Қарақалпақ филологиясы факультетi тү р к I ф и л о л о г и я с ы



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата05.02.2017
өлшемі0,61 Mb.
#3426
1   2   3   4   5   6   7

СинекдохаСөздерді  ауыстырып қолдану арқылы  көп мағыналы сөздер 

тудырудың  бір тəсілі-синекдоха. Зат пен құбылыстың іргелес, шектес келіп бір 

атауға    ортақтасып  ауысып  қолданылуы  жағынан  синекдоха  метонимияға    бір 

табан жақын тұрады. Мұндағы басты белгі бүтіннің орнына бөлшек, көпшенің 

орнына  жекеше,  жалпының  орнына  жалқы  немесе  керісінше  алмасып  айтыла-

ды.  Синекдоха  тəсілі  сөздердің  мағыналық  жағынан  түрленіп  өзгеруіне  үлкен 

ықпал  етеді.  Мысалы:  Сырдың  бойынан,  қырдың  қойнынан  өре  түрегелген 

өңшең  жалбағай  тымақтар  тұс-тұстан  қалың  қолға  қосылып  кетті.  Топта 

отырғандардың  бəрі  қатқан  тондар,  жалба  жеңдер,  арық  пішіндер.  Əуелгі 

байлық-денсаулық,  екінші  байлық  -ақ  жаулық.  Орамал  тартқандар  ғана 



 

 

13



қимылдап,  бөрік  кигендер  үйкүшік  болып  отырса,  құлай  да  сүймес  оны. 

Осындағы тымақ, тон, жең дегендер өздерінің тура мағыналарынан басқаша ай-

тылып  бүтіннің  бөлшегі  ретінде    адам  деген  ұғымды  бейнелеп  тұр.  Тымақ 

арқылы  жиналғандар  кедей-кепшіктер  екендігін  бірден  танытады.  Ақ  жаулық 

орамал  тартқандар  дегеннен  əйел  қауымын  түсінеміз.  Бөрік  кигендер  деген 

тіркестен ер азаматтарды түсінеміз. Мұнда ақын -жазушылар адамдарды киген 

киімдері арқылы  суреттеуді олардың сыртқы көріністерін образды бейнелеудің  

ұтымды құралы етіп пайдаланған. Астарлы сөз бейнелі мағына адам баласының 

жан  сезіміне  күшті  əсер  етеді  де,оны  тез  баурап  алады.  Сондықтан  синекдоха 

тəсілімен  сөз  мағыналарын  өзгерту  амалдары  көбіне-көп  көркем  шығарма 

стилінде кездеседі. 

Семасиология - сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін зерттейтін   

ғылым. Бұл термин гректің sіma - белгілеу, lоgоs - ғылым   деген    сөздерінен   

жасалған. Кейбіреулер мұны семантика деп те атайды. Тілдің   лексикасындағы   

əрбір сөзде белгілі бір мағына бар. Cөздердің мағыналарын жəне ол   

мағыналардың өзгерілу жолдарын, семантикалық заңдарды зерттейтін арнаулы 

бір сала болып  саналады. Семасиология-лексикологияның ең басты жəне  

маңызды   саласы, өйткені оның (семасиологияның) зерттейтін  мəселесі- 

мағынаны əрбір сөздің «жаны» десе де болады. Семасиологияның  

лексикографиялық  жұмыста маңызы айрықша. Сөздіктерде əдетте, сөздің  

мағыналық жақтары талданады. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаула-

ры  мен  қорытындылары сөздік жасау жұмысын  ғылыми  жəне практикалық  

тұрғыдан дүрыс  жолға  қоюға  көмектесіп, бағыт-бағдар сілтейді. Сөз  

мағыналарының  көпшілігі  семасиологияның  белгілі  заңдары   бойынша жа-

салады. Оның бастылары: функционалды семантика заңы, ұқсату заңы, 

бөлшектің  бүтінге  ауысу  заңы, мағынаның  кеңеюі мен тараюы.  



Функциональды-семантика  заңы.  Сөз  өзінің  дыбысталуын,  тұлғасын  

сақтай  отырып, мағынасын  біртіндеп  жаңарта  береді. Сөз  жаңа мағынаға  ие  

болғанда, оның  негізгі  сөздік мағынасы өзінің мағынасын сақтап  қалады. 


 

 

14



Мысалы,  шек  сөзді    алсақ,  ол  қойдың    шегінен  сыдырылып  иірілетінін, 

домбыраға    тағылатынын    білеміз.  Атқаратын  қызметіне  қарай  қой  шегінің  

атауынан    домбыраның  шегінің    атауы  шыққан.  Домбыраның  шегі  үзілді    де-

генде қой  шегін  түсінбейміз, домбыраға тағылатын   шекті түсінеміз. 

    Cөйтіп,  бұл  сөз-анатомиялық  атаудан  аспаптық  атауға    ауысқан.  Осы-

лайша    мағынаның    атқаратын    қызметіне  қарай  жаңаруы - функционалды-

семантика    заңына    жатады.  Ал,  гитарға,  мандалинге    тағатын  сымдарды  да 

шек  дейміз. Домбыраның  шегі  шектен  жасалса, бұл  шек  сымнан  жасалады. 

Олай    болса    бұларды    шектен    жасалғандықтан  емес,  домбыраның    шегіне  

ұқсайтындықтан    ғана    шек    дейміз. Cөйтіп  мұндағы    ұқcастық    атқаратын   

қызметінде. Сондықтан  бұл  да  функционалдық  семантика  заңына  жатады.  

Дүрбі  деген  сөздің   мағыналық  дамуы  да  функционалдық  жолға  жатады. 

Себебі  оның  атаған  заты  əлдеқашан  қолданудан шығып  қалған. Алғашқы  

кезде  дүрбі  құр қуыс  тұрба болып,  бертін  келе   бинокльге   ауысқан.  Міне,  

осылар  сияқты  атқаратын    қызметінің    əсерімен    жаңаланып    отырған   

мағыналы      сөздерді      функционалды      семантика    заңы      бойынша      өзгерді   

дейміз. 

     Ұқсату    заңы.   Тілдің   лексикасындағы   сөздердің   сыртқы  дыбы-

сталуын,  түрін  өзгертпестен,  заттың,  құбылыстың  түрінің,  белгісінің   

ұқсастығына   қарай   жаңа  мағынадақолданыла   беруін   ұқсату  заңы   дейді. 

Бірақ  бұл  заң  кез  келген  ұқсастыққа  қарай  жаңа  мағына  туғыза  бермейді.  

Мысалы,  сиыр  малы    ерекшклігінің   бастысы- мүйізі   болушылық. ендеше  

мүйізді    жан-жануарлардың        бəрі    сиыр    емес.  Ұқсату    заңы    дегеніміздіүң    

өзі- шартты  нəрсе, ұқсату  заңына  жататын сөздер   кейбір   белгі, сыпаттарына   

қарай      орынды    жерге    ұқсату    атқылы  ғана    жаңа    мағынаға    ие    болады.  

Айталық    киімнің    етегі    болатынын      білеміз,  ол    киімнің    төменгі    жағын  

көрсетеді. Ал, таудың  етегі  дегенде етек деген сөздің таудың төменгі  жағын 

көрсететіні  белгілі.  Олай  болса,  бұл    сөздер    өзара  ұқсастық    қасиеттерінен  

аталған. Мысалы: 1.Етегі    Қаратаудың толқын  егін, батты  оған  белшесінен   



 

 

15



еңбекші  елім. 2.Тартып  шинель  етегін,  қымтап  қойды  денесін. 3. Өрмелеп  

ұлпа  бұлттың   етегінен   күн  көзі  көк  аспанға   көтерілген. Бұлардағы  етек  

сөздері ұқсату заңы бойынша жасалған. Ұқсату  заңы  бойынша  жаңа  мағына  

тудыратын  сөздер  көбінесе    айуанның,  адамның    дене    мүшелерінің      аттары. 

Мысалы, табан деген сөзден шананың табаны, арбаның табаны, таудың табаны, 

үйдің,құрылыстың  табаны т.б.  келіп  шыққан. 

  Омоним   сөздердің  негізгі  көпшілігі  осы заң бойынша  жасалады. Мы-

салы: 1. Көк-аспан  əлемі. Қараңғы  қазақ  көгіне өрмелеп шығып  күн  болам. 

2.Көк-түс,  сапа    сынының      атауы.Атқан      қардай    боратқан,көк    шыбығын  

қанды    ауыздан      жалатқан. 3. Көк-шөптің    жас    кезеңіндегі    атауы.  Бұлтты   

үйіріп, жаңбыр  құйып, жер  гүлдеген  көк  шығып. 4.Көк-  капуста қияр, сəбіз, 

сарымсақ    сияқты    тағамдық  өсімдіктердің  атауы  болып,  қалыптасып      бара  

жатыр. 5.  Осы  көк  деген  сөздің  тағы бір  ауыс  мағынасы  болуға  бейім  бір  

фактісі      бар    еді.  Бірақ      ол    қолданудан    қалып    бара    жатқан    сияқты. 

Революцияға  дейінгі  қазақ өмірінде саба, көнек, сүйретпе, мес,  торсық   т.б.  

көп  ыдыстар  көгеріп  көк  басатын. Оны  көк  дейтін. Осы  кезде  бұл  ыдыстар 

сирек    қолданылатындықтан,  олардың    орнына    күбі,  шелек,  шыны,  эмаль  

ыдыстар    жұмсалады,  ол  атауда  сирек        қолданылады.  Осы  мағыналардың 

біразында ұқсату бар. Көк аспан, көк  шыбық, көк шөп, көк (өсімдік), сабаның  

көгі  дегендер түстің ұқсастығы.  Сондықтан  бұлардың   өзара   сапалық өзара 

ерекшелігі бола тұра, бəрінің басын  құрап  бір  арнаға  тартудың  кілті-көк де-

ген  түсте. Сөйтіп нақты   заттардың атауында  ұқсату  заңы  арқылы жасалған 

жаңа мағына көп  болатынын көрсеттік.  Қорыта  айтқанда,  бұл ұқсастық заңы 

бойынша      жасалған    мағына  көбінесе  омоним  жасауға  да  себепкер  болады. 

Бұлар  ауыс  мағына  жасауға  да  бейім  тұрады. 

Сөз   мағынасының  кеңеюі  мен  тараю  заңы. Сөз мағынасының  кеңею 

жəне тараю заңы да сыртқы дыбысталуының өзгеруінсіз болады. Лексикамызда  

бірқатар  сөздер   мағынасының  кеңеюі  арқылы  жаңа   мағынаға  ие  болды. 

Мысалы,  қатынас      деген    сөз  Қазан    төңкерісіне      дейін    əрі    сирек,  əрі    тар  



 

 

16



мағынада, яғни  барып-қайту   дегеннің  орнына  ғана  айтылатын. Өйткені ол  

кездегі    тұйық    шаруашылық    -  осы    күнгідей    кең    көлемде  қолданылатын   

жағдай жасаған  емес.  Осы  сөз  Қазан  төңкерісінен кейінгі кезде  мағынасын  

кеңейтті. Ол өте жиі қолданылатын  сөзге   айналды. Өйткені  қазір  қатынастың 

толып  жатқан  түрлері  бар. Мысалы, əуе  қатынасы, радио, телефон қатынасы 

т.б. Сонымен бірге, қатынас-кеқсе  хабары  жазылған   арнаулы  қағаз. Немесе 

ерте  кезде  құрылыс  деген  құру,  құрылу  деген  етістіктер    мағынасында  ғана  

қолданылса,  кейін    ол    сөздің    мағынасы  кеңейіп,  құрылыс,  құрылым  

дегендерді    туғызды.  Мысалы,  Бүкіл  елімізде    өнеркəсіптің    жаңа    алып  

құрылыстары  жүргізілді.  

Мағынаның  тараюы  мағынаның  кеңею  заңына  қарама-қарсы  келеді. 

Мағынаның    тараюы-  адам  ұғымының  жалпылықтан  жалқылыққа  қарай  

бейімделуінен  болады. 

Мысалы,  көне  түркі  тілінде    тон,  тары,  қол  деген  атаулар  тым  кең  

мағынада  қолданылған.  Тон    жалпы    киім    деген    ұғымды    білдіріп,  сыртқы  

киім,  іш  киім  -бəрі де  осы  сөзбен  қамтылатын болған. Тон тозар, көңіл  тоз-

бас.  Бұл    тон    деген      сөз    жалпы    киім    мағынасында    «Күлтегіннің 

ескерткішінде «кездеседі.  Көк  тонлығ-көк  киімді, ұзын тонлығ-  ұзын  киімді 

(əйел). Осы  кезде  тон  сөзінің  мағынасы  тарайып, киімнің  бір  түрінің   ғана  

атауы болып  қалған. Бұл  сияқты  мағынаның  тараюын  тары  деген  сөзден  

байқауға  болады. Тары  деген  сөз  бұрын  егін, астық (хлеб)  дегеннің  орнына  

қолданылған: тары  бұршақланды (егін  дəнденді, бас  тартты). Қазір  тары  де-

ген  сөз  егіннің  бір  түрінің  ғана  атауы  болып  қолданылады.     

  Бөлшектің    бүтінге    ауысу    заңы.  Бұл  мысалдардағы    тұяқ  немесе  бас  

дегендер бүтін  деген ұғымда   қолданылып  тұр. Мүндағы  ерекшелік: бір  мал-

да  4-8 тұяқ  бола  тұрса да, бір  тұяқ деген  сөз  бір  бас  мал  деген  мағынада  

қолданылады.  Немесе  Қара  тұяқ  қарында  жатпас  дегендегі  түяқ  деген    сөз  

нəресте  деген  ұғымды білдіреді. Басыма  күн  туып келіп отырмын  дегендегі  

бас  деген    сөз    бір    адам    мағынасында      т.с.с.  Сөйтіп,  бөлшектің    атауы   



 

 

17



бүтіннің  атауына  ауысқанда,  ол  сөздің  бір ғана мағынасы ауысады. Онда да 

көбіне лексикалық мағынасы. 

  

Бұл  заң  жоғарыда айтылған заңдардан мүлде басқаша. Айталық  қол  



соңында  барады Қара  Бұқан   жаурыншы  дегендегі қол сөзі ол баста адамның  

дене  мүшесінің бір бөлшегінің  аты болып, бертін келе адамдар  өздеріне  топ  

жинағанда, қару  ұстайтын  адам  деген   ұғымда  қолданылып, бөлшектің  атауын  

бүтінге ие қылған. Онда  қол деп бір адамды я азғана  топты  айтпай, көп  болса  

ғана  қол  дейтін  болған. Бұл  сөз  көп  əскер деген  мағынада күні  бігінге дейін  

қолданылады. Сөйтіп қол деген алғашында дененің бір мүшесінің  аты  ғана  бол-

са,   кейін  бүтіннің  атауына  ауысқан. 

 

Cұрақтар мен тапсырмалар: 

1.Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не? 

2.В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағыналарды нешеге бөлген? 

3.Сөздің атауыш мағынасы дегеніміз не? 

4.Сөздің шығу тегіне байланысты лексикалық мағыналары қандай? 

5.Фразеологиялық байлаулы мағыналы қандай сөздерді білесіз?   

6.Синтаксистік шартты мағына дегеніміз не?  

7.Сөздің ауыспалы мағыналарының қандай түрлері бар? 

8.Метафора, метонимия, синекдоха дегеніміз не? 

9.Қазақ тіліндегі табу мен эвфемизмдер   туралы не білесіз? 

10.Семасиологияның зерттеу обьектісі не? 

11.Семосиологияның негізгі заңдары қандай? 

12.Ұқсату заңы дегеніміз не? 

13.Сөз мағынасының тараюы мен кеңею заңына мысал келтірің. 

14.Бөлшектің бүтінге ауысу заңы дегеніміз не? 

15.Функционалды-семантика заңы арқылы жасалған қандай сөздерді білесіз? 



 

 

 

18



Пайдаланылған əдебиеттер: 

1.Ə.Болғанбайұлы,  Ғ.Қалиұлы.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы. Алматы. Санат. 1997. 

2.К.Аханов Тід білімінің негіздері. Алматы. 1993ж. 

3. Хасенов Ə. Тіл білімі. Алматы 1996ж. 

 

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР 

Ж О С П А Р Ы: 

1.Омонимдерге жалпы сипаттама. 

2.Омонимдердің жасалу тəсілдері. 

3.Омонимдерге ұқсас тілдік құбылыстар. 

4.Синонимдер, топтастырылу принциптері. 

5.Синонимдік қатар мен доминант сөз. 

6.Антонимдер, олардың сөз таптарына қатысы. 

 

Тірек сөздер:  Қазақ   тіліндегі   негізгі  лексикалық категориялар: омо-

ним,  синоним,  антонимдер,  омонимдер  мен  полисемантизмдердің  негізгі 

айырмашылығы туралы, омофондар мен омографтар, синонимдік қатар, доми-

нант сөз, антонимдер, олардың сөз табына қатысы т.б. 

Көп  мағыналы  сөздер  мен  оионимдердің  сырты  формасы  жағынан  бір-

біріне  ұқсастығы  бар.  Сөздердің  дыбыстық  құрылымы  жағынан  бұлар  нақ 

бірдей  деуге  болады.  Омонимдер  мен  көп  мағыналы  сөздердің  бір-бірінен 

өзгешелігі тұлғасында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі я 

одан да көп мағынасы болады. Бірақ бұлар əр сөз табына емес, бір ғана сөз та-

бына қатысты. Сондықтан көп мағыналы сөздердің бір негізден шыққандығын 

мағыналардың  өзара  жақындығынан,  ұқсастығынан  бірден  танып  білуге  бола-

ды. 


 

 

19



Омонимдер  біркелкі  дыбысталып  айтылатын,  бірақ  ұғымы  басқа-басқа 

сөздер  тобын  білдіреді.  Бұлардың  білдіретін  ұғымы  бір  сөз  табына  да,  əр  сөз 

табына  да  қатысты  болып  дараланып,  бөлініп-жарылып  тұрады.  мағына 

жағынан  əр  ұғымның  өзара  жақындығы,  ұқсастығы  мүлдем  сезілмейді.  Қайта 

бір-біріне соншылықты алшақ, кереғар екендігі аңғарылады. 

Қазақ  тіліндегі  омонимдердің  жасалуының  əлденеше  ама-тəсілдері  бар, 

солардың ішінде негізгі жолдары мыналар: 

1.  Тілдегі  көп  мағыналы  сөздердің  есебінен  сөздің  семантикалық  жақтан 

дамуы  арқылы  келіп  шыққан  омонимдер.  Бұл  тіліміздегі  ең  өнімді  тəсіл. 

Мағыналарының  бір-бірінен  алшақтап  дамуы  нəтижесінде  шыққандықтан, 

омонимнің  мұндай  түрлерін  лексикалық  тəсіл  арқылы  жасалған  омонимдер 

дейміз.  Мысалы:  Жал 8. Жан-жануардың  желкесіне  шыққан  қыл.  Жал 88. 

Ұзыннан  ұзақ  созылып  жатқан  белес,  қырқа.  Жылы 8. Ыстық  пен  суықтың 

аралық  қалпы,  қан  жылым.  Жылы 88. Жылы  қалыпқа  келу,  жылыну.  Сөздің 

осындай мағыналық жақтан дамуы арқылы омонимдердің келіп шығуы тілдегі 

сөз тудырудың бір тəсіліне жатады. 

2.  Сөздердің  фонетикалық  өзгерістерге  ұшырап,  дыбыстық  құрамы 

жағынан  бірдейлесуі  арқылы  жасалған  омонимдер.  Тілдегі  сөздер  мен  оның 

грамматикалық  құрылысының  ертедегі  қалпы  мен  қазіргі  күйі  нақ  бірдей 

болған деуге келмейді. Дəл бүгінге дейін олар не қилы даму процестерін бастан 

кешірген.  Сан  алуан  фонетикалық  өзгерістердің  нəтижесінде  кейбір  сөздер  ең 

əуелгі  дыбыстық  тұлғасын  жаңартып,  басқадай  сөздермен  дыбысталуы 

жағынан үйлесіп келген де, омонимге айналған. 

Тілдің  даму  барысында  осындай  өзгерістерге  ұшыраған  əрбір  омоним 

сыңарларын айқындай отырып, солардың өзгеруіндегі заңдылықтардың сырын 

ашу қажет. 

Қазақ  тіліндегі  атқа  салатын  ер  сөзінің  бастапқы  дыбысталу  қалпы  егер 

болған, онан кейінгі тілдің даму барысында сөз ортасындағы г дыбысының су-

сып түсіп қалу салдарынан, егер сөзі ер формасында ауысқан. Осылайша сөздік 


 

 

20



құрамда өмір сүріп келе жатқан еркек, батыл, күйеу ұғымында жұмсалатын ер 

деген сөзбен бірдей болып айтылып, омоним жасалғандығы белгілі. 

3.  Аффикстер  жалғану  арқылы  жасалған  туынды  омонимдер.  Түбір  сөзге 

əр  түрлі  қосымшалар  қосылу  нəтижесінде  пайда  болған  омонимдер  туынды 

омонимдер  делінеді.  Туынды  омонимдерге  біздің  тіліміз  өте-мөте  бай.  Бұлар 

мына сияқты өнімді жұрнақтар арқылы келіп шыққан: а) Омонимдер -ма,-ме.-

па, -пе, -ба, -бе  жұрнақтары  арқылы  жасалған.  Мысалы:  Айналма 8. Көшенің 

бұрылатын жері, бұрылыс. Жарқ етіп айналмадан шыға келді. Айналма 88. Мал 

ауруы, делбе. Айналмамен ауырған малдың басын итке тастамай, жағып жіберу 

керек. 


ə)  Омонимдер  -ыс,-іс.-с  жұрнақтары  арқылы  жасалған.    Атыс 8. Ұрыс, 

соғыс.  Би,  болыс  арыздасып.  безді  мөрден.  Баспашы  атамадан  атыста  өлген. 

Атыс 88 Жанжал салып, төбелесу, қырқысу, соғысу. 

б) Омонимдер -ық, -ік, -қ, -к жұрнақтары арқылы жасалған. Қорық 8. Мал 

жайылатын шөбі мол жер. Қорық 88 :рейлену, зəресі ұшу. 

4. Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы 

бірдей  болуының  нəтижесінде  пайда  болған  омонимдер.  Қазақ  тілінде  араб-

парсы жəне орыс тілдерінен ауысып келген қыруар кірме сөздер бар. Солардың 

кейбіреулері    өздерінің  түп  нұсқадағы  дыбысталу  қалпын  өзгертіп,  ана 

тіліміздегі  бұрыннан  келе  жатқан  қайсыбір  сөздермен  дыбысталу  жағынан 

бірдейлесіп, омонимдер жасалған: а)Араб жəне қазақ сөздерінен жасалған омо-

нимдер.Мысалы:арабтың  күш,  жігер  мағынасындағы  қайрат(ғайрад)  сөзі  қазақ 

тіліндегі  қайрат  (пышақты)  етістігімен  түр-тұлғасы  бірдей  келу  нəтижесінде  

омоним жасалған. ə)Парсы жəне қазақ сөздерінен жасалған омонимдер. Мыса-

лы: Біреуге деп көр қазба, өзің түсесің дегендегі көр парсының гөр деген сөзінің 

өзгерген  түр.  Бұл  сөз  қазақтың  көр  етістігімен  дыбысталу  жағынан  үйлесіп, 

омоним  жасалған.  б)Орыс  жəне  қазақ  сөздерінен  жасалған  омонимдер.  Мыса-

лы: өгіздің мойнына салатын мойынтұрық, мойынағаш деген мағынадағы жар-

ма орыстың ярмо деген сөзінің өзгерген түрі. Бұл сөз қазақтың жармалаған би-


 

 

21



дай,  арпа  дегендегі  жарма  сөзімен  дыбысталуы  жағынан  бірдей  келіп,омоним 

жасалған.  



Лексикалық  омонимдерге ұқсас басқа тілдік құбылыстар. 

Солардың бірі-омофондар.Омофон дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ жазы-

луы  əр  түрлі  сөздер.Егер  омонимдер  айтылуы  да,жазылуы  да  бірдей,  бірақ 

мағыналары  басқа  сөздер  болып  келсе,  ал  омофондар  тек  айтылуы  бірдей 

болғанмен, шын мəнінде омоним емес сөздер, сондықтан жазуда олар əр түрлі 

таңбаланады.  Мысалы:  көнбе  жəне  көмбе  сөздерінің  омофондық  сипатына 

тоқталық. Біреудің ыңғайына көшпеу мəніндегі болымсыз етістік көнбе сөзінің 

түбіріндегі н дыбысы өзінен кейінгі б дыбысының ықпалымен м болып өзгеруі 

нəтижесінде көнбе сөзі көмбе болып айтылады. Сөйтіп, ол меже, мəре мəніндегі 

көмбе  сөзіне  айтылуы  жағынан  ұқсап  омофон  болып  тұр.  Сол  сияқты  болады 

сөзі  ауызекі  тілде  болат  болып,  тұзшы,  асшы  сөздері  ащы,  тұщы  болфп  айты-

лып, болат (қатты асыл металл) дəмді білдіретін ащы, тұщы сөздерімен омофон 

жасап тұр. 

Омонимге  ұқсас  құбылыстардың    енді  бір  түрі-омографтар.  Омограф 

дегеніміз  жазылуы  бірдей  болғанымен,  айтылуы  бірдей  емес  сөздер.  Олардың 

айтылуындағы  айырмашылық негізінде екпінге байланысты. Мысалы: зат есім 

алма мен болымсыз етістік алма-ның жазылуы бірдей болғанымен, алғашқысын 

айтқанда  екпін  екінші  буынға  түсіп  ,олардың  айтылуы    бірдей  болмай  тұр. 

Ср.зат есімдер салма, көрші, көрме сөздері мен етістіктер салма, көрме, көрші 

сөздерінің арақатынасы да дəл осындай. 



Синонимдер.Сөздің  дыбысталуы  мен  мағынасы  жағынан  салыстырып 

қарағанда 

синонимдер 

омонимдерге 

қарама-қарсы 

тұрған 


лексика-

семантикалық  тілдік құбылыстар. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топ-

тастырылады. 1. Сөздің дыбысталуында аз да болса  тұлғалық өзгешелігі болуы 

керек. 2 . Бір ғана ұғымды білдіруі қажет. 3.Сөздер бір ғана сөз табына қатысты 

болуы керек. Бұл үш белгі сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Соны-

мен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада 



 

 

22



келіп,  контексте  бірін-бірі  алмастырған  жағдайда    бір  ғана  сөйлем  мүшесінің  

қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбыста-

луы əр басқа болғанымен мағынасы жақын сөздер синоним делінеді. Синоним-

дер  бір  ғана  ұғымды  білдіреді  дегеннен  олардың  мағынасы  нақ  бірдей  деген 

мыңаржақ  пікір  тумаса  керек.Сөз  бен  сөздің  мағыналық  байланысы  алыс  та, 

жақын  да,  тікелей  де,  жанама  да    түрде  болы  береді.Сөз  мағынасының 

жақындығы  деген  тым  кең  ұғым.  Мəселен,  той-мейрам-мереке-думан-тамаша 

дегендер  адам  баласының    қуанышы,  қызықты  күндерін  білдірді.  Бұларды 

іштей  жалпыхалықтық  қуанышты  күндер  (мейрам,  мереке)  жəне  жеке 

отбасының  не  бір  ауылдың   қуанышты  күндері  (думан,  тамаша)  деп  екі  топқа 

бөлуге болады. Мұның ішіндегі той деген сөз қуанышты күндердің екі тобына 

да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да,тар мағынада да ай-

тыла береді. Мысалы, Халық Абай  тойын қызу қарсы алуға əзір отыр немесе 

Əшімбек баласының үйлену тойына дайындық жасап жатыр деуімізге болады. 

Синоним  болып  жұмсалатын  мəндес  сөздердің  тобын  синонимдік  қатар 

немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен 

бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға  ұйытқы болатын тірек сөз деп 

таңдалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант деп аталады. Доминант сөзді 

дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тəртіпке келтіру мүмкін емес. 

Тілдегі  синонимдер  əр  түрлі  жолдармен  пайда  болады.  Қазақ  тіліндегі 

синонимдердің  келіп  шығуының  мынадай  жолдары  бар: 1.Синонимдер  көп 

мағыналы  сөздердің  есебінен  жасалған.  Мысалы~  көз-жанар-сұқ  көз-əйнек~ 

көз-жасу көз-бұлақ, бастау, қайнар~ арту-асу-озу~ арту-көбею-молаю. 

2.Синонимдер  сөзжасам  тəсілдері  арқылы  пайда  болған:  а)аффикстер 

арқылы:  ауыздық-сулық,  жемтік-өлімтік,  басшы-жетекші,  өнім-түсім,  ақылды-

есті т.б. 

3.Синонимдер кірме сөздер арқылы арқылы пайда болған: халайық-халық-

жұрт-көпшілік, отан-ел-туған жер аймақ-өңір, атрап-төңірек-маңай т.б. 



 

 

23



4.Синонимдер фразалық тіркестердің есебінен есебінен көбейген. Мысалы: 

ат  ұстар-ұл,  еркек  бала,  қара  мал-сиыр,  қоян  жүрек-қорқақ,  еті  тірі-пысық-

ширақ т.б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет