір  кезең 
ішінде  пайдаланған  немесе  тұтынған  не-
гізгі құралдардың құнын көрсетеді. 
Амортизацияланатын  құн  пайдалы 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ МАРКЕТИНГА И ФИНАНСОВ 
 
 
Вестник КАСУ
 
27 
қызмет  мерзімі  аяқталғаннан  кейін  сы-
ныққа,  қалдықтарға  айналатын  қосалқы 
бөлшектердің  болжанатын  құны  ретінде 
негізгі  құралдардың  түсуі  кезінде  анық-
талатын  бастапқы  құн  мен  жою  құны  ара-
сындағы айырманы білдіреді. 
Амортизациялық  жарналар  (ауда-
рымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің 
тауарлардың,  жұмыстар  мен  қызметтердің 
элементі және шығысы ретінде танылады. 
Амортизациялық  аударымдар  амор-
тизация  нормалары  бойынша  жасалынады. 
Амортизация  нормасы  -  бұл  амортиза-
циялық  аударымдардың  жылдық  сомасы-
ның  негізгі  құралдардың  жылдық  орташа 
құнына қатынасы. 
Негізгі 
құралдарға 
амортизация 
(тозуын)  есептеудің  басты  мақсаты  олар-
дың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. 
Бұл  көз  амортизацияны  шығыстарға,  шы-
ғындарға қосу есебінен жасалады. 
Амортизациялық  жарналардың  со-
масын  көбейту  немесе  азайту  шығыстарды 
бұрмалауға  алып  келеді,  мұнан  жиынтық 
жылдық 
кірістің 
көлемін, 
кірістерді 
бұрмалау  орын  алады,  демек,  салық  салу-
дағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады. 
Жұмыс  істеген  бүкіл  кезең  ішіндегі 
амортизациялық  жарналардың  жалпы  мөл-
шері  амортизацияланатын  құнға  немесе 
бастапқы және тарату құндары арасындағы 
айырмаға теңестірілуі тиіс. 
Негізгі құралдардың амортизациясын 
есептеудің  әр  түрлі  әдістері  бар.  Шаруа-
шылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік 
есеп  стандартына  сәйкес  дербес  тұрғыда, 
өздерінің  есеп  саясатында  амортизацияны 
есептеудің  тәсілі  бойынша  жасалынады, 
олар: 
-  Құнын  бірқалыпты  (түзу  сызықты) 
жолмен есептен шығару; 
-  Құнын  орындалған  жұмыстың  кө-
леміне  пропорционалды  (немесе  пара-пар) 
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс); 
- Жеделдетіп есептен шығару; 
-  Қалдықты  азайту  жолымен  есептен 
шығару; 
-  Құнын  сандардың  жиынтығы  бой-
ынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару. 
Құнын  бірқалыпты  (түзу  сызықты) 
жолмен  есептеу  әдісі  объектінің  тозған 
құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс 
шығындарына  бір  келкі  бөлуді  қарас-
тырады.  Мысалы:  Объектінің  құны  100000 
теңге,  қызмет  мерзімі  –  10  жыл.  Есептік 
жою  құны  -  2000  теңге,  тозуға  жыл  сай-
ынғы резерв 9800 теңгеге тең болды: 
Негізгі  құралдардың  амортизация-
сының  бірқалыпты  әдісі  мына  формула 
бойынша есептелінеді. 
 
Бастапқы құн – жойылу құны 
Пайдалану мерзімі 
 
100000  -  2000/  10  =  9800.  Ал  ай  сайынғы 
тозу сомасы (9800/12) = 817 теңге. 
 
Құнын  орындалған  жұмыстың  көле-
міне  пропорционалды  (немесе  пара-пар) 
етіп есептен шығару (өндірістік әдіс) – бұл 
әдісте  әрбір  бірлік  өзі  өндірген  активтің 
бірдей  мөлшерінде  амортизациясын  (то-
зудың)  болдырады  деп  қарастырады. 
Активтердің тозуы олардың қолдануы жиі-
лігіне тікелей байланысты. Мысалы: жабық 
техникалық құжаттарына сәйкес 5000 өнім 
бірлігін шығаруға болады. Объектінің құны 
– 27000 теңге, жою құны 300 теңге. 
Онда  бір  өнім  бірлігіне  амортизация 
мөлшері: 
 
Бастапқы құн – жойылу құны 
Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері 
 
(27000-300)/5000=5.34  теңге  болады. 
Егер  бір  айда  400  өнім  бірлігі  шығарылса, 
онда  амортизация  сомасы  2136  теңгені 
құрайды (5.34 x 400) 
Жеделдетіп  есептен  шығару  әдісі  - 
өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі 
құралдардың  көптеген  түрлері  бойынша 
пайдаланылады,  бірақ  ол  оның  алғашқы 
жалдарында  өндірілетін  өнімнің  өзіндік 
құнын негізсіз күрт өсіреді, сондықтан оны 
іс жүзінде пайдалануың өзі екіталай 
Қалдықты  азайту  жолымен  есептен 
шығару  әдісі  кезінде,  түзету  сызықты  тә-
сілде  қолданылатын  амортизация  мөлшері 
екі еселенеді және әрқашанда қалдық құнға 
қолданылады.  Бұл  кезде  амортизация  со-
масы  жылдан  жылға  азая  береді,  алғашқы 
жылдары ол едәуір жоғары болады. 
Амортизация  сомасы  қалдық  құнды 
жою  құнына  дейін  азайтуға  қажетті  шама-
мен  шектелген  соңғы  жылды  қоспағанда, 
болжамды  жою  құны  амортизация  есеп-

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ МАРКЕТИНГА И ФИНАНСОВ 
 
 
Вестник КАСУ
 
28 
теуде есепке алынбайды. Мысалы: объекті-
нің  қызмет  мерзімі  5  жыл,  түзу  сызықты 
тәсіл  кезінде  қолданатын  амортизация 
нормасы  20%-ға  (100/5)  тең  болады.  Онда 
жеңілдетілген  амортизация  үшін  екі  есе-
ленетін  коэффициентін  ескере  отырып  бұл 
норма  40%  болады  және  қалдық  құнға  та-
ғайындалған  мөлшерлеме  болып  табылады 
бұл жағдайда бастапқы құны 100000 теңге, 
ал  жою  құны  10000  теңге  болатын  объекті 
бойынша  жыл  сайынғы  амортизациялық 
аударымдар былай анықталады: 
 
3 кесте. Қалдықты азайту жолымен есептен шығару әдісі 
Бастапқы құны 
Амортизация сомасы 
Қалдық құны 
1 жыл 100000 
40000=(40%Х100000) 
60000 
2 жыл 100000 
24000=(40%Х60000) 
36000 
3 жыл 100000 
14400=(40%Х36000) 
21600 
4 жыл 100000 
8640=(40%Х21600) 
12960 
5 жыл 100000 
2960=12960-2960 
10000 
 
Кумулятивтік  әдіс  -  латын  тілінен 
аударғанда  “өсу  жиналу”деген  мағынаны 
білдіреді,  яғни  сандарды  қосысудың  көме-
гімен  тозудың  сомасы  есептелінеді,  демек 
объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар 
санын  қосу  арқылы  анықталады.  Мысалы: 
автокөліктің болжамды қызмет  ету мерзімі 
5  жыл.  Бірінші  жылы  объектінің  бастапқы 
құнының  5/  15,  бөлігіне  амортизация 
есептелінеді.  Екінші  жылы  4/  15,  бөлігіне, 
үшінші  жылы  3/  15,төртінші  жылы  2/  15, 
бесінші жылы 1/ 15, бөлігіне. 
Жыл  сайынғы  амортизациялау  нор-
масы:  бөлімінде  жылдар  санының  қосын-
дысы, ал алымында: бірінші жыл үшін - 5, 
екінші жыл үшін - 4, үшінші жыл үшін - 3, 
төртінші жыл үшін - 2,бесінші жыл үшін – 
1  болатын  бөлшек  саны  болып  табылады. 
Әрбір бөлшек санды амортизациялау құнға 
(90000  теңге)  көбейту  арқылы  жыл  сай-
ынғы амортизациялық соманы анықтайды. 
 
4  кесте.  Төменде  негізгі  құралдардың  тозуын  (амортизациясын)  кумулятивтік  әдісі 
бойынша есептеу жолы көрсетілген. 
Мерзімі 
(жылдары ) 
Бастапқы 
құны 
Кумулятивтік 
саны 
мен 
амортизациялау
дың нормасы 
Жинақталға
н 
жалдық 
тозу сомасы 
Айға  есептелген 
амортизацияның 
сомасы (теңге) 
Сатып 
алыңған 
мерзімі: 
 
 
 
 
1-ші 
жылдың 
аяғында 
100000 
5/15x90000=300
00 
30000 
2500 
2- 
ші  жылдың 
аяғында 
100000 
4/15x90000=240
00 
54000 
4500 
3- 
ші  жылдың 
аяғында 
100000 
3/15x90000=180
00 
72000 
6000 
4- 
ші  жылдың 
аяғында 
100000 
2/15x90000=120
00 
84000 
7000 
5- 
ші  жылдың 
аяғында 
100000 
1/15x90000=600

90000 
7500 
 
Кестенің  мәліметтеріне  кумулятивтік 
әдіс  бойынша  есептелінген  амортизация 
сомасы  объектіні  пайдаланудың  бірінші 
жылында  күрт  өсіп  соғы  жылында 
азайғанын көреміз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Ныйқанбаева  А.,  Қуанышова  Л.  Бух-
галтерлік есеп негіздері. – Aстана, 2008  
2.  Кезмемтаев  К.К.  Кәсіпорындағы  қар-
жылық  есепті  жүргізу.  –  Алматы: 
Экономика, 2003. 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ МАРКЕТИНГА И ФИНАНСОВ 
 
 
Вестник КАСУ
 
29 
3.  Назарова  В.Л.  Шаруашылық  жүргізуші 
субъектілерді  бухгалтерлік  есеп.  Оқу-
лық: Алматы, 2005.  
4.  Кеулімжаев  Қ.К.,  Әжібаева  З.Н.,  Құ-
дайбергенов  Н.А.  Бухгалтерлік  есеп 
принциптері:  Оқу  құралы.  -  Алматы: 
Экономик С, 2003.  
5.  Радостовец  В.К.,  Ғабдуллин  Т.Ғ.,  Ра-
достовец  В.В.,  Шмидт  О.И.  Кәсіпорын-
дағы  бухгалтерлік  есеп.  -  Алматы: 
Қазақстан - аудит орталығы, 2002. 
6.  Жакупова  О.М.  Бухгалтерлік  есеп  прин-
циптері  2.  Оқу-тәжірибелік  құралы.  - 
Қарағанды, 2003. 153-183 б.  
 
 
 
УДК 332.14 
ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМА БҰЛ ҚАРЖЫ 
ТҰРАҚТАНДЫРУШЫ ТЕТIГНIҢ ЭЛЕМЕНТI 
Ашимова А.С. 
 
Басқару 
дамуы 
әрдайым 
оның 
тиімділігінің  өсуімен  бірге  қатар  жүруі 
мүмкін. Ал басқару тиімділігінің өсуі оның 
потенциалының, 
яғни 
оң 
өзгерістер 
мүмкіншілігімен,  қажетті  ресурстардың 
болуымен және оларды қолдану ортасының 
болуымен анықталады (кесте 1). Потенциал 
өзгерісінде  және  басқару  тиімділігінде 
дағдарыстың пайда болу қаупі жатыр. 
 
1 –кесте. Ұйымның және басқару дамуының белгілері мен факторлары 
Дамудың белгілері мен факторлары 
Басқаруды дамыту – өзгерістер: 
Ұйымды дамыту – өзгерістер: 
Ұйымдардың 
Персоналдың 
Басқару технологиясының 
Потенциалдың 
Мақсаттардың 
Әдістеменің 
Концепцияның 
Мотивацияның  техникалық  қарулардың 
тиімділіктің 
қызмет масштабының 
қызмет құрылымының 
өнімнің 
технологияның 
ресурстардың 
өнімділіктің (тиімділіктің) 
пайда мөлшерінің 
өндірістік қуаттың 
имидждің 
капиталдың үстемелігінің 
нарықтағы орнының 
 
Дағдарысқа қарсы басқару басқа бас-
қарулар  сияқты  тиімді  және  тиімді  емес 
болуы  мүмкін.  Дағдарысқа  қарсы  басқа-
рудың  тиімділігі  оның  дағдарысты  жағым-
ды  қолданудағы  локализациялармен  және 
оны  жеңілдету  шараларымен  анықталады. 
Бұндай  тиімділікті  нақты  есептік  көр-
сеткіштер арқылы көрсету қиын, бірақ оны 
басқарудағы  жалпы  баға  беру  кезінде 
болжап, көру керек. 
Дағдарысқа  қарсы  басқару  тиім-
ділігін  анықтайтын  басты  факторлары  – 
оларды  түсіну  және  дифференциациясы, 
оны  талдауға  және  жүзеге  асыруға  кө-
мектеседі. 
Дағдарысқа қарсы басқарудағы кәсіп-
қойлық  және  арнайы  дайындық.  Бұл  жағ-
дайда  тек  басқарудағы  жалпы  кәсіпқой-
лығы  айтылмайды,  сонымен  қатар  бұнда 
дағдарысқа 
қарсы 
басқарудың 
ерек-
шеліктерін 
көрсететін 
кәсіпқойлық 
білімдер  мен  дағды  айтылады.  Бұндай  кә-
сіпқойлық  арнайы  дайындық  процесі  ке-
зінде, сындық жағдайлардағы басқару өне-
рін  дамыту  мен  мақсатты  бағытталған  ак-
кумуляциялау  кезінде  туады.  Соңғы  жыл-
дары Қазақстанда дағдарысқа қарсы басқа-
руларды  дайындауға  көп  уақыт  бөлініп 
жатыр,  олар  дер  кезінде  мекемені  дағ-
дарыстық  жағдайдан  аз  шығындармен 
шығара  алады.  Олардың  кәсіпқойлық  дай-
ындықтары  дағдарыстық  жағдайларға  бет 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ МАРКЕТИНГА И ФИНАНСОВ 
 
 
Вестник КАСУ
 
30 
алған. 
Сонымен  қатар,  қарапайым  мәсе-
лелерді  де  дайындауда  олардың  дағдарыс-
тық  жағдай  кезінде  басқару  қабілетіне  де 
назар  аудару  керек.  Дағдарысқа  қарсы 
басқару  қандай  да  болмасын  басқарудың 
керекті  элементі  болуы  керек  немесе  ол 
стратегиялық, креативтік, өндірістік, эколо-
гиялық,  қаржылық  болуы  керек.  Таби-
ғатпен  берілген  және  арнайы  дайындық 
процесі  кезінде  жиналған  басқару  өнері 
дағдарысқа  қарсы  басқару  тиімділігінің 
факторының  ішіндегісін  айрықша  ерек-
шелеу  керек.  Көптеген  дағдарыстық  жағ-
дайларда  адамның  жеке  басқару  өнері 
дағдарыстан  шығуының  басты  факторы 
болып  келеді.  Сондықтан  да,  дағдарысқа 
қарсы  басқару  үшін  менеджерді  психо-
логиялық  тестілеуден  өткізіп,  олардың 
ішінен  тек  дағдарыс  жақындауын  тез  се-
зетін және экстремальды жағдайда ұйымды 
сауатты  басқара  алатындарын  таңдау  өте 
қажет. 
Тәуекелді  шешімдерді  жобалаудың 
әдістемесі.  Бұндай  әдістеме  құрылуы,  өң-
делуі  керек,  өйткені  олар  басқарудың  бұн-
дай  қасиеттерін  анықтайды  –  уақытылы, 
мәселенің  толық  баяндалуы,  нақтылық, 
ұйымдастырушылық  маңыздылық.  Бұл 
қасиеттер дағдарысқа қарсы басқаруды аса 
маңызды орынға ие. 
Жағдайды  ғылым  жағынан  талдау, 
тенденцияларды  болжау.  Бұл  факторлар 
дағдарысқа  қарсы  басқаруға  өз  ықти-
малдарын  тигізеді.  Болашақты  көру  келе 
жатқан  ие  болып  жатқан  дағдарысты  көз 
алдында ұстап тұруға мүмкіндік береді. 
Дағдарысқа  қарсы  басқарудың  тағы 
да  басты  факторларының  бірі  –  корпо-
ративтілік,  ол  фирмада  немесе  ұйымда 
түрлі  дәрежеде  көрінуі  мүмкін.  Корпо-
ративтілік  –  бұл  ұйым  жұмысшыларының 
мақсаттарын қабылдап, түсіну, оларды іске 
асыру  үшін  көп  жұмыс  атқару,  бұл  ішкі 
патриотизм  мен  ынталылық.  Корпо-
ративтілік  –  дағдарысқа  қарсы  басқарудың 
тірегі.  Бірақ  ол  өз-өзімен  пайда  болмайды, 
ол  басқару  нәтижесі,  сонымен  қатар  бас-
қару  механизмінің  құралы  болып  келеді. 
Дағдарысқа  қарсы  басқару  тиімділігінің 
тағы  бір  факторы  –  көшбасшылық.  Көш-
басшылықтың 
көптеген 
түрлері 
мен 
модификациясы  бар,  ол  тек  менеджер  тұл-
ғасымен  анықталмайды,  сонымен  бірге 
қалыптасқан  жұмыс  стилімен,  басқару 
персоналының  құрылымымен,  менеджерге 
деген сенімділікпен, білім беделімен анық-
талады.  Көшбасшылыққа  бел  асу  дағ-
дарысты  жеңуде  немесе  оның  жеңіл-
денуінде  басты  рольді  ойнайды.  Бірақ  ол 
үшін  көшбасшылықты  іздеу  және  құру 
қажет.  Бұл  құлаққа  ерекше  естілгенімен, 
түсінікті болады, егер көшбасшылық – бұл 
тек менеджер тұлғасы емес, сонымен бірге 
ол басқаруды ұйымдастыру мен бүкіл жүй-
ені сипаттау екендігі ескеріледі. 
Дағдарысқа  қарсы  басқару  тиім-
ділігінде  жеделделік  пен  басқарудағы  иіл-
гіштік  орасан  зор  роль  атқарады.  Дағда-
рыстық  жағдайда  тез  және  қайсарлы амал-
дар,  жеделдік  шаралар,  өзгеріп  жатырған 
жағдайларды  басқарудың  өзгеруі,  дағ-
дарыстың  жағдайларына  бейімделуге  мұқ-
таждалық  туады.  Баяулық  көрсету  бұл 
жағдайда нашар роль атқаруы мүмкін. 
Стратегия  және  дағдарысқа  қарсы 
бағдарламалар  сапасы.  Көп  жағдайларда 
басқару  стратегиясын  өзгерту  және  дағ-
дарысқа қарсы даму бағдарламаларын дай-
ындау  керектігі  туады.  Бағдарламалар  мен 
стратегиялық  құрылымдар  сапасы  әр  түрлі 
болып келеді. Бұдан дағдарысқа қарсы бас-
қару байланысты емес болуы мүмкін  емес. 
Адамдық  фактор  кейде  корпоративтік, 
көшбасшылық,  басқару  өнерлерінің  фак-
торларын  айқындайды.  Дағдарысқа  қарсы 
басқаруда  дағдарысқа  қарсы  топ  түсінігі 
бар  –  дағдарысқа  қарсы  менеджердің 
жақсы  көмекшілері.  Олар  менеджердің  се-
німді  адамдары  және  дағдарысқа  қарсы 
басқаруды  бірлесіп,  мақсатты  жүзеге  асы-
рады. Болмайтын экстремальды жағдайлар-
дың бірлестігін тек ортақ ойға сенетін, бір-
біріне мүлтіксіз сенетін адамдар ғана жеңе 
алады.  Дағдарысқа  қарсы  басқаруда  адам-
дық фактор да жұмыс істейді. 
Дағдарысқа  қарсы  басқару  тиімділі-
гінің бірден-бір факторы дағдарыстық жағ-
дайларды  бақылап  отыру.  Оның  мәні  – 
арнайы құрылған әрекеттер, олар дағдарыс 
жақындауын, пайда болу мүмкіндігін анық-
тап,  оларды  уақытында  тауып,  танып  білу 
қажет.  Мысалы,  бұрын  атомдық  электро-
станциялардың  жұмысы  көптеген  көрсет-
кіштермен  қадағаланды,  олар  реактор  жұ-
мысының  процестерін  қарама-қайшы  си-

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ МАРКЕТИНГА И ФИНАНСОВ 
 
 
Вестник КАСУ
 
31 
паттады.  Оның  жағдайын  сынау,  персо-
налға  тәртіптік  талаптар  қою  қиын  болды. 
Дағдарыс  пайда  болу  уақыты  дәл  бол-
майды,  қатыгез  жағдайлар  кенеттен  және 
көбіне  күтпеген  кезде  пайда  болады.  Қа-
зіргі  таңда  атомдық  реактордың  жұмысын 
қадағалайтын  жаңа  жүйе  құрылды,  бұл 
жүйе қарапайым реактордың жағдайын ви-
зуалдық  бақылаудан  тұрды:  оператор  ком-
пьютер  экрандағы  суреттерді  симметрия-
ларды  бақылайды,  олар  атом  электростан-
циясының  дағдарысқа  қарсы  жұмыс  істеу 
көрсеткіштерінің  негізгілерінің  қатынасын 
көрсетеді.  Симметриялардың  бұзылуы  – 
дағдарыс  сипатына  алғанда,  қауіпті  жағ-
дайлардың пайда болуының белгісі. 
Бұған  ұқсайтын  дағдарыстық  жағ-
дайларды  бақылау  дағдарысқа  қарсы  бас-
қару  жүйесінде  де  қолдану  мүмкін.  Ең 
тиімдісі  –  компьютерлерді  қолдану  және 
мамандандырылған  жұмысшыларды  жұ-
мысқа тарту. 
Дағдарысқа  қарсы  басқару  тиім-
ділігін  арттыруда  ұйым  стратегиясын  әзір-
леу  және  әзірлеген  стратегияны  жүзеге 
асыру  өте  маңызды.  Қатаң  бәсекелестік 
жағдайында  шаруашылық  жүргізудің  на-
рықтық  формалары  жеке  шаруашылық  су-
бъектілерінің  дәрменсіздігіне  немесе  олар-
дың  уақытша  төлем  қабілетсіздігіне  әке-
леді. Неліктен бұрын сәтті қызмет атқарған 
кәсіпорындар  төлем  қабілетсіздік  жағда-
йына  ұшырайды?  Теория  көрсетіп,  тәжі-
рибе  растағандай,  қазіргі  жағдайда  төлем 
қабілеттіліктің  бұзылуы  кәсіпорын  стра-
тегиясының  нарықтық  жағдайдың  даму 
тенденцияларына  сай  келмеуінің  салдары 
болып табылады. 
Осыдан  30  жыл  бұрын  кәсі-
порындарды  басқарудың  стратегиялық  қа-
ғидалары  болған  жоқ.  Тек  1960-1970  жыл-
дар  тоғысында  басқарудың  жаңа  әдістері 
және 
солармен 
бірге 
«стратегиялық 
басқару»  ұғымы  пайда  болды.  Бірінші 
кезекте оның пайда болу себебі – бизнестің 
сыртқы ортасындағы өзгерістер. 
Кәсіпорын  өзгеріске  дайын  емес 
болған  кез-келген  жағдайды  дағдарыстық 
деп  атауға  болады.  Бұл  жағдайды  болдыр-
мау  үшін  кәсіпорын  экономикасының  дағ-
дарысының себептерін уақытында анықтап, 
қиындықтар 
(қаржылық 
қиындықтар) 
сыртқы  ортада  көрінгенге  дейін  оларға 
қарсы  шаралар  қолдану  керек.  Кәсі-
порынның дағдарысқа ұшырауының себеп-
терін 2 топқа бөліп қарастыруға болады: 
Сыртқы,  олар  кәсіпорынға  тәуелді 
емес  немесе  кәсіпорын  оларға  төмен  дең-
гейде ықпал етеді; ішкі, олар кәсіпорынның 
жеке  қызметінің  нәтижесінде  пайда  бо-
лады. 
Қазіргі  уақытта  нарықта  өмір  сүру 
үшін  және  бәсеке  қабілеттілігін  сақтау 
үшін  барлық  кәсіпорындар  өздерінің  ша-
руашылық  қызметіне  өзгерістер  енгізіп 
отыруы  қажет.  Дағдарысқа  қарсы  басқару 
стратегиясы  кәсіпорын  сыртқы  орта  өзге-
рістеріне  (алдын-ала  белгісіз,  ретсіз  және 
жиі пайда болатын өзгерістер) қалай қарсы 
тұратындығын,  қандай  алдын  -  алу  шара-
лары  арқылы  өзінің  өмір  сүру  қабі-
леттілігін  сақтауға  болатындығын  және 
белгіленген  мақсаттарға  жету  жолдарын 
анықтауға мүмкіндік береді. 
 
Кесте 2. Дағдарыстық дамудың сыртқы факторларын талдау 
Фактор 
Көрінуі 
Мүмкін салдары 
Ұлттық  экономика 
жағдайы 
Үкімет  экономикалық  саясаттың 
нашарлауын 
салықты, 
ақша 
массасының  қозғалысын,  банктік 
пайыз  мөлшерлемесін  реттеу 
арқылы білдірмеуге тырысады 
Салық 
салу 
жүйесінің 
қатаңдауы,  несиенің  қым-
баттауы, 
шығындардың 
өсуі. 
Саяси факторлар 
Мемлекеттің 
шектеу 
немесе 
болдырмау  сипатындағы  кәсіп-
керлік 
қызметке 
көзқарасы; 
Үкімет  қызметінің  тұрақсыз-
дығы, т.б. 
Инвестициялық  климаттың 
нашарлауы,  елден  капитал-
ды шығару. 
Құқықтық 
факторлар 
Жеткіліксіз  антимонополиялық 
реттеу,  сыртқы  экономикалық 
Өнім  бағасының  көтерілуі 
есебінен 
монополист 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет