Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



Pdf көрінісі
бет17/18
Дата04.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#3357
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

жүйелілік,  реттілік  және  бірте-біртелік  принциптерінде  қарастырылған.  Бұлар 
қызметтік мүмкіншіліктердің ұқсастық негізінде құрылым принциптерін құрайды. 
Принциптер көп түрлі, бірақ олар жеке тұлға есебінде балаға педагогикалық 
әсер етудің әр түрлі жақтарын белгілейді. 
Кез  келген  жастағы  адамдардың  дене  дайыңдығының  әр  түрлі  деңгейінде 
және  балаларды  оқытып  үйрету  кезінде  үйретуші  жоғарыдағы  айтылған 
принциптерді  жүзеге  асыруға  міндетті.  Алайда  кейбір  жағдайда  оқытудың  нақты 
міндеттері  бір  немесе  өзге  принциптердің  маңызын  арттыруы,  сонымен  қатар  оны 
жүзеге  асыру,  әдістерінің  түрін  өзгертуі  де  мүмкін.  Мысалы,  жоғары  деңгейде 
маманданған  спортшыны  даярлауда  дербес,  жекелей  оқытып  үйрету  өте  маңызды 
орын  алады.  Қарапайым  қозғалыс-қимылдарына  үйрету  кезінде  көрнекілік 
принципін жүзеге асыру, бейнелеп түсіндіру және көрсетумен шектелуі мүмкін. Ал 
өте күрделі қимылдарды меңгеруде кино қойылымға жүгінуге тура келеді. 
Кейбір принциптерді жүзеге асыру, оқытып үйретудің белгілі бір ережелерін 
орындау 
арқылы 
жүзеге 
асырылады.Біз 
өзіміздің 
зерттеуімізде 
оқыту 
қағидаларының  саналылық,  қайталау,  жүйелілік,  реттілік  түрлерін  ашып  көрсетуге 
тырысамыз. 
Дене  жаттығуларын  үйретуде  саналылық  принципінің  таратылуына 
айтарлықтай  үлес  қосқан  атақты  орыс  ғалымы  П.Ф.Лесгафт  болды.  Ол  "мектеп 
жүйесінде  оқып  жүрген  баланың  күшін  ғана  дамытып  қоймау  керек,  ең  бастысы 
өзін-өзі  басқару  дағдысын,  сонымен  қатар  оны  өз  қызметінде,  өмірінде  тиімді 
пайдалану  дағдысын  қалыптастыру  керек",  -деп  атап  көрсетті.  Сондықтан  да  әуелі 
баланы саналы түрде адам ағзасындағы бар әр түрлі қозғалыстарды жасауға үйрету 
кажет.  Оқытып  үйрету  әдісі  балалардың  ақылының  дұрыс  даму  кезеңінде 
қолданылатын әдіске сәйкес келуі керек. 
Принциптерді  жүзеге  асыру  шағында  мүғалім  балаларды  мына  сұрақтарға 
жауап  беретіндей  дәрежеге  жеткізуге  міндетті:  дене  жаттығуларымен  шұғылдану 
неге  қажет?  Дене  жаттығуларының  қайсысын  орындау  қажет?  Дене  жаттығуларын 
қалай  орындау  керек?  Неге  тек  осылай  ғана  орындау  қажет?  Мұндай  сұрақтарға 
жауапты  балалар  оқытып  үйретуге  дейінгі  ұйымдасқан  жағдайда  ғана  ала  алады. 
Біріншіден, балалар өздерінің оқу қызметінің мақсатын түсінуі керек. Ол үшін, бұл 
қызметтің саналы түрде қажеттілігі тәрбиеленуге тиісті. Ондай қажеттілігінің болуы 

     
 
 
133 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
мүғалімге  баланың  қозғалысқа  деген  ынтасының  бар  немесе  жоқ  екендігін  білуін 
міндеттейді. 
Оқушының  дене  тәрбиесімен  шұғылданудағы  мақсаты  мұғалімнің  алдына 
қойған  мақсаттармен  дәл  келе  бермейтіндігі  түсінікті.  Оқушы  жасайтын  істі  (оның 
мақсаты  жекелеген  дене  жаттығуларын  орындағаны  үшін  жоғары  баға  алумен 
шектелуі  мүмкін)  мұғалім  ең  жоғары  деңгейдегі  қоғамдық  маңызы  бар  мақсатты 
үнемі алға қояды (оның ең жоғарғысы -өсіп келе жатқан жас буынды жоғары өнімді 
еңбек етуге және Отанды қорғауға даярлау). Кейбір жағдайларда мақсаттардың дәл 
келетіндігі  де  жоққа  шығарылмайды.  Мысалы,  мүғалім  оқушыларды  сынакқа 
дайындау  мақсатын  өз  алдына  қояды,  ал  сол  сынақты  тапсырам  деуші  оқушылар 
оған  дайындалады.  Осындай  үйлесімділік  өте  қажет,  бірақ  оған  қол  жеткізу  қиын, 
әсіресе,  жоғарғы  қоғамдық  маңыздылығы  бар  мақсат  болса,  онда  ұзақ  уақыт  бойы 
тәжірибелік  әсер  етуді  қажет  етеді.  Мақсатты  принциптердің  сәйкес  келмеген 
уақытында мұғалім оқушының нақты мақсатты бағытын пайдалана отырып, жоғары 
деңгейдегі  оған  жетудің  уақытша  мерзімін  белгілеуі  тиіс.  Осыған  байланысты 
болашақ  Президенттік  сынамаларын  тапсыруға  дайындау  және  жақын  кезеңге 
белгіленген  мақсаттарды  айыра  білу  жөн  (мысалы,  бірінші  тоқсанда  мектеп 
бағдарламасының  талаптарын  орындауға  дайындалу).  Осындай  бөлудің  барлық 
шарттылығы  әр  оқушының  жақын  арадағы  мақсаттарын  тиімді  пайдалану  арқылы 
оны болашақ ұжымдық мақсаттарға жеткізуге мүмкіндік береді.  
Екіншіден,  оқушылар  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  іске  асыруға  тиісті  оқу 
міндеттерін  саналы  түрде  түсінуі  керек.  Егер  балада  өзінің  қажеттілігін 
қанағаттандыруға  ұмтылыс  нәтижесі  есебінде  бір  не  өзге  мақсат  пайда  болса,  алға 
қойылған  мақсатқа  жету  үшін  шешуге  тиісті  міндетті  түсінуге,  әдетте  мұғалімнің 
белсенді  түрде  араласуын  талап  етеді.  Қыз  бала  жақсы,  сымбатты,  сұлу  денені 
қалыптастыруға  ұмтылыс  білдіреді  делік.  Бұл  мақсатқа  қалай  жетуге  болады?  Бұл 
үшін  қандай  міндеттерді  шешуге  тиісті  екендігі  жөнінде  тек  мұғалімнің  көмегі 
арқылы  ғана  көзі  жетіп,  түсіне  алады.  Сол  дене  жаттығуының  не  үшін 
орындалатынын 
оқушының 
білмеуі 
қозғалыс 
дағдысын 
қалыптастыру 
мүмкіншілігінің  сапасы  мен  қарқынын  шапшан  төмендетеді.  Мысалы,  дене 
жаттығуларын  тек  мұғалімнің  талап  етуі  бойынша  үйренсе,  сынақ  кезінде 
үйренушінің жоғары баға алуы күмән келтіреді. 
Жеке  қимылдарды  бөлектеуге  және  жинақтауға,  қозғалысты,  қимылды, 
қозғалыстың жеке өлшемдерін салыстыруға, ақырғы нәтиже үшін олардың мақсатын 
түсіне білуге үйрете отырып, оқушылар санасын жетілдіретіндей оқытып үйретудің  
әдістерін  пайдалану  қажет. Соңғы нәтижеде мұның өзі дене жаттығуларының әдісін 
тиімді меңгеруге әкеледі. 
Оқушылардың  саналы  қызметін  арттыруға  әр  түрлі  жолдармен  жікетуге 
болады:  
а)  жаттығушыны  үйретер  кезенде  үйренетін  қозғалысты  алдын  ала  ойластыру 
керек; 
ә)  дағдыны  үйрете  отырып  назарды  бірте-бірте  дене  жаттығуларының 
әдістеріндегі  негізгі  беліктеріне  бағыттау  қажет.  Мысалы,  биіктікке  жүгіріп  келіп 
секіруде аяқ серпілісінің әдісін үйрену кезінде оқушылар әуелде серпіліс орнына дәл 
түсуді  қадағалауы,  сосын  серпіліс  кезінде  серпілетін  аяқтың  козғалысына  және 
серпіліс кезінде қолдың козғалысына назарды аударуы қажет. 
б)  әсіресе,  бұлшық  еттер  арқылы  алынған  сезіну  негізінде  жасалынған 
қозғалысты  жаттығу  кезінде  еске  түсіру  керек.  Бұл  жағдайда  осындай  сезінулер 
оқушыға  қимылды  орындау  кезінде  "ішкі"  бағдар  болады,  сөйтіп  оны,  қозғалысты 
дәлелдеуге, қатені жөндеуге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік туғызады. 

     
 
 
134 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
в)  оқушының  қимылды  орындау  жөніндегі  ауызша  есебі  өзіне  талдау  жасау 
мүмкіншілігін дамытып қана коймай, жіберілген қателіктерін түзету жолдарын іздеу 
мүмкіншіліктерін  де  дамытады,  сонымен  қатар  тапсырманы  игеруде,  бақылау 
жасауда мүғалім ісіне көмектеседі. 
Содан  соң,  балада  өзінің  табыстары  мен  кемшіліктеріне  сын  көзімен  карау 
қабілетін  дамыту  қажет,  мұндай  жағдай  өзінің  жетістіктерін  дұрыс  бағалауына 
мүмкіндік береді. 
Саналылық  принципін  жүзеге  асырғанда  төмендегідей  кейбір  ережелерді 
тұтастай сақтаған жөн: 
1.  Өз  ісін  түсіну  және  саналы  қатынасты  дамыту  әдістері  оқушының  жас 
ерекшелік  мүмкіншіліктеріне  сәйкес  келуі  керек.  Дене  жаттығуларымен 
шұғылданушы өзінің қимылын саналы түрде атқаруға міндетті. 
2.  Оқытып  үйрету  жүйесіне  оқушылардың  саналы  қатынасынын  ауқымын 
жоспарлы  түрде,  бірте-бірте  кеңейту  қажет.  Оқу  жетістіктерін  қалыптастыратын 
игерілмеген жаңа нәрсеге олардың ой-жүйесін үнемі бағыттап отыру керек. 
3.  Аталмыш  принципті  жүзеге  асыруда  шешілетін  педагогикалық  міндеттердің 
мазмұнын  есепке  алған  жөн.  Дене  жаттығуларының  әдісі  күрделі  болған  сайын, 
баланың  үйренетін  қозғалыс-қимылдарына  саналы  түрде  қатынасты  дамытатын 
әдістемелік тәсілдер жүйесіне үлкен маңыз берілуі керек. 
Қайталау  қағидасы  қозғалыс  дағдыларының  бірте-бірте  қалыптасуын  және 
көп қайталау арқылы арнаулы білімнің қалыптасу тиімділігін көрсетеді. Қайталау  - 
үйрену  нәтижесінде  қол  жеткен,  нәтижені  біріктірудегі  басты  және  жалғыз  ғана 
тәсіл.  Қорытып  айтқанда,  оқу  материалы  үнемі  қайталануға  тиісті.  Қайталау 
принципін жүзеге асыру мына төмендегі үш негізгі жағдайға байланысты.  
1.  Дене  жаттығулары  үнемі  қайталанып  тұруға  тиісті.  Тек  осы  талап  сақталған 
жағдайда  ғана  пайдаланылатын  жаттығулар  адамның  денесіне  тұрақты  түрде  нық 
әсер етеді; 
2. Дене жаттығулары адамды шаршатып, шалдықтырады, сондықтан да демалыс 
үшін үзілістер міндетті түрде болуға тиісті; 
3.  Дене  жаттығуларымен  айналысқан  кезде,  адам  денесінің  үйлестіктегі 
бейімделу  кезендері  болады,  бірақ  ол  жағдайлар  ұзаққа  созылуы  мүмкін  емес. 
Сондықтан  жаттығудың  тек  қана  қайталау  санын  емес,  сонымен  қатар  екі  ортада 
берілетін демалыс үзілісінің саны мен ұзақтығын бақылауға тиістіміз. 
Қайталаудың  екі  түрі  болады:  жәй  қайталау  және  іріктеп  қайталау.  Жәй 
қайталау  еске  түсірудің  тұрақты  жағдайында  қозғалыс-қимылының  негізгі  түрін 
игеруге  мүмкіндік  туғызады.  Бұдан  қайталауды  көшірме  жолымен  оқытып  үйрету 
деп білеміз. Мысалы,  мұғалім  стандартты әдісті  түсіндіріп әрі  көрсетеді, ал оқушы 
оны  сол  күйінде  орындауға  ұмтылады,  өзінің  орындау  қабілетін  көрген  үлгісіне 
жақындатуға  тырысады.  Жәй  қайталау  оқытып  үйрету  ісіне  көп  қолданылғанымен, 
оның  дидактикалық  мүмкіншіліктері  шектеулі.  Ал  іріктеп,  қайталау  басқа 
міндеттерді қарастыра отырып, қозғалыс-қимылын әр түрлі жағдайларда орындауға 
болатындай бағыт береді. Мысалы, шалқайып алға секіріп түсу, бұрылыспен секіріп 
түсу, алақанды соғып секіріп түсу және т.б. 
Қайталау  принципін  жүзеге  асыра  отырып,  мына  ережелерді  ұстанған  жөн: 
берілген  тапсырмалардың  қайталау  санын  және  олардың  арасындағы  демалыстың 
ұзақтығын белгілей отырып, оқушы денсаулығының жағдайын, дене тәрбиесі туралы 
білімі  мен  дене  дайындығының  деңгейін,  сонымен  қатар  оқушыға  түсетін 
жүктеменің деңгейін есепке алу керек. 
Білім  мен  дағдының  жүйелілігі  -  ойлау  кезіндегі  жүйелілікті  дамытудың 
негізгі  шарттарының  бірі  болып  табылады.  Жүйелілік  принципін  жүзеге  асыру, 
біріншіден,  бір  немесе  бірнеше  сабақтарға  міндеттер  жүйесін  жасауға  (сонымен 

     
 
 
135 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
қатар  дене  жаттығулары  жүйесін,  әдістерді,  жаттығуды  ұйымдастыру  түрлері), 
екіншіден,  әр  сабақта  немесе  бірнеше  сабақтарда  міндеттер  арасындағы  өзара 
байланысты анықтауға (дене жаттығуларының, әдістерінің жаттығуды ұйымдастыру 
түрлерінің арасындағы), үшіншіден, тек қана жеке жаттығудың ғана емес, сонымен 
қатар олардың әрбір сабақта және бірнеше сабақтардағы нәтижелілігін есепке алып 
отыруына байланысты. 
Жеке  сабақтың  жүйелілігі  оның  барлық  бөліктерінің  қисындық  (логикалық) 
бір-біріне  бағыныштылығына  тәуелді.  Сабақтардың  бірыңғай  тіркесі  белгілі 
күнтізбелі  уақыттың  үйлесімділігінен  (оқу  аптасына,  тоқсандар,  оқу  жылы),  оқу 
материалының  кейбір  бөлімін  үйренуге  бөлінетін  сабақтар  сериясынан  құралады. 
Сабақтардың  әрбір  жүйесі  оның  барлық  мазмұнының  тиісті  өзара  байланысын 
анықтайтын  бірыңғай  міндеттерге  бағындырылған  тұтас  жүйеден  құралады.  Бұл 
мағынада секіру мен өрмелеудің бір немесе басқа әдісін үйренетін сабақтар туралы, 
нақты оқу тоқсанының сабақтар мазмұны және т.б. туралы айтылып отырғаны жөн 
болады. Яғни сабақтардың әрбір сериясы тұтас білімнің бөлігі болып қана табылады. 
Бір серияның оқу материалы келесі сериядағы оқу материалын игерудің алғышартын 
жасап қана қоймайды, сонымен қатар жоғары деңгейде де қайталанады. 
Қандай да болмасын оқыту жүйесі дене тәрбиесі білімінің деңгейі мен нақты 
бағытын анықтайды. Олай дейтін болсақ, білімнің әрбір түрі тиісті әдістер, құралдар 
көмегімен  оқу-тәрбие  міндеттерінің  арнайы  жүйесін  шешуді  талап  етеді.  Бұл 
мағынада  жалпы  білім  беретін  мектеп  бітірушілерінің  алатын  жалпы  дене  білімі, 
спорттық  жаттығу  барысы  кезінде  алатын  арнаулы  дене  жаттығулар  білімі,  дене 
тәрбиесі  орта  және  жоғары  оқу  орындарында  оқитын  студенттердің  алатын  орта 
және жоғары кәсіби-педагогикалық дене білімінің жүйелілігі туралы айтуға болады.  
Оқу  материалының  жүйелілігі  және  оны  жүзеге  асыру  әдістері  оқытудың 
міндеттері  мен  мақсаттарына  байланысты.  Өз  кезегінде  міндеттер  мен  мақсаттар 
оқушылар  контингентінің  ерекшеліктерін,  жаттығуды  жасау  кездегі  жағдайын  т.б. 
бейнелейді. Соның нәтижесінде балалардың жасының, дене дайындығының деңгейі 
оқытудың  жүйелілігіне  тез  арада  әсер  етеді.  Қорытындылап  айтқанда,  мектеп 
бағдарламасындағы  оқу  материалы,  оның  мазмұны  сол  мектеп  оқушыларының 
ерекшеліктеріне сай келіп, белгілі бір жүйелілікке ие болуы қажет. 
Реттілік  қағидасының  негізіне  бір  сабақ  және  сабақтар  сериясының 
деңгейіне  оқытудың  міндеттерінің,  құралдарының  және  әдістерінің  сабақтастығы 
жатады.  Сабақтастық  оқыту  міндеттерінен  құралдарына  және  әдістеріне  ауысуға 
негізделген реттіліктің шартты ретін білдіреді. 
Принципті  жүзеге  асыру  дене  жаттығуларын  рет-ретімен  үйренуден  және 
олардың  арасындағы  өзара  байланысты  ашып  көрсететін  оқу  материалын 
жоспарлаудан  басталады.  Бұл  жағдайда  баланың  жасына  байланысты  дамуының 
заңдылықтарын  және оқу материалын құру қисынын (логикасын) бейнелейтін дене 
жаттығуларын  үйренудің  реттілігінің  көп  жылдық  болашағы  ескеріледі.  Бұл  оқу 
материалдарында  міндетті  түрде  дене  жаттығуларының  реттіліктері  және  өзара 
байланыстары нақтылы түрде белгіленуге тиісті. 
Үйретудің  реттілігіндегі  кейбір  мәселелер  бірыңғай  шешілмейді.  Мұғалімге 
көбінесе  бірнеше  қозғалыс-қимылдарын  бір  немесе  бірнеше  реттілікпен  үйрету 
әдістерінің  тиімділігін  анықтап  алуға  тура  келеді.  Қимылды  кезекпен  үйренуден 
гөрі,  сол  қимылды  бір  мезгілде  үйренуге  көп  уақыт  кетеді  деген  пікір  бар.  Алайда 
міндеттерді  кез  келген  жағдайда  шешуде  дағдылардың  өзара  байланысының 
мүмкіншілігін  есепке  кірістіре  отырып,  қозғалыс-кимылдарының  сапалық  және 
сандық  құрамын  есептеуге,  оқушылар  контингентінің  ерекшеліктерін  білуге 
талпыныс жасау қажет. 

     
 
 
136 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Жоғарыда 
талқыланған 
мәселелердің 
барлығы 
да 
педагогиканың 
дидактикалық  ережелерінде  көрсетілген.  Олар:  "жеңілден  ауырға",  "қарапайымнан 
күрделіге",  "игерілгеннен  игерілмегенге",  "білімнен  дағдыға".  Осы  ережелердің 
дұрыс  орындалуы  реттілік  принципін  жүзеге  асыруда  үлкен  табыстарға  жеткізеді. 
Қорытып  айтқанда,  кез  келген  жаңа  жаттығу  бала  үшін  әр  уақытта  күрделі 
болатындығын  ұмытуға  болмайды.  Іс-тәжірибелік  жұмыс  кезеңінде  тағы  бір 
ескеретін  жәйт  дене  жаттығуларының  құрылымдық  күрделілігінің  дәрежесін  тиісті 
қозғалыс  дағдыларын  алыптастыру  күрделілігі  өлшемімен  араластыруға  болмайды. 
Басқаша  айтқанда,  жаттығудың  құрылымы  жеңіл  болса  әрқашан  да  ол  шапшаң 
игеріледі  деп  қателесуге  болмайды.  Мысалы,  ілулі  арқанға  өрмелеп  шығу  тәсілі 
құрылымы жөнінен өте күрделі болып табылады, бірақ жасөспірімдер оны шапшаң 
игереді.  Ал  белтемірде  иіліп  көтерілу  -  қарапайым  жаттығу  есебінде  болғанымен, 
ұзақ үйренуді талап етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Болашақ мамандардың кәсіптік дене тәрбиесі. //Оқу-құралы. –Алматы,    
    2008. – 336 б.  
1.
 
Педагогика: жалпы негіздері мен тәрбие теориясы. //Оқу құралы. - Алматы, 2008. 
(Авторлық бірлестікте: Бабаев С, Бабаева Қ.) -124 б. 
2.
 
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін дамыту. //Оқу- құрал. 
– Түркістан, 2005. – 70 б. 
3.
 
С.Тайжанов,А.Қараұов. Дене тәрбиесін үйретудің әдістері. Оқу құралы.-Алматы, 
2008.-158,209,302б. 
4.
 
С. Тайжанов, Ж.Сайлыбаев. Жеңіл атлетика. Алматы,2011. 11, 162-170б 
5.
 
А.Құлназаров,  С.Тайжанов.  Бастауыш  сыныптардағы  дене  тәрбиесі.  Әдістемелік 
құрал-Алматы, 2004. 17-28,111б. 
6.
 
Б.Төтенай. Дене тәрбиесі: Оқулық. –Астана,2008.64,98б 
7.
 
Н.Н.Смаил.  Қимыл-қозғалыс  белсенділігінің  физиологиялық  негіздері.  Алматы, 
2008. 86-92б. 
8.
 
Мектеп  оқушыларын  дене  тәрбиесі  арқылы  қозғалыс  қимылдарына  үйрету 
ерекшеліктері.  //Қазақстан  кәсіпкері.  Ғылыми  -әдістемелік  журнал.  №8(51)  - 
Алматы, 2007.  
9.
 
Дене тәрбие жүйесінің мазмұны мен негіздері.  //Ұлт  тағылымы. №  4.  – Алматы, 
2005. –Б. 28-31. 
 
ӘОҚ 612.825.8 
СПОРТШЫЛАР ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫНЫҢ АУРУЛАРЫ МЕН 
ЖАРАҚАТТАРЫ 
 
Смаил Нүсіп Наутайұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы
smail_nusip@mail.ru 
 
Мақала 
спортшылар 
тірек-қимыл 
аппаратының 
аурулары 
мен 
жарақаттарының  себептеріне,  түрлеріне,  симптомдарына,  жіті  және  созылмалы 
клиникалық формаларына, көрсетілетін алғашқы медициналық жәрдемге арналған. 
Статья  посвящена  заболеваниям  и  травмам  опорно-двигательного  аппарата 
спортсменов,  причинам  возникновения,  симптомам,  первой  медицинской  помощи 
при различных клинических формах травм. 

     
 
 
137 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
The article is sanctified to the diseases and traumas of locomotorium of sportsmen, 
reasons of origin, symptoms, first medical aid at the different clinical forms of traumas.
  
Кілт сөздер: ауру, жарақат, себеп, миоэнтезиялық аппарат, миозит, миогелоз, 
миофиброз,  паратенонит,  тендовагинит,  тендинит,  миоэнтезит,  периостит,  бұлшық 
ет, сіңір, буын, артрит, синовит, артроз, периартрит, байламдар, талшықтар, мениск, 
шеміршек, сынық 
 
«Миоэнтезиялық  аппарат»  ұғымы    анатомиялық-топографиялық  та, 
функционалдық  та  болып  келеді.  Миоэнтезиялық  аппараттың  анатомиялық-
топографиялық  бөліміне  бұлшық  еттің  сіңірге  немесе  апонефрозға    ауысқан  жері, 
сіңірлер мен  апоневроздардың өзі,  олардың сүйек қабығына, сүйекке және бұлшық 
еттің  тіректік  аппараты  сарколеммаға,  перимизийге  және  фасцияға  бекітілетін 
аймағы  кіреді.  Миоэнтезиялық  аппараттың  функционалдық  мазмұнына  бұлшық 
еттердің  жасайтын  кернеуін  сүйектерге  бекітілген    жерлерге  беру  жатады  немесе 
мұны бұлшық еттерді іске қосатын аппарат дейді. 
Спортпен  шұғылданған  кезде  тірек-қимыл  аппаратының  тіндеріне,  ең 
алдымен,  бұлшық  еттерге  және  миоэнтезиялық  аппаратқа  үлкен  жүк  түседі.  Олар 
ыңғай  басылуға,  соғылуға,  созылуға,  бүгілуге  және  бұралуға  тап  болады.  Ұтымды 
машықтанулар әсерлерінен осы тіндерде құрылымдық және функциялық өзгерістер 
туады,  олардың  беріктігі  артады  және  соның  арқасында  спортшыларға  үлкен 
жүктемелерді көтеруге мүмкіндік береді. Дегенмен бірқатар жағдайларда, тіндердің 
қайта құрылулары  қойылған талаптардан қалыс қалады және тірек-қимыл аппараты 
ұлпаларының  физиологиялық  жаңару  процестері  бұзылады.  Сол  кезде  оларда  зат 
алмасуы  бұзылыстарымен  байланысты  дегенеративті-дистрофиялық  өзгерістер 
туады  да,  кейбірде  жасушалары  өліеттенеді.  Нәтижеде  тірек-қимыл  аппаратының 
осы немесе басқа бір ауруы пайда болады. Оның аса қатты ширығулары қайталанған 
микрожарақаттарға  әкеледі.  Микрожарақаттар  жиі  жағдайда  симптомдарсыз  өтеді, 
бірақ бұлшық еттердің, сіңірлердің созылмалы ауруларын туғызады. 
Бұлшық  еттер  мен  миоэнтезиялық  аппараттың  аурулары  спортшылар  тірек-
қимыл  аппараты  ауруларының  70%  құрайды.  Спортшыларда  миоэнтезиялық 
аппараттың  аурулары  өте  жиі  кездеседі.  Бұл  бұлшық  еттің  физиологиялық 
көлденеңімен  салыстырғанда  сүйекке  жабысатын  жерінің  көлденеңі  бірнеше  есе  аз 
екендігімен,  соның  салдарынан  механикалық  күштерге  көбірек  мәжбүрленумен 
түсіндіріледі.  Зор  ширығулар  жағдайларында  аталған  жерде  дегенеративтік-
дистрофиялық  өзгерістер  туады  да,  серпімді  талшықтар  өзінің  рессорлық 
қасиеттерінен    айырылады,  нәтижесінде  миоэнтезиялық  аппарат  беріштеніп,  ауыр 
жұмыс  қайталана  берген  сайын  бұлшық  еттерде  де  дегенеративтік-дистрофиялық 
процестер ары қарай қарқынды дами береді, қабыну туғызады да ауруға айналады. 
Бұлшық  еттер  ауруларына  миогелоз,  миофиброз,  миозит,  миоэнтезиялық 
аппарат ауруларына паратенонтит, тендовагинит, тендинит және миоэнтезит жатады. 
Қаңқа  бұлшық  еттерінің  қабынуынан  туған  ауруды  миозит  дейді.  Миозиттер 
спортшыларда  жиі  кездеседі.  Бұлардың  себептері  аса  қатты  жүктену, 
микрожарақаттану, тоңазу, тұмау, созылмалы инфекция ошағы. Жіті миозит дамыса, 
дене  жаттығуларын  орындаған  кезде  спортшыны  ауырсынғандық  сезім  мазалайды. 
Ауырсынғандық  сезім  қозғалған  сайын  күшейе  береді.  Бұлшық  еттің 
ауырлағандығы,  қимылдардың  құрсауланғандығы  серпімділігінен  айырылғаны, 
ісінгені,  қатайғаны  білінеді.  Спортшының  көңіл-күйі  төмендейді,  денесін  ұрып 
тастағандай  сезінеді.  Жіті  миозитпен  ауырған  адамға  толық  тыныштық,  қыздыру 
процедуралары, дәрі-дәрмектер, массаж қажет.  
Миогелоз және миофиброз бұлшық еттердің аса қатты жиырылу салдарынан 
туатын  созылмалы  ауру.  Бұлшық  еттердің  жиырылу  мен  босаңсуы,  актин  және 

     
 
 
138 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
миозин  деп  аталатын  жиырылғыш  белоктарының  талқандалуымен  және  қайта 
құрылуымен  іске  асады.  Қарқынды  да,  ұзақ  та  жұмыстарда  бұлшық  еттердің 
жиырылғыш  белоктары  босаңсу  кезінде  толық  қайта  құрыла  алмайды,  физикалық-
химиялық  процестері  бұзылады,  қимыл  бірліктерінің  қозғыштығы  мен 
құбылмалылығы  өзгереді.  Осылардың  нәтижесінен  бұлшық  ет  босаңси    алмай  ұзақ 
уақыт  құрысқан  қалпында  қалады  да,  гиалинді  дистрофияға  немесе  нәрсізденуге  
ұшырайды.  Миогелозға  ұшыраған  бұлшық  етте  ыңғай  ауырып  тұратын  тығыз 
беріштер  пайда  болады.  Беріштенген  бұлшық  еттің  серпімділігі  нашарлайды, 
босаңси  алу  қабілеті  төмендейді,  күші  азаяды,  қозғалыстары  құрсауланады. 
Миогелоз  пайда  болған  кезде  спортшының  машықтану  процесіне  тиісті  түзетулер 
енгізілуі  керек.  Егерде  бұлшық  ет  аппараты  ары  қарай  аса  қатты  жүктеле  берсе, 
бұлшық еттердің физиологиялық жаңаруы онан сайын бұзыла береді. Сонда бұлшық 
ет  талшықтарының  талқандалуы  жеделдейді,  ал  элементтерінің  қайта  құрылуы 
тоқтайды.  Талқандалған  талшықтар  орынына  дәнекер  ұлпа  толады  да,  миофиброз 
деп аталатын ауру дамиды. 
Миофиброз дамыған бұлшық еттерде сопақша келген тығыз денелер білінеді. 
Бұлшық  еттің  дәнекер  ұлпасынан  пайда  болған  тығыз  денелер  өз  бетімен 
жоғалмайды және соның әсерінен мүшенің күші мен серпімділігі елеулі төмендейді, 
қимылдар  амплитудасы  шектеледі.  Миогелоз  бен  миофиброз  процестері  дамыған 
жағдайда  машықтану  сабақтарын  тоқтату  немесе  жүктемелерді  азайту  керек. 
Емдеуге  неше  түрлі  физиотерапиялық  процедуралар,  дәрі-дәрмектер  қолданылады. 
Миозиттен, миогелоздан және миофиброздан сақтандыру үшін машықтану процесін 
ұтымды  ету,  суыққа  ұрынбау,  жүктемелердің  қарқынын  төмендету,  аса  жүктенген 
бұлшық  еттерді  қыздыру,  массаж  жасау,  қанайналымын  күшейтіп,  зат  алмасу 
өнімдерін жақпа  майларды қолдану арқылы шығару керек. 
Сүйектендіргіш    миозит  -  бұлшық  еттің  қан  қүйылған  жерінің  сүйектенуі. 
Әдетте бұлшық етке қан құйылса сіңіп кетеді. Кейбір жағдайда қан тінге  сіңбейді. 
Қан  тұрып  қалған  жерге  дәнекер  ұлпа  мен  ізбес  тұздары  жиналады  және  сүйек 
жасушалары  өседі.  Сүйек  тінінің  пайда  болуы  дәнекер  ұлпа  жасушаларының 
остебластарға айналуымен түсіндіріледі. Остеобластар бұлшық ет тініне  кіріп, оны 
сүйектендіреді. Сүйектендіргіш  миозит спортшыларда қол қары және қол қарының 
екі  басты  бұлшық  еттерінің  дистальды  бөлімдерінде,  санды  әкелуші  бұлшық  еттің 
жоғарғы  үштігінде,  тілерсекті  жазушы  төрт  басты  бұлшық  етте  жиі  пайда  болады. 
Бұлшық  ет  сүйектенуінің  бір  себебі  –  олардың    жарақаттарының  дұрыс  емделмеуі. 
Жазылмаған жарақатқа массажды ерте қолданса, қыздыру процедураларын шамадан 
артық  жасаса,  ал  қимыл  қозғалыстар  осы  кезде  аз  болса,  сүйектену  жүреді. 
Сүйектенгенінің  белгісіне  жарақаттанған    жердің  қатая  беруі,  жақын  жердегі  буын 
қимылдарының    шектелуі  жатады.  Емдеу  әдісіне  сүйектене  бастаған  жерге  қандай 
болмасын тітіркендіргіш факторларды жолатпау. Сол үшін қолды немесе аяқты  2-3 
аптаға  гипспен иммобилизациялау керек. Гипс алынған соң емдік гимнастика және 
физиотерапия  беріледі.  Алдын  алу  шараларына  зақымдалған  бұлшық  еттегі  қанды 
ісікті  міндетті  түрде  құрту,  жылу  процедуларын  беруге  абай  болу,  массажды  ерте 
жасамау, керісінше, емдік жаттығуларын ерте және кең дәрежеде қолдану. 
Паратенонит  –  сіңірлер  маңайындағы  майлы  тіннің  қабынуы.  Сіңірлердің 
қынабы  жоқ  учаскелері  дәнекер  ұлпамен  муфта  тәрізді  қапталып  тұрады.  Сіңірден 
қашықтаған сайын ол тығыздала береді. Қатты ширықтыратын жұмыста, әсіресе  ол 
салқынмен қабат келсе, борпылдақ дәнекер ұлпа зақымдалады да, онда ұсақ-ұсақ қан 
құйылған  нүктелер  пайда  болады  және  май  қабаты  ісінеді.  Паратенонит    бір 
машықтану  кезіндегі  аса  қатты  жүктенуден  де,  ұзақ  уақыт  бойы  аса  қатты 
жүктенуден  де  пайда  болады.  Бұл  ауру  жаттығу  жағдайлары  қиын,  дайындығы 
жақсы 
спортшыларда 
жиі 
кездеседі. 
Паратенонит 
жүгірушілердің, 

     
 
 
139 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
футболшылардың,  шаңғышылардың,  секірушілердің  ахилл  сіңірі  маңайында, 
теннисшілердің,  қылыштасушылардың,  есушілердің  қол  басы  сыртының  және  
білектің  төменгі  бөлігі  сіңірлерінде,  гимнасшылардың  иығында  жиі  пайда  болады. 
Паратенонит  дамыған  кезде  спортшының  зақымдалған  жерінде  біртүрлі 
ыңғайсыздық,  қозғалыстарында  ауырсынғандық  сезім  білінеді  және  осының 
салдарынан  ол  ауық-ауық  машықтануды  тоқтатуға  мәжбүр  болады.  Сіңірлер 
маңында ісік және муфта тәрізді ауырып тұратын қалыңдық байқалады. Іскен жерді 
алақанмен  басса,  қимылдаған  кезде  сіңірдің  маңайындағы    тіндердің  үйкелісі 
сезіледі, кейбірде тырылдаған дыбыс та естіледі. 
Тендовагинит  –  сіңір  қынабының  қабынуы.  Ұзақ  үйкеліс  салдарынан 
қынаптан  синовиальдық  сұйықтық  аз  бөлінеді  де,    ақырында  синовиальдық 
қабықтың  өзі  жарақаттанады.  Қабыққа  нүкте-нүкте  болып  қан  құйылады,  ісінеді 
және  асептикалық  қабыну  процесі  дамиды.  Сүйықтықтан  сіңір  қысылады,  ал 
қозғалыстар кезінде қатты ауырсынғандық  пайда болады және бара-бара ауырсыну 
күшейе береді. Тендовагинит жиі жағдайда паратенонитпен қабат жүреді. Тендинит 
сіңірдің дегенеративті дерттік процесі. Ол ұзақ уақыт аса қатты ширығу салдарынан 
пайда  болады.  Аурудың  симптомдары  паратенонит  белгілеріне  ұқсас.  Басқан  кезде 
сіңір бойында ауырсынғандық және ісік жерлер байқалады. 
Паратенониттерді,  тендовагиниттерді,  тендиниттерді  емдеуді  жаттығулар 
жасауды  тоқтатудан  және  ауырған  қол-аяқты  7-10  күнге  иммобилизациялаудан 
бастайды.  Ауырған  жерге  спирттік  және  басқа  дәрілік  компресстер,  физиотерапия 
жасалады.  Паратенониттерді  емдеуге  сіңір  маңы  май  қабатына  гидрокортизон 
жіберу  де  қолданылады.  Паратенониттердің,  тендовагиниттердің,  тендиниттердің 
алдын алу шараларына қатты жермен жүгіруді тоқтату, лайықсыз жабдықтардан бас 
тарту, бұлшық еттің сіңірге ауысатын жерін мұқият уқалау кіреді.  
Миоэнтезиттер  –  миоэнтезиялық  апараттың  аурулары.  Бұған  бұлшық  еттің, 
сүйек  қабығының,  бұлшық  еттің  сүйекке  жабысқан  жерінің  дертті  процестері 
жатады.  Миоэнтезиттер  тірек-қимыл  аппаратының  қысқа  мерзімді  де,  ұзаққа 
созылғанда  аса  ауыр  жұмыс  әсерінен  пайда  болады.  Миоэнтезиттердің  пайда 
болатын  жері  спорт  түріне  байланысты.  Лақтырушыларда,  боксшыларда, 
ватерполшыларда  иық  миоэнтезиттері,  теннисшілерде,  найза  лақтырушыларда, 
қылыштасушыларда  –  шынтақ  миоэнтезиттері,  футболшыларда,  штангашыларда, 
секірушілерде  –  санды  әкелуші  бұлшық  еттер  миоэнтезиттері,  балуандарда  – 
тұлғаның  артқы  беті  бұлшық  еттерінің  миоэнтезиттері  кездеседі.  Миоэнтезитпен 
ауырған  кезде  машықтануды  тоқтату  және  аяқ-қолдарды  иммобилизациялау  керек. 
Емдеуге физиотерапия, майлы компрестер қолданылады. 
Аса  қатты  ширығудан  туатын  сүйек  қабығының,  сіңірлер  мен 
байламдарының,  сүйек  беткі  қабығына  жабысқан  жерінің  қабынуынан  пайда 
болатын ауруларды периостит деп  атайды. Периостеопатиялар үлкен күшпен және 
амплитудамен  қайта-қайта  жасалған  қатты  қозғалыстар  салдары.  Қатты  жерге 
секірулерде, қатты жермен жүгірістерде сіңірдің коллаген талшықтары үзіледі және 
қанталайды.  Алғашқы  симптомына  жаттығуларды  орындаған  кезде  пайда  болатын 
шамалы  ауырсынғандық  сезім  жатады.  Бара-бара  ауырсынғандық  сезімі  тұрақтана 
береді, қозғалған сайын немесе сүйек қабығын басқан сайын ауырсынғандық күшейе 
түседі  және  ауырған  жер  сәл  ісіп  тұрады.  Периоститтер  кәрі  жіліктің  алдыңғы 
бетінде, байламның тізе тобығына жабысқан жерінде жиі пайда болады. Осы ауруда 
машықтану  тоқтатылады,  аяққа  гипс  лонгетасы  салынады  және  арнайы    жақпа 
майлар  пайдаланылады.  Миоэнтезиттер  мен  периоститтерден  сақтану  үшін  
жаттығуларды  қатты  жерде  жасамау  керек.  Бұлшық  еттер  мен  миоэнтезиялық 
аппараттың  ауруларынан  кейін  жаттығулар  жасауға  дәрігердің  рұхсаты  қажет. 
Спорттық еңбекке жарамсыздық мерзімі – бірнеше күннен 4-6 айға дейін. 

     
 
 
140 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Миоэнтезиялық  аппарат  жарақаттарына  бұлшық  еттердің  қатты  құрысуы, 
созылуы,  сіңірлер  мен  фасциялардың  жартылай  да,  толық  та  жыртылуы  жатады. 
Бұлшық  еттің  кенеттен  қатты  құрысып  қалуы  спринттік  жүгірістерде,  әсіресе 
кенеттен  қозғалыс  жасалған  сәтте  туады.  Құрысу  процесі  негізінде  бұлшық  еттің 
моторлық  бірліктері  арасындағы    үйлесімділік  пен  қозғыштық  бұзылады.  Мұндай 
функциялық  өзгерістер  өте  қатты  ауырсынғандық  сезім  туғызады.  Бара-бара 
ауырсынғандық сезім бәсеңдейді, ал қимыл жасауға әрекеттенген кезде қайталанады. 
Құрысып  қалған  бұлшық  етті  босаңсыту  қиын,  сондықтан  спортшы  жаттығуды 
тоқтатуға мәжбүр болады. Алғашқы жәрдем ретінде тыныштық, жылулық,  бұлшық 
етті босаңсыта алатын дәрі-дәрмектерді беру ұсынылады.  
Серпімділігінің арқасында бұлшық ет, әдетте, толық созылмайды, ал бұлшық 
ет  қатты  созылса,  талшықтары  мен  қантамырлары  үзіледі.  Мұндай  жарақаттар 
спортшыны  уақытша  істен  шығарады,  себебі  ауырсынғандық  сезім  пайда  болады. 
Бұлшық  еттің  қарыншасы  да,  сіңірге  жалғасқан  жері  де  жарақаттанады,  бірақ 
функциясы әдетте бұзылмайды, жақын буындар қимыл–қозғалысының амплитудасы 
сақталады.  Бұлшық  еттер  мен  сіңірлер  кенеттен  қатты  құрысса,  жартылай  немесе 
толық жыртылады. Мұндайда өткір ауырсынғандық сезім пайда болады. Жыртылған 
жер  қанталайды  және  қанды  ісік  пайда  болады  да,  мүше  қимылдау  мүмкіндігінен 
айырылып қалады. Қанталаған және құрысып қалған бұлшық еттер қатты. Жартылай 
немесе толық жыртылған бұлшық еттің үстінде шұңқыр көрінеді. Қолдың екі басты, 
санның төрт басты, балтыр бұлшық еттері жиірек жыртылады. Бұлшық ет аса қатты 
ширыққан  сәтте  сіңірі  жартылай  немесе  толық  үзіледі.  Сіңірлердің  үзілуіне 
тендинит,  тендовагинит,  паратенонит  аурулары  септігін  тигізеді.  Бұлшық  ет 
жыртылған сәтте тасқа соғылғандай өте өткір ауырсыну сезімі пайда болады. Сіңір 
үзілсе  мүшенің  белсенді  қимылы  мүмкін  болмай  қалады.  Ахилл  сіңірі  үзілсе 
спортшы аяқ ұшына тұра алмайды. Қолымен басып көрген кезде сіңір көлденеңінде 
шұңқыр  білінеді.  Тиісті  бұлшық  ет  өзінің  формасын  өзгертеді  және  шетке  қарай 
ығысады. 
Бұлшық  ет  қатты  жиырылып  тұрған  кезде  соққы  тисе,  қабығы  немесе 
фасциясы  жыртылады.  Сол  кезде  ауырсынғандық  сезім  білінеді,    ал  басып  көрген 
кезде бұлшық етте сопақша ойыс білінеді де, кейбірде бүйірі бұлтиып шығып кетеді. 
Мұны «бұлшық ет жарығы» дейді. Бұлшық еттің және миоэнтензиялық аппараттың 
жарақаттарына  көрсетілетін  алғашқы  жәрдем  мақсатына,    қанталауды  азайту  мен 
ауырсынғандық  сезімді  басу  жатады.  Осы  үшін  хлорэтил  себу  немесе  мұз  салған 
қаптарды  жарақаттанған  жерге  басу  қажет.  Жартылай  немесе  толық  жыртылған 
бұлшық  етті  қозғалтпайтын  иммобилизация  жасалады.  Екі  басты  бұлшық  еті 
жыртылса  білек-шынтақ  буынын  өткір  бұрыш  жасай  бүгу  керек,  ал  санның  төрт 
басты бұлшық еті жыртылса, тізе буынын толық жазып, тілерсекті түзету керек.  
Толық  үзілген  бұлшық  етке  немесе  сіңірге  ұштарын  қосып  тігетін  ота 
жасалады.  Қанталаған,  ісінген,  ауырған  жерді  қалпына  шапшаң  келтіру  үшін  бір 
тәуліктен  кейін  түрлі  физиотерапиялық  процедураларды  және  осы  мақсатпен  түрлі 
фармакологиялық  препараттарды  да  қолданады.  Отадан  3-4  тәулік  кейін  емдік 
гимнастика  қолданыла  береді.  Алдымен  сорушы  массаж  жасап,  соңында  басқа 
түріне абайлап көшеді. 
Буындардың  кең  тараған  аурулары  –  артриттер,  синовиттер,  периартриттер, 
артроздар.  Синовит  –  буынның  синовиальды  қабығының  қабынуы.  Ол  буынның 
ыңғай асыра жүктенуінен пайда болады. Аса көп жүктенген буынның синовиальды 
сұйықтығы  қоюлана  мөлшері  азаяды  да,  салдарынан  буын  бетінің  шеміршектері 
тозады. Спортшы буынында ауырсынғандық сезім пайда болады және қозғалыстары 
баяулайды,  кейбірде  шыртылдаған  дыбыс  естіледі.  Бара-бара  буын  көлемі  шамалы 
ұлғаяды,  бедерлері  жойылады.  Бір  жағдайларда  барлық  симптомдары  жоғалу  үшін 

     
 
 
141 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
бірнеше күн демалыс жеткілікті.  Басқа бір жағдайларда  ауру созыла береді, демек 
буын  сырқырап  ауыра  береді,  шыртылдаған  дыбыс  жоғалмайды,  контурларының 
майдалануы тоқтамайды. Синовит пайда болса машықтануды тоқтату керек.  Емдеу 
үшін  құрғақ жылулық, жеңіл  массаж, жақпа майлар мен спорттық  сұйықтықтарды 
сіңіре жағу, компресс салу көрсетіледі. 
Периартрит  –  буынды  қоршап  жатқан  тіндердің  дегенеративтік  те, 
қабынушылық  та  өзгерістері.  Жиі  жағдайда  периартрит  миоэнтезиттің  жалғасы 
болып  келеді  немесе  созылмалы  паратенонитпен  және  тендовагинитпен  қатар 
дамиды.  Әдетте  баяу  дамитын  ауру  болып  келеді.  Басып  зерттеген  кезде  буын 
маңайындағы  тіндерде  шамалы  ауырсынғандық,  ал  қимыл  кезінде  буында  қатты 
ауырсынғандық, бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады. Көбіне иық, онан сирек 
шынтақ  және  білезік,  онан  сирек  тізе  мен  тобық  буындары  зақымдалады. 
Периартриттерді  емдейтін  әдістер  миоэнтезиттерді  емдейтін  әдістерге  ұқсас. 
Машықтанулар міндетті түрде тоқталуы тиіс. 
Артроз  –  буындардың  дегенеративтік-дистрофиялық  созылмалы  ауруы. 
Артроздың пайда болу себебіне ұзақ уақыт бойы асыра жүктену жатады. Бұл буын 
бетін  қаптап  жатқан  гиалин  шеміршегінің  талқандалуына  әкеледі.  Гиалин 
шеміршегінде  не  қантамырлары,  не  болмаса  лимфа  тамырлары    жоқ.  Оның 
қоректенуі  синовиальдық  сұйықтықпен,  осмос  және  диффузия  процестерінің 
негізінде  жүреді.  Ауыр  жүктемелер  буын  шеміршектерінің  жаншылуына  және 
олардың синовиальдық сүйықтықтағы заттармен қоректенуін нашарлатады.  
Қарқынды жаттығулар жалғаса берсе шеміршектердің әрбір жері жұмсарады, 
ыдырайды  және  сылынады,  демек  сүйек  затының  ашылып  кетуіне  дейін  әкелетін 
шеміршектің  кемістігі  пайда  болады.  Осының  артынан  сүйектің  шеміршек  асты 
қабатында өзгерістер туады, сол жерлерде сүйек заты ыдырайды, жылауықтар пайда 
болады  және  сүйек  қырлары  өседі.  Артроздың  пайда  болуында  ұзақ  уақыт  бойы 
шамадан  артық  жүктенуден  синовиальды  сұйықтықтың  азаюы  маңызды. 
Сүйықтықтың  азаюы  буын  шеміршегінің  жарылуына,  жұмсаруына,  сылынуына 
әкеледі. 
Артроздың  алғашқы  даму  фазасында  спортшы  буынының  шапшаң 
шаршайтындығына,  сырқырап  ауыратындығына  арызданады.  Бұл  симптомдар  оны 
аяқтарының  қалпын  жиі-жиі  ауыстыруға  мәжбүрлейді.  Қозғалыстары  таңертең 
қиындайды,  амплитудасы  шектеледі,  ал  гимнастикадан  соң  симптомдар  жоғалады. 
Машықтануға кіріскен кезде де қимылдардың  шектелгені мен ауырлағаны байқалса, 
бой  жазудан  кейін  олар    жоғалады.  Ауру  дамыған  сайын  жұмыс  кезіндегі 
ауырсынғандық  кетпей,  машықтануға  мүмкіндік  бермейді.  Зерттеген    кезде  буын  
пішінінің  майдаланғаны,  бұлшық  еттерінің  семгені,  қозғалыстар  амплитудасының 
кемігені  білінеді.  Әдетте  артроздар  созылмалы  болып  келеді.  Уақыт  өткен  сайын 
буын функциясы қозғалыста ғана емес, тыныштық  күйде де бұзылғаны байқалады.  
Спортшыларда  ең  көп  жүктенетін  буындар  зақымдалады:  жүгіргіштер  мен 
футболшыларда – тізе және тобық; гимнасшыларда – иық және шынтақ; балуандарда 
–  омыртқа  бағанасының  буындары  (спондилоартроз).  Артроздардың  шапшаң 
дамуына буындар жарақаттары септігін тигізеді. 
Артрозды  емдеу  машықтануды  тоқтатудан  басталады.    Физиотерапиямен 
қатар электрофорез әдісімен буын қуысына дәрі-дәрмек енгізу қолданылады. Емдік 
жаттығулар беріледі. Сүйек пен буын аурулары пайда болған жағдайларда ары қарай 
машықтану мәселесі  аурудың ағымына, спорттың түріне және басқа да факторларға 
қарай  дәрігердің  нұсқауымен  жеке  шешіледі.  Аурудан  жазылу  кезеңінде  ауруға 
дейінгі  кезеңмен  салыстырғанда,  жүктеме  көлемі  мен  қарқыны  баяу,  баппен 
көтеріледі. 

     
 
 
142 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Жеңілатлетикамен,  гимнастикамен,  акробатикамен,  ауыр  атлетикамен,  тау 
шаңғысымен  шұғылданушы  спортшылардың  білезік,  тобық,  тізе  буындарын 
амплитудалы  қозғалыстарға  баппен  үйрету,  оларды  аурулардан  сақтандырудың 
жолы  болып  табылады.    Спортшыларды  қол-аяққа  жұмсақ  қонуға,  отыра  кетуге 
дұрыс үйреткен маңызды. Осындай амалдарды орындай алмаса, буын шеміршектері 
жаншылады  және  жарылады.  Секіргенде,  жүгіргенде,  итергенде  дененің 
аммортизациясын  қамтамасыз  ету  керек.  Қонатын  жерге  сапалы  маттарды, 
шұңқырларға  поролон  төсеу,  жүгіріс  жолдарына  серпімді  заттар,  спорттық  аяқ 
киімге серпімді ұлтандар, супинаторлар салу маңызды профилактикалық шаралар. 
Буындар  жарақаттарына  байламдарының  зақымданулары,  толық  және 
жартылай  шығу,  тізе  менискі  мен  шеміршегінің  бүлінулері  жатады.  Буын 
байламдарының  жарақаттары  жиі  кездеседі  және  қозғалысының  амплитудасы 
шегінен  артық  болуымен  байланысты.  Шектен  артық  амплитудалы  қозғалыс  буын 
байламдарының    бір  жағын  өте  қатты  тартады.  Әдетте  осы  байламдар  фиброзды 
капсуласымен  қосылып  буын  қозғалыстарын  белгілі  бір  жерге  дейін    шектейді,  ал 
қозғалыс шектен ары қарай жүре берсе буын ұштары ығысып кетеді. Тізе мен тобық 
буындарының  байламдары  жиірек,  ал  иық  пен  шынтақ  буындарының  байламдары 
сирегірек жарақаттанады. Тізе буынының ішкі бүйір байламдары жиірек, ал сыртқы 
бүйір  және  крест  тәрізді  байламдары  сирегірек  зақымдалады.  Сан  қозғалыссыз 
тұрған  кезде  тілерсек  сыртқа  кенеттен  әкетілсе  ішкі  байламдар  жарақатаннады,  ал 
сырттан  әкелінсе  сыртқы  байламдар    жарақаттанады.  Ішкі  бүйір  байламының 
жарақаттануы  футболшыларға,  шаңғышыларға,  балуандарға  және  гимнасшыларға 
тән.  Тізе  буынының  ішкі  бүйір  байламының  созылып  кетуі,  басқа  байламдарының 
созылып кетуіне қарағанда, жиірек кездеседі және ішкі мениск пен буын капсуласы 
созылуымен  қабаттасады.  Тізе  буынының  крест  тәрізді  байламдары  аяқ  қатты 
жазылған, аяқпен допты қатты тепкен, тілерсекті әкеткен және ішке қарай кенеттен 
бұрған жағдайда жарақаттанады. 
Тобық  буыны  байламдары  спортшыларда,  әдетте,  аяқ  басының  ішке  қарай 
бұралып  кетуінен  пайда  болады  да,  «өкше–кіші  жіліншік»  байламы  зақымдалады. 
Алға  қарай  созылған  қолдарды  тірей  жығылса,  шынтақ  буынының  байламдары 
жарақаттанады.  Иық  буынының  байламдары  мен  капсуласының  жарақаты  ішке 
қарай бұралып кеткен қолға жығылса пайда болады. 
Байламдар  жарақаты  ауырлығының  үш  дәрежесін  айырады.  Бірінші 
дәрежесіне  байламдар  коллагені  бүлінбей  ғана  созылғаны  жатады.  Мұндай  созылу 
шамалы  ауырсынғандықпен,  қанталаумен,  жұмсақ  тіндердің  ісінуімен  білінеді. 
Спорттық  қызметтік  қабілеттіліктің  төмендеуіне  бұл  әсер  етпейді.  Екінші 
дәрежесінде 
байлам 
талшықтарының 
біршамасы 
үзіледі 
де, 
өткір 
ауырсынғандықпен,  қанталаумен,  буын  функциясын  бұзатын  буынның  қанды 
ісігімен немесе гемартрозбен білінеді. Үшінші дәрежесі байламның толық үзілуімен 
сипатталады  да,  өте  қатты  ауырсынумен,  қанды  ісікпен  айқындалады.  Буын 
функциясы  бұзылса,  аяқ-қолдың  вертикальды    діңгегі  өзгереді.  Кейбірде  байлам 
сүйекке жабысқан жерінен үзіледі, сонда байлам сүйектің бір шетімен бірге кетеді. 
Алғашқы жәрдем ретінде хлорэтил себіледі, мұз басылады, қысып таңылады, 
шинамен  иммобилизацияланады.  Ары  қарай  консервативті  әдістермен  емделеді,  ал 
байлам  толық  үзілген  болса  ота  жасалады.  Массаж  бен  емдік  жаттығулар 
қолданылады.  Спорттық  еңбекке  жарамсыздық  І  дәрежесінде  1-2  апта,  ІІ 
дәрежесінде 2-4 апта, ІІІ дәрежесінде отадан соң 6-8 апта. 
Сүйектер  бетінің  физиологиялық  шегінен  тайып  кетіп,  бір-біріне  тимей 
қалуын  -    шығу  дейді.  Шығу  процесі  әдетте,  буын  қабының,  байламдарының 
жыртылуымен,  жұмсақ  тіндерінің  бүлінуімен  сипатталады.  Жартылай  шығу  буын 
бастарының  шамалы  ауытқуымен  сипатталады.  Сүйек  бастары    тіндерін  жыртып 

     
 
 
143 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
шығып кетсе  ашық  шығу  аталады да, өте ауыр жарақат болып  саналады. Буынның 
толық шығуы қозғалыс амплитудасы шектен артық болғанда немесе соққы сүйекке 
тура тисе болады. Буын шыққанда өте қатты ауырсынғандық сезім туады, кейбірде 
күртілдеген  дыбыс  естіледі.  Аяқ-қол  ыңғайсыз,  мәжбүрлі  қалыпқа  келеді,  ал  оны 
түзету  үшін  жасалған  әрекеттер  буынды  қатты  ауыртады  және  серпімді  кедергі 
келтіреді.  Сау  аяқ-қолмен  салыстырғанда  буын  формасының  өзгергені  байқалады: 
орынынан  ауытқыған  сүйек  басы  шодырайып  шығып,  ал  оның  әдеттегі  орыны 
шұңқыр болып тұрады. 
Алғашқы  жәрдем  ретінде  зақымдалған  аяқ-қолды  азаптанушыға  ыңғайлы 
қалыпқа келтіріп, толық қозғалыссыз ету керек. Ол үшін шина салып, жапа шегушіні 
емханаға  жібереді.  Шыққан  буынды  сол  жерде  салуға  болмайды,  себебі  ондай 
әрекеттер  асқынуларға  әкеледі.  Шыққан  буынды  салған  соң  гипспен 
иммобилизациялайды.  Гипс  таңғышы  бар  кезде  де,  әсіресе  оны  алып  тастағаннан 
кейін  емдік  жаттығулар,  массаж,  физиотерапия,  дәрі-дәрмектер  беріледі. 
Машықтануды  толық  жазылған  соң  бастайды.  Спорттық  еңбекке  жарамсыздық 
мерзімі 6-8 апта.  
Тізе буынының ішкі жарақаттары ішінде менискілерінің үзіліп және жұлынып 
кетуі  жиі  кездеседі.  Тізе  буынының  менискілері  серпімді  аммортизатор  рөлін 
ойнайтын  талшықты-шеміршекті  құрылымдар.  Тізе  буынының  екі  түрлі  менискісі 
бар:  латеральды  және  медиальды.  Медиальды  мениск  латеральды  менискімен 
салыстырғанда  9-10  есе  жиі  зақымдалады.  Зақымданудың  механизмі  мынадай: 
тілерсектің  шапшаң  жазылуы;  биіктіктен  түзу  аяқтарға  түсу.  Осы  жағдайларда 
менискілер  ортан  жілік  айдаршықтарының  арасында  жаншылып  қалады.  Мениск 
жарылып  кетсе,  қатты  ауырсынғандықтан  шок  пайда  болады.  Қан  құйылып  кетсе, 
тізе буыны ісіп кетеді және бүгіліп қалады, қозғалыстар өте қатты ауырсыну сезімін 
туғызады. Жұлынып кеткен менискінің бөлшектері ішіне қарай кіріп және қысылып 
қалса,  белсенді  қимылдар  түгіл,  енжар  қимылдар  мүмкін  болмай  қалады,  демек 
буынның  «блокадасы»  туады  (аяқ  жазылмайды).  Осындай  «блокада»  ұзақ  немесе 
қысқа  мерзімге  сақталады.  Жіті  жарақаттан  соң    тізе  буынының  блокадасы  жиі 
қайталана  беруі  мүмкін.  Алғашқы  көмек  тізеге  суық  қою,  қысып  таңу, 
иммобилизация  жасау.  Аяқты  күштеп  созуға  болмайды,  сондықтан  оны  бүгілген 
қалыпта  иммобилизациялайды.  Мениск  зақымдарын  емдеудің    ұтымды  жолы  ота 
жасау,  жаншылған  менискіні  алып  тастау.  Алынған  мениск  орыны  кейіннен 
синовиальді  қабықтың  функционалдық  метаплазиясы  есебінен  толады.  Шамалы 
зақымдарында  консервативті  емдеу  әдістері  де  жақсы  нәтиже  береді:  10-12  күнге 
гипстен лонгета, физиотерапия, емдік жаттығулар, 3-5 күннен соң массаж. 
Ота жасау әдісімен емделген соң спортшы сабақтарына 2,5-3,5 айдан кейін, ал 
консервативті  әдісімен  емделген  соң  3-4  айдан  кейін  кіріседі.  Алдын  алу 
шараларына,  менискілер  зақымдары  қандай  жағдайларда  туатынын    спортшыларға 
түсіндіру,    дене  жаттығулары  техникасын  жетік  меңгеру  және  машықтандырушы 
процесті ұтымды ұйымдастыру жатады. 
Буын  шеміршектерінің  жарақаттары  жеңілатлеттерде,  гимнасшыларда, 
акробаттарда  және  тағы  басқа  спортшыларда,  секіріп  барып  жерге  қонған  кезде 
пайда  болады.  Әдетте  тізе  мен  тобық  буындарының  шеміршектері  жарылады. 
Штанганы кеудеге алу үшін өте терең отыра  кеткен кезде, жеңілатлетикада секіріп 
барып жерге қонған кезде, буындар шегіне дейін бүгіліп, тізе және тобық  буындары 
шеміршектерінің  шеттері  жаншылады.  Білезік  буындары  шеміршектерінің 
жаншылуы, жарылуы гимнастар қол басын сыртқа қарай асыра жазған кезде болады. 
Шеміршектер  жарақаттанған  сәтте  спортшы  кенеттен  ауырсынады,  сонан  соң 
бірнеше күн бойы буынында ыңғайсыздық сезінеді, әдетте бой жазудан соң ол сезім 
жоғалады. Жетінші немесе оныншы күнде жарақаттанған жер ауырады. Алдымен ол 

     
 
 
144 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
діңгек  бойы  түскен  жүктемеге  орай  пайда  болса,  сонан  соң  тыныштық  күйде  де 
байқалады. Ауырсынғандық сезім себебінен қозғалыстар шектеледі. 
Тиісті 
емдік 
шаралардан 
кейін 
(иммобилизация, 
физиотерапия 
процедуралары, емдік жаттығулар), бара-бара ауырсынғандық бәсеңдей береді де, 6-
8  аптада  толық  жоғалады.  Машықтануға  абайлап  кірісу  қажет,  әсіресе  діңгек  бойы 
түсетін  жүктемелерді  және  қозғалыстар  амплитудасын  көтеруге  сақ  болу  керек. 
Алдын  алу  үшін  ауыр  атлетикада  терең  отыра  кету  техникасын  ұтымды  меңгеру, 
гимнастикалық  жаттығуларды  орындауда  секіріп  түсу  техникасын  жетік  меңгеру 
керек.  
Сүйек  ауруларының  ішінде  спорттық  медицинаға  маңыздылары  экзостоздар 
мен  дистрофиялар.  Экзостоздар  созылмалы  периоститтерден  туады.  Сүйек  қабығы 
ішкі  қабатының  функциясы  мұндай  жағдайда  белсендіріледі  де,  қабынған  жерге 
сүйектік элементтердің бір-біріне жабысу процесі күшейеді, бір жерге біз тәрізденіп 
жиналады.  Мұны  экзостоздар  деп  атайды.  Футболшыларда,  боксшыларда, 
гимнасшыларда,  суға  секірушілер  мен  балуандарда  экзостоздар  қол  басының  ұсақ 
сүйектері, мойын мен бел омыртқаларындағы көлденең өсінділері шеттерінде пайда 
болады.  Табан  апоневрозының  өкше  сүйегіне  жабысқан  жерінен  өскен  экзостоздар 
«өкше  шпорлары»  деп  аталады.  Экзостоздарға  тиісті  жерлерді  басқан  кезде 
ауырсынғандық  және  сол  жердің  ісіп  тұрғаны  тән.  Бұлардың  себебі,  маңайындағы 
жұмсақ  тіндердің  жаралануы  және  қабыну  процесінің  жүруі.  «Өкше  шпоры» 
ауырсыну сезіміне байланысты жұмыс істеу қабілеттілікті бұзады. 
Емдеуге  физиотерапия,  құрамында  ісікті,  қабынуды,  ауырсынғанды  басатын 
жақпа майлар, кейбірде  хирургиялық емдеу әдістері қолданылады. Экзостоздардың 
алдын  алу  үшін  жоғарыда  көрсетілген  барлық  жалпы  шаралар  өткізіледі.  Кейбірде  
қалың және серпімді ұлтанды аяқ киім киіп машықтанған да, экзостоздардың алдын 
алуға жеткілікті болады. Аммортизациялаушы ұлтанды аяқ киім болмаса, секірумен, 
жүгірумен,  қылыштасумен  шұғыланғанда  арнайы  жұмсақ  ұлтарақ  пен  өкшеге 
жапсырма салу керек. Қылыштасуларға және боксшыларға, қолқаптарына салынған 
қыл  мен  поролонның    қалыңдығы  жеткілікті.  Аса  қатты  ширығу  мен  аса  қатты 
жүктенуден сүйектер қанайналымы мен заталмасуы бұзылады. Осының салдарынан 
түрлі  дистрофиялық  өзгерістер  туады.  Өзгерістер  түріне  сүйек  ізбесінің  азайып 
немесе  жоғалып  кетуі,  сүйек  затының  жойылып,  орыны  остеоидты  ұлпамен  толып 
кетуі, ашық аймақтарында киста тәрізді ұлпалық қуыстардың пайда болуы жатады. 
Мұндай өзгерістер үлкен жіліншікте, табан және қол басы сүйектерінде кездеседі. 
Сүйектердегі  дистрофиялық  өзгерістерде  ауырсынғандық  сезім  білінеді, 
тиісті жерлер іседі және 3-4 аптадан соң рентгенологиялық симптомдар көрінеді (бос 
жерлері көрінеді). Сүйек ұлпасының дерттік қайта құрылуларын емдеу өте қиын. Бір 
жағдайда  дене  жүктемелерін  азайту  немесе  өзгерту,  екінші  бір  жағдайда 
машықтануды толық тоқтату керек. Қатты ауырсыну болған жағдайларда 4-6 аптаға 
гипс  лонгетасын  салып  иммобилизациялау,  физиотерапия  қолдану,  сему  мен 
құрысуды болғызбау жолында және кейіннен сүйек құрылымын тез қалпына келтіру 
мақсатында,  міндетті  түрде  емдік  жаттығулар  жасау.  Ауру  1-1,5  жылға  дейін 
созылады. Ол сүйек құрылысының және қызметінің қалыптасуымен аяқталады. 
Алдын  алу  жолдары:  тірек-қимыл  аппаратының  белгілі  бір  бөлімдерінің 
асыра  жүктенуін болдырмайтын ұтымды машықтандырушы  процесін құру; жалпақ 
немесе  жалпайуға  жақын  табан  иегерлеріне  аяққа  ауыр  салмақ  түсіретін  спорт 
түрлерімен  шұғылдануға  тиым  салу;  супинаторлар  салынған  ұтымды  аяқ  киіммен 
қамтамасыз  ету;  табан  шаңырағын  беріктендіретін  жаттығуларды  қолдану; 
боксшылардың соққан кезде қолбасы жарақаттануының алдын алу.  
Сүйектер  жарақаттарына  периоститтер  мен  сынықтар  жатады.  Жарақаттық 
периостит  –  бір  немесе  бірнеше  рет  жарақаттану  салдарынан  сүйек  қабығының 

     
 
 
145 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
қабынуы.  Тілерсектің  бірнеше  рет  соғылуы  кедергілермен  жүгірістерде,  кермеде, 
бөренеде  жасаған  гимнастикалық  жаттығуларда,  футбол  ойынында  бутса  тигенде 
болады. Қол басының сырт жағы бокста, қылыштасуда соғылады. Өкше секірістерде
қылыштасуда  қатты  соғылады.  Мойын  мен  бел  омыртқаларының  тік  өсінділерінің 
жарақаттық периоститтері штангашыларда, суға секірушілерде және гимнасшыларда 
кездеседі.  Осындай  периоститтер  омыртқа  бағанасының  кенеттен  қатты  жазылуы 
себебінен  дамиды,  өйткені  тік  өсінділері  бір-бірін  қатты  сығымдайды  да  сүйек 
қабығын жарақаттайды. 
Сынық  немесе  сыну  деп  механикалық  жарақат  әсерінен  сүйек  бүтіндігінің 
бұзылуын  айтады.  Сүйек  сынған  кезде,  әдетте,  бұлшық  еттер  де,  фасциялар  да, 
жүйке ұштары да, қантамырлары да бүлінеді. Ашық, жабық, орнынан жылжымаған 
және орнынан ығысқан, құрама және қыспа сынықтарды айырады. Егерде сүйектер 
бір-біріне  кіріп  кетсе  –  бір-біріне  кірігіп  сыну  деп  аталады.    Жарықшақтанған, 
қысылудан,  оқтан  болған,  көлденең,  бұралмалы,  майыспа  сынықтар  болады. 
Сынықтар  соққыдан,  құлаудан,  соғылысудан,  жаншылудан,  бұралудан,  майысудан 
болады. Спортшыларға тән сынықтар болады, мысалы, бұралмалы,  жұлынған және 
т.б. 
Жарақаттанушы  сүйегінің  сынғанын  өзі  біледі,  себебі  сырт  еткен  дыбысты 
естиді және қатты ауырсынғанды сезеді. Қозғалыс жасаса ауырсынғандық күшейеді. 
Сынған  жер  қан  құйылу  себебінен    ісінеді,    аяқ-қолдың  формасы  өзгереді.  Ашық 
сынықта сүйектер  жұмсақ тіндерді жыртып, жарадан шығып тұруы мүмкін. Ең дәл 
диагностикалық әдіс – рентгенография. Жабық сынықта алғашқы жәрдем аяқ-қолды 
иммобилизациялау; ашық сынықта қан кетуін тоқтату, стерильді таңғыш салу, сонан 
соң  иммобилизация  жасау.  Емдеу  мекемесінде  анестезия,  репозиция,  гипспен 
иммобилизация жасалады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Дубровский В.И. Спортивная медицина. – М., Гуманитизд. «ЦентрВЛАДОС», 
2002. – 512 с 
2.
 
Макарова Г.А. Спортивная медицина. - М., 2003 
3.
 
Епифанов  В.А.  Спортивная  медицина.  –  М.  Изд.гр  «ГЭОТАР-Медиа»,  2006, 
335 с 
4.
 
Булич Э. Г. Здоровье человека. — К.: Олимп. л-ра, 2003. — 424 с.  
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет