Е р – е л і н і ң қ о р ғ а н ы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата04.02.2017
өлшемі12,24 Mb.
#3405
  1   2   3   4

№ 24 (3102) 29 тамыз 2014 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ГАЗЕТІ

Газет 1961 жылдың

28 қыркүйегінен бастап шығады

kalkangazet@yandex.kz

Е р   –   е л і н і ң   қ о р ғ а н ы

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ұланының  Бас 

қолбасшылығы, Əскери Кеңесі жəне өз атымнан əскердің 

барлық  ардагерлері  мен  жеке  құрамын  мемлекеттік 

мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясының 

19 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тəуелсіздік  жылдары  ішінде  Ұлттық  ұлан  мəртебесіне 

ие  болған  əскеріміз  еліміздің  тыныштығы  мен  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету  ісінде  ерен  еңбек  атқарып,  Ата  Заңға  адал 

екендіктерін  айқын  дəлелдеді.  Ұландық  жауынгерлер 

конституциялық  борыштарын  бұдан  былай  да  абыройлы 

орындайтындарына зор сенім білдіремін.

Осынау  мейрамда  əскердің  ардагерлері,  əскери 

қызметшілері мен олардың отбасыларына мықты денсаулық, 

қажымас қайрат, сарқылмас дəулет, табысты қызмет жəне бақ-

береке тілеймін.

От  имени  Главного  командования,  Военного  Совета 

Национальной гвардии Республики Казахстан и от себя лично 

сердечно поздравляю ветеранов и весь личный состав войск с 

государственным праздником – 19 годовщиной Конституции 

Республики Казахстан!

За  годы  независимости  воины  правопорядка  ратным 

служением Отчизне поистине доказали верность вверенному 

делу,  добросовестно  выполняя  свой  конституционный  долг. 

Выражаю  глубокую  уверенность,  что  военнослужащие 

Национальной  гвардии  и  впредь  будут  добиваться  высоких 

результатов  по  защите  конституционных  прав  и  свобод 

человека.

В этот праздничный день желаю всему личному составу 

войск,  ветеранам,  Вашим  родным  и  близким  крепкого 

здоровья, мира, семейного благополучия и больших успехов 

во имя дальнейшего процветания и развития нашей Родины!

Қазақстан Республикасы

Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы

генерал-лейтенант Р. ЖАҚСЫЛЫҚОВ

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ 



22  августа  на  полигоне  «Спасск» 

состоялась  торжественная  церемо-

ния  закрытия  комплексного  уче-

ния  Коллективных  сил  оператив-

н о г о  

р е а г и р о в а н и я  

О Д К Б 

«Взаимо дейс твие-2014».

Напомним, что в течение пяти дней  близ 

Караганды  проходили  крупномасштабные 

маневры  по  применению  контингентов 

КСОР  ОДКБ  в  Центрально-азиатском 

регионе.  В  учениях  было  задействовано 

более 3000 человек  и 800 единиц  боевой 

техники. 

Национальную гвардию в театре боевых 

действий  представляли  оперативный 

батальон  воинской  части 6506 и  ОСОН 

«Беркут»,  входящий  в  состав  КСОР 

ОДКБ. Всего 360 человек личного состава. 

Командиром  лагерных  сборов  назначен 

полковник Юрий Болдарев. 

В  задачи  гвардейцев  входили  блоки-

рование  и  зачистка  населенного  пункта, 

в  котором  по  замыслу  учений  находились 

незаконные  вооруженные  формирования  и 

эвакуация мирного населения.

На торжественной церемонии закрытия 

учений  присутствовали  министр  обороны 

Республики  Казахстан  Серик  Ахметов, 

Генеральный  секретарь  ОДКБ  Николой 

Бордюжа,  первый  заместитель  министра 

обороны  Российской  Федерации  генерал 

армии  Аркадий  Бахин,  исполняющий 

обязанности министра обороны – начальник 

генерального  штаба  Вооруженных  Сил 

Беларуси  генерал-майор  Олег  Белоконев, 

Главнокомандующий  Национальной 

гвардией  генерал-лейтенант  Руслан 

Жаксылыков, его заместитель генерал-майор 

Альберт Маткаримов и другие.

Министр обороны Республики Казахстан 

Серик Ахметов поздравил участников учений 

с успешно проведенной военной кампанией. 

Обращаясь к военнослужащим он отметил, 

что    КСОР,  как  военная  составляющая 

ОДКБ  динамично  развивается.  Воинские 

подразделения, прибывшие из стран ОДКБ,  

показали  выучку,  мастерство,  которые  они 

приобрели  в  своих  войсках.  Командиры 

и  офицеры  в  составе  объединенного 

штаба  показали  практическое  применение 

координации  и  выполнили  те  задачи, 

которые были поставлены в соответствии с 

замыслом этих учений.



(Продолжение на 2 стр.)

ÌÀÍÅÂÐÛ ÇÀÂÅÐØÅÍÛ

ÌÀÍÅÂÐÛ ÇÀÂÅÐØÅÍÛ


2

29.08.2014

30 ТАМЫЗ – КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне 

əлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы 

– адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы

–  Елбасы  Нұрсұлтан  Əбішұлы 

Назарбаев  «Конституцияның  қазақша 

Ата  Заң  деген  бейнелі  баламасы 

бар.  Меніңше,  бұл  өте  дұрыс  теңеу. 

Біздің  барлық  заңдарымыздың  атасы 

–  Конституция»  деген  болатын.  Иə, 

шыныменде  азаттығымыздың  айшықты 

айғағы  болған  Ата  Заң – тəуелсіздіктің 

теңдессіз  тартуы.  Əңгіменің  басында 

жалпы  Конституцияның  мемлекет 

өміріндегі рөлі жайында айтсаңыз деймін. 

–  Негізінде,  Конституция  сөзінің 

өз  мағынасы  өте  қарапайым.  Мысалы, 

дəрігерлер  адамның  дене  тұрқының 

е р е к ш е л і г і н е  

б а й л а н ы с т ы  

« о н ы ң 

конституциясы  сондай»  деп  те  айта  береді. 

Қазақ  «сүйегі  сондай»  деп  сөйлейді  ғой. 

Сондықтан,  қазақылау  етіп  қайыратын 

болсақ,  ел  Конституциясын  қалыптастыру 

сол  елдің  сүйегін  қалыптастыру  сияқты 

жауапты  іс  деудің  де  жөні  бар.  Осы 

тұрғыдан  қарағанда,  қай  мемлекет  үшін 

де  Конституция  ұғымы  қасиетті  саналады. 

Америкалықтарды  алайық.  Онда  Конгресс 

те, ел Президенті де, кез келген лауазымды 

тұлға  да,  тіпті  заңдар  да  аяусыз  сынға 

алына береді. Ал Конституцияның алдында 

америкалықтардың бəрі тақ тұрады. Басқаға 

күмəн  келтірсе  де,  Конституцияға  күмəн 

келтірмейді.  Əр  сөзі  тұрмақ,  əр  əрпін 

қадірлейді.  Өйткені,  Конституция – Негізгі 

Заң. Ата Заң.



–  Жалпы  əлемдегі  конституциялар 

сипаты  жайында  бірер  ауыз  айтсаңыз. 

Конституциясы  жоқ  елдер  де  бар  ғой, 

солай емес пе?

– Солайы солай. Біріншіден, ондай елдер 

некен-саяқ.  Екіншіден,  ондай  елдердің 

бəрі – абсолюттік  монархиялар.  Мысалы, 

Сауд  Арабиясында,  Оманда.  Онымен  қоса, 

тікелей  Конституция  деп  аталатын  ресми 

құжаты  жоқ  елдер  де  кездеседі.  Мысалы, 

Ұлыбританияда Негізгі Заң айқындауға тиіс 

мəселелер  бірнеше  заңнамалық  актілермен 

реттеледі.  Дегенменде  əлемнің  кез-келген 

толыққанды  елдерінің  ешбірін  мемлекеттік 

Конституциясыз  елестете  алмайсыз.  Тіпті 

ықылым  замандардағы  Түрік  қағанаты 

заңдары  мен  Шыңғысханның  «Ұлы  Жасақ 

заңын» былай қойғанда, Қазақ мемлекетінің 

ежелгі  заңдары – «Қасым  ханның  қасқа 

жолы», «Есім ханның ескі жолы» жəне Тəуке 

ханның  «Жеті  жарғысы»  елдің  бағыт  түзер 

Бас  заңы  болғаны  анық.  Осының  өзі  қазақ 

халқының  ежелден-ақ  мемлекет  құрып,  бір 

мақсатқа біріккен ел болғанын көрсетеді.

– 1995 жылғы  Конституцияның 

1993  жылғы  Конституциядан  қандай 

қағидатты ерекшеліктері бар дер едіңіз?

–  Тəуелсіз  Қазақ  Республикасы 1993 

жылдың 28-ші  қаңтарында  өзінің  алғашқы 

Конституциясын  қабылдады.  Дегенмен, 

кеңестік сораптағы Заң жаңа демократиялық 

мемлекеттің, жаңа қоғамның өмір талабына 

сай  келмегендіктен,  одан  екі  жылдан  кейін 

жас  мемлекеттің  өзіндік  ұстанымдарын 

көрсететін  жаңа  Заң  қолданысқа  енді. 

Қазақстан халқының үштен бірі талқылауға 

қатысқан  жаңа  Конституция 1995 жылдың 

30  тамызында  бүкілхалықтық  референдум 

арқылы  бекітілді.  Референдумға  қатысқан 

90  пайыз  сайлаушылардың 81 пайызы 

Конституцияны  жақтап,  дауыс  берді. 

Өздерінің  мүддесіне  сай  қабылданған, 

солардың  құқығын  қорғайтын  Ата  Заңның 

авторы  ретінде  Елбасының  бастауындағы 

бүкіл  халық  деп  жасқанбай  айтуға  болады. 

Ол  туралы  Елбасымыздың  өзі: «Көптің 

сөзі  киелі»,–  дейді  дана  халқымыз.  Ел-

жұрттың  талқысынан  өтіп,  таңдауына 

айналған  басты  құжатымыздың  авторы – 

бүкіл Қазақстан халқы. Ғасырлар тоғысында 

əлемдік  өркениеттің  шыңына  ұмтылған 

Қазақстан  халқы  тарихи  да  тағдырлы 

шешім  қабылдап,  жасампаз  жаңа  дəуірге 

қадам  басты.  Ата  Заң  біздің  бүкіл  жарқын 

істеріміздің  қайнар  бастауына  айналды»,– 

деген  үлкен  баға  берді.  Ата  Заңымыздың 

кіріспесінде: «біз,  ортақ  тарихи  тағдыр 

біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ 

жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді 

еркіндік, теңдік жəне татулық мұраттарына 

берілген  бейбітшіл  азаматтық  қоғам  деп 

ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта 

лайықты  орын  алуды  тілей  отырып,  қазіргі 

жəне болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары 

жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің 

егемендік құқығымызды негізге ала отырып, 

осы  Конституцияны  қабылдаймыз»,–  деп 

мақсатымыз  айқын  көрсетілген.  Бұл  біздің 

қазіргі  қоғамдағы  азаматтарға  артылған 

міндет, болашаққа қалдырар аманатымыз. 

Жаңа  Конституция  Парламентті  қос 

палаталы  етіп  бекітті.  Тағы  бір  маңызды 

мəселе – Парламенттің  міндеті  заң 

шығарушылық  қызметке  жұмылу  екендігі 

нақты  белгіленгені.  Сонымен  бірге 

мемлекеттік  бюджетті  бекіту,  Үкіметтің 

іс-қимыл  бағдарламасын  мақұлдау  немесе 

қабылдамай  тастау,  Премьер-Министрді 

тағайындауға  келісім  беру,  Үкіметке 

сенімсіздік  көрсету,  оның  мүшелерінің 

есептерін тыңдау деген сияқты құзыреттердің 

барлығы да Парламентке бекітілді.



–  Ел  бірлігі,  оның  тату-тəтті 

тірлігі  мен  Қазақстанның  осы  жылдар 

аралығындағы  даму  жолындағы  Ата 

Заңымыздың  мəні  мен  маңызына 

тоқталсаңыз.

–  Ата  Заң – тəуелсіздіктің  теңдессіз 

тартуы.  Қазіргі  таңда  халқымыз  ғасырлар 

бойы  армандаған  игі  істер  осы  Ата 

Заңымыздың арқасында жүзеге асып жатыр. 

Конституцияның  орнықтылығы – елдің 

орнықтылығының  кепілі.  Сондықтан  оның 

əрбір  əрпіне  құрметпен  қарауымыз  керек. 

Шыны  керек,  Қазақстанның  Ата  Заңы 

əлемдегі  ең  жас  Конституциялардың  бірі 

болып  саналады  екен.  Енді  ғана 19 жасқа 

толып отыр. Əрине, тарихи ауқыммен алып 

қарағанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, 

осындай  алмағайып  заманда  еліміздің  Ата 

Заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің 

заман  талабына  лайықтығын  жан-жақты 

дəлелдеді.  Ал  көптеген  зерттеушілердің 

пікірінше,  Қазақстанның  Конституциясы 

əлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды 

дəріптейтін  ең  үздік 50 Конституцияның 

бірі  болып  саналады  екен.  Бұның  өзі  Ата 

Заңымыздың үлкен əлеуетін білдіреді. 

Жəне  бір  айтарым,  заңдылықтың 

үстем  құруы  елдің  дербес  мемлекеттігінің 

айқын  белгісі  екенін  білеміз.  Ағылшын 

қайраткері  Питт: «Заң  өз  күшінен 

айырылған  кезде  жауыздық  басталады» 

деген.  Яғни,  тыныштық  кеткен  жерде 

заң  нормаларының  сақтауы  жайлы  сөз 

қозғау  орынсыз.  Осы  орайда  тарқатқанда 

Ұлттық  ұланның  мемлекеттің  қауіпсіздігі 

жолында, Ата Заңымыздан тармақталған заң 

қағидаттарының  сақталып,  халқымыздың 

тыныштық  құшағында  өмір  сүруіне  сіңіріп 

отырған  қызметі  өлшеусіз  деуге  болады. 

Қазіргі  таңда  жұртшылыққа  Ұлттық 

ұлан  сабындағы  əскери  қызметшілер 

Конституциямен  бекітілген  əрбір  заң 

талаптарының  орындалуын  қадағалаушы, 

жеке  адамдардың,  қоғам  мен  мемлекеттiң 

қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, азаматтардың 

бостандығы  мен  құқықтарын  қылмыстық 

жəне  құқыққа  қарсы  əрекеттерден 

қорғаушылар ретінде танымал.  



–  Сұхбатымыз  заңнама  тақырыбы 

болғандықтан,  сөзімізді  қорытындылай 

келе  Сізден  алда  қабылданбақшы 

«Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ұлан 

туралы» Заңының жалпы жобасы туралы 

сұрағанды жөн көріп отырмыз.

–  Бұл жөнінде айтар болсам, «Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  ұланы  туралы»  

Заңы  жобасы  Елбасының 2014 жылғы 21 

сəуірдегі  «Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  басқару  жүйесін  одан  əрі 

жетілдіру  шаралары  туралы»  № 807 

Жарлығын іске асыру мақсатында əзірленді. 

Бұл  Заң  жобасын  біз  алдағы  қыркүйек 

айында  Үкіметтің  қарауына  енгізбекпіз. 

Одан  кейін  құжат  Парламентке  жолдама 

алатын  болады.  Анығырақ  тоқталар 

болсам,  заң  жобасын  əзірлеу  кезінде 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

–  Елбасы  Н.Ə.  Назарбаевтың 2012 жылғы 

14  желтоқсандағы  «Қазақстан-2050» 

стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауындағы  қалыптасқан  қағидалар  мен 

талаптар ескерілді. Аталған заңда Қазақстан 

Республикасы Ұлттық ұланын оны ішкі істер 

органдары жүйесіндегі қазіргі мəртебесімен, 

құрылымымен, қызмет өткеру жəне жасақтау 

шарттарымен  əскери  ұйым  ретінде  сақтай 

отырып,  қоғамдық  қауіпсіздік  шеңберінде 

қойылған  міндеттерді  дербес  орындауға 

мүмкіндік беретіндігі жүйеленген.

Сөзімнің  аяғында,  тəуелсіздігіміздің 

тірегі,  елдігіміздің  белгісі,  бостан-

дығымыздың  кепілі – Ата  Заң  күнімен 

Ұлттық  ұланның  барша  жеке  құрамын 

құттықтай  келіп,  еліміз  шырқау  шыңдарға, 

асқар асуларға жете берсін демекпін.

– Əңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

капитан Арман ƏУБƏКІРОВ

Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген

Қазақстан халқы, байырғы қазақ

жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып,

өзiмiздi еркiндiк, теңдiк жəне татулық

мұраттарына берiлген бейбiтшiл 

азаматтық қоғам деп ұғына отырып,

дүниежүзiлiк қоғамдастықта

лайықты орын алуды тiлей отырып,

қазiргi жəне болашақ ұрпақтар алдындағы

жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып,

өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге

ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.

 

Қазақстан Республикасы 



Конституциясының преамбуласы

ДƏЙЕКТЕМЕ:

«Конституция  (лат.  сonstitio – белгілеу,  орналастыру) – мемлекеттің  Негізгі 

заңы, конституциялық құрылыстың құндылықтары, институттары мен нормалары, 

əлеуметтік  байланыстар  мен  мемлекеттік  биліктің  қатынастарын  мемлекеттік-

құқықтық реттеу негіздері ресми түрде баянды етілетін ең жоғары құқықтық нысан. 

Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі болып табылады».

«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы,

4-том, 637-бет.

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТЕҢДЕССІЗ ТАРТУЫ

Ертең Тəуелсіздігіміздің тірегі, мемлекетіміздің жүрегі болған Ата Заңымыздың мерейлі мерекесі. Біз осыған 

орай Конституцияның елімізді кемел бақытқа бастар жолдағы мəні мен маңызы, Бас құжаттың өзіндік ерекшелігі 

мен құндылығы жайлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы заң басқармасының бастығы 

əділет подполковнигі Ержан Əнуармен сұхбат өрбіткен болатынбыз. Сол əңгіменің желісін назарларыңызға ұсынып 

отырмыз. 

(Продолжение. Начало на 1 стр.)

Впервые  на  учении  были  отработаны  навыки 

специальных  подразделений  по  информационному 

противоборству  и  психологическому  взаимодействию. 

Все  эти  компоненты  впервые  продемонстрировали  учения 

коллективных сил ОДКБ. 

Его  поддержал  Генеральный  секретарь  Организации 

договора  коллективной  безопасности    Николай    Бордюжа: 

«Отрадно  видеть  современные  образцы  техники,  которые 

использовались на этих учениях. Мы впервые апробировали 

совместные  действия  вооруженных  формирований  и  сил 

специального  назначения  по  борьбе  с  кибератаками  по 

противодействию  в  информационной  сфере  и  это  только 

начало.  Я  думаю  что  эти  учения  дают  нам  еще  больший 

импульс для развития, для того чтобы в любом случае при 

любой  ситуации  мы  гарантированно  могли  обеспечить 

безопасность государств-членов ОДКБ». 

По  результатам  учений  многие  военнослужащие  были 

награждены  не  только  представителями  своих  ведомств, 

но  и  наградами  Организации  Договора  о  коллективной 

безопасности.

Капитан Александра УТЕПОВА

ÌÀÍÅÂÐÛ ÇÀÂÅÐØÅÍÛ

ÌÀÍÅÂÐÛ ÇÀÂÅÐØÅÍÛ


3

ҚЫРАҒЫЛЫҚ

29.08.2014

Иə, тыныштық, баршамызға ол тым 

ыстық.  Қазіргі  таңда  азаматтардың 

бо с т а н д ы ғ ы  

м е н  

қ ұ қ ы қ т а р ы н 

қылмыстық  жəне  құқыққа  қарсы 

ə р е ке т т е рд е н  

қ о р ғ ау  

жол ы н д а 

Теміртаудағы 5451 əскери  бөлімі  жеке 

құрамының  бірер  күндік  қызметінен-

ақ олардың атқарып отырған еңбектері 

сүбелі  екендіктерін  бірден  аңғаруға 

болады.

Тамыздың 7-сі болатын. Аға лейтенант 

Ш.А.Укенов бастаған жасақ күнделіктегідей 

міндеттерін  атқару  үшін  қала  көшелеріне 

шықты. Жасақтың құрамында кіші сержант 

Н.Кабенов, ефрейтор А.Төлепбергенов пен 

қатардағы  жауынгер  Д.Байбосынов  бар. 

Бұлардың  əр  қайсысы  да  өз  міндеттерін 

жетік білетін, «сен тұрда, мен атайын» деуге 

лайық сегіз қырлы, бір сырлы сайыпқыран 

ұландықтар.  Неге  олай    демеске.  Мұның 

алдында  да  олар  талай  мəрте  кезекшілік 

кезінде  түрлі  заңға  қайшы  əрекеттерді 

анықтап,  қылмысқа  күдіктілерді  темір 

торға тоғытқан болатын. Осы жолы да сол 

межеден  көрінуді  мақсат  тұтқан  жігіттер 

өздеріне  бекітілген  аймақты  жіті  шолып 

келеді.  Тек  ымырт  үйіріліп,  көзбайлау 

болған  қараңғылықтың  аздаған  кедергісі 

болмаса. Жасақ қаладағы үлкен жолдың бірі 

Гагарин көшесіне жете берген тұсы сол еді, 

өздеріне  қарай  еңкілдей  жылап,  жүгірген 

бойжеткенді  көрді.  Сөйтсе,  бұл  азаматша 

қалтарыста  «қасқыр»  қарақшының 

қармағына  тап  болып,  қолындағы  бағалы 

телефонынан  айырылыпты.  Ұрыста  тұрыс 

жоқ.  Сарбаздар  жалма-жан  міндеттеріне 

кірісіп  кетті.  Түн  қараңғысы  қылмыскерді 

жұтып қойғандай, оның қарасы да көрінер 

емес.  Бірақ  ескегін  тастап,  салын  суға 

а ғ ы з а р  

б і з д і ң 

ж і г і т т е р  

м е , 


жедел  іздестіруді 

жалғастыра  берді, 

жалғастыра берді... 

Кенет бір ауланың тұсынан өте бергенде 

бұларды байқап қалған белгісіз азаматтың 

қашпаққа  ыңғайланғанын  көріп,  əлгіні 

қадам аттатпай қолға түсіреді. Құрықталған 

қылмыскердің  нақ  өзі  екен,  қалталарын 

тінту барысында жəбірленушінің «Samsung» 

телефоны «қалқып» шыға келмесі бар емес 

пе.  Осылайша,  азаматша  əскери  жасаққа 

мың алғыс білдіріп, рахметін айтты.

Ал  осы  оқиғаның  ертесінде 5451 

əскери  бөлімінің  құрамында  қатардағы 

жауынгерлер  Н.Бертаев,  Қ.Отар  жəне 

Н.Русланов  бар  əскери  жасағы  жоғалған 

азаматты  тауып,  ерледі.  Оқиғаның  мəн-

жайын  тарқатып  айтар  болсақ,  осы  күні 

ұландықтарға  қала  тұрғыны  Марина 

Шустина  мүгедек  ұлының  ұшты-күйлі 

жоғалып  кеткенін,  өзінің  басар  тау, 

басар  жері  қалмаған  соң  көмекке  жүгініп 

отырғанын айтып, шағымданады. Жоғалған 

азаматтың түр-сипатын анасынан тəппіштеп 

сұрап алған соң əскери жасақ міндеттеріне 

кірісті. Бұл жұмысқа басқа да жасақтар мен 

полиция  қызметкерлері  жұмылдырылып, 

іздестіру  бір  сəтке  де  тынбаған  болатын. 

Қуанышты  хабар  да  өзін  көп  күттірмеді, 

жоғарыдағы  есімдері  аталған  азаматтар 

«адасқан  ұлды»  қаланың  ортасындағы 

саябақтан тапты. 

...Келесі  оқиға 9-шы  тамызда  орын 

алған. 6 жедел  мақсаттағы  ротадан 

жасақталған  кезекші  топтың  құрамында 

сержант  М.Дүйсембаев  пен  қатардағы 

жауынгер  Ұ.Тұрмаханов  бар  болатын. 

Шыны  керек,  заман  өзгерген  сайын  

адамның  да  жүйкесі  сыр  берді  ме,  əлде 

«сəнге»  айналды  ма,  ол  жағы  тіптен 

белгісіз,  қазір  қолына  пышақ  алып  не 

өзімен,  не  басқамен  «есеп  айырысамын» 

деп  елірушілердің  көбейіп  кеткені  рас. 

Бұл оқиғаның басты кейіпкеріне де сондай 

«ала  тайдай  тулаған»  тентек  айналыпты. 

Анығырақ  айтсақ,  қолына  пышақ  алып 

көшеге  шыққан  азамат  жұртшылықтың 

зəре-құтын  алады.  Орталықтан  берілген 

хабарға  сай  оқиға  орнына  жеткен  аталған  

жауынгерлер  уытын  сепкен  жыландай 

болып, есірген жанға қолындағы пышағын 

тастауын өтінеді. Оған көне қояр ол бар ма, 

қайта  өршелеңдеп,  сарбаздардың  өздеріне 

тап  береді.  Қоян-қолтық  ұрыс  өнерін 

меңгерудің осындайда көмегі шынымен зор-

ақ.  Шарт-шұрт,  батыл  да  епті  қимылдаған 

жауынгерлер əлгінің тəубəсін лезде түзетіп, 

аяғын  көктен  келтіреді.  Қолындағы  суық 

қаруын алып, білегіне кісен салынады.

Мінеки, қарап отырсақ, ұландықтардың 

жауынгерлік  қызметі  күн  сайын  қат-

қадам  жалғасып  келеді.  Барлық  мақсат 

пен  мүдде  тек  бір  ғана  негізгі  міндет 

қауіпсіздікті қырағы қорғауға, сол арқылы 

ел  тыныштығын  сақтауға  арналған. 5451 

əскери  бөлімінің  жауынгерлері  ата-баба 

аманатына адал бола бермек. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет