Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015


ӘОЖ 342.2.  ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата04.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#3357
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

ӘОЖ 342.2. 
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ   
ДІНИ НОРМАЛАРДЫҢ МӘНІ 
 
Досымбеков Е.А. 
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ-сы
Dosymbek-ab@mail.ru
 
 
          Ғылыми 
 мақалада қазіргі  Қазақстандағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы 
діни нормаларды,  діндер және діни ахуалды жан-жақты қарауға талпыныс жасалды. 
Мақалада  қазіргі  заманда  халықтың  діни  нанымының  деңгейі  өсіп,  діни 
бірлестіктердің  санының  көбейгендігіне,    әрбiр  адамның  наным  бостандығы 
құқығын құрметтейтiн демократиялық,  зайырлы мемлекет болып табылатындығын, 
елімізде діни бірлестікпен татулықты нығайту үшін  қабылданған  діни заңдарға,  дін 
саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын органдарды қарастырғын. 
Негізгі  сөздер:  құқықбұзушылық, 
діндер,  діни  ахуал,  діни  сенім  бостандығы, 
діни  бірлестіктер,    діни  ұйымдар  православтық,  католиктік,    протестандық  ұйым   
ислам,  христиан,    иудейлер,  буддистер.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы,  Дін  істері 
жөніндегі комитет. 
 
В  статье  обращается  более  детальное  внимание  на  тенденцию  роста  уровня 
доверия к религии, рост количества религиозных объединении, уровень роста числа 
религиозных  объединении,  рассмотрение  демократического,  светского  государства 
уважающее  веру  каждого,  рассмотрение  законов  направленные  на  единство  и 
согласие, детальное изучение органов занимающихся религиозной политикой и роль 
религиозных норм в сфере правонарушения
Ключевые  слова:  правонарушение,  религия,  религиозные  течения,  свобода 
вероисповедания, 
религиозные 
объединения, 
православные, 
католические, 
протестантские,  исламийские,  христианские,  иудейские  а  также  буддисткие 
объединения. Ассамблея народа Казахстана, комитет по религиозным делам. 
Annotation 
 
In  this  article  points  is  more  detailed    to  the  tendency  of  growth  of  confidence  in 
religion, growth in the number of religious associations, the level of growth in the number 
of  religious  associations,  democratic  consideration,  secular  state    respecting  the  faith  of 
everyone, look at the laws aimed at unity and concord, detailed study of bodies engaged in 
religious politics. 
Keywords:  religions,  religious  movements,  religious  freedom,  religious  unities, 
Orthodox,  Catholic,  Protestant,  Islamist,  Christian,  Jewish  and  Buddhist  association. 
Kazakhstan People's Assembly, Committee on Religious Affairs.  
 

     
 
 
64 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Қазіргі заманғы Қазақстан - бұл  көпұлтты  және жартылай  конфессионалдық 
ел. Республикамыз егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің конфессиялық кеңістігі 
едәуір  кеңейіп,  түрленді.  Осыған  орай,  халықтың    діни  нанымының  деңгейі  өсіп, 
діни бірлестіктердің саны төрт еседен астам көбейді. 
Қазақстан  Республикасы  әрбiр  адамның  наным  бостандығы  құқығын 
құрметтейтiн  демократиялық,    зайырлы  мемлекет  болып  табылады,  азаматтар  діни 
сеніміне қарамастан тең құқылы, Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін 
дiндердiң  мәдени  және  тарихи  құндылығын  және  конфессия  аралық  келiсiмнiң 
маңыздылығын, дiни төзiмдiлiктi және азаматтардың дiни нанымдарын құрметтейді.  
Елімізде 
1992 
жылдың 
15 
қаңтарында 
қабылданған 
Қазақстан 
Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заң адам 
құқықтары  туралы  халықаралық  актiлер  мен  келiсiмдерде  баянды  етiлген 
азаматтардың  дiни  сенiм  бостандығы  жөнiндегi  құқықтарын  iске  асыруға  кепiлдiк 
береді. Аталған Заңның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының, сонымен 
қатар  басқа  мемлекеттердiң  азаматтары  және  азаматтығы  жоқ  адамдар  кез  келген 
дiндi  еркiн  ұстануға  немесе  ешқайсысын  ұстанбауға  құқылы,  құдайға  құлшылық 
жасауға,  дiни  жоралар  мен  рәсiмдерге,  дiндi  оқып-үйренуге  қатысуға  немесе 
қатыспауға оларды күштеп мәжбүр етуге жол  берiлмейдi.  
 Ата  дініміз  –  Исламға  да  еркіндік  берілді.  Әрине  халқымыздың  жастары 
тәуелсіздікке  қол  жеткізген  жылдардан  бастап  дін  ілімдерін  үйренуге  ден  қоя 
бастады. Қазақтың жастары бабаларымыздың жолын қуып ислам елдеріне ілім іздеу 
үшін  сапар  шегіп  те  үлгерді.  Сол  жастарымыздың  исламның  қазақ  қоғамының 
дәстүрлі  ұстанымы  мен  ерекшеліктеріне  ешбір  тұрғыдан  бөтендігі  жоқ  тәлімін 
үйреніп  келіп  жатқаны  баршылық.  Десек  те,  солардың  арасында  қазақтың  ұлттық 
құндылықтары  мен  ерекшеліктерін  мүлдем  жоққа  шығаратын  кейбір  араб,  парсы, 
пұштун  елдерінде  тәлім  алып  келген  жастарымыз  бар  екенін  айтпай  кетуге 
болмайды. Қазақты мүшрікке теңейтін араб елдерінен келген ұстаздар да егемендік 
алғаннан  кейінгі  жылдары  еліміздің  Алматы,  Шымкент  және  еліміздің  басқа  да 
қалаларында белсенді жұмыстар жасады. Қазақ атамыз: «іштен шыққан жау жаман»  
дейді  ғой.  Жоғарыда  айтып  өткен  басқа  дінді  немесе  секталарды  уағыздайтын 
миссионерлерге қарағанда, Исламның атын жамылып келіп жатқан уағызшылардың 
қаупі күштірек сияқты. Себебі, жалпы қазақтың қаракөздері басқа діннің және діни 
топтардың  уағызына  үрке  қарайды.  Көп  жағдайда  психологиялық,  әлеуметтік, 
қоғамдық  немесе  рухани  сияқты  түрлі  проблемаларға  душар  болып  жүрген  кісілер 
басқа  дінді  уағыздайтын  миссионердің  құрған  тұзағына  тұтылуы  мүмкін.     
Сондықтанда бүгінгі таңда діни сауатсыздық  діни ахуалға әкеліп отыр. Ислам дінін 
ұстанамыз деген көп жастарымыз өзге діннің етегіне еріп өз жанұяларынан қоғамнан 
тыс  өмір  сүруге  бейімделіп  отыруы  өоғамды  алаңдатып  діни  ахуалдың  күрделуіне 
алып  келіп  отыр.  Дін  туралы  заңдар  қабылданғанмен  жат  ағымдар  қолына  түскен 
бауырларымыз қаракөз қарындастаымыздың саны азаймай отыр.  
Қазақстан  Республикасының  азаматтары  дiнге  деген  көзқарасына  қарамастан 
экономикалық,  саяси,  әлеуметтiк  және  мәдени  өмiрдiң  барлық  салаларында  заң 
алдында  бiрдей  жауапты.  Азаматтардың  дiнге  көзқарасына  қарай  олардың 
құқықтарын  тiкелей  немесе  жанамалап  шектеу,  қандай  да  бiр  артықшылықтар 
белгiлеу,  өшпендiлiк  пен  жеккөрушiлiк  туғызу,  азаматтардың  сезiмдерiн  жәбiрлеу, 
сондай-ақ,  қайсы  бiр  дiндi  ұстанушылар  қадiр  тұтатын  заттарды,  құрылыстар  мен 
орындарды  қорлау  т.б.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген 
жауапкершiлiкке тартылады. 3аңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң де 
өз  діни  сенiмдерiн  себеп  етiп  азаматтық  мiндеттерiн  атқарудан  бас  тартуға  қақысы 
жоқ. 

     
 
 
65 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Дiни  наным  себебiмен  атқарылуға  тиiс  бiр  мiндеттi  екiншiсiмен  алмастыруға  тек 
қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол берiледi. 
Өз кезегінде, дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдардың 
сақталуын  бақылауды  және  қадағалауды  Қазақстан  Республикасының  атқарушы 
өкiмет  органдары,  прокуратура  және  басқа  да  құқық  қорғау  органдары  заңдарда 
белгiленген 
өз 
құзыретiне 
сәйкес 
жүзеге 
асырады. 
      Сонымен қатар, дiни сенiм бостандығы мен дiни бiрлестiктер туралы заңдардың 
бұзылуына  кiнәлi  лауазымды  адамдар  мен  азаматтар  Қазақстан  Республикасының 
заңдарында 
белгiленген 
жауапкершiлiкке 
тартылады. 
Мысалы,  Қазақстан  Республикасы  әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодексінің 
375-бабының  1-бөлігінде  дiни  бiрлестiктер  басшыларының  бiрлестiктi  мемлекеттiк 
басқару  органдарында  тiркеуден  жалтаруы,  дiни  бiрлестiктiң  оның  жарғысымен 
(ережесiмен)  белгiленген  өз  мақсаттары  мен  мiндеттерiне  қайшы  келетiн  қызметтi 
жүзеге  асыруы,  саяси  партиялардың  қызметiне  қатысуы  және  оларға  қаржылай 
қолдау көрсетуi, қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруды, науқас адамдарды күтiп-
бағуды,  бас  бостандығынан  айыру  орындарына  баруды  қоспағанда,  дiни  бiрлестiк 
орналасқан  жерден  басқа  орында  дiни  iс-шаралар  өткiзу  ережелерiн  бұзуы,  дiнге 
табынушылар  мен  дiни  бiрлестiктер  мүшелерiнiң  дiнге  табынуға  қатысы  жоқ 
арнаулы  балалар  мен  жасөспiрiмдер  топтарын  ұйымдастырып,  жиындарын  өткiзуi, 
жеке  тұлғаларды  дiни  жоралғыларды  орындауға  немесе  өзге  де  дiни  қызметтерге 
қатысуға  мәжбүр  етуi  ескерту  жасауға  немесе  дiни  бiрлестiк  басшыларына  айлық 
есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн алты 
айға  дейiн  тоқтата  тұрып  немесе  қызметiне  тыйым  сала  отырып  не  жүзге  дейiнгi 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Аталған заң талаптарын орындау еліміздің 
әрбір азаматының парызы болып саналады. 
Ел боламын десең бесігіңді түзе деп дана бабамыз айтқандай,еліміздің ертеңгі 
тыныштығы,  бірлестігі  болашағының  басты  қағидасы  болғандықтан.  Тәуелсіздікке 
қол  жеткізгеннен  кейінгі  алғашқы  жылдарда  жас  мемлекет  –  Қазақстан  алдында 
экономика  мен  әлеуметтік-саяси  жағдайды  тұрақты  дамыту  басты  мәселе 
болды.Тұрақты  даму  үшін  ең  бірінші  тыныштық  ұлтаралық  бейбітшілік  қажет 
болды. Елімізде діни бірлестікпен татулықты нығайту үшін   діни заңдар қажеттілігі 
байқалды.  
Заң  енгізілген  бері    діни  ұйымдардың  саны    6  есеге  өскен.  Бүгінгі  таңда  
Қазақстан жерінде  4 мыңнан астам діни ұйымдар тіркелген, солардың ішінде 2337 
исламдық,  281православтық, 82 католиктік және 1189  протестандық ұйым бар. Әр 
ұйымның өзіндік қағидалары мен ұстанымдары бар. Елімізде  ислам және христиан 
діні кеңінен  таралған. Алайда өзге өкілдері көп болғандықтан, басқа ағымдарда етек 
алған. Мемлекетімізде   қандай дінді ұстанамын деседе әр азаматтың құқы бар. 
2011  жылдың  11  қазанында  қабылданған  ҚР  «Діни  қызмет  және  діни 
бірлестіктер  туралы»  Заңының  преамбуласында  тәуелсіздік  алған  жылдардан  бері 
тұңғыш  рет  Қазақстан  үшін  дәстүрлі  болып  саналатын  діндердің  басымдылығы 
көрсетілді.  Аталған  құжатқа  сәйкес,  мемлекет  халықтың  рухани  өмірі  мен 
мәдениетінің дамуында исламның ханафилік бағыты мен православие дінінің тарихи 
рөлін  мойындайды,  сондай-ақ  Қазақстан  халқының  рухани  мұрасымен  үйлесетін 
барша өзге діндерді құрметтейді көрсетіледі.  
Қазақстан  халқының  басым  көпшілігі  өздерін  мұсылман  санағанымен,  бұл 
басқа  діни  сенім  иелерінің  толық-қанды  іс-әрекет  жасауына  кедергі  келтірмейді. 
Бұған мұсылмандық емес діни ұйымдар  санының өсуі дәлел бола алады. Тәуелсіздік 
алғаннан  бері  православиелік,  католиктік  және  протестанттық  қауым  саны 
біршамаға  артты.  Сондай-ақ  иудейлер  мен  буддистердің  ұйымдары  да  қызмет 
жасайды. 

     
 
 
66 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Мемлекет  саясатының  маңызды  бағыты  ретінде  дінаралық  диалогты  атауға 
болады.  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  бастамасымен  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  секілді  ұлтаралық  және  дінаралық  диалогтың  теңдессіз  институты 
құрылды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты өз уәкілеттігіне қарай органдардың 
бір қатары жүзеге асырады. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 
құрамындағы өкілетті орган – Дін істері жөніндегі комитет құрылды. 2010 жылы Дін 
істері  жөніндегі  комитет  Мәдениет  министрлігі  қарауына  берілді.  2011  жылдың 
мамырында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жарлығымен  Дін  істері 
жөніндегі  комитет    Қазақстан  Республикасының  Дін  істері  агенттігіне 
ауыстырылып,  Мәдениет  министрлігі  қарамағынан  шығарылды.  Осыған  орай, 
Агенттікке  конфессияаралық  келісім,  азаматтардың  сенім  бостандығына  және  діни 
бірлестіктермен  өзара  әрекеттесуге  құқықтарын  қамтамасыз  ету  қызметтері    мен 
уәкілеті  берілді. 
Бұл  шешім  еліміздің  басшылығы  дін  саласындағы  мәселелерге  көп  көңіл 
бөлетіндігінің  куәсі.  Үкіметтің  құрамына  енді  тікелей  енетін  уәкілетті  органның 
статусын көтеру пайда болатын жағдайларды шұғыл әрі тез шешуге мүмкін береді. 
Қазақстан  Республикасының  Дін  істері  агенттігі  азаматтардың  сенім 
бостандығына  құқығын  қамтамасыз  ету,  әр  түрлі  сенімді  ұстанушылардың  діни 
бірлестіктері  арасындағы  өзара  түсінушілік  пен  төзімділікті  нығайту,  олардың 
мемлекетпен  өзара  әрекеттесуі  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыру 
бойынша одан сайын үдетіле жұмысын атқарады. 
Дін саласындағы жүйелі ғылыми зерттеулерді жүргізу, мониторинг пен талдау 
жасау мақсатында 2007 жылы дін мәселелері жөніндегі Ғылыми-зерттеу және талдау 
орталығы  ашылды.  Осылайша,  Қазақстанда  уақыт  тезінен  өткен  этносаралық  және 
дінаралық  келісім  моделі  қалыптасты.  Біздің  еліміздегі   түрлі  конфессиялардың 
өзара  әрекеттестігі  тәжірибесін  халықаралық  аренадағы  БҰҰ,  ЮНЕСКО, 
ЕҚЫҰ  секілді халықаралық ұйымдар үлгі тұтады. 
Сондықтанда  Қазақстандағы  дін  мәселесі    мемлекеттегі  тұрақтылық 
бейбітшілік ол өз отанын сүюден басталатыны айқын. Әр Қазақстандық жасөспірім 
азамат отанына адал қызмет етсе елде бірлік пен татулықта  болады. Сонымен қатар 
біздің  дініміз   тек  қана  әділдікке,  туралыққа,  тазалыққа,  ынтымақпен,  бірлікке 
бөлінбеуге,  басшыға  бағынуға,  білімге  ұмтылуға,  жақсылыққа,ата-ананы  сыйлауға, 
т.б жақсылыққа жетелейтін, тәрбиеге имандылыққа  шақыратын дін.  
Дініне  берік  болмаса,  ол  ертең  отбасына  да,  Отанына  да  берік  болатын 
азамат   болып  өседі  деп  айта  алмаймыз.   Иманы   бар  адам,  отанына,  дініне,  тіліне, 
қызмет  жасап   қорғайды,  қорғай  алады.  Біздердің  ортақ   Отанымыз  Қазақстан. 
Отанды ешкім сатып ала алмайды.    Сол себептен де Қазақстан біз үшін өте қымбат 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Ибраева С. «Қазақстандағы діни ахуал». //Егемен Қазақстан.  - №139.  
2. Қайрат Лама Шариф:  «Мемлекет және дін:  қоғам мүддесі  жолындағы өзара 
іс-қимыл» // Егемен Қазақстан // - №18. –2012ж. 
3.  Айдос  Сарым:  «Дәстүрлі  емес  діни  ағымдар  –  қауіпсіздікке  төнген  қатер» 
Парасат № 5.-23б 
4.Кішібеков Д.,Сыдықов  Ұ. Философия, Алматы  «Қарасай» 2008ж 
5. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия.- Алматы  «Білім» 2005 -85б. 
6.Дулатбеков Н. Мемлекет және құқық негіздері. –  Астана:  «Фолиант», 2011. – 
356 б. 
 
 
 

     
 
 
67 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
ӘОЖ 342.2. 
                       СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ-ҚОҒАМ ДЕРТІ 
 
Досымбек А.Б. 
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ-сы, 
Dosymbek-ab@mail.ru
 
 
                                          
Ғылыми 
 мақалада Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың белең алуының  себебтері, 
оның  «тамырын»  шабуға  бағытталған    нәтижелі  жұмыстар  жәйлі  және  соған  сәйкес 
қабылданған заңдар, Мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған.  
Негізгі  сөздер: 
сыбайлас  жемқорлық,  Мемлекеттік  бағдарлама,  нарықтық 
экономика,  әлеуметтік-құқықтық  бақылау,  Қазақстан  Республикасының  Заңдары,  Қаржы 
полиция агенттігі, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік салық комитеті, Қазақстан ұлттық банкі.
 
В статье обращается более детальное внимание на   причины 
распростарнение 
коррупционных  действий,  а  также  рассмотрены  результативные  действия  в  соответствий 
принятых законов и государственных программ. 
Ключевые  слова:  коррупция,  Государственная  программа,  социально-правовой 
надзор,  законы  Республики  Казахстан,  агентство  Финансовой  полиции,  министерство 
финансов, Государственный налоговый комитет, Национальный банк Казахстана.  
 
The  paper  addresses  a  more  detailed  attention  to  the  causes  of  the  spread  of  corrupt 
practices, and will review the action in accordance with adopted laws and government programs. 
Keywords: corruption, the State program of social and legal supervision, the laws of the Republic 
of  Kazakhstan,  the  Financial  Police  Agency,  Ministry  of  Finance,  State  Tax  Committee,  the 
National Bank of Kazakhstan. 
 
Соңғы  уақытта  Қазақстанда  сыбайлас  жемқорлықтың  «тамырын»  шабуға 
бағытталған  көптеген  нәтижелі  жұмыстар  атқарылып  жатыр.  Соған  сәйкес 
Мемлекеттік  бағдарлама  қабылданып,  соттық  жүйені  реформалау  да  жүргізілуде. 
Мемлекеттік 
қызметкерлердің 
лауазымдық 
міндеттерін 
орындаудағы 
жауапкершіліктерін арттыру шаралары қолданылуда.  
Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  –  бұл   үздіксіз  процесс.  Сыбайлас 
жемқорлық  қылмысы  үшін  жауаптылық  нормаларының  қолданылмауы,  абсолютті 
көрсеткіш  болып  табылмайды,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрестің  болмауы 
сыбайлас  жемқорлықтың  өзінің  болмауымен  бірдей.  Сыбайлас  жемқорлықтың 
тамырына үңілгенде бұл мәселеден шығудың жолы жоқ деген сезім тумауы керек. 
Сыбайлас 
жемқорлықтың 
белең 
алуының 
бірден-бір 
себебі 
– 
мемлекеттік   қызметкерлердің  жұмысын  және  олармен  қолданылатын  шешімдерді 
әлеуметтік-құқықтық бақылаудың жеткіліксіздігі. Нарықтық экомомика әлеуметтік-
құқықтық  бақылаудың  бұзылуын  қолдамайды.  Керісінше,  ол  нақты  құқықтық 
белгілеулер  арасында  дамып  отырады.  Әлеуметтік-құқықтық  бақылау  дегеніміз  – 
бұл   криминологиялық,  алдын-ала  ескертулік  бақылау,  бірақ  алдын-ала  ескерту 
болмаған жағдайда оған қылмыстық-құқықтық құрам кіреді. 
Ол  қызметкерлердің  міндеттерінің  нақты  дайындалған  заңдардың  негізінде 
ұйымдастырылуын  қамтамасыз  етеді.  Мемлекеттік  қызметкердің  қабылдаған 
шешіміне  қатаң  әлеуметтік-құқықтық  бақылаудың  бекітілуі  сыбайлас  жемқорлық 
қылмысының алдын-ала ескертілуіне маңызды бағыт болып табылады.  
Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  Заңдары,  Елбасы  жарлықтары, 
министрліктер мен мекемелердің нормативтік актілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
күресте қолданылатын  әр түрлі  бақылау  шараларын  қарастырады.  Бұл шаралардың 
елеулі  мөлшері  мен  әр  түрлілігін  есепке  ала  отырып,  оларды  белгілі  бір  топтау 
шеңберінде орынды қарастыру ұсынылады. Құқықтың табиғаты мен сипатына қарай 

     
 
 
68 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
қолданыстағы  бақылау  шараларын  екі  негізгі  топқа  бөлуге  болады.  Қаржылық 
бақылау  шаралары  көп  жағдайда  осы  бақылаудың  жүзеге  асырылуы  үшін  арнайы 
уәкілеттік  берілген  мемлекеттік  органдармен  Қаржы  полиция  агенттігімен,  Қаржы 
министрлігімен,  Мемлекеттік  салық  комитетімен,  Қазақстан  ұлттық  банкімен, 
министрліктер 
мен 
мекемелердің 
аудиторлық, 
тексеруші, 
бухгалтерлік 
бөлімшелерімен  және  т.б.),  құқық  қорғау  органдарымен  қабылданатын  жедел-
іздестіру,қылмыстық-процессуалдық,әкімшілік-құқықтық сипаттағы  шаралар  
 қолданылады. 
ҚР  «Жедел-іздестіру  қызметі  туралы»  1994  жылғы  15-қыркүйектегі  Заңы 
(кейінгі  өзгертулер  және  толықтырулармен)  осы  органдардың  құқықтарын  белгілі 
бір жағдайларда азаматтардың сұрауларын жүзеге асыруды, анықтамаларды енгізуді
пошталық  жөнелтілімдерді  қадағалау  және  бақылау,  телефондық  келіссөздерді 
тыңдауды және т.б. қарастырады. 
Елімізде  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  және  ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы 
кұрес  шаралары  күшейтіліп  келе  жатқандығын  айта  кету  керек.  Соның  ішінде  ҚР 
«Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  туралы»,  «Мемлекеттік  қызмет  туралы» 
арнайы  Заңдар  қабылданды.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  арнайы 
дайындалған  Мемлекеттік  бағдарлама  негізінде  жүзеге  асырылады.  Жоғарыда 
айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Мысалы, 
ҚР  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Заңына  сәйкес  мемлекеттік  қызметке  қабылдану 
кезінде  азамат  салық  қызметі  органдарына  кірістері  және  өзінің  жеке  меншік 
құқығына  жататын,  салық  салу  объектісі  болып  табылатын  мүлігі  туралы  мәлімет 
ұсынуы  тиіс.  Осы  баптың  4-бөлімінде  әкімшілік  мемлекеттік  қызметті  тек  арнайы 
тексеруден  өткеннен  кейін  ғана  атқаруға  болатындығы  туралы  айтылған. 
Көрсетілген  заңда  мемлекеттік  қызметке  келуге  байланысты  шектеулер 
қарастырылған.  Оның  негізгі  мақсаты  –  мемлекеттік   қызметкерлер  тарапынан 
болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу. 
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік 
міндеттерді орындауға уәкілетті және оларға тең барлық тұлғалар тұрғылықты жері 
бойынша  салық  қызметкерлеріне  өзінің  мүліктік  және  кіріс  жағдайы  туралы 
мәліметтерді  ұсынуға  тиісті.  Осындай  ереже  жоғарыда  айтылған  ҚР  «Мемлекеттік 
қызмет туралы» Заңыңда да бар. 
Билік  болған  жерде  адамдардың  қызмет  бабын  жеке  мүддесі  үшін 
пайдалануы  түбегейлі  жойылған  емес.  Бірақ,  бұл  көрініс  бір  елдерде  әбден 
тамырланып  жүйелі  сипат  алса,  ендігі  бір  елдерде  ол  жеке  дара  сирек  кездесетін 
келеңсіз оқиға ретінде қабылданады. 
Осыған  қарап,  ол  елдің  даму  деңгейін,  азаматтардың  заңды  сақтауға  деген 
көзқарасы  мен  құқықтарының  сақталу  жағдайын  байқауға  болады.  Бұлай  дейтін 
себебіміз,  сыбайлас  жемқорлық  етек  алған  елде  заңнан  бұрын  «парақорлар  мен 
тамыр-таныстық»  үстем  етеді.  Сол  себепті,  сыбайлас  жемқорлық  тамырын  тереңге 
жайып,  жүйеге  айналса,  мемлекетке  қауіп  төніп,  ақырында  оның  іріп-шіріп, 
тоқырауына әкеп соқтырады. 
Сыбайлас  жемқорлық  дегеніміз  –  қоғам   мен  мемлекеттің  қылмыстық  сипат 
алуы  сияқты  қауіпті  ұғым.  Оның  жоғары  деңгейдегі  қоғамдық  қауіптілігі  ол 
мемлекеттіліктің  негізін  құлдыратып,  ұлттық  қауіпсіздікке  нұқсан  келтіреді. 
Сыбайлас  жемқорлық  –  бүкіл  әлемдік   проблема.  Сондықтан  оның  кез-келген 
түрлерімен аяусыз күресіп, түп-тамырымен жойған дұрыс.  
Соңғы  жылдары  мемлекеттік  қызметшілерге  қойылған  талаптардың 
күшейтіліп,  сыбайлас  жемқорлықпен  пәрменді  күрес  нәтижесінде  сыбайластық 
қылмыстар  әлдеқайда  азайды  деп  айтуға  болады.  Мұны  кез-келген  мемлекеттік 
органдардағы  қызметкерлердің  қазіргі  қарым-қатынасынан  да  байқаймыз. 

     
 
 
69 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қабылданып, мемлекеттік қызметке жаңа 
қабылданған қызметкерлер ант қабылдап, оған жауаптылықпен қарауда. 
Бүгінгі  таңда  құқық  қорғау  органдары  әшкерелеп  жатқан  мемлекеттік 
қызметшілер  тарапынан  жасалатын  сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  құқық 
бұзушылықтың  сипатын,  жасалу  себептері  мен  осыған  итермелеген  жағдайларға 
талдау  жасайтын  болсақ,  олардың  басым  көпшілігі  заңды  білмеуден  немесе  оған 
немқұрайды қараудан орын алуда. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талабына сәйкес мемлекеттік міндеттер 
атқаруға  уәкілетті  адамдар мен оған теңестірілген адамдар жыл сайын тұрғылықты 
жері бойынша салық органдарына табыстары туралы мәлімдеме тапсыруға міндетті. 
Алғашқы жылдары осы декларацияны уақытылы тапсырмау сияқты әкімшілік 
құқық бұзушылықтар жиі кездесетін болса, қазіргі кезде ондағы мүліктері жөніндегі 
мәліметтердің толық болмайтыны орын алуда. Бұл құқық бұзушылықты мемлекеттік 
қызметшілер  мен  оған  теңестірілген  адамдар  әдейі  жасайды  деуге  болмайды.  Бұл 
негізінен қызметкерлердің жауапсыздығынан, осы мәселеге немқұрайды қарауынан 
немесе заңды білмеуінен болады. 
Дейтұрғанмен  қызмет  бабын  өзінің  жеке  мүддесі  үшін  пайдаланып  жүрген 
мемлекеттік  қызметшілер  заңды  біледі  және  пайда  табу  мен  игіліктер  көруде  оны 
айналып кетудің жолын іздейді. 
Өкінішке  орай,  кейбір  жағдайда  жемқорлар  заңның  әлсіз,  жетілмеген 
тұстарын  немесе  құқық  қорғау  органдарындағы  мамандардың  кәсіби  біліктілігінің 
жетіспеуін пайдаланып, жауаптылықтан тыс қалуда. 
Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  «Нұр  Отан» 
партиясы    Саяси    кеңесінің  соңғы  кеңейтілген  кеңесінде:  «Партияның  өңірлік 
филиалдары  жергілікті  жерлердегі  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мақсатты 
ұйымдастырылған  күресті  өрістетуі  керек.  Партияның  облыстық  және  аудандық 
филиалдарындағы  арнаулы  кеңестер  парақорлар  мен  қазынаға  қол  салушылар 
үстінен  тұскен  арыз-шағымдарды  қарауға  тиіс.  Партия  лас  қолды  шенеуніктерді 
қызметтен  алуды  және  жазалауды  жария  түрде  талап  етуі  керек.  Сыбайлас 
жемқорлықпен  және  парақорлықпен  бірлесе  отырып,  бүкіл  халық  болып  қана 
күресуге болады. Біздің партия осы күрестің алдыңғы шебіңде екенін көрсетуі тиіс», 
- деп қадап тұрып айтқан еді. 
Жалпы  қоғамдағы  қауіпті  құбылыс  –  сыбайлас   жемқорлықпен  күресті 
науқаншылдыққа  айналдырмасақ  қана  жеңіске  жететініміз  сөзсіз.  Облыстағы 
барлық  құқық  қорғау,  бақылау,  қадағалау  органдары,  «Нұр  Отан»  халықтық-
демократиялық  партиясы  осы  принципті  берік  ұстанып  отыр.  Олардың   қолға 
алып, 
атқарып 
жатқан 
батыл 
шараларына 
халық 
қолдау 
көрсетіп, 
сенім білдіруде.      
 «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  мәселелері  мемлекет  басшысы 
Нұрсұлтан  Назарбаев  қызметінің  маңызды  қадамы  болып  қалуда.  Өзінің  халыққа 
жыл сайынғы Жолдауында Елбасы құқық қорғау органдарының  қызметін батыл әрі 
түбегейлі  жақсартуды,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   күресте  нақты  әрі  маңызды 
табыстарды тағыда да талап етеді. 
Жолдаудағы  қадап  айтылған  үлкен  әңгіменің  бірі  деп  жемқорлыққа  қарсы 
күрес шараларын жетілдіру жөніндегі стратегиялық бағыттардың нақтыланғандығын 
айтар едім. Оның үстіне бүл күреске «Нұр Отан» партиясының тартылуы келешекте 
істің  нәтижелі  жүргізілуіне  пайдалы  әсерін  тигізеді  деп  ойлаймын.  Жемқорлықты 
тежемесе  болмайды.  Ол  қазірдің  өзінде  әл  бермейтін  ауруға  айналып  барады.  Жең 
ұшынан жалғасқан сыбайластық пен парақорлық жайлаған қоғамда демократияның 
салтанат  құруы  мүмкін  емес.  Сондықтан  да  қауіпті  кеселдің  алдын  алуға 
жұртшылық болып жұмылуымыз керек. 

     
 
 
70 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.  1995  ж.  30  тамыз  //Алматы:  Жеті 
жарғы, - 100 бет. 
2 Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсідігі және әл-
ауқатының  артуы.  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауы.  Алматы:  Білім, 
2001. – 96 бет. 
3  Мемлекет  басшысының  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік 
саясаттың басты мақсаты» атты 2008 ж. 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы. 
4 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 
ж. 2 шілдедегі №267 - 1 Заңы. 
5  Сарсембаев  М.А.  Коррупцию  можно  и  нужно  победить.  //Антикоррупционный 
вестник. - №1. 2012. – С. 1, 12. 
6    Турсынбаев  Д.  Причины  и  условия,  порождающие  коррупцию  в  Республике 
Казахстан. //Фемида. - №2. 2011. – С. 13-15. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет