6-тақырып. Персоналды басқарудың өзекті
мәселелері» тақырыбына 15 сөйлемдік баяндама
Төмендегі жоспар-құрылым бойынша алдымен ауызша
талқылау ұйымдастырылып, сөйлемнен сөйлем шығару әдіс-
тәсілдері арқылы баяндаманың мәтіні құрастырылады.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
36
4) Тақырып бойынша кіріспе ой (өзектілігі, негізгі нормативтік
құқықтық актілері) – 2 сөйлем;
5) Тақырыпты ашу – 5 сөйлем:
• тақырыптың
ағымдағы
жағдайының
сипаттамасы,
жетістіктерді атап өту – 1 сөйлем;
• тақырып
бойынша
кемшіліктерді
(проблемаларды)
көрсету – 2 сөйлем;
• берілген кемшіліктер (проблемалар) бойынша ұсыныстар
беру – 2 сөйлем;
• ұсыныстардың жүзеге асуын болжау
– 2 сөйлем.
6) Қорытынды – 1 сөйлем.
7-тақырып. Ауызша, жазбаша аударма: түрлері,
құрылымы, әдіс-тәсілдері
Ресми аударманың түрлері, аударма жасайтын және
аударылған мәтіннің құрылымы, түпнұсқалы аударма жасаудың
негізгі әдіс-тәсілдері практикалық тұрғыдан игертіледі.
8-тақырып. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу:
нормативтік құқықтық актілері, негізгі бағыттары
Персоналды басқару және мемлекеттік тілде іс қағаздарын
жүргізу семинарында нормативтік құқықтық актілер басшылыққа
алынады. Олардың негізгісі: Мекемеде құжаттама жасау мен
құжаттаманы басқарудың ережелері мен заң техникасы. Мемлекеттік
қызметтің іс қағаздары ресми стильде мәтін құрастырумен тығыз
байланысты. Мемлекеттік қызметшілерге дәріс, тренингтер өткізу
барысында құжатқа қажетті терминдерді нормативтік құқықтық
актілерден алу біліктіліктері меңгертіледі. Мәселен, экономика
саласы бойынша күнделікті жазу жұмыстарын құрастыратын
мемлекеттік қызметші аталған саладағы заңнамаларды басшылыққа
алып, соларда көрсетілген терминдер мен анықтамаларды
қолдануды үйренеді.
9-тақырып. Қызметтік хат пен жазба: түрлері, мәтін
құрастырудың практикалық жолдары
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама
жасау және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
21 желтоқсандағы №1570 қаулысына сәйкес әзірленген
ережелерді негізге алып, әр түрлі тақырыптарға қызметтік хат
пен жазба мәтіндерін құрастыру жұмыстары ұйымдастырылады.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
37
10-тақырып. Ресми жазылым және мемлекеттік тілде
іс қағаздарын жүргізу
Мемлекеттік органдарда сақтау мерзімдері көрсетілген
құжаттардың тізбесі бар. Сол тізбенің негізінде әр тыңдаушы
өзінің қызметіне қажетті құжаттардың мәтінін дұрыс құрастыруды
игереді. Тренингтерде іс қағаздарының мәтінін дұрыс құрастыру
біліктіліктері меңгертіледі.
11-тақырып. Талдамалық жазбалар: құрылымы,
құрастырудың әдіс-тәсілдері
Талдамалық жазу жұмыстарын модель-үлгі арқылы құрастыру
игертіледі. Модель-үлгілер белгілі тақырып бойынша мемлекеттік
қызметшінің логикалық ойының жүйелі түрде баяндалуын,
тақырыпты сипаттау, бағалау, дәлелдеу, кемшіліктерін көре білу,
тақырып төңірегінде көзқарасын білдіру, нәтижелер шығару
дағдыларын қалыптастырып, жазылымға бағыттайды.
12-тақырып. Сараптамалық талдау: құрылымы,
құрастырудың әдіс-тәсілдері
Белгілі құжатты (бағдарлама, есеп, мақала, баяндама
және т.б.) талқылау арқылы сараптама жасаудың жалпылама
әдіс-тәсілдері ұсынылады.
Тренинг барысында белгілі құжаттың өзектілігін анықтау,
ағымдағы жағдайын сипаттау, жетістіктерін атап өту, проблемаларын
(кемшіліктерін) көрсету, проблемалар (кемшіліктер) бойынша
ұсыныстар беру, олардың жүзеге асырылуын талдаудың жазылымы
игертіледі.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
38
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Міндетті әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы
№1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін
қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту
туралы» Жарлығы.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 27 тамыздағы
№623 Жарлығына Қосымша.
3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік және мемлекеттік емес
ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың
үлгілік қағидаларын бекіту туралы туралы» 2011 жылғы
21 желтоқсандағы №1570 Қаулы .
4. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
Тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңы.
5. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
бағдарламасы.
6. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000.
7. Сыздық Р. Орфографиялық сөздік. – Алматы: Тіл білімі институты,
2007.
8. Құрманбайұлы Ш. Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер
мен атаулар сөздігі. – Алматы: Сөздік-словарь, 2004. – 352 б.
9. Төленбергенова Н.Т. Іскерлік қазақ тілі. – Астана: ҚР Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2009. – 115 б.
10. Төленбергенова Н.Т. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын
жүргізу. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы, 2008. – 114 б.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
11. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік.
Іс жүргізу және мұрағат ісі, 28-том, «Қазақпарат» баспа
корпорациясы – Алматы, 2014.
12. Төленбергенова Н.Т. Мемлекеттік қызметшінің ресми тілдік
тұлғасы: дискурстық әдістеме. Монография. – Астана:
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы,
2010. – 202 б.
13. Айтмұхаметова Қ.Ө. Сөз мәдениеті және риторика. Оқу
құралы. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы, 2011. – 135 б.
14. Ақтанова Л.П. Мемлекеттік қызметшілерге арналған мәтіндер
жинағы. – Астана: ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы, 2010. – 134 б.
Электронды сайттар:
15. http://www.24.kz/zhanalyktar/sotsium/item/astana-mеmlеkеttіk-tіl
16. http://zhetysu.gov.kz/
17. http://e-kitaptar.com
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
39
18. http://mtdi.kz/tusindirme-sozdik
19. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/sozdikter/sinonimdik-sozdik
20. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/sozdikter/orfografia
21. http://mtdi.kz/audarmashyga-komek/audarma-matinder/iskagaz-ylgileri
22. www.lib.apa.kz Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электронды
кітапханасы.
23. http://www.kazneb.kz Қазақстан Ұлттық электронды
кітапханасы.
Мерзімді баспасөз материалдары:
24. «Егемен Қазақстан» газеті.
25. «Қазақ әдебиеті» газеті.
26. «Ана тілі» газеті.
27. «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» журналы.
28. «Дипломатия жаршысы» журналы.
29. «Заңгер» журналы.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
40
2.5-семинар. Сөз мәдениеті және риторика
І. Семинардың жалпы сипаттамасы
«Сөз мәдениеті және риторика» мемлекеттік қызметшілердің
біліктілігін арттыру мақсатында ұсынылатын аса маңызды
семинардың бірі. Сөз әдебін жоғары деңгейде меңгеріп, мемлекеттік
тілді әлеуметтік қызметі мен рөліне сәйкес, орынды қолдана
білуге, тілдік құзыреттілігін кәсіби шеберлігінің бір бөлігі ретінде
жетілдіріп, кәсіби біліктілігімен ұштастыра отырып қолдануға
септігін тигізеді.
Мақсаты: мемлекеттік қызметшілердің сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру, олардың іскерлік дағдыларын жетілдіру, қазақ
халқының ұлттық-мәдени дәстүрлерімен таныстыру, сол арқылы
жеке тілдік тұлғаның эстетикалық болмысын қоғамдық және
әлеуметтік мәні айрықша қағидалармен байланыстыру, әр адамның
өзін қоғамдық ортада ұстау ережелерін мәдени құндылықтармен
сабақтастыру.
Міндеттері:
• мемлекеттік қызметшілерге сөз мәдениетінің тілдік
нормаларын (фонетикалық, лексикалық, синтаксистік,
стилистикалық,
орфографиялық,
орфоэпиялық,
пунктуациялық) қарым-қатынастың ауызша және жазбаша
түрлері арқылы меңгерту;
• мемлекеттік қызметшілерге сөз мәдениетінің коммуникативтік
сапаларын (сөз дұрыстығы, сөз тазалығы, сөз байлығы,
сөз дәлдігі, сөз логикалылығы, сөз түсініктілігі, сөз
әсерлілігі, сөз орындылығы) қарым-қатынастың ауызша
және жазбаша түрлері арқылы игерту;
• мемлекеттік қызметшінің тілдік тұлғасын сөйлеу мәдениетінің
нормалары
негізінде
қалыптастыру,
сол
арқылы
тыңдаушыларды ойын дәл жеткізуге, мақсатты да нақты
сөйлей білуге, ұсыныстарын негіздеп дәлелдей алуға, өз
көзқарастарын анық баяндауға үйрету;
• мемлекеттік қызметшілерге тілдің қатысымдық қызметін
негізге ала отырып, қатынас құралдарын кешенді түрде
іскерлік қарым-қатынас мақсатына, ұтымды нәтижеге қол
жеткізу жолдарын меңгерту;
• тыңдаушыларға іскерлік қарым-қатынастың жаңа теориялық
және тәжірибелік ілімдерінен, кәсіби мамандандырылған
бағыттарынан хабар беру;
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
41
• шешендік өнер қағидаларын, түрлерін, ұлттық-мәдени
лексиканы, оның бейнелеуіш-көріктеуіш амал-тәсілдерін
орынды қолдана білу шарттарымен таныстыру, олардың
қажеттілігін экстралингвистикалық факторлармен анықтап
көрсету.
Білімді бақылау түрі: тест сұрақтары.
5-семинар бағдарламасын әзірлеген:
Айтмұхаметова Қ.Ө. – Мемлекеттік және шет тілдері
кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
ІІ. Семинардың тақырыптық жоспары
Р/с
№
Семинар
тақырыптары
Сағат
саны
Сағат
саны
Сағат
саны
Сағат
саны
Сабақ
түрі
72
48
40
36
1-модуль. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби
құзыретіндегі сөз мәдениеті
1
Сөз мәдениетінің
сипаты.
Мемлекеттік қызметшінің
ауызша және жазбаша
іскерлік қарым-
қатынастағы тілдік
нормалары
6
4
4
4
Практи-
калық
2
Әдеби тіл – сөз
мәдениетінің негізі.
Әдеби тіл – саясат,
ғылым, заңнаманың
және ресми, бейресми,
халықаралық қарым-
қатынастардың, БАҚ,
радио, телеарналардың
ауызша және жазбаша
негізгі құралы. Әдеби
тілдің функционалды
стильдері
6
4
4
4
Практи-
калық
(тапсыр-
малар-
мен
жұмыс)
3
Сөз сапасы туралы
түсінік.
Сөздің коммуникативтік
сапалары
6
4
4
4
Тренинг-
семинар
4
Тілдік қарым-қатынас:
ресми-іскерлік
қатынастағы сөз әдебі
және әлеуметтік-
тұрмыстық қатынастағы
сөз әдебі
6
4
2
2
Практи-
калық
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
42
5
Ресми және бейресми
құттықтау хат әзірлеу
ерекшеліктері. Құттықтау
хат жазу (ресми,
бейресми)
4
2
2
2
Рөлдік
ойындар
6
Ресми-іскерлік
қатынастағы сөз
мәдениеті: сөйлеу
техникасы және
бейвербалды құралдар
4
2
2
2
Тренинг
7
«Мемлекеттік
қызметшінің іскер
бейнесін қалыптас-
тырудағы сөз
мәдениетінің алатын
орны» тақырыбында
эссе жазу (25-30
сөйлем көлемінде)
4
4
2
Практи-
калық
2-модуль. Риториканың негіздері
8
Риторика туралы түсінік
2
2
2
Семинар
9
Шешендік сөздің түрлері
4
4
2
Семинар
10
Шаршы топ алдында
сөйленетін сөзге
қойылатын талаптар
4
4
2
2
Практи-
калық
11
Сөйлеушіге қойылатын
талаптар
4
2
2
2
Практи-
калық
12
Шаршы топ алдында
сөйленетін сөздің
құрылымы
4
4
4
4
Практи-
калық
13
Шаршы топ алдында
сөйленетін сөзге
дайындық жолдары:
психологиялық
дайындық;
нақты сөзге дайындық;
күнделікті дайындық
4
2
2
4
Тренинг-
семинар
14 Шаршы топ алдында
сөйленетін сөз
мазмұнындағы
ұлағатты, нақыл сөздер
мен афоризмдердің
маңыздылығы
4
2
2
4
Практи-
калық
(шығар-
машылық
жұмыс)
15 Сөз өнері: риторика
және шешендік шеберлік
(сөйлеу техникасы және
бейвербалды құралдар)
6
2
2
2
Тренинг
16
Адамның сөзі – оның
тағдыры
Нақты тақырып
бойынша шаршы топ
алдында сөз сөйлеу
4
2
2
Тренинг
Барлығы:
72
48
40
36
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
43
ІІІ. Семинар тақырыптарының мазмұны
1-тақырып. Сөз мәдениетінің сипаты. Мемлекеттік
қызметшінің ауызша және жазбаша іскерлік қарым-
қатынастағы тілдік нормалары
Әдеби тілдің фонетикалық, лексикалық, синтаксистік,
стилистикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, пунктуациялық
нормалары.
Сөз мәдениеті және оның әлеуметтік маңызы. Тілдік
қатынастың ауызша және жазбаша түрлері. Жазу стиліне қойылатын
талаптар: орфография және пунктуация нормалары. Ауызша
сөйлеу мәдениетінің нормалары: сыртқы келбеті, дауыс ырғағы,
сөйлеу қарқыны (акустика-артикуляциялық заңдылықтардың
сақталуы) және т.б.
Тұлғаның қалыптасуына сөйлеу әрекетінің әсері. Иллокутивті
және перлокутивті актілердің іскерлік қарым-қатынастағы орны.
Тілдік қатынастың адамның жазу, тыңдау, оқу, айту, тілдесу
әрекеттерімен жүзеге асуы. Тұлға және сөйлесім. Тілдік қатынас
негіздері: айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалым және тілдесім.
2-тақырып. Әдеби тіл – сөз мәдениетінің негізі.
Әдеби тіл – саясат, ғылым, заңнаманың және ресми,
бейресми, халықаралық қарым-қатынастардың, БАҚ,
радио, телеарналардың ауызша және жазбаша негізгі
құралы. Әдеби тілдің функционалды стильдері
Ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдебиет стилі, ғылыми
стиль, публицистикалық стиль, ресми стиль.
Әдеби тіл – ұлттық тілдің ең жоғары түрі. Бұл – мәдениеттің,
әдебиеттің, білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының тілі.
Стильдердің өзіндік ерекшеліктері: ауызша және жазбаша
қолданылатын орындары, қарым-қатынас мақсаттары, тілдік
құралдары, стильдік сипаттары. Қарым-қатынас аясы: ғылыми,
қоғамдық-саяси, құқықтық, тұрмыстық, көркемдік. Қарым-қатынас
мақсаты: эстетикалық әсер ету, ақпарат жеткізу, кеңес беру, әсер
ету, этиканы сақтау, ақпарат алу. Сөйлеу қызметтері: этикалық,
эстетикалық, коммуникативтік, әсер етушілік. Сөйлеу түрлері:
монолог, диалог, полилог.
3-тақырып. Сөз сапасы туралы түсінік. Сөздің
коммуникативтік сапалары
Сөз дұрыстығы, сөз тазалығы, сөз байлығы, сөз дәлдігі, сөз
логикалылығы, сөз түсініктілігі, сөз әсерлілігі, сөз орындылығы.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
44
Сөйлеу мәдениетінің нормалары, олардың ой мен тіл
арасындағы байланысты жүзеге асыру жолдары: сөзді орнымен
қолдана білу, сөздік қордың байлығы, қайталаулардың себепсіз
қолданылмауы, ой жүйесінің сақталуы, кірме сөздердің
дәйектеліп қолданысқа енуі. Сөз сапасы тілдік және бейтілдік
(экстралингвистикалық) факторлар.
4-тақырып. Тілдік қарым-қатынас: ресми-іскерлік
қатынастағы сөз әдебі және әлеуметтік-тұрмыстық
қатынастағы сөз әдебі
Адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты қызмет
орындарында, мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын
қарым-қатынастың түрлері. Ресми-іскерлік қатынастың жазбаша
және ауызша түрлері. Іскерлік қатынастың тілдік құралдары.
Әлеуметтік-тұрмыстық қатынас тілінің қолданылатын орны, ондағы
сөз әдебі. Әлеуметтік-тұрмыстық қатынастағы тілдік қолданыстың
ерекшеліктері.
5-тақырып. Ресми және бейресми құттықтау хат
әзірлеу ерекшеліктері. Құттықтау хат жазу
(ресми, бейресми)
Хаттық түрлері. Ресми хаттың жазылу талаптары мен
нормалары. Ресми құттықтау хат түрлері. Құттықтау хат жазудың
дайындық түрлері, құрылымы, мазмұны.
Көркем әдебиет стилінің құттықтау хат мәтініндегі ерекшелігі,
қолданылу орны, тілдік құралдары, стильдік сипаттары. Құттықтау
хат мәтінінде қолданылатын бейнелеуіш-көріктеуіш сөздердің
маңыздылығы. Сөйлеу этикетіне жататын эмоция, экспрессияға
аса бай сөздің бірі – құттықтау сөздің мазмұны.
6-тақырып. Ресми-іскерлік қатынастағы сөз
мәдениеті: сөйлеу техникасы және бейвербалды
құралдар
Іскерлік қарым-қатынас ұстанымдары: келіссөз жүргізу,
сұхбат ұйымдастыру, кез келген мәселеге қатысты тиімді шешу
жолдарын ұсыну өнері. Іскерлік қарым-қатынас: жалпы сипаттамасы,
негізгі ұстанымдары. Қарым-қатынасқа психологиялық және
әлеуметтік факторлардың әсері. Жеке тұлға мен ұжым. Келіссөздер
жүргізу, шарт жасасу, нәтижелі жұмыс істеу.
Бейвербалды амалдардың түрлері: кинетикалық, фона-
циялық және графикалық амалдардың қарым-қатынаста атқарар
қызметі, қолданылу аясы.
Мемлекеттік қызметшілердің тілдік біліктілігін арттыруға арналған
«Ресми-іскерлік қазақ тілі» семинарларының типтік бағдарламасы
45
7-тақырып. «Мемлекеттік қызметшінің іскер бейнесін
қалыптастырудағы сөз мәдениетінің алатын орны»
тақырыбында эссе жазу (25-30 сөйлем көлемінде)
Мемлекеттік қызметтегі тілдік тұлға: басқару жүйесі мен
пікірлесудің, пікірталас ұйымдастырудың мәдени негіздері.
Мемлекеттік қызметтегі тілдік тұлғаның әлеуметтік, психологиялық,
ұлттық-мәдени және танымдық ерекшелігі. Тілдік орта және
тілдік тұлға ұғымдарының байланысы. Әдеби тілдің лексикалық,
стилистикалық, пунктуациялық нормалары.
8-тақырып. Риторика туралы түсінік
Риторика ғылымының ерекшелігі мен маңыздылығы.
Риториканың тарихы. Шешендікті білім жүйесінің бір бөлімі
ретінде тану, оны өмір-танымның бір амалы ретінде қарау.
Қазақ тарихындағы би-шешендер. Билердің сөздері. Шешендік
сөздердің мазмұны. Шешеннің интеллектуалды, коммуникативті,
арнайы қабілеттерінің болуы. Әр түрлі құзыреттің (лингвистикалық,
коммуникативтік, логикалық, психологиялық) қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |