Өмірзақ айтбайұлы



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата05.02.2017
өлшемі1,46 Mb.
#3428
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

калық  карта  жасаудың  өзектілігі  айқын.  Бұған  еліміздің 
Статистикалық  агенттігінің  деректері  көмек  береді.  Соңғы 
жалпыұлттық халық санағы деректері жіті талданып, соның 
негізінде Қазақстанның этнолингистикалық картасын жасау 
және соған сәйкес іс-шаралар жүргізуге тиіспіз. 
Қазіргі  кезде  елдің  жағдайы  едәуір  жақсарып  қалды.  
Халық  санасы  өзгерді.  Нарықтық  қарым-қатынастар  нық 
орнықты.  Соның  тілін  түсініп,  шаруасын  дөңгелентіп 
жүргендер  жеткілікті.  Кәсіпкерлеріміз  де  көбейіп  келеді. 
Кәсіпкерліктің  тек  баюды  ғана  мақсат  тұтпай,  әлеумет-
тік  жауапкершілігі  де  бар  екенін  түсінетін  саналы 
азаматтарымыз  да  көрініп  қалды.  Ендігі  кезекте  осындай 
азаматтарымыздың  санын  арттыру,  қайырымдылық  жасау, 
ұлттық,  елдік  мәселелерге  демеушілік,  қайырымдылық 
көмек  көрсету  жасау  мәдениетін  кеңінен  таратуымыз 
керек.  Соның  бір  мысалы  ретінде  Өзбекстаннан  келіп 
отырған  бауырымыз  Марс  Марксұлын  атауға  болады.  Бұл 
Өзбекстандағы  қандастарымыздың  ұлттық  дәстүрлерімізді 
ұлықтайтын шараларға үнемі демеушілік жасап, азаматтық 
жасап  жүр.  Сол  секілді  осы  Құрылтайымызға  да  демеуші- 
лік қолын созған азаматтар бар. 

258
Сол сияқты 20-30 мың отбасына жетекші боп елге алып 
келіп,  оларды  тиімді  кәсіпке  жегіп,  арнайы  қала  салған 
Қалыбеков Ибаділданың ісі көпке үлгі. Ол әлденеше қалада 
жылыжай  орнатып,  халықты  түрлі  көкөніспен  қамтамасыз 
етіп  отыр.  Және  оралман  ағайынның  бала-шағасын  қазақ-
ша  балабақшалар  мен  мектептерде  тәрбиелеу  ісімен  де 
түбегейлі айналыса бастаған.
Солардың  қатарында  Солтүстік  Қазақстан  облыстық 
сотының  төрағасы  Б.  Тұрғараев  деген  азаматты,  Оңтүстік 
Қазақстаннан  техника  ғылымдарының  докторы,  ғалым 
әрі  кәсіпкер  Серікжан  Сейітжанов  деген  азаматты  ерекше 
ілтипатпен  атап  өткім  келеді.  Осындай  азаматтарымыз 
еліміздің жер-жерінде баршылық. Бұлардың осындай елдік 
істері басқа да іскер азаматтарымызға жұғысты болса екен 
деп тілеймін. 
Қоғам жұмысына жастарды тарту өте маңызды. Сондық-
тан  Қоғамның  жастар  қанатын  құру  міндеті  алдымызда 
тұр.  Бұл  ретте  Ақтөбе  облыстық  филиалының  оқушы 
жастар арасынан құрған «Жасұлан» оқушылар ұйымы үлгі 
боларлықтай. 
Қоғамымыздағы ең түйткілді мәселенің бірі – дін жайы. 
Тілді  қозғай  отырып,  діннен  айналып  өте  алмаймыз.  Өйт-
кені  дін  –  рухани  дүниеміздің  өзегі.  Еліміз  сыртқы  қар- 
жылық  ресурстарға  мұқтаж  болған  жылдары  шетелдік 
инвестицияға  жол  ашып  қана  қойған  жоқпыз,  сонымен  
бірге  шеттен  келетін  рухани  дүниелерге  де  жүрегіміздің 
қақпасын  ашып  тастадық.  Соның  салдарынан  азғана  жыл-
дың  ішінде  әлемде  бар  сектаның  барлығы  да  Қазақстанға 
кіріп,  емін-еркін  қызметін  өрістетті.  Көп  ұзамай-ақ,  оның 
зиянды салдарларын көріп отырмыз. Бұған да қарсы қоятын 
қаруымыз  болу  керек.  Ол  өзіміздің  ата-бабамыздан  бері 
тұтынып  келе  жатқан  төл  дініміз  –  ислам  дінінің  өнегелі  
жолы.  Бұл  тұста  Қазақстан  мұсылмандары  діни  басқар-
масының жұмысын жандана түскені көңілде қанағат сезімін 
туындата  түседі.  Сонымен  бірге  дін  ісін  тағы  да  күшейте 
түсу  қажет.  Еліміздің  барлық  мешіттерінде  жұма  намазы-

259
ның  уағыздары  бірдей  оқытылуы  тиіс.  Оның  арнайы  кес- 
тесі  бекітіліп,  имамдардың  содан  ауытқымауына  қол  жет-
кізген жөн. 
Қоғамда  құндылықтарды  қайта  бағалау  үрдістері 
жүруде.  Соған  сай  қазақ  қоғамында  бірнеше  қатпарлы 
субмәдениеттер  қалыптасты.  Тіл  саясатын  жемісті  жүр-
гізу  үшін  осынау  үдерістерді  зерттеп,  ғылыми  негізде 
жүргізген  орынды.  Мәселе  тек  тіл  мамандарына  ғана 
тіреліп отырған жоқ. Сондықтан алдағы кезеңде түрлі сала 
мамандарынан арнайы топ құрып, олардың ішінде тілшілер, 
әдебиетшілер,  тарихшылар,  әлеуметтанушылар,  заңгерлер, 
психологтар,  философтар,  дизайнерлер,  мәдениеттану- 
шылар,  т.б.  мамандардан  жұмыс  тобы  жасақталып,  ортақ 
кешенді зерттеу жүргізу керек. Соның нәтижесін негізге ала 
отырып, тіл саясатын іске асырсақ, дұрыс болады. 
Заңгер  мамандардан  жұмыс  тобын  құрып,  «ҚР  Тіл 
туралы»  Заңына  түсіндірме  дайындалуы  керек.  Сөйтіп 
ол  халық  арасында  жан-жақты  насихатталғаны  жөн.  Бұл 
кітапша  Қоғам  мүшелеріне  тегін  таратылғаны  жөн.  Олар 
осы заң бойынша жүрген жерлерінде заң талабының орын- 
далуын  талап  етеді.  Заң  бұзғандарды  сотқа  береді.  Яғни 
қоғамдық  тіл  сақшысының  рөлін  атқарады.  Қоғамдық 
қадағалаудың бір көрінісі осы болу керек.
Қазір мүмкіндіктер мол ашылған заман. Көзін тапқанға, 
істің ыңғайын білгенге – дүние жердің бетінде. Қаржылық 
қолдау  көрсетпейді  деп  мемлекетке  өкпе  артуымыз  орын- 
сыз.  Қоғамның  барлық  Құрылтайының  өтуіне  тікелей  
Елбасы  және  мемлекет  қолдау  көрсетіп  келеді.  Сонымен  
бірге  Қоғамның  III  және  IV  құрылтайының  өтуіне  тікелей 
қолғабыс  тигізіп,  ана  тілі  алдында  азаматтық  танытқан 
Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының  құрметті  мүшесі 
Иманғали  Нұрғалиұлы  Тасмағамбетовты  айрықша  атауға 
міндеттімін.  Қалған  мәселені  өзіміз  реттеуіміз  керек.  Қо-
ғамдық  ұйымдарға  арнап  жыл  сайын  конкурстар  жария-
лайды. Ұтымды ой, тиімді бастама болса, соны жеңіп алу,  
іске асыру мүмкіндігі көпшілікке берілген. Бірқатар облыс-
тық  ұйымдарымыз  осы  мүмкіндікті  жақсы  пайдалануда. 

260
Айталық,  биыл  Қызылорда  облыстық  ұйымы  осы  грантты 
иеленді.  Сол  секілді  Ақтөбе,  Павлодар  филиалдарымыз  да 
жұмысын тиісінше жүргізуде. Павлодар облыстық филиалы 
«Ертіс дидары» интернет газетін шығарып отыр. Байқоңыр 
филиалының жұмысы да айтарлықтай. «Байқоңыр» журна-
лын шығарып, ел алғысына бөленді. 
Ендігі  кезекте  Қоғамның  жұмыс  жүргізу  тәсілін,  ұйым-
дық  құрылымын  түбегейлі  қайта  қарауымыз  қажет.  Соны- 
мен  бірге,  Қоғамның  қалалық,  облыстық,  аудандық  фи-
лиалдары  мен  ұйымдарының,  өкілдіктерінің  құрылымы, 
жұмыс  жүргізу  жүйесі,  қаржыландырылу  жайы  нақтыла-
нуы тиіс. Бұған заман талабына сай өзгеріс енгізбесе, қазіргі 
қалпында  өміршең  емес.  Сондықтан  филиалдар  туралы 
ереженің  жаңа  нұсқасын  дайындап,  соған  сай  жергілікті 
ұйымдар  жұмысын  ұйымдастыруымыз  қажет.  Қысқасы, 
Қоғам  заман  талабына  сай  икемді,  өзін-өзі  қаржыландыра 
алатындай  жағдайға  жетуі  тиіс.  Бұл  үшін  төмендегідей 
бірқатар шараларды қолға алған орынды деп білемін:
-  Қоғам  қызметін  жетілдіретін  ішкі  нормативтік-құқық-
тық актілер жасауға мән беру;
-  Жарғыға  сай  Қоғамның  орталық  аппараты  мен  жергі-
лікті ұйымдарында құрылымдық-ұйымдық өзгерістерді жү-
зеге асыру;
- Қоғамдық тіл сақшысының рөлін күшейту;
-  Қоғамға  мүше  тарту,  мүшелік  жарна  жинауды  ретке 
келтіріп, мүшелер қызметінің белсенділігін арттыру;
-  Қоғамның  өзін-өзі  қаржыландыру  механизмін  ойлас-
тыру;
-  мемлекеттік  тіл  саясатының  іске  асырылу  барысына  
мониторингті жүзеге асыру;
-  мақсатты  аудиторияны  нақты  айқындау,  сегменттеу, 
соған сай жұмыс жүргізу.
Қымбатты бауырлар!
Құрметті Құрылтай қонақтары!
Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған  міндеттер 
жылдан-жылға  күрделеніп  келеді.  Сондықтан  еліміздің 

261
тәуелсіздігін  нығайту  жолында  халықтың  және  сіздер  мен 
біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы қазақ тілінің 
өрісінің  кеңеюі,  мемлекетіміздің  нығаюы,  тәуелсіздіктің 
баяндылығы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге 
деген  сенімін  ақтап,  мақсаттарға  жетеміз  деп  мен  нық 
сенемін.
Ұлттың  тұтастығы  –  тілдің  тұтастығы.  Біз  алдағы 
уақытта да ұлттық құндылықтарымызды түгендеу, құрмет- 
теу  жолында  ауызбіршілігімізден  ажырамауымыз  керек. 
Бірігіп  атқарар  әр  алуан  шараларымыз  әлі  де  жетерлік. 
Осы  орайда  ойымды  ұлт  көсемі  Ахмет  Байтұрсынұлының 
төмендегі  пікірлерімен  тұжырымдамақпын:  «Жұмыс 
қолға  алып  істесе  бітпекші,  жоқ  артынан  қалмай  іздесе 
табылмақшы... 
Жұрт  жұмысы  құмырсқаның  илеуіндей  жұмыс  сияқты.  
Құмырсқаша  жабыла  тынбай  істесек  өнеді.  Бірі  оны,  бірі 
мұны істеп, илеуде қарап тұрған құмырсқа болмайды. Жұрт 
жұмысын да солай істесе, алға басады…».
Айтайын дегенім осы еді, ағайын!
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
«алаШ» ИДЕЯСы ЖӘНЕ 
Халықаралық «қазақ тілі» қОҒамы
Қазақ  халқының  тарихында  әр  ғасырдың  басы  аласа- 
пыран  оқиғаларға  толы  болды.  Бұл  өз  кезегінде  тарих 
сахнасына  ірі-ірі  тұлғалар  мен  қайраткерлерді  шығарып, 
түбірлі  өзгерістерге  алып  келіп  отырды.  Әсіресе,  ХХ  ға-
сырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың 
сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. 
Осы  тұста  қазақ  сахарасында  да  Алаш  ұранын  көтеріп, 
мұқым  қазақ  баласын  азаттыққа  бастаған  бір  шоғыр  қазақ 
қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. 
Бұл  кез  қазақ  халқы  тарихындағы  ең  бір  талмау  тұс-
тардың бірі болатын. Алаш ардагерлерінің айтуынша, «қа- 
зақтың  бар  болу  немесе  жоқ  болу  мәселесі»  таразыға 

262
тартылған  кез  еді.  Олай  болатыны  бұл  шақта  қазақ  халқы 
толықтай патшалық Ресейдің басыбайлы боданына айналған 
еді.  Қазақ  даласындағы  хандық  билік  ыдыраған,  билер 
институтының  қадірі  кетіп,  орыс  сотына  қараған,  дәстүрлі 
тіршілік қалпы мен өмір салты елеулі өзгеріске ұшыраған, 
ұлттық  рух  бәсеңдеген  шақтағы  кетеуі  кеткен  бір  кер  за- 
ман-ды.  Қазақ  жеріне  орыс  мұжықтарын  тобымен  орна-
ластыруға  байланысты  еркін  көшіп-қонып  жүру  үрдісінің 
де тынысы тарыла бастады. Дәстүрлі ырғағынан айырылған 
тіршілік  салтының  кесірінен  барша  қазақ  баласының  бір-
бірімен  хат-хабар  алмасуы  мен  өзара  қарым-қатынасы  да 
іркіліске  душар  болды.  Қысқасы,  осынау  жағдайлардың 
барлығы  қазақтың  санасында  саңылауы  бар  бас  көтерер 
адамдарын  ойландырмай  қоймайтын  мәселелер  еді.  Алаш-
орда  қозғалысы  мен  «Алаш»  идеясының  пайда  болуына 
тікелей осы аталған тарихи жағдайлар себеп болды. Қазақтың 
алғашқы  оқығандары  қазақтың  жеке  өз  алдына  ел  болып, 
дамыған елдермен терезе теңестіре алатындай жағдайға қол 
жеткізуін  көкседі.  Жалаң  сөз,  жадағай  ұранға  баспай,  бұл 
ойларын нақты іспен негіздеді. Ең алдымен, қазақ баласы- 
ның бір-бірімен пікір алмасуын қамтамасыз ету үшін мер- 
зімді  баспасөз  құралын  шығарды.  Қазақтың  тұңғыш  
журналы «Айқап» пен «Қазақ» газеті ұлттың «көзі, құлағы 
һәм  үніне»  айналды.  Бұлардың  ұлттық  сананы  оятудағы 
маңызы орасан зор болды. Кішкентай жылғадан басталған 
бұл  әрекет  ұлғайып,  арналанып  зор  халықтық  қозғалысқа 
ұласты.  Алаш  қайраткерлері  қазақ  халқын  азат  ел  ету 
бағытындағы  мақсатты  ойларын  бес  тұғырға  негіздеді. 
Солардың  ішіндегі  ең  бір  маңызды  тұғырының  бірі  – 
қазақ  тілінің  мәселесі  болатын.  Бұлай  болатыны,  Ахмет 
Байтұрсынұлының  сөзімен  айтқанда,  «тілі  жоғалған  жұрт-
тың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахаң бұл бағытта 
бос  үгіт-насихатқа  салынбай,  нақты  іске  кірісіп,  қазақ  жо-
ғының орнын толтыруға білек сыбанып кірісті. 
Қазақ  әдебиеті  тарихында  ұлы  Абайдың  орны  қандай 
болса,  қазақ  тіл  білімі  мен  мәдениеті  тарихында  Ахмет 
Байтұрсынұлының орны сондай. Оның өмірбаяны, бар тір-

263
лік-тынысы,  ой-арманы  туған  халқына  деген  қалтқысыз 
қызметтен  тұрады.  Оның  өмірін  сондықтан  да  жеке 
адамның, жеке бір маманның өмірі деп қарауға болмайды. 
Ол  –  халықпен  біртұтас,  қалың  елмен  тамырлас,  ел  жүгін 
қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.
А.  Байтұрсынұлы  сол  бір  кездегі  халқының  мүшкіл  ха-
лін  көріп  күйзеліп,  оны  өзге  жұрттармен  салыстырып, 
қараңғылықтан,  надандықтан  шығудың  бірден-бір  жолы  – 
оқу, білім деп табады да, өзінің бар күш-жігерін осы жолға 
жұмсайды.
Мектептерде  оқу  ана  тілінде  жүргізілуі  үшін  бұрын 
болмаған  тың  жол  салынуы  керек  екенін  Ахаң  өте  жақсы 
түсінеді.  Осы  мақсатпен  ол  қазақ  балаларының  өз  тілінде 
сауат  ашуына  арнап,  тұңғыш  әліппені  жазады.  Оны  «Оқу 
құралы»  деген  атпен  1912  жылы  Орынбор  қаласында 
бастырып шығады. 
Бұған  дейінгі  қолданылып  келген  «Букварь»,  «Самоу-
читель»  дегендер  қазақ  балаларының  сауатын  орысша 
ашатын құрал болатын. 
Сонымен, А. Байтұрсынұлының 1925 жылға дейін 7 рет  
басылған  бұл  «Оқу  құралы»  –  қазақ  халқын  төте  оқу 
жолымен  жаппай  сауаттандыруға  арналған  тұңғыш  әліппе 
болып табылады.
Байқап  отырсақ,  бұл  тұңғыш  қазақ  лингвисі  өзінің  ал-
дына жүйелі мақсат, айқын бағдарлама қойып, сол бойынша 
өз  бетінше  жұмыс  істеген  тәрізді.  Мәселен,  оның  бірінші 
мақсаты  –  қазақ  баласының  сауатын  ашу  болса,  осыдан 
барып «Оқу құралы» пайда болды, содан кейін қазақ тілінің 
грамматикалық  құрамын  ана  тілінде  талдап  беруді  мақсат 
етеді  де,  «Тіл-құралды»  жазады.  Тілді  дұрыс  жұмсай  білу 
тәртібіне  байланысты  ойға  қалады  да  «Тіл  жұмсарды» 
ұсынады,  оқытудың  методикасын  жасау  мақсатында 
«Баяншыны» береді. Кезінде әлденеше басылуының өзі бұл 
еңбектердің зәрулігі мен бағасының қаншалықты дәрежеде 
болғанын аңғартса керек.
Ахаңның  бұдан  кейінгі  маңызды  ісінің  бірі  –  қазақ 
жазуын  жолға  қоюы.  «Айқап»  журналының  1912  жылғы 

264
9-12 сандарында жариялаған «Шаһзаман мырзаға», «Қазақ» 
газетінің 1913 жылғы 34 және содан әрі қарайғы сандарында 
басылған  «Жазу  мәселесі»  деген  мақалаларында  ол  қазақ 
жазуын бір жүйеге түсіруге түбегейлі кіріскенін байқатады. 
Ахаң  қазақ  жазуы  дегенде  әу  бастан-ақ  араб  графикасына 
бейіл  береді.  Қазақ  жазуын  қалыптастырудың  алғышарты 
ретінде: 1) қазақ тілі дыбыстарына қажеті жоқ араб таңба-
ларын  алфавиттен  алып  тастауды;  2)  сөздің  жіңішкелігін 
білдіретін «дәйекше» деген белгіні енгізуі; 3) қазақ тіліндегі  
ы,  е,  и,  о,  ұ,  ү  дыбыстарының  әрқайсысына  жеке  таңба  
белгілеуді,  к,  г  дыбыстарынан  басқа  дауыссыз  дыбыс-
тармен  келген  сөздердің  жіңішкелігін  білдіру  үшін 
сөздің  аяғынан  дәйекше  таңба  қоюды  ұсынады.  Міне, 
осының  арқасында  қазақ  тілінің  алфавиті  өз  табиғатына 
қарай  түзіліп,  тіліміздегі  сингармонизм  заңына  лайық- 
талып  жасалуының  нәтижесінде  қазақтың  төл  жазуы 
қалыптасты.
Біздіңше,  бұл  жазудың  ең  басты  екі  маңызын  айта  кет- 
кен  жөн  сияқты:  біріншіден,  бүкіл  қазақтың  басын  ұйыс-
тырып,  ұлттық  жазу  жүйесі  бойынша  жаппай  сауат  ашу 
шарасы  жүргізілді.  Осы  арқылы  ұлттық  сана  мен  ұлттық 
мәдениетіміз  арналы  даму  жолына  түсті  деп  айта  аламыз. 
Екіншіден,  дендеп  еніп  бара  жатқан  орыстану  саясатына 
кедергі  қойылды.  Осыдан  былай  қарай  орыс  тілінде,  орыс 
әрпімен  оқытылып  келген  мектептердің  бәрінде  өзіміздің 
ұлттық төл жазуымыз бел ала бастайды.
Алайда,  Кеңес  үкіметінің  орнауы,  Алаш  ардагерлерінің 
шетінен қуғын-сүргінге ұшырап, атылып, айдалуы, «Алаш» 
идеясының толық іске асуына мүмкіндік бермеді. Дегенмен, 
Ахаң  негізін  қалап,  қалыптастырған  қазақ  жазуы,  қазақ 
тілінің ғылыми жүйесі сол арнамен өсіп, өрістеді. 
Қазақ жастарының 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен 
бастау алған азаттық аңсаған ой-пікірі «Алаш» идеясының 
қайта жаңғыруына бірден-бір түрткі болды. Азаттық рухы-
нан қуат алған бұл екпін толастамай, Алаш ардагерлерінің 
ақталып,  шығармаларының  халқымен  қайта  қауышуына 
алып  келді.  Бұл  өз  кезегінде  1989  жылы  республикалық 

265
«Қазақ  тілі»  қоғамының  құрылуына  тікелей  негіз  болды. 
Осы  ретте  сол  тұстағы  кезеңнің  тынысынан  хабар  беру 
үшін  «Қазақ  тілі»  қоғамын  құруға  тікелей  бастамашы  әрі 
тұңғыш президенті болған академик Әбдуали Қайдаровтың 
І  құрылтайда  жасаған  баяндамасынан  қысқаша  үзінді 
келтіре  кетуді  жөн  көріп  отырмын.  «Әділеттілік  өріс  алып 
келе  жатқан  бүгінгі  таңда  жұртшылық  біршама  игілікті 
істердің куәгері болып отыр. Қалың қауым «өлгені тіріліп, 
өшкені  жанып»,  жеке  басқа  табыну  кезінде  жазықсыз 
жазаланған Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Міржақып 
сынды перзенттерімен араға жарты ғасыр салып қауышып 
отыр.  Олардың  ғылыми,  әдеби,  тарихи,  тілдік  бай  мұрасы 
халқына  қайтарылды.  Асыл  мен  нәсіл  жалғасы  болып 
Ахмет Байтұрсыновтың қызы Шолпан апай мен Міржақып 
Дулатовтың  қызы  Гүлнәр  апайлар  осы  Құрылтайда  құр- 
метті  қонақ  болып  отыр.  Құрылатын  Қоғам  аталған  арда- 
герлердің  әдеби,  мәдени,  ғылыми  мұрасын  игеруді,  уағыз-
даушы, рухани азық етуді мақсат етеді».
Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  осы  мақсатынан 
ешқашан  тайған  емес.  Қоғамның  басты  мәселе  етіп  қолға 
алғаны  –  елдің  тілге,  ана  тілімізге  деген  сенімін  қайта 
тірілтіп, ұлттық сананы ояту болды. Әрине, мұның баспасөз 
құралынсыз  шешілуі  мүмкін  емес.  Алаш  қайраткерлерінің 
жолымен  Қоғам  да  өз  ісін  баспасөз  құралын  ашудан 
бастады.  Қоғамның  құрылтайшылығымен  жарық  көрген 
республикалық  «Ана  тілі»  басылымы  алғашқы  санынан 
бастап  тілге,  дінге,  ұлттық  салт-дәстүрге  қатысты  мате-
риалдарды үзбей беріп келеді. Соның арқасында елдің ұлт- 
тық  санасы  оянды,  марғаулықтан  арылды.  Салт-дәстүр-
леріміз  қайта  жаңғырды.  Халқымыз  ата  мұрасымен  қайта 
қауышты. 
Қоғам  тиісті  мекемелермен,  ондағы  ұлттық  сана-сезімі 
жоғары  жандармен  бірлесе  қимылдаудың  арқасында  жер-
жерде  көптеген  мектептер  мен  балабақшалар  ашылып, 
барлық аймақта ісқағаздары ене бастады.
Қоғамның содан кейінгі қолға алған маңызды шаруасы-
ның  бірі  –  еліміздегі  жер-су  атауларының  тарихи  атауын 

266
қайта қалпына келтіруге ықпал ету болды. Қоғамның жер-
жердегі  белсенді  мүшелерінің  арқасында  қаншама  тарихи 
атаулар қайта қалпына келтірілді. Десек те, бұл бағытта әлі 
де атқарылар шаруалар шаш етектен. Сондықтан бұл мәселе 
Қоғамның назарынан ешуақыт тыс қалмақ емес.
Әлбетте,  қоғамдық  ұйымның  қызмет  ету  ауқымы  шек-
теулі. Тіл заңын іске асыру мен Мемлекеттік бағдарламаның 
қанат жаюын қадағалауға көп ретте Қоғамның қауқары жете 
бермейді. Қоғамның қызметі барысында тұралаудың әбден 
шегіне  жеткен  тілімізді  бұдан  былай  ресми  қамқорлыққа 
алмай  қатарға  қосудың  қиындығына  көз  жетті.  Сондықтан 
да  Қоғам  тиісті  орындарға  арнайы  Тіл  комитетін  құрудың 
қажеттігін  дәлелдеп,  бұл  ұсынысы  нәтижелі  болды.  Оның 
қандай жеміс беріп отырғанына көпшілік куә.
Міне,  мұның  барлығы  да  бүгінгі  қазақ  қоғамындағы 
«Алаш»  идеясының  көріністері.  Алайда  Алаш  арманы  то-
лықтай іске аса қойды деуге әлі ерте. Бұл бағытта тынбай 
әрекет  ету  беру  қажет.  Алаш  идеясы  әрбір  қазақтың 
Темірқазығы болуы тиіс. Сонда ғана біз шын мәніндегі азат  
ел,  дәулетті  де  сәулетті  қазақ  мемлекетіне  қол  жеткізе 
аламыз.
тұҒырыНДа тұрСыН тіліміз
тіл бағдарламасы жобасын талқылаймыз
Тіл туралы осымен үшінші рет Мемлекеттік бағдарлама 
қабылданғалы  отыр.  Алдыңғы  екі  онжылдыққа  арналған 
бағдарламаларда  да  көп  нәрсе  қамтылған  болатын.  Солар-
дың  бәрі  толықтай  орындалып,  түбегейлі  шешімін  тапты 
деп  айту  қиын.  Әрине,  оның  әртүрлі  себептері  бар  екені 
рас.  Қисын  тұрғысынан  келсек,  жұртшылыққа  ұсынылып 
отырған  үшінші  онжыл дыққа  арналған  бағдарлама  алдың-
ғы ларының  жалғасы  болуы  керек.  Сабақтастықты  сақтай 
отырып, өзінен бұрынғы бағдарлама ларда қамтылмаған тың, 
жаңа  нәрселерді  де  көтергені  жөн.  Алдағы  онжылдықтағы 
мем лекеттік тіл саясатының барысын, іске асырылу жайын 

267
белгілейтін  маңызды  құжат  болғандықтан,  бағдарлама 
жобасымен  мұқият  танысып  шықтым.  Тілдерді  қолдану 
мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік 
бағдарлама сы ның  ұтымды,  жағымды  жақтары  көп.  Пішіні 
жағынан да, мазмұны жағынан да алдыңғы бағдарламаларға 
қарағанда ерекшеліктері бар. Тіл саясаты жөніндегі әлемдік 
тәжірибелердің  зерттелгені,  олардың  қажетті  тұстарының 
іріктеліп  алынғаны  байқалып  тұр.  Мұнда  да  бүкіл  іс-
шаралар  легі  әуелгі  бағдарламаларға  негіз  болған  үш 
арнаға  тармақталған.  Олар  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілінің 
рөлі,  орыс  тілі нің  мемлекеттік  тілмен  жарыса  тең  қол-
данылуын қамтамасыз ету және елдегі өзге ұлт өкілдерінің 
ана  тілдерінің  сақталуына  жағдай  жасау.  Бұл  қағида  Ата 
Заңымыздан бастау алып, «Тіл туралы» Заңда көрініс тапқан 
еді.  Бағдарламаларымыз  да  осы  шеңберден  шыға  алмай 
тұр. Аталған көзқарастың белгілі бір тарихи кезеңде қажет 
болғандығы сөзсіз. Алайда өмір бір орында тұрмайды ғой. 
Соған сәйкес заман талабына орай көзқарастың да, қолға алар  
іс-шаралар  мен  амал-тәсілдердің  де  өзгеруі  табиғи  жағдай. 
Оның  үстіне  қазақтар дың  елдегі  үлес  салмағы  да  ресми 
мәліметтер  бойынша  64  пайызға  жетті.  Бұған  қазақ  тілін 
меңгерген  өзге  ұлт  өкілдері  мен  түрік  тектес  халықтарды 
қосыңыз. Сондықтан бұдан былайғы уақытта орыс тілін бөле-
жарып  көрсете  беруіміздің  қисыны  қалай  болар  екен.  Осы 
жәйтті жаңа бағдарламада ескеру керек.
Осы орайда есіме Елбасының Халықаралық «Қазақ тілі» 
қоғамының екінші құрылтайында айтқан бір сөзі түсіп отыр. 
«Несіне жалтақ таймыз? Тек қана қазақ тілін қалдырмаймыз 
ба?  Қашанғы  күте  береміз?»  деп  қызбаланғаны мызда,  
Елбасы  шешіле,  көсіле  сөйлеп:  «Шыдау  керек.  Көпірден 
өтетін кезге көп қалған жоқ. Тағы бір жиырма жылда жағдай 
басқаша  болады.  Қазақтың  саны  елдің  жетпіс  пайызына 
жеткен  кезде  бәрі  де  өзгереді»  деген  болатын.  Бұл  1992 
жыл  еді.  Елбасы  көреген  екен.  Айтқаны  келді.  Құдайға 
тәубе,  жиырма  жылда  қазағымыздың  саны  жетпіс  пайызға 
жуықтады. Бірақ жағдай өзгергенмен, сананың өзгеруі қиын 
екен.  Заман  өзгеріп,  уақыт  алға  жылжыса  да,  атқамінер-

268
леріміз  артқа  қарайлауын  қояр  емес.  Ескі  дағдыға  бой 
алдырып, әлі де орыс тілінің ықпалынан арыла алмай келеді.
Жоғарыда сабақтастықты сақтау туралы сөз қозғаған едім. 
Ұсынылып  отырған  бағдарла маның  жетістіктері  мен  олқы 
тұстарын  сөз  етуден  бұрын  алдыңғы  бағдарламаларға  аз-
кем тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Өйткені олардың 
басы-қасында  болып,  біраз  жәйтке  тікелей  куә  болған  
жайым бар еді.
Алғашқы  бағдарлама  1990  жылы  қабыл данды.  Ол  «Қа- 
зақ  тілін  және  Қазақ  ССР-індегі  басқа  да  ұлт  тілдерін 
дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік 
бағдар ламасы» деп аталды. Қазақ КСР Министрлер Советі 
Президиумының  1990  жылғы  28  мау сымдағы  №14-ІХ  ше- 
шімімен  бекітілді.  Сөй тіп  осы  бағдарламаны  орындау 
жөніндегі жұмыс тарды ұйымдастыру үшін «Тілдерді дамы- 
тудың  мемлекеттік  бағдарламасын»  жүзеге  асыру  жөнін-
дегі  Республикалық  үйлестіру  кеңесін  құру  көзделген 
еді.  Сөзбұйдаға  салы нып,  бұл  кеңес  құрылмай  қалды. 
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бұл мәселені қайта-
қайта  көтеріп,  табандылық  танытуының  нәтижесінде  Тіл 
комитетінің құрылуына қол жеткізілді.
Бұл  бағдарламаның  кемістігі  ол  Кеңес  өкіметі  әлі  тара-
май  тұрғанда  әзірленген  бола тын.  Соның  өзінде  ол  талай 
үрдісті мәселені қамти алды. Бағдарлама бойынша барлық 
облыс  2000  жылға  дейін  ісқағаздарын  қазақ  тіліне  толық- 
тай көшіріп шығуға тиіс болатын. Олардың нақты мерзім- 
дері  көрсетіліп,  арнайы  кестесі  дайындалған  еді.  Тиісті 
пәрмен де берілген болатын. Бірақ құндылықтардың өзгеріп, 
алмағайып замандардың басталуына байланысты көрсетіл-
ген көп дүние іске аспай қалды. Оның үстіне Министрлер 
кабинетінің  сол  кездегі  төрағасы  Ұ.Қарамановтың  екі  тар-
мақтан  тұратын  қаулысы  шықты  да,  жұрттың  көңілін  су 
сепкендей  басты.  Жұрт шылықтың  мемлекеттік  тілге  деген 
пікір  ауаны  өзгеріп  шыға  келді.  Осы  кезге  дейін  атқарған 
істеріміз зая кеткендей болды. Бұл бір елдің сеніміне селкеу 
түсірген жағымсыз жәйт болды.
Халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамы  халықтық  ұйым  ре- 
тінде  осы  бағдарламаның  іске  асырылуына  қоғамдық 

269
қадағалаушы  рөлін  атқарды.  Бұл  қызметі  бағдарламада 
арнайы  көрсетілді.  Соған  сай  Қоғам  Қазақстанның  жер-
жерінде қызу жұмыс жүргізді. Қоғам мүшелерінің белсенді 
әрекетінің арқасында рес публика бойынша бүкіл облыс, қала 
дең гейінде  Мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  жөнінде 
өздерінің  жергілікті  бағдар лама лары  жасалды.  Біршама 
жүйелі жұмыстар атқарылды.
«Қазақ  тілі»  қоғамының  «Тіл  сарайын»  салу  туралы 
ұсынысы  да  бағдарламада  көрініс  тапты.  Ол  бойынша 
бағдарламада  Қазақ  ССР  Жоспарлау  комитетіне  Алматыда 
«Тіл сарайы» ғылыми-мәдени кешенін салу туралы мәселе 
қарау  тапсырылды,  онда  мыналар  ашылып,  жұмыс  істеуі 
тиіс еді:
1990-2000 жылдары «Сөз өнері» халық университеті;
1991-1995 жылдары оқу-методика орталығы;
1990-1992  жылдары  республика  халқы  үшін  қазақ  тілін 
және  басқа  тілдерді  тұрақты  оқытып-үйрету  институты 
(облыс орталықтары мен қалаларда филиалдары болады);
1990-1991  жылдары  қоғамның  республикадағы  тіл 
жағдайын  лингвистикалық-социологиялық  тұрғыдан  зерт-
теуі үшін аппаратура сатып алу көзделеді;
1991-1993 жылдары шетелдік фирмаларды тарта отырып, 
Түркістан  қаласында  мәдени  орталық  ұйымдастыру 
белгіленді» делінген болатын. Қарап отырсақ, қазіргі таңда 
осылардың  көпшілігі  тап  сол  күйінде  болмаса  да,  әртүрлі 
нысанда  орындалды.  Алматы  облысының  әкімі  Серік 
Үмбетовтің  ыж даға тымен  «Тіл  сарайын»  салу  идеясы  іске 
асып,  көпшіліктің  кәдесіне  жарап  отыр.  Серік  Үмбетовтің 
бұл  атқарған  еңбегіне  ризашы лығымызды  білдіре  отырып, 
елге,  жұртқа  қажетті  дүниелерді  атқаруда  аянып  қалмай- 
тын  осындай  қайраткер,  отаншыл  әкімдеріміздің  қатары 
көбейе берсе екен деп тілейміз.
Түркістан  қаласында  ашылған  Қазақ-Түрік  универси- 
теті  де  мәдени  өміріміздегі  елеулі  жаңалық  деуге  болады. 
Алғашқы  бағдарламаны  жүзеге  асыру  жөніндегі  шаралар 
жоспарының  І  бөлімі  «Қазақ  тілі»  деп  аталып,  оның  қол-
данылуы  бойынша  мынадай  нақты  шаралар  белгіленген 

270
еді.  Онда:  «Қазақ  КСР-нің  барлық  мекемелерінде,  кәсіп-
орындарында және ұйымдарында қазақ тілі мемлекеттік тіл 
ретінде қолданылуы қамта масыз етілсін» делінген. Ал орыс 
тілі жайында «Ресми шаралардың материалдары мен оларда 
жасалатын  баяндамалар,  сөйленетін  сөздер  мемлекеттік 
өкімет  пен  басқару  органдарының,  қоғамдық  ұйымдардың 
актілері және басқа құжаттар қажет болған жағдайда орыс 
тіліне аударылуы жүзеге асырылсын».
Міне,  осы  екі  бап  әлі  күнге  өз  деңгейінде  орындалмай 
келеді.  «Ресми  құжаттардың  қажет  болған  жағдайда  орыс 
тіліне  аударылсын»  деген  талабы  өрескел  бұрмалануда. 
Бізде  құжаттың  алдымен  орыс  тіліндегі  нұсқасы  даярла- 
нады  да,  ол  қазақ  тіліне  аударылады.  Бұл  қазақ  тілді  ма-
мандардың  құқығын  бұзуға  алып  келіп  отыр.  Шетелден 
келген  қандастарымыздың  да  алдына  көлденең  жатып 
алған кедергі осы болды. Іс жүзінде бұл мүлдем керісінше 
болуы керек. Жиырма жыл өтсе де, біз осыған қол жеткізе 
алмай келеміз. Соның салдарынан біржақты лыққа ұрынып 
отырмыз.  Орыс  тілін  қатар  қолданудан  арылу  мүмкін  бол-
маса,  онда  заң  талабын  ескеріп,  кез  келген  құжаттың  ал- 
дымен қазақ тілінде дайындалуын, содан кейін ресми құжат-
тардың  қажет  болғанда  ғана  аударма шының  көмегімен  
орыс  тіліне  аударылуын  міндеттейтін  тәжірибені  іске 
асыруымыз  керек.  Мұны  жиналыстарға  да  пайдаланған 
жөн. Осы арқылы тіпті болмағанда қазақ тілін орыс тілінің 
қолданылу  дәрежесіне  дейін  жеткізіп,  шын  мәніндегі 
қос  тілділікке  тырысайық.  Бұлай  болмаса,  қазақ  тілінің 
қосалқылық сипаттан арыла қоюы мүлде қиын.
Бағдарламадағы  2000  жылға  дейін  ісқағаздарын  толық-
тай  мемлекеттік  тілге  көшіреміз  деген  сөз  қағаз  жүзінде 
қалды.
2001-2010  жылдарға  арналған  екінші  бағдар ламада  да 
2010  жылға  дейін  бүкіл  облыстардың  толықтай  ісқағазда-
рын  жүргізуді  қазақ  тіліне  көшіру  міндеті  белгіленген 
болатын. 2010 жыл аяқталып келеді. 2011 жыл қыр астында. 
Ал жағдайымыз бәрімізге белгілі. Осы жерде сұрақ туады. 
Елбасы  қол  қойған  ресми  құжатта  көз дел ген  бірқатар 

271
шаралардың  уақтылы  орын дал мауына  кім  жауап  беруі  
керек?  Осы  кезге  дейін  «Тіл  туралы»  Заңы  мен  Мемле-
кеттік  бағдар ламада  көздел ген  кейбір  талап тардың  орын-
далмағанына  жауап  берген  жан  баласын  көрген  жоқпыз. 
Талап  болмаған  соң,  табанды  іс  те  болмайтыны  бел гілі 
ғой.  Сондықтан  жаңа  бағдарламада  жауап кершілік  жағына 
айрықша  көңіл  бөлінсе  екен  деймін.  Бұларды  тізбелеп  ай-
тып  жат қа ным,  жақсымыз ды  ешкім  тартып  әкете  қоймас, 
кеміс тұстарымыз қағыс қалмасын деген ой.
Үшінші  онжылдыққа  арнап  жасалып  отырған  бағдар-
ламаның көптеген жақсы жақтары бар. Онда алға қойылып 
отырған  міндеттер  белгіленіп  қана  қоймай,  соларды  баға-
лау дың  нақты  индикативтік  көрсеткіш терінің  жасалуын 
жақсы нышан деп бағалауы мыз керек. Дегенмен, бұл ретте 
жалаң  статис тикаға,  құрғақ  санға  әуестеніп,  сапаны  ұмыт 
қалдырамыз ба деген де қауіп жоқ емес. Осы жағына абай 
болуымыз керек.
Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасы ның  мақсаты  –  қазақ 
тілінің  қолданыс  аясын  барынша  кеңейту  әрі  қазақ  тілінің 
мемлекеттік  тіл  ретінде  дамуы  мен  өрісінің  ұлғаюын 
қамтамасыз ету. Болашақта қазақ тілін жалпыұлттық, ортақ 
тілге  айналдыру  мақсаты  тұрғанын  біз  де  ашық  айтуға 
тиіспіз.
Еліміздің  экономикасы  тұрақталып,  әлеу мет тік  ахуал-
дың беті бері қараған қазіргі дей жаңа кезеңде мемлекеттік 
тіл саясаты да жаңа пәрмен алуға тиіс. Оған жүйелі, кешен- 
ді  тұрғы дан  келуіміз  керек.  Бағдарламада  мүмкін дігінше 
қазақ  тілін  кеңінен  қолдану  мін детке  алынып,  нақты 
тетіктерге баса назар аударылып отыр.
Бағдарламаның  басты  ерекшелігі  –  әлемдегі  үздік  тәжі- 
рибелерді ескере отырып, заман талабына сай тілдік ортаны 
барынша  қалыптастыруға  күш  салып,  мемлекеттік  тілге 
деген сұранысты арттыру. Құжатта төрт мақсат белгіленген. 
Сол  мақсаттардан  туындайтын  міндеттердің  ішінде  қо-
ғамдық  ұйымның  жетекшісі  ретінде  менің  көңіл  аударғым 
келіп  отырғаны  –  мемлекеттік  тілді  оқыту  орталықтары 

272
жүйесін  дамыту  міндеті.  Оларды  аккредиттеу  мәселесінің 
ескерілгені.  Демек,  біз  енді  мемле кеттік  тілді  оқыту  мәсе-
лесін  кез  келгеннің  үлесіне  салмай,  тікелей  мемлекеттік 
реттеуге  алмақшымыз  деген  сөз.  Бағдарламада  қазақ  тілін 
қай  салада,  қай  ортада  болсын,  яғни  халықаралық  қарым-
қатынаста,  ақпараттық  технологияларда,  тіпті  ойын-са- 
уық  саласында  да,  сондай-ақ  ғылым,  заң  және  жаңа  тех-
нологиялар  тілі  ретінде  дамытып,  қолдануға  да  баса  назар 
аударылып  отыр.  Біздің  қоғамымызда,  әсіресе  жастар  ара-
сында, қазақ тілінде сөйлеу мақтаныш болуға тиіс. Көбінде 
олай  бола  бермейді.  Осы  пиғыл ды  өзгерту  мақсатында 
бағдарламада  мемлекет тік  тілде  сөйлеушінің  жағымды 
бейнесін  қа лыптастыру  мәселесіне  баса  назар  аудары лып, 
оны  қоғамдық  санаға  орнықтыру  мәселесінің  көтеріліп 
отырғаны  –  қуантатын  іс.  Әсіресе,  мемлекеттік  тілдерді 
қолдану  саласындағы  заңнаманың  сақталуын  бақылауды 
күшейту,  көрнекі  және  жарнамалық  ақпарат  құралдарында 
қазіргі әдеби қазақ тілінің орынды қолданылуына бақылау-
ды  күшейту,  тілдік  ортаны  қалыптастыруда  БАҚ-тардың 
рөлін күшейту, шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне ана 
тілін  оқып-үйренуде  саяси  дипломатиялық,  әдістемелік  
және  ұйымдас тырушылық  қолдау  көрсету  бүгінгі  бағдар-
ламаның жетістігі болып табылады.
Түркі  жазуына  арналған  іс-шаралар  кешенін  ұйымдас-
тыру  біраз  түрколог  мамандардың  үнемі  айтып  жүрген 
мәселесі  болатын.  Осы  олқылықтың  орнын  толтыру  да 
аталмыш бағдарламада көрсетілген.
Сондай-ақ  осы  уақытқа  дейін  басты  назар  мемлекеттік 
органдардағы  тілдік  ахуалға  аударылғаны  мәлім.  Ендігі 
мәселе  мемлекеттік  емес  мекемелер  мен  ұйымдарды, 
референттік  топтарды,  мемлекеттік  тілді  меңгерген  басқа 
ұлт  өкілдерін,  қоғамдық  пікір  көшбасшыларын  тарта 
отырып,  мемлекеттік  тілді  насихаттау  жөніндегі  оңтайлы 
шешімдер  орталығын  құруға  бағытталып  отыр.  Қазіргі 
кезде мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметі әр 
өңірде  әртүрлі  екені  белгілі.  Мемлекеттік  тілді  оқытудың 
инфрақұрылымын  дамыту  мақсатында  орталықтардың  ак-

273
кредиттелген желісін құру мәселесі олардың қызметін баға- 
лауды  енгізу  алғаш  назарға  алынып  отырғаны  да  жөн. 
Сондай-ақ  сынақ-біліктілік  орталықтары  желісін  құрып, 
оқытушыларды  аттестациядан  өткізіп,  олардың  деңгейін 
анықтайтын  сертификаттарды  «Қазтест»  жүйесі  арқылы 
ұштастыру оңтайлы шешім деп білеміз.
Біздің көңілімізге кірбің түсірген нәрсе бұл бағдарлама- 
да  да  орыс  тілі  жарысып  жүр.  Орыс  тілінің  функциясын  
сақтау деген бапты түсінбедік. Қазақстанда қай кезде орыс 
тілінің  функциясы  төмендеп  еді.  Төмендемек  тұрмақ, 
әлі  күнге  үстемдігін  жоғалтпай,  қазақ  тілінің  адымын 
аштырмай келе жатқан жоқ па? Біз тіпті қостілділікке, тілдер 
теңдестігіне жеткен жоқпыз. Екі тілділер тек қазақтар ғана. 
Екі  тілді  орысты  тауып  беріңізші  маған.  Жоқ.  Олар  тек 
бір  ғана  тілді.  Олай  болса,  бағдарламада  орыс  тілін  бөле-
жарып  көрсетіп,  2020  жылдарға  қарай  ел  халқының  орыс 
тілін  меңгерген  ересек  тұрғындарының  үлесін  90  пайызға 
жеткізу  дегенімізге  жол  болсын.  Шынтуайтына  келгенде, 
Қазақстанда  орыс  тілі  –  диаспораның  тілі  емес  пе?  Оған 
айрықша мәртебе беру өзге диаспоралардың көңіліне келмей 
ме?  Ендеше,  мұны  бағдарламадан  басы  бүтін  алып  тастау 
жөн бе деп есептейміз. Елбасының тілдердің үш тұғырлы-
лығы  жобасын  дұрыс  түсінеміз  және  елдің  де  оны  дұрыс 
түсінгенін  қалаймыз.  Үш  тұғырлы лық  тілдерді жарыстыру 
немесе  теңдестіру  емес.  Әр  тілді  өзіне  лайықты  орнына  
қарай  меңгеру  және  қолдану.  Ал  мемлекеттік  тіл  –  қазақ 
тілінің  орны  бөлек,  оның  басым  тіл  екендігіне  ешкімнің 
де  дауы  болмауы  тиіс.  Соңғы  кездері  ел  тізгінін  ұстаған 
ұлықтарымыз бен шенеуніктеріміз үш тұғырлы тілді желеу 
етіп,  қазақ  тілін  шетке  ығыстыра  бастаған  сыңайы  ашық 
байқалып  жүр.  Бұған  жол  беруге  болмайды.  Таң  атпайын 
десе де, Күн шық қанын қоймайды демекші, қазақ тілінің бел  
алып, барынша басымдық танытып келе жатқаны шындық. 
Бұл үрдісті енді ешкім де тоқтата алмайды. Сондықтан ел 
тізгінін  ұстаған  үлкенді-кішілі  шенеуніктеріміздің,  же-
кеменшік  компаниялар  мен  кәсіпорындар  басшылары ның, 
қоғамдық  ұйымдар  мен  саяси  партиялар  жетекшілерінің 

274
осынау  үрдісті  ескергендері,  өз  ұстанымдары  мен  бағыт-
тарына тиісті түзетулер енгізгені жөн деп есептеймін.
Бағдарламада  атқарылатын  шараларға  нақты  жауапты-
лар  анықталып,  оған  қоғамдық  бақылау,  қоғамдық  тыңдау, 
қоғамдық  қадаға лау,  қоғамдық  сараптама  жасау  бойынша 
іргелі халықтық ұйым ретінде – Халықаралық «Қазақ тілі» 
қоғамының  орнын  арнайы  белгілесе,  бағдарламаның  өз 
деңгейінде іске асырылуына оң әсері тиер еді деп білеміз.
Қазіргі кезде «Нұр Отан» партиясы әрбір мекемеде жер-
гілікті  бақылау  постарын  орнатқанын  білеміз.  Осы  орайда 
партия  басқа  мәселелермен  бірге  сол  мекемедегі  ісқағаз-
дарының қазақ тілінде жүргізілуін де қоса қадағаласа, нұр 
үстіне нұр болар еді.
Ғылыми  жұмыстарды  қазақ  тілінде  қорғау  жағы  әлі  де  
көңіл  көншітпейді.  Гуманитарлық  салада  болмаса,  жара-
тылыстану  саласындағы  ғылыми  қорғаулар  негізінен  орыс 
тілінде.  Сондықтан  бағдарламада  ғылыми  жұмыстарды 
қазақ тілінде қорғау бөлімі туралы да қамтылу керек. Осыны 
индикативтік көрсеткіштерге енгізген жөн.
Сонымен  бірге,  білім  беру  мекемелеріндегі  аса  зәру 
мәселенің бірі – қазақ тіліндегі сапалы оқулықтардың тап-
шылығы.  Бағдар ламада  осы  жағына  да  көңіл  бөлу  қажет. 
Қазақ  тілінде  оқулықтар  жазуды,  ғылыми  зерттеулер  жүр-
гізуді ынталандыру тетіктері ойлас тырыл ғаны абзал.
Бір  сөзбен  айтқанда,  бұл  бағдарлама  алдыңғы  онжыл-
дық бағдарламадағы қамтыл маған, іске асырылмаған шара- 
лардың  орнын  толтыратын,  жан-жақты  қамтылған,  мемле-
кеттік  тілді  сапалы  және  жетік  меңгергендер  қатарын 
арттыруға  мүмкіндік  беретін  кешенді  бағдарлама  болады 
деп үміт артамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет