ӘОК 343.
CОТ ЭТИКАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛУЫ
Уразымбетов Т.Е.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы.
120868@inbox.ru
В данной статье рассматриваются вопросы о становлении и развитии судебной
этики в Республике Казахстан. Также затронуты понятия профессиональной этики
юристов, в частности судей и адвокатов. Общие понятия о нравственности в сфере
юридической деятельности. А также специфические нравственные нормы
профессиональной деятельности и внеслужебного поведения юристов.
Ключевые слова: профессиональная этика, нравственность, справедливость.
The article shows the questions about the implementation and development of
judicial ethical in the Republic of Kazakhstan. Also touches the concepts of professional
ethic of lawyers partially courts and lawyers. Common concept of moral in the sphere of
judicial activity. Also specific moral norms of professional activity and out of duty
behavior of lawyers.
Key words: professional ethics, morality, justice.
Осы мақалада Қазақстан Республикасындағы сот этикасының пайда болуы мен
даму жолдары қарастырылады. Сондай-ақ заңгерлердің кәсіби этикасының ұғымы,
жекелеп айтқанда судьялар мен адвокаттардың. Заң қызметі саласындағы әдептілік
туралы жалпы ұғымдар берілген. Және де кәсіби қызметтің спецификалық әдептілік
нормалары және заңгерлердің қызметтен тыс мінез-құлықтары.
Негізгі ұғымдар: кәсіби этика, әдептілік, әділеттілік.
Сөз шешені (оратор) сөзі XVIII ғ. латын тілінен (лат. orator - orare сөзінен -
сөйлеу, әңгіме қату) алынған. Оның бірінші мағынасы – «сөз сөйлеуші», «сөз
қатушы адам». Бұл мағынада сөз термин ретінде пайдаланылады: адвокаттар,
азаматтық іс жүргізуде талапкер және жауапкер құқықтарын қорғау үстінде және
қылмыстық iс жүргiзу кезінде айыпталушының құқықтарын қорғай отырып, сотта
iсті талқылауда процессуалдық ережелерге сәйкес өз функциясын орындайды.
71
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Сөз шешенінің рөлі, бұл сөздің ұғымында процессуалдық заңмен
қарастырылған іс әрекеттерді орындауға әкеп соқтырады: саралау, құқықтық баға
беру. Соттағы алқа билердің сөз сөйлеу мәдениеті
Сот этикасы – бұл қылмыстық, азаматтық, және арбитраждық сотөндірісіндегі
судьялардың және де өзге де мамани қатысушылардың мамандық қызметінде
әдептілік сипатын қамтамасыз ететін және қызметтен тыс мінез-құлықтарын,
сондай-ақ осы саладағы мораль талаптарының спецификалық құбылыстарын
зерттейтін ғылыми пән.
Осы анықтамамен ғылым ретінде сот этикасының үш құрамдық бөліктері
қамтылады:
-Нормативтік бөлігі – қағидаттар және нормалар;
-Олармен реттелетін қарым-қатынастар;
-Сотөндірісіне қатысушылардың әдептілік саналары.
Сот этикасы пәнінің нормативті бөлігін сипаттау барысында норманың екі тобы
бөлінеді - олар:
-моральдың жалпы нормалары, нақты осы саладағы қоғамдық қатынастарда
функцияланатын;
-спецификалық, нақты осы мамандықпен туындайтын, және де жалпы
нормаларға қайшы келмейтін, бірақ оларды толықтырып және дамытатын.
Моральдық сипаттағы талаптарды заңшығарушы тек ғана судьяға ғана емес,
сондай-ақ процесстің өзге де қатысушыларына қадаптайды.
Адамның сөз сөйлеуі – ол оның өзінше төлқұжаты.
Ал, сот сөз шешендері айтып жеткізуге болмастай айқын және мінсіз сөз
қатуды иемденуі керек.
«Сөйлеу шешені» сөзінде, екінші мағына бар: «кімнің сөз қата білу,
қызылтілділік қасиеті бар». Бұл тек ғана сөйлей алатын адам ғана емес, бұл сондай-
ақ тыңдармандар алдында сөйлей алатын адам. Ол тыңдаушылардың назарын аудара
алады, өйткені ол шебер; ол шешендік өнерді иемденген; ол өз ісін сүйеді.
Сөз шешені – бұл өзінің қамтып айтатұғын тақырыбын, іс-материалдарын терең
зерттеген және оларды еркін игеретін адам; көпшілік алдындағы айтатұғын сөзінің
тезисін айқын және нақты нысандай білетін адам; ол материалдарды қисынды, анық,
айқын баяндайды.
Сотта сөз сөйлей шығудың базасында пайда болған шешендік өнердің отаны
болып ежелгі Грекия саналады. Қызылтілділік туралы ғылымның атасы ретінде
б.э.дейін 490-430 жж. ежелгі грекияда өмір сүрген ақын, философ және врач
Эмпедокл саналады. Ежелгі грекиядағы Сицилия елді мекенінен шыққан риторлар
Коракс және Тисий, алғашқы болып қызылтілділік бойынша жүйелік жетекшілік
құрастырды, онда соттағы сөз сөйлеудің мынадай тәсілдері қарастырылды, олар:
-өз сөзін ұғымды етіп жеткізе білу;
-сұраққа өткір оймен жауап беру;
-дайындықсыз сөйлеу;
-пікірталас жасау кінәләу және т.б.
Рим сөз шешендерінің бірі Марк Антонийде (143-87 жж. б.э.дейін) соттағы сөз
сөйлеудің дамуына өз септігін тигізді, жекелеп айтқанда ежелгі Римде. Оны кейде
Аристотельмен теңестіре отырып, олардың арасында және олардың сөз қатуларының
аралығына айырмашылықтар кіргізеді, дегенмен Марк Антонидің сөз сөйлеуінің
өзгешелігі мол. Марк Антонийдің соттағы сөз сөйлеуінінің саяси түстілікті
иемденген. Оның қорғанысындағы басты қаруы пафос болды. Антонийдің мән-жәйді
бір сәтте бағалай алу қасиеті болған және суырып салма қасиетті иемдене отырып,
дереу арада біресе сөзді қысқа да нұсқалы қылуға, біресе күрсіне әңгімелеуге, біресе
ұстамдылыққа, біресе ыза оятуға айналдырып отырған. Заманауи соттағы сөз
72
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
сөйлеудің негізгі композициялары (құрылысы, қарқындары) сонау антикалық
заманда Платонмен қаланған. Сол кездерде жақсылап ойластырылған сөз,
қарқынынсыз жақсы сот сөзі болмайтындығын мойындаған. Істің мән-жайына
кіріспей тұрып оған судьяны (айтатұғын сөз) дайындау өте қажет. Одан кейін сөз
арналған істі байыптау (баяндау), дәлелдер келтіру (бекіту), оппонентті опалау
(келіспеу) және сөзді аяқтаушы ымыра келтіру (қорытынды).
Антикалық заманда ең күшті деп қарапайым, айқын, түсінікті және терең
мағыналы ойға толы сөздерді санаған. Міне қандай, сот сөздері және оның
қарқынына байланысты нұсқаулар бойынша әр заманда өмір сүрген осы сөз
шешендерінің ойлары пайда болып отырған.
Сот шешендеріндегі үш міндеттер:
-сөзді дәлелдеу;
-жылыжағымдау;
-өз жағына баурау;
Сот талқылауының жақсы аяқталуы тараптарды сендіре білудің арқасында
болады. Нақ осы соттағы ұғымды және сендіре сөйлеудің қажеттілігі риториканың
пайда болуы мен дамуының бірден-бір себебіне айналды.
Сот сөздерінің ұғымды және сендіре алу әсері рационалды және эмоционалды
бастамаларда құрылады. Олардың соттағы сөздер үшін, алғашқысы қисынды
болжауларды, фактілерді, дәлелдерді кеңінен қолдану сипатында. Сотта сөз
сөйлеуші, тыңдаушылардың ойы мен сезіміне әсер етуге тырысады, сөз шешенінің
ойымен келісуге тыңдармандарды сендіртеді.
Сенімсіздікті жеңу үшін, сөз шешендері қорытынды жасауға тыңдармандардың
өздерін қатысушы етіп қоюға тырысады. Тәжірибелі сөз шешендері өздерінің сөз
айтылымдарын, процессуалдық және қисындық дәлелдемелерін сөзді аяқтау туралы
өтініш түскенге дейін барынша сенімділік өсе түсетіндей етіп қатарластырады.
Соттағы сөздің эмоционалдық буы тыңдаушылардың сезімін оятады. Сөз шешені
тыңдаушыларда, өзінің дұрыс сөйлеп тұрғандығына сендіруге көмек болатын көңіл-
күйді туғызуға тырысады.
Біздің еліміздегі заңгер мамандығын таңдаған азаматтар үшін бірден-бір
қызығушылық тудыратын ол, орыс сот қызылтілділігі.Орыс сот қызылтілділігі өзінің
даму кезеңін XIX ғасырдың екінші жартылығынан яғни, 1846 жылғы сот
реформасынан кейін, сотқа алқа билерді кіргізіп және адвокатураның алқа отырысы
бекітілгеннен кейін бастайды.
Сотөндірісіндегі әдептілік туралы ғылым ретіндегі сот этикасының атасы
есебінде, 1994 жылы 150 жылдығы тойланған Анатолий Федорович Кониді
толығынан санауға болады. Петербор сот палатасының хатшысынан кассациялық
департамент Сенатының обер-прокуроры және Мемлекеттік Кеңестің мүшелігіне
дейін, саралы жол кешіп, сот және прокурорлық жұмыста алуан тәжірибені иемдене
отырып, А. Ф. Кони қашанда қылмыстық әділсот ісіндегі этикалық бастамалардың
мығым және сенімді зерттелуі мен оқытудың жақтасы болды. Ұзақ уақыт бойы
өзекті мәселелерді шешуге қатысты сот этикасы заңсыз болып саналды. А. Я.
Вышинскийдің кәсіби этикаға деген теріс қатынасы көпшілікке мәлім болатын.
Ондаған жылдар бойы әділсот мәдениетіне қарасты этикалық сұрақтарды шешу
кейінге қалдырылып отырды, сондай-ақ соған қарасты өзге де пәндердің дамуы да.
Заң әдебиетінде кәсіби этика және оның ғылыми мәртебесінің негізділігіне күмән
келтіру әрекеттеріне оқталғандығы орын алды.
Сот этикасының ұғымы, пәні және қағадалары
Сот этикасы – бұл идиалдарда, қағидаттарда және нормаларда әділсоттылықты
жандандырушы әдептілік туралы ілімді құраушы, сондай-ақ сотөндірісіне
73
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
қатысушылар қызметінің әдептілік мазмұнын анықтаушы кәсіби этиканың бірден-
бір тарауы.
Осы анықтамамен ғылым ретінде сот этикасы пәнінің үш құрамдық бөліктері
қамтылады:
-Нормативтік бөлігі – қағидаттар және нормалар;
-Олармен реттелетін қарым-қатынастар;
-Сотөндірісіне қатысушылардың әдептілік саналары.
Этос, логос және пафос – бұлар, сөзді де әрине соттағы сөз сөйлеуді де
құрайтын үш тірегі. Осы үш тіректің ішіндегі біріншісі сондай-ақ маңыздысы болып
этос саналады. Көпшілік алдына шығып сөз сөйлеушінің этикалық сөз нормаларын
және ережелерін сақтауы көп жағдайларда сөз шешенін тыңдап-тыңдамауға әсері
зор.
Этос – бұл қарым-қатынас ситуациясындағы кәсіби жан-жақтылық
қабілеті. Адвокаттың дұрыс этикалық ой-өріс жасауына жалпы адамгершілік
(гуманитарлық) білім берудің кең және негізділігі қажет, ерекше қадағаламдылық,
қорғаудың міндеттерін айқын түсіну және мінсіз тактілік.
Сот этикасы – заңгерден әділеттілікті, шыншылдықты, пайдакүнемсіз дікті,
аңғарымдылықты талап етеді.
Бұл моральдық сапа осы сала қызметкерлерінің кәсіби қарым-қатынасының
бірінші жолдағы шарты болып табылады.
Өкінішке орай моральдық нормаларды бұзудың сиремей тұрғандығы
байқалады, әрине осы жағдай әлеуметтік бақылаудың күшейтілуін, сыртқы
санкцияның қатаңдатылуын талап етеді. Кәсіби-әдептілік сана заңгердің ой-
әдептілік позициясының көрнектілігі және қосымалдануы болуға тиіс. Білімді,
жағдайды, мүмкіншіліктерді пайда табу жолына қолдану заңгердің мамандық ар-
намысына қайшы келеді. Осыдан келе, кімде-кімнің бопсалау, парақорлық,
протекционизм жолына есі кеткендері үшін жоғарғы сот ретінде әрине мемлекет
санкциясын қосатын көпшіліктің ар-намыс соты түсуі тиіс.
Заң қоғамы бұрыннан мамандықтың моралдық императивтерінің жүйелендіруі
туралы айтып келеді. Қанағаттандырушылықпен «прокуратура қызметкерінің
міндеттері», «судьялар мен сот алқа билерінің анттары» ант беру ережелерінің
текстері қабылданды. Осының бәрін заңгердің ар-намыс кодексін құрастыру
жолындағы айқындалған қадамдар ретінде қараструға болады.
Мұнда негізгіні бұзбау маңызды – кодекс орындау үшін қысқа, нақты,
қарапайым және оның мағынасы бұрмалау үшін қиын болуға тиіс. Сонымен қатар
сабаздылығы заң мамандығының және оның құрылысын шығарып тастамай
керісінше спецификасын ескеруі керек.
Кәсіби этика - мінез-құлық кодексін осылай атайды – мұнда адамдар
арасындағы олардың мамандық қызметінен туындайтын әдептілік сипатты
қамтамасыз етеді.
Моральды талаптардың жалпылама сипатына және таптар немесе қоғамның
біртұтас еңбек моралінің барлығына қарамастан, кейбір мамандық қызметтің түрлері
үшін сондай-ақ мінез-құлықтың арнайы нормалары бар.
Мұндай кодекстердің пайда болуы және дамуы адамзат прогрессінің әдептілік
желілерінің бірін көрсетеді, өйткені олар тұлға құндылығының өсуін және тұлға
аралық қатынастардың адамгершіліктігін бекітеді.
Сол немесе өзге кәсіптер өкілдерінің қадір-қасиеті мен мүдделері, сайып
келгенде, қаншалықты олар, өз қызметінде дәйекті жалпы әдептілік принциптерін
айналдыратындығын бекітеді, сондай-ақ қаншалықты олардың спецификалық
еңбектері нақты қолданымды.
74
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Моральдық жауаптылықтың жоғарыланған шарасы, борыш сезімінің
жылдамдатылуы, кейбір қосымша мінез-құлық нормаларын сақтау бірінші жолда,
тарихи тәжірибе куәландырғандай, дәрігерлік, заң, педогогикалық, ғылыми және
журналистикалық қызметте өте қажетті, яғни маманның еңбегі қатаң формалды
трек-сызбаға қысқартылмайтын және адамның қоғамдағы денсаулық, рухани дүниесі
және жағдайының хәлі осы еңбектің сапасы мен болашақта пайдалығына тәуелді
салада.
Сот қайраткеріне қойылатын жалпы әдептілік қағидаттарын сипаттай отырып,
қоршаған ортаны, сот процессінің қатысушыларын сыйлау секілді сұрақтарды
назардан тыс қалдыруға болмайды.
Жеке айтқанда іс материалдарын білу ілімінің негізінде қол жеткізетін, өзгенің
уақытын бағалай және сақтай білу.
Іс материалдарымен мұқият танысып білу сотталушыға, жәбірленушіге,
куәгерлерге қойылатын мақсатсыз сұрақтардың санын қысқартып, барлық күш-
жігерді ақиқатты анықтау үшін жұмсауға мүмкіншілік береді.
Сот сөз шешені ретіндегі адвокатқа қойылатын этикалық талаптар.
Сот этикасының міндеті – процессуалдық нормаларды сақтаудағы әдептілік
бастамалардың
ролі
туралы
сауалдарды
зерттеп
білу.
Сотөндірісіне
қатысушылардың қарым-қатынастарын анықтайтын әдептілік қағидаттар, сөзсіз
тұлғаның субъективтік құқықтарының елеулі кепілі болып табылады.
Сотөндірісі адам үшін ең қымбатқа қатысты әсер етеді – ол оның ар-намысы,
қадір-қасиеті, ал кейде керек десеңіз өмірі.
Әдептілік қағидаттар қоғаммен немесе жеке таппен адамдардың мінез-
құлықтарына қойылатын, неғұрлым жалпылай және айтарлықтай моральдық
талаптарды көрнектейтін, әдептілік сана нысанын өзінде көрсетеді.
Жаңа туған адам дүниеге келісімен-ақ қалыптасқан әдептілік қағидаттармен
кездесіп, кейде өзі соны білместен таратушысына айналады.
Осындай қағидаттар, қоғамдық және жеке өмірдегі адмның мінез-құлығын
айқындайтын алғы шептегі ниеттерге айналады. Әдептілік қағидаттар өзінің тікелей
көрінісін заңгердің кәсіби этикасында табады.
Кәсіби этиканың бірден-бір түрі есебінде адвокаттық этика түседі. Адвокаттық
этиканың пәні есебінде адвокаттық ассоциация мүшесісінің корпорация
ережелерімен жазылған тиісті мінез-құлығы табылады, егер құқықтық нормалар,
оларға нақты мінез-құлық ережелерді белгілемеген кездерде болса.
Кәсіби қызметтегі әзірленген этикалық қағидаларды реттеу үшін, көптеген
адвокаттар мен заң қоғамдастықтары адвокат қызметінің кодексін қабылдады. Біздің
елімізде «ҚР адвокаттық қызмет және адвокатура туралы» Республикалық заң
адвокаттың кәсіби этикасын бүкіл адвокаттық қоғамдастық үшін тұтас
орнатты. Адвокаттық этиканың мағынасы келесіде бекітіледі. Ол заң көмегін
көрсету бойынша жүгінген тұлғалардың, сенім білдіргендердің құқығын,
бостандығын және мүдделерін қорғау бойынша адвокаттың өз міндеттерін ең жақсы
түрде
орындауды қамтамасыз етуге, осы аталған міндеттерді орындау кезінде
адвокаттың мінез-құлқын анықтауға, оны адамгершілік мазмұнмен толықтыруға,
қоғам мен мемлекеттің адвокатураға, жария – құқықтық институт ретінде тиісті
сенім деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз етуге бейімделген.
Мемлекет адвокат үшін үлкен талаптар қояды. Олар адвокаттарға қойылатын
адвокаттық этика кодексінде және этикалық талаптарға арналған ғылыми
зерттеулерде айқындалады. Адвокаттарға қойылатын, этикалық талаптар негізіне:
барлық адвокаттық қызмет саласындағы шыншылдық, адалдық, құзыреттілік
жатады.
75
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
Адвокаттың адамгершілік, кішіпейілділік, адамдарға құрметпен қарау секілді
адами сапалары болуға тиіс. Адвокаттың қажетті сапасы ретінде дәлдігі мен
ұқыптылығы болуға тиіс.
Өзінің кәсіби қызметін жандандыру кезінде адвокат:
1) Адал, ақылға қонымды, біліктілікпен, түбегейлі және уақтылы өз міндеттерін
орындайды, Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңына және осы
Кодекстің мөрімен бекітілетін құжаттармен, барлық заңнамасымен тыйым
салынбаған құралдарды басшылыққа ала отырып, белсенді түрде сенім
білдіргендердің құқығын, бостандығын және мүдделерін қорғайды;
2) Заң көмегін көрсету бойынша жүгінген тұлғалардың, сенім білдіргендердің,
ұжымдастардың және өзгелердің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, тиісті
іскерлік қарым-қатынас жасауға қажетті, мінез-құлық мәнерді және киім кию стилін
ұстанады.
Сотта сөз сөйлеу қағидаттарына: заңдылық, әдептілік мінсіздік, сезім шаралары
мен такт, ұстамдылық пен жан-жақтылықты жатқызуға болады.
Заңдылық қағидасы заңының нұсқамаларын сақтауды ғана емес, сондай-ақ
заңға құрмет көрсетуді де болжайды.
Адвокаттың басты қаруы –заң екенін қашанда есте сақтау қажет.
Жеке мүдделермен талап етіп айтылған заңның еркін талқысы, сонымен қатар
заңының саналы түрде бұмалануы кейде мақсаттарға жетуге ықпалдауы мүмкін,
бірақ аз уақытқа ғана.
Кәсіпқой залалды күйбіңге бағдарлана алмайды «бұл заң - тұмық».
Мұндай бағдарлану түбінде кек қайтарады. Сот сөз шешені құқықтық өзін
құндауы оңды мақсатқа жету үшін мүлдем орынсыз, ол тек біздің өміріміздегі
жексұрындықты ұлғайтуға ғана қабілетті.
Әдептілік - мінез-құлық нормаларының маңызды құрамдас бөлігі, оның ішінде
процессуалдық қатынастар саласында да көрініс алады.
Оның әрекеттері заңға, қарапайым әдептілік нормаларға қайшы келмеуі тиіс,
бірақ ол оларды қамтымайды.Әдептілік нормалар заңды толықтырады және дұрыс
мінез-құлықтың маңызды критерияларының бірі болып саналады.
Процесс барысында бетпелесетін адамгершілік, әділеттілік, адам ар – намысын
құрметтеу, жақсылықты зұлымдықтан айырып беретін, айқын ұғыну қырлары -
осының бәрі мамани соттағы сөз шешені үшін міндетті мораль саласынан шығатын
талаптар, оның мәдениетінің деңгейін көрсететін көрсеткіш.
Сөз шешенінің жан-жақтылығы және ұсатамдылығы тыңдармандар тарапынан
оған деген құрметтеу және көзайым (симпатия) сезімін шақырады, сөздің
сенімділігіне ықпал етеді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Кобликов А.С. Юридическая этика: Учебник для вузов. – 2 – е изд., изм. –
М.:Норма, 2004. – 176 с.
2.Халиуллина В.П. Профессиональная этика юриста: Учебное пособие. –
М.:Издательство РУДН, 2006. – 161 с.
3. Кодекс чести государственных служащих Республики Казахстан ( Правила
служебной этики) // Утв.Указом Президента РК от 03.05.2005г.
4.Бойков А. Д. Адвокатура и адвокаты. М., 2006.
5.Закомлистов А. Ф. Судебная этика. СПб., 2002.- 258 с.
6.Панкратов В. В. Комментарий к Кодексу судейской этики. М., 2005.
7.Пашин С. Судейская этика. М., 2001.
8.Этика сотрудников правоохранительных органов / Под ред. Г. В. Дубова. М.,
2005
76
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ЭКОНОМИКА
77
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ӘӨЖ 638.1.(574)
АЙМАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУДЫҢ
НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
Кантуреев М.Т., э.ғ.д., профессор
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған
Абдиманап Н., магистрант
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы
В статье выявлены основные элементы оценки развития региональных
социально-экономических систем, предложена методы оценки социально-
экономического развития региона.
Мақалада
аймақтың
әлеуметтік-экономикалық
дамыту
бағасының
негізгі элементтері көрсетілген және әдеуметтік-экономикалық дамыту бағасының
әдістері ұсынылған.
The paper identified the main elements of the assessment of regional socio-
economic systems, proposed methods for assessing the socio-economic development of the
region.
Кілт сөздер: экономикалық кеңістік, аймақ, аймақтағы дағдарыс,
агломерация, инновациялық даму
Әрбір қоғамның дамуы белгілі бір аумақпен байланысты болады. Қоғамның
дамуының кеңістіктік аспектілері көптеген ғылымдармен зерттеледі. Олардың
қатарына география, демография, әлеуметтану, аймақтану т.б. жатады. Аймақты
дамытудың ең маңызды өзекті мәселелеріне экономикалық мәселелер жатады.
Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі
шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан
құралады. Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен
оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.
Аймақтық экономикада өзекті мәселеге келесідей ұғым жатады. Проблемалық
аймақ - бұл өзі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын
немесе жоғары әлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан
белсенді қолдауды талап ететін аймақтар.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы
тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес
республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады: 1) шаруашылықтарының
құрылымы экспортқа бағытталған; 2) индустриялық дамыған; 3) агроөнеркәсіптік;
4) дағдарыстық.
1-ші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай
қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті
9 мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық - әлеуметтік артта
қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар.
Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және
тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер
кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен
өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай
жерлерді интенсипті игеру;
78
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты
анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік,
әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді
(әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
2 - ші топқа - ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары
техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы
экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен
қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады:
-
шетел
инвестицияларын
тарту
жолымен
экспорттық
әлеуетті
қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа
технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары,
автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.
3 - ші топ - ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді
аймақтар.
Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету
және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған
сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей
мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге
асыру;
- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық
әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен
техникаларды енгізу және пайдалану, тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту
мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп
салаларының материялдық- техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік
және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
4-ші топқа - қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, әлеуметтік -
экономикалық және техника - технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық
құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық 10
дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады.
Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемлекеттік
реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы
үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін
көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық
аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден
республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін
қажет жағдайлар жасау;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды
тиімді пайдалану.
Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
79
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы
табыстың төмендігі);
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың етек алуы
(жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы
мәселелердің күшеюі және т.б.
Елді перспективалы аумақтың-кеңістікте дамытудың негізгі әдістері
Аумақтық шоғырландыру. Сирек қоныстанған және инфрақұрылымдық игерілуі
нашар, ауқымды аумағы бар Қазақстан үшін өндіріс пен халықтың шоғырлануы
үлкен мәнге ие болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңару тиімділігі
халық тығыздығы шаршы км-ге шамамен 40-50 адамды құрағанда жоғары болады.
Осыған байланысты, Қазақстанның аумақтық
дамуы жергілікті даму аумақтарына шоғырландырылып, олар арқылы ел мен
оның өңірлері жалпы әлемдік шаруашылық процестеріне біріктірілуі тиіс. Еліміздің
алдында аумақтарды сан-салалы дамытуға және өңірлерде қолайлы болатын
«халықтың
экономикалық
тығыздығына»
бірте-бірте
қол
жеткізумен
«шоғырландырылған экономикалық кеңістіктің» ареалдары мен нүктелерін
орналастыруға көшу міндеті тұр. Өсу полюстері ретінде жаһандық және өңірлік
нарықтармен ықпалдасқан және елдің басқа өңірлері үшін даму қозғаушысы ретінде
әрекет ететін неғұрлым серпінді дамитын қалалар мен өңірлер алынады. Полярлық
даму саясатының ұзақ мерзімді жоспардағы мақсатына қазіргі заманғы
инновациялық-индустриялық
технологияларға
негізделген
экономиканы
әртараптандыру жатады. Урбандалу және агломерацияларды қалыптастыру.
Қазақстан Республикасын аумақтық-кеңістікте ұйымдастырылуын базасы ірі
қалаларда нақты даму алғышарттарына ие жаңа экономика болуы тиіс. Бұл ел
экономикасының басым салаларында жоғары технологиялық өндірістерге 11
бағдарланған кластерлерді қалыптастыруды және дамытуды, урбандалған өңірлерде
шоғырландыра отырып көздейді.
Агломерациялық даму қалалардың дамуын жандандыру есебінен қамтамасыз
етіледі. Аумақтардың басты ресурстары қаржылық, адами, инновациялық, табиғи-
климаттық, мәдени ресурстар шоғырландырылатын агломерацияларды қолдау
осыған ықпал етеді.
Агломерациялардың қалыптасуы сапалы демографиялық және аумақтық-
кеңістікте өсуді қамтамасыз ете алатын, халық тығыздығы төмен Қазақстанды
аумақтық ұйымдастырудың басты нысаны болып табылады. Агломерациялардың
дамуы елдің одан әрі урбандалуымен байланысты болады (15-20 жыл ішінде қала
халқының саны 70 %-ға жетуі мүмкін), алайда агломерацияларды қалыптастырудың
нақты қарқыны адамға толы болудың қалыптасуына және ірі қалалардың
экономикалық дамуына, қала маңы аумақтары халқының тығыздығына тәуелді
болады.
Агломерациялардың дамуын тежеуші факторға - негізгі әлеуеті елдің
оңтүстігінде шоғырландырылған адами ресурстардың шектеулі болуы жатады.
Инновациялық даму. 2020 жылға дейінгі негізгі мақсат инновациялық іс-
әрекет үшін қолайлы экономикалық, қаржылық, фискалдық, кадрлық және
инфрақұрылымдық жағдайлар жасау, елдегі инновациялық белсенділік деңгейін
жоғарылату болып табылады. Инновациялық көшбасшы болу қалаларда
шоғырланған басқарушылық инновацияларда да көрінуі тиіс. Отандық және
шетелдік инновациялық технологиялар трансферті, білім және ноу-хауды
жинақтауға бағытталған ұлттық инновациялық жүйе белсенді дамитын болады.
Бизнестің инновациялық белсенділігін қолдаудың жаңа нысандары мен тетіктері
дами бастайды.
80
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 / 2015
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Смагұлова Р., Аймақтық экономиканы басқару мәселелері. - Алматы. -
2005ж.
2. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi
мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» №148 Заңы. Астана. - 23.01.2001
ж.
3. Г.Ы. Бекенова, Г.К. Егізбаева. «Аймақтар экономикасы» пәнінен барлық
экономикалық мамандықтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы. - 2009 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |