Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата04.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#3357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

маманы»  Ұлттық  сертификатымен  директордың  шаруашылық  жөніндегі 
орынбасары Қалиев Жарқынбай Құрманұлы марапатталды.  
 «Қыран  түлегіне  қайтпас  қанат  сыйлайды,  ұстаз-шәкіртіне  талмайтын  талап 
сыйлайды»    демекші,  біздің  колледжден      ұшқан  түлектеріміз  болашақта    бәсекеге 
қабілетті білікті де,  білгір маман иесі болатынына ұстаздар қауымы сенімді. 
Біздің педагогикалық ұжым әлі де талай биіктерден көрініп, еліміздің ертеңін 
қалайтын жас жеткіншектерді оқытып  саналы тәрбие беретіні анық. 
Иә,  ұстаздардың  әсерлі  үнмен,  мәнерлеп  сөйлеген  сөзінен  әрбір  оқушыға 
деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. 
Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу-бұл нағыз шеберлік 
емес пе?!  

     
 
 
26 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  болары 
анық.  Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да,  тілінен  бал  тамған  ақын  да, 
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен 
шопан  да,  көк  күмбезінен  әрі  өткен  ғарышкер  де  бәрі  -  бәрі  ұстаздан  білім,  тәлім 
алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Әрбір 
тұлға  өмірінде  үлкен  тәрбие  мен  таусылмас  білім  ошағын  санасына  ұялатқан 
ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы!  Шәкірті өзінен озған 
ұстаз  -  еңбегі  ақталған  ұстаз.  Сондықтан  да,  ол  әрдайым  қасиетті  тұлға  ретінде 
ерекшеленеді.  
Тәуелсіз  Қазақстанда  өркениетке  бастар  жолдың  бастауы  -  мектеп  десек, 
мектептің  басты  тұлғасы,    жүрегі  -  мұғалім.  Ұрпақ  болашағы,  халқымыздың 
келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, 
бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Сондықтан да, 
дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім 
беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.  
 
 
ӘОЖ: 37.018 
 
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ-КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІНІҢ  ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ  
ЕҢБЕКТЕРДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ 
 
Уайдуллақызы Э. 
(Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) 
аға оқытушы, PhD доктор, Алматы қаласы 
Султанова Г.С. 
(Алтай мемлекеттік университетінің 2 курс аспиранты) 
Барнаул қаласы 
 
Бүгінде  бастауыш  сыныптардың  барлық  пәндері  бойынша  Республикалық 
ақпараттану орталығы дайындаған электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны 
басқа  да  электронды  ресурстарды  пайдалану  арқылы  ұйымдастырылуы  көзделген. 
Ол  үшін  мұғалімдердің  ақпараттық-кәсіби  құзыреттіліктері  қалыптасқан  болуы 
керек. Сонда ғана оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, оқыту үдерісінде 
жоғары  деңгейдегі  тапсырмаларды  орындатуда  ақпараттарды  тауып,  оны  сақтап, 
жүйелеуге,  электрондық  оқулықтардағы  модульдік  тапсырмаларды  өздігінен 
шешетін, шығармашыл тұлға қалыптастыра алады.   
На  сегодняшний  день  по  всем  предметам  начальных  классов  нацелено 
преподавание  с  использованием  электронных  учебников,  интерактивной  карты  и 
других  электронных  ресурсов.  Для  этого  должно  быть  сформирована 
информационно-профессиональная  компетенция  учителей.  Только  тогда  они  могут 
повысить интерес учеников в образовательном процессе и сформировать творческие 
личности,  которые  смогут  самостоятельно  найти,  сохранить,  систематизировать 
информацию для исполнения заданий, на высоком уровне. 
Nowadays  e-books prepared by the republican  center of informatics for  all subjects 
of primary classes such as interactive boards and other electronic resources provided in the 
organization are planned. It is necessary for teachers to be informational and professional 
skilled. In this case the interest of students to study will rise and they will be able to find 
the information for  solving the tasks of high difficulty, to save and organize it as well as to 
be confident and creative while solving e-books modular tasks. 

     
 
 
27 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Кілт  сөздер:  мұғалім,  ақпарат,  құзырет,  ақпараттық  құзыреттілік,  кәсіби 
құзыреттілік.  
 
Қазіргі мұғалімдердің ақпараттық мәдениеті білімдік және қызметтік болып екі 
түрге  бөлініп,  қарастырылады.  Білімдікке  кәсіби  білімділік  пен  кәсіби  бағдар 
жатады,  ал  қызметтікке  кәсіби  ізденіс  пен  кәсіби  тәжірибе  жатады.    Кәсіби 
лайықтылық  –  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастырудың  тиімді  әдістерін  табуға  және 
дамытуға бағытталған ойлау стилінің қалыптасуы [1]. 
Кәсіби шеберлік – кәсіби сауатты шешім қабылдай білу тәжірибесінің болуы. 
Ақпараттық мәдениет –  тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез 
келген ақпарат көзін – анықтамаларды, сөздіктерді, энциклопедияларды,   теледидар 
бағдарламаларын,  т.с.с.  дұрыс  пайдалана  білу,  ақпараттық  мәдениет  –  әңгімелесе 
білу,  теледидар,  хабарды  (интернетті)  талғамды  түрде  қарау,  алынған  мәліметті  ой 
елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз 
еркіндігіңді  шектей  білу  деген  тұжырым  жасауға  мүмкіндік  береді.  Ақпараттық 
мәдениет дегеніміз –ақпараттар мен жұмыс істеу технологияларын және тәсілдерін, 
іздеу,  беру,  ақпараттарды  өңдеу  мен  талдау  дағдыларын  меңгеру  болып  табылады 
[2]. 
Сонымен, бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық  мәдениетінің мазмұны 
екі бөліктен: білім жүйесі және қызмет жасаудан тұрады (сурет 1). 
Адамның ақпараттық мәдениеті – педагогтыңда, білім алушының да білім алу 
әрекеттеріне  қажетті  жалпы  адамзат  мәдениетінің  бір  бөлігі,  ғылыми  білім  алу 
әрекеттері  құрамындағы  олардың  ақпараттық  әрекеттерінің  сапалы  сипаты  болып 
табылады.  Ақпараттық  мәдениет  ақпараттық  ортамен  өзара  әрекет  етуде  білім, 
дағдылар, шеберліктер мен шартты нұсқаулар кешенінің болуымен сипатталады, ол 
арнайы ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруда байқалады [3]. 
Сауатты педагог өзінің ақпаратқа зәру екенін  түсінуі керек, оны нақты шешім 
қабылдау  үшін  ұқсастыра  білуге,  таратуға,  бағалауға  және  тиімді  қолдана  білуге 
қабілетті  болуыкерек.  Ақпараттық  мәдениет  ақпараттық  әрекеттерге  деген 
қызығушылықта, оның білім алу үдерістеріндегі маңызды рөлін түсінуде, ақпараттар 
көздерін  саналы  түрде  таңдай  білуде  және  оларды  өңдеудің  алгоритмдерін 
меңгеруде,  дәстүрлі,  электрондық,  желілік  және  басқа  да  ақпараттық  қорларды 
кешенді қолдануда, өзін ақпараттарды тасушы және таратушы ретінде сезіне білуде, 
белсенді ақпараттық мінез-құлық та байқалады [4]. 
Болашақ 
педагогтардың 
ақпараттық 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыру 
мәселесіне  байланысты  зерттеулердегі  түйінді  ойлардың  біздің  жұмысымыз  үшін 
маңызы  зор.  Осыған  орай,  еліміздің  бірқатар  ғалымдарының  зерттеу  жұмыстарын 
қарастыра отырып, төменде берілген ақпараттарды негіздеу жүйесін ұсындық: 
-  ақпараттық  ізденісті  жоспарлау:  өзіндік  жұмыстың  тақырыбына  сәйкес 
ақпаратты  іздестірудің  жоспарын  құрып,  оны  орындауда  қажетті  шешім 
қабылдайды. 
-  алғашқы  ақпаратты  алу:  өзіндік  жұмыстың  тақырыбына  сәйкес  ақпарат 
құралдарына  өздігінен  мониторинг  жүргізіп,  статистикалық,  тарихи  көздерден, 
ақпараттарды алуды жоспарлайды. 
-  екінші  қайтара  ақпаратты  алу:  орындалатын  өзіндік  жұмыстың  мақсатын 
түсініп, өздігінен анықтаған ақпараттар бойынша мәліметті ала алады. 
-  ақпаратты  алғашқы  өңдеу:  қажетті    ақпараттарды  өзі    таңдаған  күрделі 
жұмыстарға сәйкесжүйелейді.  
-  ақпараттарды  өңдеу:  тексеруге  қажетті  ақпаратты  өздігінен  шығарады  және 
ақпараттың  нақтылығын  тексеру  тәсілдерін  қолдананып,  түрлі  көзқарастарды  сыни 
талдау  немесе  алғашқы  ақпарат  пен  соңғы  ақпаратты  салыстыру  негізінде 

     
 
 
28 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өздігінен алған құзыреттілігін 
қалыптастырады. 
 
 
 
Сурет 1 – Бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық мәдениеті 
Ескурту: автормен құрастырылған 
 
Бүгінгі  білім  алушы  ертеңгі  маман  екенін  ескерсек,  ақпараттық-кәсіби 
құзыреттілігі  қалыптасқан  мұғалім  болуы  үшін  автордың  ұсынып  отырған 
құзыреттілігін толық меңгеруі тиіс деп есептейміз.  
Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілілігі оның кәсіби құзыреттілігінің бір бөлігі 
болғандықтан,  бүгінгі  күні  білім  беру  үдерісінің  сапасын  арттыратын  құралдардың 
негізгісі  ретінде  танылады.  Ақпараттық  құзыреттілік  педагогтың  ақпараттық 
ортамен  әрекеттесуін  қамтамасыз  ететін  білімдер,  біліктер,  дағдылар  және 
рефлексивтік  бағыттардан  түзіледі.  Бұл  мәселені  қарастырған  авторлар  зерттеген 
ғылыми салаларына байланысты әртүрлі құрылымда қарастырады [5]. 
Атап  айтсақ,  С.В.Тришинаның  еңбегінде  ақпараттық  құзыреттіліктің 
төмендегідей компоненттерін айқындалған:  
1) когнитивтік – ақпаратты талдау, өңдеу, алу, жіберу, болжау, сақтау. Басқаша 
айтқанда, кәсіби әрекетте ақпаратты пайдалана алу жайлы білімдердің болуы; 
2)  құндылық-мотивациялық  –  тұлғаныңөзін  өзі  жетілдіруіне  әсер  ететін 
ақпаратқа деген қызығушылықтар мен оны меңгеруге деген құндылықтары  
3)  техникалық  -  технологиялық  –  негізгі  құрал  компьтер  арқылы  ақпараттық 
оқу мақсаттарына сай материалдармен жұмыс жасай алу; 
4)  коммуникативтік  –  қарым  қатынас  орнату,  хабарды  жеткізу  үшін  тілдерді 
(вербальді, вербальді емес) пайдалана алу; 
5) рефлексивтік – тұлғаның ақпараттық ортада өз орынын айқындайтын өзіндік 
санасы  мен  өзіндік  бағасы,  басқалар  жайлы  пікірі.  Сонымен  қатар,  төмендегідей 
компоненттерді де қарастырады: 
1)  құндылық-мотивациялық  компонент  –  компьютерлік  технологилар  арқылы 
білім алуға қызығушылықтың болуы; 
2) когнитивтік компонент – ақпаратпен жұмыс жасау білімдері мен біліктері; 
3)  іс-әрекеттік  компонент  –  ақпарат  алу  үшін  ақпараттық  технологияларды 
пайдалана алу; 
4) педагогикалық рефлексия – кәсіби әрекет барысындағы өзіндік сын мен өзін 
өзі жетілдіру [6]. 

     
 
 
29 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Е.Ы.Бидайбеков  студенттерді  ақпараттық  технология  құралдарын  қолдануға 
әдістемелік тұрғыдан дайындау мәселесін зерттеген. Білімдендіруді ақпараттандырудың 
жалпы мәселелері, оның бағыттары, оны жоғары оқу орындарында мамандар дайындау 
мен бағыты ретінде қарастырған [7]. Сонымен қатар, автор мұғалім еңбегінің тиімділігін 
арттыруға  бағытталған  қазіргі  кезде  жасалынған,  жалпы  орта  білім  беру  жүйесінде 
пайдаланылатын бағдарламалық құралдарды атап көрсеткен. Олар:  
- өзінің кәсіби қызметін іске асыру үшін қажет;  
- ақпараттық ресурстар мен электрондық ақпараттарға қол жеткізу құралдары;  
- оқытудың мазмұны мен әдістерін жоспарлау құралдары;  
-  мұғалімнің  қолында  бар,  оқу  және  әдістемелік  ресурстың  әрқайсысын 
пайдалануды  жоспарлаудың  ішкі  жүйесімен  қоса,  оқу  және  әдістемелік  материалдарды 
қысқа және кеңейтілген сипаттау құралдары;  
-  оқу  сабақтарын,  сабақтан  тыс  шараларды,  мектеп  оқушыларының  өзіндік 
қызметтерін жоспарлау мен ретке келтіру құралдары;  
-  әр  оқушы  мен  әр  сабақ  бойынша  жекеленген  мәліметтерді  ескеруге  мүмкіндік 
беретін жүйелер мен мәліметтер қоры;  
-  оқушылар  мен  оның  ата-аналарымен  тез  қарым-қатынас  жасауды  жолға  қоюға 
мүмкіндік беретін телеқатынастық құралдар, әр оқушы оқуының нәтижелері мен барысы 
туралы  ата-аналарына  ақпарат  беру  құралдары  жататындығын  атап  өтуге  болады.    Біз 
автордың пікіріне қосыла отырып, ақпараттық құралдарды пайдалану мұғалімдер үшін де  
тиімді екенін ескере отырып, тәжірибеге енгізу қажет, - деп санаймыз. 
Мұғалім  келесі  іс-әрекеттерді  АКТ  көмегімен  орындауды  іске  асыра  алса, 
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аймағында құзыретті болады: 
-  оқыту  үшін  қосымша  ақпараттарды  Интернет-қорларды  пайдаланып  іздеу  және 
сұрыптау жүргізе алады; 
-  білім  беру  ақпаратын  түрлі  компьютерлік  орталарды  пайдаланып  оқушыға 
ұсынады; 
-  өзінің  кәсіби  деңгейін  көтеру  мақсатында  Интернет-конференцияларға, 
оқытушылардың желілік бірлестіктерінің жұмыстарына қатысады; 
-  стандартты  қосымшалар  мен  бағдарламалық  қабықшалардың  негізінде 
оқушылардың білімін рейтингтік бағалау жүйесі мен компьютерлік тесттер жасай алады; 
- Интернет-қорлардан оқуға арналған өзінің мәіметтер қорын қалыптастырады; 
-  стандартты  қосымшаларды  пайдаланып  электронды  тасымалдаушылар-да  оқу 
материалдары мен оқулықтар жасайды; 
-  оқушыларды  оқыту  және  тәрбиелеу  мақсатында  дайын  мультимедиалық 
жасалымдарды қолданады; 
- стандартты қосымшалар мен арнайы компьютерлік бағдарламалардың көмегімен 
оқу-тәрбиелеу үдерісін басқарады. 
Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ақпараттық-кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру 
үшін  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  толық  меңгеруі  тиіс  екенін 
ескерсек, жоғарыда аталған құзыреттіліктерді жетік білгеннен кейін ғана оларды оқыту 
үдерісінде  әр  пәнде  еркін  қолдана  алатын  болады.  Бұл  өз  кезегінде  мұғалімнің 
компьютерлік танымдық-ойындарды, тапсырмаларды дайындауы мен оларды орындауда 
оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыратыны сөзсіз. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың білім берудегі  әлеуеті көп жоспарлы 
және мынадай жаңа мүмкіндіктерді береді: 
- білім беру мазмұнын таңдаудың әдістемесі мен стратегиясын жетілдіру; жаңа оқу 
пәндерін енгізу мен дамыту; сондай-ақ әдеттегі пәндерді оқытуға өзгерістер енгізу; 
-  оқытудың  тиімділігін,  жекеленуі  мен  дифференциациялануын  көтеру,  кәсіби 
дайындық  үрдісінде  өзара  әрекеттесудің  жаңа  формаларын  ұйымдастыру,  білім  алушы 
мен білім алатынның іс-әрекеттерінің мазмұндары мен сипатын өзгерту; 

     
 
 
30 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
- оқу үдерісін басқаруды, оны жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды жетілдіру, 
білім беру жүйесін басқаруды жаңарту. 
Мына жағдайлардағы: 
- үлгілеу арқылы танымдық әрекеттерді ұйымдастырудағы; 
-
 
 мультимедиа  құралдарының  көмегімен  кәсіби  араласудың  типтік  жағдайларын 
боямалаудағы; 
-
 
алған білімдерді жаңа жағдайларда қолданудағы; 
-
 
меңгерілетін шеберліктер мен білімдерді тиімді жаттықтырудағы; 
-
 
оқыту нәтижелерін автоматты түрде бақылаудағы; 
-
 
кері байланысты орната білу қабілеттілігіндегі; 
-
 
шығармашылық ойлауды дамытудағы; 
-  көзбен  шолу  және  дыбыстық  формаларды  оқу  бағдарламаларында  біріктіру 
мүмкіндіктеріндегі  –  ақпараттық  технологиялардың  басымдығы    қарқынды  көтеру 
арқылы практиканы өткізу үдерісін тездету, оқытуды жекелеу, жағдайларды үлгілеу, әр 
үйренушінің  белсенді  уақыты  мен  көрнекілікті  көбейтумен  байланысқан  көптеген 
мәселелерді  шеше алады. 
Ақпараттық  технологиялардың  көмегімен  оқытуды  ұйымдастыру  ұстанымдарын 
дайындай  отырып,  бір  жағынан,  оқытудың  негізі  ретіндегі  ақпараттық  технологиялар 
тәсілдерінің дидактикалық ерекшеліктері мен оқыту функцияларын, ал екінші жағынан, 
қазіргі  деңгейде  білім  берудің  жалпы  жүйесінің  элементі  ретіндегі  осындай  оқытудағы  
дидактикалық  ұйымдастыру  бағыттарын  назардан  шығармаған  жөн.  Ең  алдымен 
компьютерлік әдісті технологиялық көзқарас тұрғысынан елестету керек. Компьютерлік 
оқытудың  мотивациялық  әлеуеті  өте  зор.    Мұнда  дұрыс  құрастырылған  электрондық 
оқулық  немесе  компьютер  оқытушыға  оқу  үдерісінде  жекелеуге  немесе 
дифференциациялауға  көмектеседі,  сонымен  қатар  компьютер-құпиялықты  сақтаудың 
кепілі бар.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР  
1.
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020  жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы 
11.10.2004ж. 
№1459 
бұйрығы 
//  
http:
www.e.gov.kz
 сайты. 
2.
 
 Шишов С.Е. Macromedia Flash ортасында анимация жасау мүмкіндіктері // 
http://infust.kz/
. 2013ж. 
3.
 
Ховов  О.Б.  Технология  организации  самостоятельной  работы  //  В  сб. 
научных  докладов  международной  конференции  «Проблемы  непрерывного 
профессионального образования в странах, переходящих к устойчивому развитию». 
- М.: Изд. АМИ, 1998. - Ч.1. - С. 142-145. 
4.
 
 Зимняя И.А. Ключевые компетентности как результативно-целевая основа 
компетентностного подхода в образовании.  -                                              М.: 
Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004. - 42 с. 
5.
 
 Кудайкулов  М.А.,  Нурпеисова  С.А.,  Кудайкулов  С.М.Дидактическая 
технология  инновационного  обучения:  учебно-методическое  пособие.  -  Алматы: 
2011. – 162 с.  
6.
 
 Жадрина М.Ж. Развитие компетенций в условиях профильного обучения // 
Открытая школа. - 2006. - №1 (50). - С. 3-7. 
7.
 
 Гершунский  Б.С.  Компьютеризация  в  сфере  образования.  Проблемы  и 
перспективы. - М.: Педагогика, 1987. 
 
 
 
 

     
 
 
31 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
            
ЕСТЕСТВОЗНАНИЯ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
32 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
ӘОЖ 551.79:572.1/.4 (091)
 
 
ЖЕТІСУ  АЛАТАУЫНЫҢ  ҚАР МЕН МҰЗ  РЕСУРСТАРЫНЫҢ 
ТҮЗІЛУІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР 
 
Дюсембинова Сауле Мырзабековна аға оқытушы, магистр 
Смагулова Дина 4 курс студенті 
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы, 
saule_dyusembinova@mail.ru 
 
Мақалада 
Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  бөлігіндегі  Қытай  халық 
республикасымен  шектесетін  табиғи  шек  болып  табылатын  Жетісу  Алатауының 
табиғатының  алуан  түрлілігімен  ерекшелігі,  мұздықтарындағы  су  қоры,  және  оны 
пайдалану    мүмкіндіктері,  көлемі  мен    қазіргі  мұзбасулар  және  олардың  шегінуіне 
байланысты туындаған түйінді мәселелер қарастырылған. 
В  статье  рассмотрены  разнообразие  и  особенности  природы  Жетысуского 
Алатау,  расположенного  на  границе  юго-восточной  части  Казахстана  и  Китайской 
Народной  Республики,  водный  запас  ледников  и  возможности  их  использования, 
территории,  занятые  ледниками  и  современные  проблемы,    связанные  с  
отступанием ледников. 
The  article  describes  the  variety  and  the  features  of  nature  of  Zhetysu  Alatau, 
located on the border of the south-eastern part of  Kazakhstan and China, the water reserve 
of  the  glaciers  and  their  possible  use,  the  territory  occupied  by  glaciers  and  modern 
problems related to the retreat of glaciers. 
Кілт  сөздер:  Жетісу  Алатауы,мұзбасылулар,  табиғаты,  геологиялық 
құрылысы,биік, аласа, таулар, жоталар,қыраттар,ойпаттар, шоқылар, белдеулер.
 
 
Жетісу
  Алатауының  жалпы  ауданы  32  мың  шаршы  шақырым,  ұзындығы 
450,  ені  100  шақырым.  Тау  жүйесі  субендік  және  ендік  бағытқа  созылған 
солтүстік
-орталық  және  оңтүстік-орталық  жоталар  тізбегінен  тұрады.  Олардың 
аралықтарын
 Қоңырөлең, Қапал, Сарыбөктер, Сапақ-Айпара сияқты үш деңгейлі  
ірі
 тектоникалық ойыстар бөліп жатыр.  
Оңтүстік
  орталық  жотаның  бір  бөлігі  Қытай  Халық  республикасының 
аумағына
  ұласады.  Көксу  мен  Боратола  өзендерінің  суайрығы  болып  табылатын 
Қоңыроба
 таулы алқабында солтүстік және оңтүстік орталық жоталар тізбегі бір-
бірімен
  түйілісіп  бір-  тұтас  тау  жүйесін  түзеді.Солтүстігінде  44°-46°30'  с.е., 
76°24'-  82°30'ш.б,.  аралығында  орналасқан  Жетісу  Алатауының  аумағы 
Миланның
, Лион мен Женеваның ендіктеріне сай келеді [1]. 
Тау
 жүйесінің солтүстік-шығыс шекарасы 500 шақырымға созылып жатқан 
Алакөл
-Ебінұр  ойыстары  арқылы  өтеді.  Шолақ  үстіртін    Барлық-Майлы 
тауларынан
  ені  10-15  км    Жоңғар  (Қаптағай)  қақпасы  бөліп  тұр.  Батысында 
абсалют
 биіктігі 1200-1500 метрден орталық бөлігінде біртіндеп биіктейді.  
Ең
  биік  нүктесі  Бесбақан  шыңы.(4622м).  Басты  жоталардың  біліктік 
бөлігінің
  ірге  тасы  каледон  мен  герцинің  гранитойдтарынан  тұратын  ірі 
антиклинорилі
  құрылымдар  болып  табылады.  Герцин  қатпарлығында  түзілген 
Жетісу
  Алатауының  жер  бедерінің  қазіргі  пішіндерінің  қалыптасуына 
неотектоникалық
 қозғалыстар мен ежелгі төрттік мұзбасулары әсер етті.   
Негізгі
  жоталар  тізбектерінің  аралықтарын  үш  деңгейлі  опырылмалы 
ойыстар
  бөліп  жатыр.  Сондықтан  сыртынан  қарағанда  алып  баспалдақ  тәрізді 
болып
 келетін Жетісу Алатауын абсалют биіктігіне қарай төмендегі топқа бөледі: 

     
 
 
33 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
-
 
700-1600 метрге жететін аласа таулы; 
-
 
1600-3000 мертге дейінгі биіктікті қамтитын орташа биік; 
-
 
3000-4500 метрге дейінгі биіктік аралығын қамтитын биік таулы. 
Бірінші
  төменгі  деңгейдеге  аласа  тауларға  сыртқы  күштердің  әсерінен 
бұзылған
 Кеттібай-Борлы, Арғанаты, Малайсары, Лабасы, Қатутау сияқты аридті 
климат
  жағдайында  күшті  денудацияланған  көлбеулігі  15-20
0
,  салыстырмалы 
биіктік
 айырмасы 400-500 метр аралығында ауытқитын қалдық таулар жатады.  
Жетісу
  Алатауының  етегіндегі  кең  көлемді  аумақта  шашырай  орналасқан 
аласа
 таулы алқаптарды негізгі жоталардан Қүреңбел, Қоғалы сияқты тау аралық 
ойыстар
  бөліп  тұрғандықтан  орташа  биік  тауларға  ұласатын  бір  тұтас  белдеу 
түзбейді
.  Оларды  тауалды  жазықтары  мен  орташа  биік  таулы  белдеулерден  тік 
беткейлі
 кемерлер бөліп тұрады. 
Аласа
  таулы  жер  бедері  оңтүстік-батысында  ұсақ  шоқылы  қалдық  таулы, 
солтүстігінде
  адырлы,  белесті-төбелі  болып  келуімен  ерекшеленеді.  Жылу  мен 
ылғалдың
  таралу  ерекшеліктеріне  сәйкес  аласа  таулардың  теңіз  деңгейінен  600-
800 метр аралығындағы биіктікте таудың сұр топырағында өсетін жусанды-астық 
тұқымдас
  шөлейт,  800-1300  метр  биіктік  аралығында  ашық  қызғылт-қоңыр 
топырақты
  бетегелі-бозды  құрғақ  дала,  1300-1600  метр  аралығындағы  биіктікте 
күңгірт
  қызғылт-қоңыр  топырақты  астық  тұқымдас  әртүрлі  шөптесін  өсімдікті 
дала
, орташа биік таулы белдеумен шектесетін сай-салар мен шатқалдарда таудың 
қоңыр
  топырағында  аршалы-көктеректі  тоғайлар  мен  бұталы  шалғындар 
қалыптасқан
 [2].     
Екінші
  деңгейдегі  биіктік  белдеуіне  ежелгі  төрттік  мұзбасуларының 
абляция
  аймағында  түзілген  ысырылу  конустары  айқын  байқалатын 
денудациялық
-тектоникалық  және  эрозиялық-скульптуралық  жер  бедері  тән 
пенепленденген
  Марқатау,  Қайрақкөл,  Желдіқарағай,  Суық,  Тақыр,  Жабық, 
Алтынемел
,  Жаманқотыртас  таулары  жатады.  Орташа  биіктіктегі  таулардың 
беткейлері
  шамамен  480  мың  жыл  бұрын  басталған  Миндаль,  Рисс,  Вюрм 
мұзбасуларының
 аңғарларымен тілімделген. 
Қоректену
  аймағында  кең  қолатты  беткейі  тегіс  текшелер,  қозғалу 
аймағында
  тар  шатқалды  тік  беткейлі  терең  өзен  аңғарлары  мен  сай-салалар, 
мұздықтардың
  тілі  тоқтап  қарқынды  еритін  абляция  аймағында  «Мыңшұңқыр» 
сияқты
  циркті  ойыстар  мен  ысырынды  моренналы  төбелер  мен  жалдар  түзілген. 
Ірі
  кристалды  гранитті  жыныстар  жер  бетіне  шығып  жатқан,  ежелгі  жабын 
мұздықтардың
  тасмалдау  аймағы  болып  табылатын  Жаманқотыртас,  Киікбай 
сияқты
  орталық  массивтерде  маңызды  туристік  нысан  болып  табылатын 
бұйраланған
 жартасты бағаналар мен жұмырланған қойтастар пайда болған. 1600-
3100 метр биіктік аралығын қамтитын орташа биік таулы белдеудің ландшафтысы 
Жетісу
 Алатауының барлық ірі жоталар тізбегін толығымен қамтиды  [3].  
Тау
  жүйесінің  батысқа  қарай  еңіс  болып  келетін  Аманбөктер,  Теректі, 
Айдаусай
, Ойжайлау-Сарбөктер, Сапақ-Айпара сияқты тауаралық иіндерінде беткі 
үгілулер
  дамыған.  Бұл  биіктік  белдеуінен  денудациялық  беткейлермен  қатар 
әртүрлі
    геологиялық  құрылымдарды  кесіп  өтетін  биік  құз  жартастар  мен 
қорымдар
, кар аңғарлары сияқты жер бедерінің ерекше пішіндері кездеседі.  
Теңіз
  деңгейінен  1600-2200  метр  биіктік  аралығында  ежелгі  төрттік 
мұзбасуларының
  табан  эрозиясы  қарқынды  жүріп  жатқан  тар  шатқалды  өзен 
аңғарларынан
  жайылма  үсті  текшелері  мен  ежелгі  трогтардың  іздері  анық 
байқалады
.  
Өсек

Бұрқан

Көксу

Сарқан

Тентек

Жаманты
 
өзендерінің
 
бастауларындағы
  тар  шатқалды,  тік  беткейлі  аңғарларында  орта  антропогендік 

     
 
 
34 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
флювиальды
-гляциальды  ысырынды  моренналы  жыныстардан  тұратын  ежелгі 
мұзбасулардың
 іздерін анықтап, жүздеген мың жылдар бұрын өзен арнасы болған 
жайылма
  үсті  текшелерін  көзбен  көруге  мүмкіндік  беретін  стратиграфиялық 
қималары
 бар маңызды геологиялық соқпақтар мен бағыттар құруға болады. 
Жетісу
  Алатауының  орташа  биіктіктегі  таулы  белдеуі  орналасқан  орнына 
байланысты
  төменде көрсетілген екі ландшафтылық типке бөлінеді: 
-
 
терең
  тілімделген  шыршалы  орманды  және  мезофидті  шалғынды 
орташа
 биік таулы белдеу; 
-
 
астық
  тұқымдас  әртүрлі  шөптесін  өсімдікті  шалғынды  таулы 
қыратты
 биік таулы белесті жазықтар. 
Орташа
  биіктіктегі  таулы  белдеудің  солтүстік  беткейінде  1600-1800  ден 
2200-2400  метр  биіктік  аралығында  таулы  орманның  күңгірт  түсті  және  таулы 
шалғынды
  топырағында  балқарағайлы-шыршалы,  шыршалы  ормандар  мен  биік 
шөптесін
  өсімдікті  мезофильді  шалғындар,  оңтүстік  беткейінде  таудың  күңгірт 
қызылтқоңыр
  және  қара  топырақты  ұсақ  жапырақты  ормандары  мен  бұталары, 
орманды
  шалғындар  мен  аршалы-шалғынды  далалар  қалыптасса,  батыс 
беткейлерінің
 төменгі бөлігінде алмалы-доланалы жеміс ағаштары, орта бөлігінде 
қылқан
 жапырақты ормандар тараған [4].  
Орта
  биіктіктегі  таулы  белдеулердің  төменгі  шекарасының  шегіндегі  тау 
аралық
  ойыстарда  тау  беткейіндегі  алып  құз  жартасқа  қарама-қарсы  көрініс 
беретін
  кең  қолаттар  мен  бөлінген  төбелі  жер  бедері  басым  Сапақ-Айпара 
тектоникалық
  иініндегі  ежелгі  Миндаль  мұзбасуларының  әсерінен  түзілген 
моренналы
  төбелердің  аралығындағы  ойыстарда  шағын  циркті  көлдер  жүйесі 
түзілген
 
 
Үшінші
  биік  таулы  белдеуде  тектоникалық-денудациялық  және  күмбез 
тәрізді
  альпілік  жер  бедері  басым.  Оларға  қазіргі  мұзбасулар  жүріп  жатқан 
Тастау
,Ақшұнақ,  Басқантау,  Қоңыроба,  Тоқсанбай,  Тышқантау  сияқты  ең  биік 
жоталар
  тізбегі  жатады.  Жетісу  Алатауының  орташа  және  биік  таулы 
бөліктеріндегі
  қазіргі  кезеңдегі  жер  бедерінің  морфомүсіндік  пішіндерін 
қалыптастыруда
 сулы-мұздықты үрдістер жетекші орын алады.  
Тау
 жүйесінің биік таулы-мұздықты бөлігіне альпілік жер бедерінің күмбез 
тәрізді
  үшкір  шыңдары  мен  құз  жартастары,  3000-3100  метр  биіктіктегі 
күрделілігі
 әртүрлі  асулар  жатады.  
Қазақстанның
  тау  жүйелерінде  орталық  жағдайға  ие  болуына, 
готектоникалық
  құрылысының  ерекшелігіне  орай  Жетісу  Алатауы  қазіргі 
мұздықтар
  сақтаған  ірі  аудан  болып  табылады.    А.П.Черкасовтың  деректеріне 
сәйкес
  Жетісу  Алатауының  Қазақстандық  бөлігінде  жалпы  ауданы  813,9  шаршы 
шақырым
 болатын 1369 бар. Олардың басым көпшілігі Ырғайты, Тентек, Басқан, 
Ақсу
,  Көксу  өзендері  бастау  алатын  солтүстік-орталық  жотада  шоғырланған. 
Біліктік
  жоталардың  жалдары  барлық  ұзындығында  іс  жүзінде  4000  метрден  
аспайды
 [5]. 
Асулары
 шыңдарынан орта есеппен 200-400 метр ғана аласа болып келеді. 
Жетісу
 Алатауының ең биік бөлігі болып табылатын Басқан өзенінің бастауында 
Бесбақан
  (4622м.,)  Абай  (4990м.,)  және  Шумский  (4442м.,)  шыңдары 
орналасқан
. Олар әртүрлі спорттық біліктілігі бар альпенистер үшін маңызы зор.  
Таудың
  бұл  ауданындағы  ең  аласа  асу  Талды  болып  табылады  (3504м.). 
Жер
  бедері  салыстырмалы  түрде  тегіс  (жұмыр)  болып  келетіндіктен  біліктік 
жоталардың
  шыңдары  мен  жалдарын  қазіргі  мұздықтардың  фирин  алаңдары 
жауып
 жатыр. Төбесі текшелі жатық болып келетін күмбез тәрізді үшкір шыңдар 
бұл
 өңірде сирек кездеседі.  
 

     
 
 
35 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Обручев
,  Абай,  Жамбыл,  Сәтбаев  көптеген  шыңдардың  төбесі  трапеция 
тәрізді
 тегіс болғандықтан олардың кейбірінің ұзындығы 1000-2000 метрге дейін 
жететінді
.  Осыған  орай  бір  шыңнан  екінші  шыңға  баратын  бағыттың  күрделілігі 
3-4 дәрежеден аспайды  
Жетісу
 Алатауындағы 22 біліктілік бағыттың бесеуі-1, жетеуі-2, жетеуі-3, 
тек
  төртеуі  ғана  күрделіліктің  4  дәрежесіне  жатады.  Ендік  бағыттағы  негізгі 
жоталар
  тізбегіне  перпендикуляр  бағытта  созылып  жатқан  ежелгі  мұзбасулардың 
экзорациялық
 әрекетінен түзілген бүйір жоталарыда сондай дәрежеде тілімделген. 
Олардың
 орташа биіктігі 3600-3800 метрден аспайды.  
Бүйір
  жоталарының  тармақтарын  мұздықтар  жауып  жатпағанымен 
температураның
  тәуліктік  ауытқуының,  басқа  да  экзогендік  күштердің  әсерінен 
түзілген
 қорымтастар жауып жатыр. Жоталардың тік беткейлеріндегі терең карлы 
ойыстарды
 негізінен  мұздықтар жауып жатыр. Бүйір жоталарының аралықтарын 
өзен
  аңғарлары  алып  жатыр.  Аңғардың  бастауларында  мұздықтардың  әрекетінен 
түзілген
 циркті ойыстар кең тараған. 
Қазіргі
  және  ежелгі  мұздықтардың  абляция  аймағындағы  биік  таулардан 
бастау
 алатын өзендердің арнасын моренналардың бөгеп қалуынан қар сызығының 
шегінде
 Жасылкөл сияқты (Ағыны қатты өзені) циркті көлдер түзілген. 
Солтүстік
-Орталық  жотаның  Қаратал,    Қорғас,  Өсек,  Ақсу,  Бүйен,  Лепсі, 
Тентек
,  Ырғайты  сияқты  мұздықтардан  қоректенетін    басты  өзендердің 
аңғарларының
  кей  бөлігіне  судың  бұзушы  әрекетінен  түзілген  тік  беткейлі 
каньондарға
 ұласатын эрозиялық шатқалдар тән. 
 Қалыптасу 
жағдайларына
 
қарай
  биік таулы белдеулердің өсімдіктер жамылғысы бес топқа бөлінеді:  
-
 
таулы
-шалғынды  топырақты  нашар  тілімделген  теңге  жапырақты- 
әртүрлі
 шөптесін өсімдікті альпілік шалғындар; 
-
 
күшті
  тілімделген  таулы-шалғынды  топырақты  әртүрлі  шөптесін 
өсімдікті
 альпілік шалғындар; 
-
 
тік
  беткейлі  жартасты  жерлердегі  сирек  өскен  әртүрлі  шөптесін 
өсімдіктер
;  
-
 
үшінші
  деңгейдегі  биік  тау  аралық  жазықтардың  теңгежапырақты-
әртүрлі
 шөптесін өсімдікті шалғындары;  
-
 
нивальді
-гляциальді  белдеудегі  сирек  өскен  альпілік  шалғынды,  мүкті-
қыналы
 қорымды жартастар. 
Өсімдік
  жамылғыларында  мезофитті,  криомезофитті,  криофитті  аласа 
шалғындық
  өсімдіктер  бірлестігі  басым.  Өсімдіктердің  негізгі  бөлігін  теңге 
жапырақ
, қоңырбас пен альпілік шалғынның әртүрлі шөптесін өсімдіктермен қатар 
жатаған
 аршадан тұратын бұталы формациялар құрайды. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР
 
1.
 
Бірмағамбетов  А.А.  Қазақстанның  физикалық  географиясы.-Алматы: 
Рауан, 2004. 16-25 б. 
2.
 
Л.К.Диденко-Кислицина. 
Кайназой 
Юго-Восточного 
Казахстана.-
Алматы: 2001.-С.7-8.  
3.
 
Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой 
– Алматы: Қазақ университеті, 2008. – С.11 -18. 
4.
 
Пальгов  Н.Н.  Сток  ледников  Казахстана.-  в  кн.:Гляциологические 
исследования.  Заилийский  и  Джунгарский  Алатау.  Алма-Ата,  Изд-во  АН  КазССР. 
1965.  С.26-44.Чупахин  В.М.  Физическая  география  Казахстана.  Алматы:  Мектеп, 
2008. 83-90 бет. 

     
 
 
36 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
5.
 
 В.М.Чупахин.Высотныее  геосистемы  гор  ЮжногоКазахстана  и  Средней 
Азии. Алма-Ата: Наука, 2004.-С. 165-186. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет